Түркі кезең философиясының өкілдері



Қазақ философиясы
Орындаған: Асимова Мехрибанум МК-21
Тексерген: филос., ғ. к., доцент м. а. Иманқұл А. Н

Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады.
Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзгге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Аталы сөзге арсыз ғана таласады» - деген. Ұлт дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т. б. арқылы білдіреді. Философия пәні ойлау болса, ұлттық дүниетанымды бейнелейтін ойлау формалары ұлттық философия болмақ.

Абай Құнанбаев
Анахарсис
Аль-Фараби
Ахмед Ясави

Көне қазақ философиясында аты белгілі ойшылдар:
Заратуштра -осында үш мың жыл бұрынғы азиялық ұлы даладағы тұңғыш пайғамбардың бірі.
Анахарс, грекше - Анахарсис - Скиф жұртынан шыққан дана, тапқыр, шешен. Татымсыз көп достан, тартымды бір дос артық деген сөзі бар.
Анахарс ескерткішіне: “Тіліңе, құлқына, тәніне ие бол!” деп жазылған. Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей себепші не? -деген сұраққа ол: “Тіл” деп жауап берген.

Ортағасырлық түркі кезеңі философиясының ерекшеліктері:
Фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм элементтері;
Жоғары құдай Тәңірі - көк идеясы;
Ислам дінінің өзге діндерді ығыстырып шығара бастауы;
Қазақилық түркі мәдениетінің қалыптасуы
Қазақ халқы мен оның тілі қалыптасуының этникалық -генетикалық және этникалық-лингвистикалық процестерінің дамуы;
Қазақ эпос-жырларындағы философиялық толғаулар;
Авторы мәлім поэзияның, шығармалардың ең ертедегі үлгілерінің пайда бола бастауы.

Қазақтардың ең алғашқы дүниеге көзқарасы мифологиялық, космоцентрлік, яғни, адам мен ғарыштың біртұтастығы идеясы болды. Оларда Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болғаны туралы, Күннің, Айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылған.
Ерте қазақи түркілер арасында әртүрлі діндер таралған, олардың ішінде ең әйгілері - отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Егіншіліктің пірі -Дихан ата, желдің пірі -Жалаңаш ата, жылқы пірі -Қамбар ата, қойға-Шопан ата, түйеге -Ойсылқара.

Қорқыт - қазақтар айтып, қастер тұтып келген Қорқыттың да оғыздардың «Деде Қорқыт» кітабы деп аталатын дастанның да түбір бір. Қорқыт аңыздары сонау VII-VIII ғасырлар тұңғиығына бастайтын, кәделі шындықтардың көзін ашатын жәдігер. «Қорқыт айтқан» делінетін кейбір сөздер:
Өшкен жанбайды, өлген тірілмейді;
Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;
Тәккәпарлықты тәңірім сүймес;
Қара есек басына жүген кигізсең де тұлпар болмас;

Түркі кезең философиясының өкілдері:
Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни,
Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет
Игүнеки, Сүлеймен Бақырғани, Майқы би
Төбейұлы, Мөңке би Төлеұлы, Едіге би
Құтлық-Қабанұлы, Бәйдібек би Қарашаұлы .

Қыдыр ата алуан түрлі игілік, молшылық, байлық, бақыт әкелуші.
Жоғары құдай Тәңірі көк идеясы көптеген түрлі халықтардың, с. і. қазақтардың ата -бабаларының да дүниеге көзқарасында пайда болған. Бұл көзқарастың негізі Көкке Тәңірі және Жер-Суға сыйыну болды. Тоныкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер -Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!» - деп жазылған. Тағы бір жерінде: «Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы пайда болған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған!»

Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167) «жахрия» (экстаз) немесе «Яссауия» деп аталатын сопылық -мистикалық ағымның негізін қалады.
«Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») - 149 хикметтен тұратын кітабы Қожа Ахметтің соңында қалған бірден-бір мұра. Бұл кітапта негізінен төрт нәрсеге көңіл бөлінеді:
шариғат- ислам дінінің заңдары мен ғұрыптары
тарикат- сопылық идеясы, жүретін жолы
хакикат- Құдаймен бірігу, оған шексіз жақындау
мағрифат- дін жолын танып, оқып білу

Жүсіп Баласағұни - «Құтадұғұ білік» поэмасының авторы. «Құтты білім» - заманындағы ресми әдеби тіл - араб тілінде емес, түркі халықтарының тіліндегі бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылады. Баласағұнның өмірге деген көзқарасының үш қайнар көзін атауға болады - философиялы, шамандық және исламдық.
Махмұт Қашқари атақты «Диуани лұғат ат-түрік» деген кітабын 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазып бітірген. Бұл кітап түркітану әлемінің энциклопедиясы.

Әбу Насыр Әл-Фараби - түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді

XV-XVIII ғ. ғ. қазақ философиясының ерекшелігі:
ақын -жыраулар философиясы;
би -шешендер философиясы;
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі философиялық ойлар;
Қазақ ақындық шығармашылығының үш кезеңі:
Жыраулық кезең (XV-XVIII ғ. бірінші жартысы) ;
Ақын шығармашылық кезеңі (XVIII-XIX ғ. басы) ;
Ақын өлеңші, айтыс өнері кезеңі (XIX-XX ғ. басы) .

ХV-XVIII ғғ. Қазақ философиясының өкілдері:
Асан Қайғы Сәбитұлы,
Қазтуған жырау
Сүйіншіұлы,
Шалкиіз Тіленшіұлы,
Доспанбет жырау,
Жиембет жырау
Бортоғашұлы,
Ақтамберді жырау,
Заһир ад-дин Мұхаммед
Бабыр,
Мұхаммед Қайдар Дулати,
Қадырғали Жалаири,
Төле би Әлібекұлы,
Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлы,
Әйтеке би Бәйбекұлы,
Бұқар жырау
Қалқаманұлы,
Шал ақын - Тілеуке
Құлекеұлы.

Асан қайғы Сәбитұлы- қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған «дала философы». Ел қамын жеп қайғы -қасірет кешкен Асан атына кейін «қайғы» сөзі қойылып аңыздалып кеткен. Оның ойынша жер үстінде, адамзат түіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты-«Жер ұйық».
Қадырғали би Қосымұлы Жалаири - қазақ ғұлама ғалымы, биі, ойшылы. «Жамиғат тауарих», «Жылнамалар жинағы» тарихи -шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мәшһүр болған. «Ойлап айтқан сөз де, ойнап айтқан сөзде оралмайды» - деген Қадырғали.
Бұқар жырау Қалқаманұлы -қазақ халұының рухани тарихындағы ең үлкен ойшылдардың бірі. Ол адам табиғаты, өмірі, тіршілік мәні, оның өтпелі болмысы, уақыт өлшемі, дәуір сыры, әлем мен болмыс туралы ойлар толғандырды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz