Бауырдың потофизиологияы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. «АГРАРЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» КАФЕДРАСЫ «Ветеринариялық хирургия» пәні

Тобы:АП-17-8К1

Орындаған:Сәрсенбай Ж

Түймеқұл А.

Тексерген:Курбанова А.

Бауырдың потофизиологияы

Slide 2

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Бауыр. Бауырдың атқаратын қызметі

Б) Бауырды клиникалық әдіспен зерттеу

В) Функциональды әдіспен зерттеу

Г) Бауыр цирризы, ашылу тарихы

Д Бауыр этиологиясы, патогенезі

ІІІ. Қортынды бөлім

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жоспар:

Slide 3

Бауыр - ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар да бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер

Slide 4

Бауырды зерттеу-қарау, пальпациялау және перкуссиялау әдістері арқылы жүргізіледі. Кейбір уақыттарда микроскоп арқылы зерттейді, ол үшін тірі мал денесінен ұлпа немесе ағза бөлігін алу үшін арнайы биопсия жасайды. Күйіс қайыратын малда бауыр көк етке жанамалап құрсақ қуысының алдыңғы жағына орналасқан . Оның тұрған жері негізінен малдың оң жақ қапталының 8-қабырға аралығы ортасында және омыртқа жотасының соңғы қабырғасына дейін жетіп жатады, бауырдың артқы жақ беті өкпе тұсын алып жатыр, кеуде қуысы қабырғаларына жанамалай орналасқан сондықтан оны зерттеу ыңғайлы.

Малдың бауырын клиникалық әдіспен зерттеу

Slide 5

Бауыр тікелей немесе жанама жолмен барлық зат алмасу процесіне қатысады. Бауыр ауырған кезде немесе қызметі бұзылғанда соған сәйкес барлық басқа жүйелер де өзгереді. Сондықтан бауырды зерттегенде ең көңіл бөлетін нәрсе биохимиялық зерттеу болып табылады, соған қарап бауырдың қызметінің бұзылғанын немесе организмнің сау екнін анықтауға болады. Сонымен бауырды функциональді зерттеудің практикада клиникалық маңызы зор.

Бауырды функциональды зерттеу

Slide 6

Цирроз деп- бауыр жасушаларының дистрофиясымен, олардың үздіксіз қалпына келуімен, дәнекер тіннің диффузды өсіп кетуімен, осыган байланысты агза пішінінің бүзылуымен (деформациясы-мен) сипатталатын созылмалы патологияны түсінеді. Клиникада бүл ауру бірте-бірте бауыр жетіспеушілігіне алып келеді. Цирроз тек бауырга гана тән патология ёмес, себебі кез-келген организмнің дәнекер тін өсіп кетуі нөтижесінде пішінсізденуін цирроз деп атай­ды.

Бауыр циррозы

Slide 7

Бұл терминді 1819 ж. француз ғалымы Р. Лаэннек (1781 - 1826) ұсынған. Цирроздың ішінде жиі кездесетіні және ауыр өтетіні - бауыр циррозы. Бұл бауыр клеткаларының зақымдануынан және олардың өлуінен бауырдың қызметінің бұзылып, аурудың созылмалы түрге ауысуынан дамиды.

Ашылу тарихы

Slide 8

Сау бауыр

Бауыр циррозы

Slide 9

Бауырдың созылмалы зақымдануында ең елеулісі-цирроздар. Оның пайда болу этиологиясы алуан түрлі болғанмен, бір ортақ белгіге-мезенхима тканьдерінің дуффузды ұлйып қабануға бірігеді. Бауыр циррозы негізінен вирустық гепатиттер-ден, эсересе В, С гепатиттен кейін, аутоиммудық гепатитте дами-ды. Көп жағдайларда (40-50%) цирроздың этиоло­гиясы белгісіз болып қалады - оны криптогендік цирроз дейді.

Бауырдың циррозының

Этиологиясы

Slide 10

Патогенезі. Гепатоциттердің дистрофиялық және некроздық өзгерістері бауыр циррозы дамуының негізгі ішкі қозгаушы күші болып саналады. Гепатоциттердің өлуі осы жердегі регенерация қүбылысын жандаңдырады. Осы өзгерістер нәтижесінде пайда болған регенераторлық түйіндер, бауырдың қан айналымын бүза-ды. Осыган байланысты гепатоциттердің дистрофиясы мен некроз-дық өзгерістері әрі қарай дамиды.

Slide 11

Малға азықты уақытымен берген дұрыс. Өйткені мал жүдеп кетуі мүмкін. Жануарларда бауыр-ас қорыту, қоректі сіңіру, өзіне май, көмірсу жинау қызметін атқарады. Бауыр - ұйқы безі деп те атай береді. Негізінен, жануарларда бауыр - күрделі орган. Бауыр циррозы асқынса емдеу қиын. Бұл дертті емдеп, жазатын Ветеринараияда дәрілір жетерлік. Көптеген жануарлар асқынған цирроздан қайтыс болады.

Бауыр циррозының емі

Slide 12

Бауыр эхинококкозы

Echinococcus granulosus тобындағы ленталық гельминттің дернәсілдік сатысымен шақырылатын, бауыр, өкпе және басқа ағзалар мен тіндерді зақымдауымен сипатталатын, адам және жануарлардың паразитарлық ауруы. 1801 жылы K. A. Rudolphi алғаш болып “Эхинококк” терминін еңгізді.

Slide 13

Таралу жолы- калдық массалары.

паразит жұмыртқасымен зақымдалған жемістер мен көкөністерді, суды қолданғанда;


Ұқсас жұмыстар
Нəресте жəне ерте жастағы балалардың бауыр құрылысының жəне қызметінің ерекшеліктері
БАУЫРДЫҢ ЗАТ АЛМАСУ ПРОЦЕСТЕРГЕ ҚАТЫСУ ФУНКЦИЯСЫ
Бауырдағы этанол метаболизмі
Бауырдың потологиялық физиологиясы
Бауыр анатомиясы
Малдың бауырын клиникалық әдіспен зерттеу
Созылмалы гепатит
Бауырдың майда қайта құрылуы
Бауырдың қызметіне әсер ететін заттар
Бауыр үлестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz