К, Г, Х дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктері мен каппацизм, гаммацизм, хитизмді түзету әдістері


Slide 1

К, к, дыбыстарын қою тәсілдері Г, г, дыбыстарын қою тәсілдері

Орындаған:

Қуаныш Айым

Жамбыл Аяулым

ДЕФ 17-1

Slide 2

К және К' дыбыстарының кемшіліктері-каппацизм

Slide 3

Г және Г' дыбыстарының кемшілігі - гаммацизм

Slide 4

X және X' дыбыстарының кемшілігі-хитизм

Slide 5

К дыбысының жасалауы. Ерін қалпы іргелес дыбысқа байланысты /ка, ко, ке/. Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында саңылау сақталады. Тіл ұшы төмен, үсті таңдайға тиеді. Ол фонетикалық жағдайға қарай өзгеріп тұрады. Дыбысты айту кезінде тілмен таңдай байланысы ажырап, арттағы ауа қысымына жол ашады. Жұмсақ таңдай көтеріліп тұрып жолын жабады. Дауыс перделері ажыраған күйде.

Slide 6

X дыбысын айтудың К дыбысынан айырмасы тіл үсті таңдайға түгел тимейді, орта қуыс қалдырады, сол арқылы өткен дем ауасы X дыбысына тән шу шығарады. Жұмсақ К', Г', X' дыбыстары қатаң жұптардан тіл мен таңдай жасайтын қуыстың ілгері, орта таңдайға ығысуымен ерекшеленеді . Каппацизмнің негізінен үш түрі кездеседі. Оның бірінде К бәсең айтылатын тамақ шертпесі сияқты естіледі.

Slide 7

Басқа жағдайларда К мен Т алмасатын паракаппацизм кездеседі. Кітап-тітап, үшінші жағдайда қопармалы К фрикативті X дыбысымен алмасады, бүл да паракаппацизмге тән. Каппацизм туғызатын аномалия - қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды. Егер оны айна алдында артикуляциясын көрсетіп, еліктеу, қолымен бейнелеу арқылы түзету мүмкін болмаса, шпатель көмегімен механикалық әсер керек.

Slide 8

К фонемасын шпательдің көмегімен қою.

Балаға та-та-та буындарын айтқызады. Қайталаудан бұрын шпательмен тілдің алдыңғы үстін төменгі тіске қысады.

Сонда та орнына тя деп айтылады. Одан соң жаттығу тілді тереңірек басу арқылы кайталанып та орнына кя алынады. Соңында тілді одан да терең басып ка буынын алады.

Жаттығу кезінде үйреншікті қате артикуляция тұрмауы үшін баланың есіне К дыбысын салмайды, дауыстап айтпайды.

Кейбір жағдайда дыбысты түзету бір сабақта өтуі мүмкін, кейде тя немесе кя кезеңіне бірнеше сабақ арнайды. К дыбысын тілді бірден терең басу арқылы алуға ұмтылу, баланың тіл мен таңдай байланысын жасауына мүмкіндік бермей, жұмыстың нәтижесін тежеуі мүмкін.

Айтылған жаттығуларды жасағанда тіл үстін ортаңғы және сұқ саусақтармен өзіне бастыру пайдалы.

Жаңа артикуляция пайда болған соң, балаға К дыбысы алынғанын айтып, оны буындарда бекітеді /тілді басуды тоқтатпай/. Кейін тілді баспай айту да үйретіледі. Онда логопед баланың тілді басатын қолын ұстап отырып, екі буынды айтқызады да, үшіншіде қолды тартып алады, сөйтіп дыбыс инерциясымен айтылады. Мүмкін болған сәтте-ақ механикалық әдіс тоқтатылады. К дыбысына сүйене отырып К дыбысын дұрыс айтқызу үшін тіл мен таңдайдың түйісуін ілгері ығыстыру қажет.

Осы талаптар орындалғанда, дұрыс орныққан К дыбысының орнына коп күш жұмсалмай, жұмсақ К' дыбысын алуға болады.

К дыбысы Т немесе X дыбысымен алмасатын паракаппацизмде буын сөз жаттығулары дұрыс дыбысты бекітуге, алмасқан дыбысты ажыратуға бағытталуы керек.

Slide 9

X дыбысының айтылуының бұзылуы хитизм немесе басқа дыбыспен К алмасуы парахитизм деп аталады.

Біріншісінде, дем ауасы өз жолында тіл мен таңдай жақындасқанда пайда болатын саңылауды кездестірмей дауыс перделерінің жақындасуынан туатын әлсіз тамақ шуы естіледі. Яғни халва, хат, орнына «һалва», «һат» естіледі. X дыбысының бұлай айтылуы көптеген тілдерге соның ішінде орыс тіліне де тән.

Екінші жағдайда тіл артикуляцияға белсене қатысады, бірақ қуыс орнына тіл мен таңдай жабысады. Онын екеуінде де X дыбысын К дыбысынан алуға ұмтылу керек, сонда тілдік-таңдай түбірлік КХ дыбыс шығады. Одан соң фрикативтік бөлігін ажырату және жаттығу арқылы артикуляцияны бекіту жүзеге асады.

Егер бұл нәтиже бермесе, нәтиже кепілдік беретін күрделі тәсіл қолданады. Онда Т дыбысынан К дыбысын ажыратқандай механикалық әдіс пайдаланылады. Балаға дауыстыны соза с-а буынын айтқызады. Осы буынды қайталағанда тіл үстін шпательмен тіске қысады. Сонда са орнына ся, ща буыны пайда болады. Одан соң шпательді ауызға сұғындыра отырып хя буынына айналдырады, одан да сұғындырып ха буынын алады. Бұған К дыбысын алғандағы сияқты түрлі балаға түрліше уақыт жұмсайды. Тілді қажет қалпында бала өз қолымен ұстауына болады. Парахитизм жағдайында /х мен к алмасқанда/ жаттығулар дыбысты бекітумен қатар, қате дыбысты ажыратуға бағытталады.

Slide 10

Г дыбысын айтудың кемшіліктері


Ұқсас жұмыстар
Ш және Ж дыбыстарының артикуляциясы мен логопедиялық түзету әдістемесі
2-сынып қазақ тілі: Н және Ң дауыссыз дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктері мен оқыту-жаттығулары
Балалардағы сөйлеу тілінің патологиясы: себептері, түрлері және логопедиялық түзету әдістері
Дизартрия: анықтамасы, клиникалық ерекшеліктері және түзету принциптері
Әліппе кезеңіндегі сөйлеммен жұмыс: 1-сыныпта байланыстырып сөйлеуді үйрету және артикуляциялық қателерді түзету әдістері
Балалардағы ЭКГ ерекшеліктері және жүрек дыбыстарының (тондардың) пайда болу механизмі
Сөйлемейтін балалармен логопедиялық түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары мен әдістері
Алаша хан кесенесі (Х-ХІV ғғ.): сәулет ерекшеліктері мен археологиялық зерттеулері
Дауысты дыбыстар: түрлері, артикуляциялық ерекшеліктері және практикалық жаттығулар
Балалардағы фонетико-фонематикалық дамымаушылық: себептері, деңгейлері және түзету әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz