Дүние болмысы екі деңгейде


Slide 1

Болмыс- онтологияның орталық категориясы

Орындаған: Асимова Мехрибанум МК-21

Тексерген: филос., ғ. к., доцент м. а. Иманқұл А. Н

Slide 2

Болмыс ұғымы - философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі.

Ол жалпылай алғанда «бар болу», «өмір сүру» проблемасын қамтиды. Бар болудың қарама-қарсы ұғымы, әрине, жоқ болу. Ендеше, болмыс туралы айтқанда болмыссыздық ұғымын қоса еске алған жөн. Олар өзара тұтастықта, ажырамас ауыспалы диалектикалық байланыста.

Slide 3

Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б. з. б. VI-V) еді.

Оның пікірі бойынша:

болмыс дегеніміз - бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу - болмыссыздық. . Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.

Slide 4

Болмыстың 3 мәні және 4 формасы бар.

1 Мәні : 1 - болмы - болу, бар болу, өмір сүру. «Я есть» ескі славян тілінде, «болмыс» қазақша.

2 Мәні: болмыс мәселесі өмір мен өлім мәселесі сұрақтарын қарастырады.

3 Мәні: дүниенің бірлігң мәселесі. Дүние көп түрлі, ал осы көп түрліліктің бірлігі бар ма? Екі жауап беріледі: «Иә» не «Жоқ». «Иә» деп материализм, идеализм, біртұтас дүниеге көзқарастағылар жауап береді. .

Материалистер дүниенің бірлігі оның материалдығында, яғни, оның объективтік өмір сүруінде. (адамнан тәуелсіз) .

Slide 5

Болмыстың 3 мәні және 4 формасы бар.

Slide 6

4 болмыстың түрі: дүние, сана, адам, қоғам.

1) Дүние болмысы екі деңгейде: 1 деңгей - бірінші табиғат болмысы, ол объективті сипатта, адамзаттан және адамнан тәуелсіз.

2 деңгей - болмыстың 2ші деңгейі адам келбетті табиғат, объективті-субъективті-әлеуметтік сипатта. Адам жасаған әлеуметтік дүние туралы.

2) Сана болмысы 2 деңгейде: 1 деңгейде - индивидтің жекеленген санасы. Ол қоғамдық сананы тудырады.

Slide 7

2 деңгей- объективтірілген сана- қоғам санасы, ол субъективті- объективті сипатта. Мысалы, Құрманғазының “Балбырауын” күйі объективтірілген санаға айналған. Автор жоқ, ал күй өмір сүруде. Объективтенген санаға: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни, философиялық.

Slide 8

Болмыстың 3 түрі - адам болмысы, ол да 2 деңгейде өмір сүреді. 1 деңгей- адамның физикалық болмысы, оның тән саулығы. А. Шопенгауэр “Денсаулық өмірдің барлық байлығының ең жоғарысы, шындығында, сау қайыршы, ауру патшадан бақытты. ” деп айтқан

Кеңес үкіметі кезеңінде денсаулық мемлекеттік құндылық болған жоқ.

Slide 9

2 деңгей - жандық -руханилық. Ол жан және рух ұғымдары арқылы түсіндіріледі.

Жан - адамның дүниеге деген психоэмоциялық қатынасы. Жанның 3 түрі бар - романтикалық (дүниені сұлу не сұрықтыс ретінде қарастырады), адамгершілік(дүниені мейірімді не зұлым ретінде түсінеді), прагматикалық (ситуациялық) . Рухтың 3 түрі бар. Рух - адамның дүниеге теориялық қатынасы.

Slide 10

Рухтың 3 түрі: Эстетикалық(дүниені сұлу не сұрықсыз деп түсінеді), Этикалық (дүниені мейірімді не зұлым ретінде түсінеді), ғылымилық (дүниені мейірімді не зұлым ретінде нақты жағдайды есепке ала отырып түсінеді) .

Адам руханилық пен материалдықтың бірлігі.

Slide 11

Болмыстың 4 түрі - қоғам болмысы екі деңгейде өмір сүреді: адам болмысы индивид ретінде - жалпы қоғам тұрмысы мен болмысы - ол материалдық құндылықтарды өндіру

Slide 12

Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.

Бұл анықтамада материяның негiзгi белгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.

Slide 13

Қозғалыс-материяның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.

Slide 14

Егер қозғалыс болса, ол “бiрдеменiң” қозғалысы, “ештененiң” қозғалысы емес, қозғалыс “өзiнен өзi” болмайды. Кеңее беретiн Ғаламда планеталар әр түрлi жақтарға “екпiндейдi”, оларды (спутниктар) серiктер айналып жүредi, (кометалар) құйрықты жұлдыздар мен метеориттер жан-жаққа зымырайды, шексiз ғарышта әр түрлi толқындар сейiледi. Органикалық жүйелер де үздiксiз қозғалыста болады: зат алмасу, информация алмасу, ұрықтау және көбейю, қарапайым физиологиялық және күрделi биологиялық өзгерiстер өтiп жатады. Әлеуметтiк жүйе де өзгерiстерге ұшырайды, мұнда ең бiрiншiдең адамның өзгерiстерi және онто- және филогенез процесстерiндегi адамзат өзгерiстерi.

Slide 15

Кеңiстiк пен уақыт материяның ажырамас қасиеттерi, атрибуттары; өмiр сүру формалары. әлемде қозғалыстағы материя ғана бар дедiк, ендеше ол қозғалыс кеңiстiкте және уақытта ғана iске асады, өзiн айқындайды, мәнге ие болады. Философия мен ғылымда бұл мәселеге әр түрлi қөзқарастар болды.

Slide 16

Субстанционалдық тұғырнама- көне грек атомистерiнең басталған (Евклид геометриясы, Демокрит пен Эпикур кеңiстiктi атомдарды орналастыратың бос қуыс деп ұқты) кейiнгi ф-тар мен ғалымдар идеяларында жалғасын тапты, олар әлем жайында механистiк көзқарысты ұстады - кеңiстiк бұл барлық заттар жойылғаннаң кейiн қалатының бәрi. Ол- бос құыс, оның қасиеттерi қашықтықта созылу және өзiнде бүкiл бар материяны сыйдыру. Ал, уақыт- ештенеге қатысы жоқ, ағым, бәрi де пайда болып және жойылып жататың бiркелкi ұзақтық.

Slide 17

Материяны ұйымдастыру

деңгейлері

Элем. бөлшектер

Атомдар

Молекулалар

Макротела

Полимерлік деңгей

галактика

Метагалактика

Клеткалық

Көп клеткалық

Адам

Тобырлық

келбет

Популяция, түр

Биоценоз

Биосфера

Ру мен тайпа

Қоғам дәстірі

индустриалдық

постиндустр

Slide 18

Философиядағы антропология мынаны зерттейді:

Адам табиғаты

Антропогенез

Адамның өмір сүру проблемасы

Адамның рухани дамуы

Эволюцияның перспективті жақтары

Адамның бостандық және міндеттемлері;

Антропологиялық биоэтика проблемалары

Slide 19

Ежелгі Шығыстағы адам мәселесі:

Slide 20

Көне Греция философиясындағы адам мәселесі

Софисттер:

“Адам барылқ заттың шегі» (Человек есть мера всех вещей”) (Протагор) ;

релятивизм және субъективизм;

Ақиқаттың экзистенциальді мағынасы ашылды

Сократ:

Этикалық рационализм;

Платон:

Тән мен Жанның антопологиялық дуализімі;

Жан ол жаңа ойларға бағытталған субстанция болады, ал ол өз алдында адамды адам етеді.

Аристотель:

“Адам- сана қабілеті дарыған, қоғамдық жануар» (Человек - это общественное животное, наделенное разумом”) ;

Slide 21

Ортағасырлық христиандық адам концепциясы

Адам- құдай орнатқан әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады;

Адам “Құдай образы және оған ұқсас»;

Құдаймен салыстырғанда адам ұсақ әрі дәрменсіз жаратылыс;

Адамның мақсаты- Құдайға сену және Қиямет күні сол арқылы көмек табу;

Slide 22

Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясындағы адам мәселесі.

Адам әлемде орталық орынды алады. (Пико делла Мирандола) ;

Әр адам өз бақытының басшысы -адам ой бостандықта болу керек;

Жалпықоғамдық бәсекелес - «адам-адамға - қасқыр» (Т. Гоббс) ;


Ұқсас жұмыстар
Болмыс ұғымы
Адам және қоғам болмысы
Философиядағы болмыс және материя жайлы түсініктер
Әлеуметтік болмыс
Табиғаттың болмысы
Болмыс философиясы
Материалдық болмыс
БОЛМЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Философияның міндеттері
Техниканың тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz