Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары




Презентация қосу
Мектепке дейінгі сөйлеу тілі
бұзылған балалармен түзету-
коррекциялық жұмыстың
негізгі бағыттары
Орындаған: Қуаныш Айым
Жамбыл Аяулым
Деф 17-1
Қабылдаған: Абдрахман С.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі
бағыттары

Түзету жұмысының негізгі міндеттері. Бұлшық еттердің тонусын
қалыпқа келтіру, сөйлеу аппаратының патологиялық рефлекстерін
өшіру, артикуляциялық аппараттың ерікті қимылдарын дамыту,
фонематикалық қабылдауын дамыту, сөйлеу тілінің дыбыстық,
лексикалық-грамматикалық жағын дамыту, түзету, сенсорлық және
психикалық функцияларды дамыту. Түзету жұмысы бірнеше
бағытта жүргізіледі.
Түзету жұмысы бірнеше бағытта
жүргізіледі.

Анықтау немесе
Диагностикалық іс-әрекеті
диагностикалау
- түрлі тексеру тәсілдерін
Сөйлеу тіліндегі Сөйлеу тілі жүйелерінің барысында тек сөйлеу
Сөйлеу тілінің бұзылуын пайдалану үрдісінде
ақаулықтарды дұрыс қай бөлігінің ақауланғанын тілінің бұзылу түрі ғана
анықтау теориялық және сөйлеу жүйесінің әртүрлі
түсініп және тиімді ықпал анықтай білу және тексеру анықталып қоймайды,
тәжірибелік тұрғыдан компонентерінің бұзылуын
жасау үшін оны жоюдың барысында алынған сонымен қатар түзету-
маңызы зор мәселе болып анықтау мен қатар, оның
ең ұтымды және үнемді мағлуматтарды сапалы логопедиялық жұмысын
табылады. сипаты, денгейі, күрделілігі
жолын таңдау керек. талдау қажет. мақсатты, нәтижелі
және болашақ мүмкіндігі
ұйымдастырудың
анықталады.
жағдайлары анықталады.
Тексерудің негізгі мақсаттары мен
міндеттері:

-ата-ана мен педагогпен әңгімелесу және құжатармен танысу барысында баланың тәрбие
жағдайы мен дамуын анықтау;

-жетекші әс-әрекетінің денгейін анықтап жас мөлшеріне сәйкестендіру;

28 -танымдық процестерінің, эмоционалдық тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;

-байланыстырып сөйлеуін анықтау;

-тіл жүйесінің компоненттерін меңгеру денгейін анықтау.
Логопедиялық тексеру барысында алынған мағлуматтарды
жинақтап, талдап, сөйлеу тілінің бұзылуын анықтауда
толығымен келесі қағидаларға сүйену қажет:

-даму қағидасы;

-жүйелік;

-сөйлеу тілінің бұзылыстарын психикалық дамудың басқа жақтармен
байланысты көрсету.
Логопедиялық тексеру қағидасын-педагогтың өзінің
диагностикалық және коррекциялық іс-әрекетінде негізгі
теориялық ұстамдарды басшылыққа алуы деп түсіну
қажет. Диагностикалық және коррекциялық жұмысты
ұштастырудың басты теориялық негізі Л. С.
Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің
еңбектерінде қарастырылған компенсаторлық және даму
заңдылықтары, баланың дамуының қозғалтқыш күштері
туралы ілімдері болып саналады.
Тексерудің бірнеше қағидалары белгілі:
• 1. Жүйелі тексеру қағидасы сөйлеу тілінің әр түрлі компонентерінің: дыбыстық,
фонематикалық, лексикалық, лексикалық-грамматикалық жағының жүйелі байланысына
негізделген.
• 2. Кешенді ықпал – сөйлеу, интеллектуалдык, танымдық іс-әрекетінің мағлұматтарымен
қатар көру, есту, қимыл сферасы, соматикалық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекшеліктерін
ескеру болып табылады.
• 3. Іс-әрекеттік қағида. Аталған қағиданың іске асыру - түзету жұмысының мақсатын,
бағытын анықтап, түзету тәсілдерін, жұмыс барысында қолданатын іс-әрекет түрлерін (ойлау,
оқу, танымдық) анықтауға мүмкіндік береді.
• 4. Динамикалық тексеру қағидасы- баланы оқыту процесінде бақылап, тексеріп оның
потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауды көздейді.
• 5. Онтогеникалық қағида. Тексеру және түзету жұмысын ұйымдастыруда баланың
онтогенезде сөйлеу тілінің, психикалық даму заңдылығын ескеру.
• 6. Сөйлеу тілінің бұзылуын тексеру және түзету жұмыс барысында алынған мағлұматтарды
сапалы талдау қағидасы динамикалық тексеру қағидасымен тығыз байланысты. Барлық
аталған қағидалар өзара тығыз байланысты және бұл қағидалар түзету жұмысында кеңінен
қолданылады.
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін
тексерудің негізгі бағыттары
• 1.Жетекші іс-әрекеттің түрі өзгереді. Оқу іс-әрекеті негізгі болады,бірақ ойнау
іс-әрекеті оқу процессінде қолдануы мүмкін.
• 2.Мектепке дейінгі балалармен барлық жұмыс отбасы арқылы
жүргізілсе,оқушылармен мұғаліммен бірігіп жүргізеді.
• 3.Сабақтың ойнау түрі сабақпен алмасады.
• 4.мектепке дейінгі балаларда сөйлеудің барлық элементтері логопедті еліктеу
негізінде ойын процессінде тәрбиеленсе,мектеп жасында саналы түрде
ақаулығын түзетуге,сөйлеу жаттығуларын өздігінен жасауға көп көңіл бөлінеді.
• 5.Жанама психотерапиямен қатар,ұтымды (рациональды)психотерапияның
түрлері кеңінен қолданылады.
• 6.Сөздік материалдар мен логопедиялық сабақтардың түрлері мектеп
тәжірибесіне жақын болады.
• Қазіргі таңдағы еліміздегі және де шет елдік ғалымдардың зерттеулері бойынша дамуында
түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған
балалардың саны жоғарғы деңгейде екені анықталды.Біздің басты мақсатымыз-осы
балалардың мүмкіндіктерін анықтау, оқыту, тәрбиелеу, түзету жұмыстарын жүргізу.
• Оқу және сөйлеу қабілеті нашар балалардың тәрбиесі бестен бір түрлі арнайы оқу
орындарында орындалады.Сөйлеу қабілеті нашар балалардың,мектепке дейінгі оқу орындары
бар:ол балабақшалар,балалар үйі және арнайы топ мектепке дейінгі оқу және сөйлеу қабілеті
өте нашар балалардың мектептері
• Ұзақ мерзім бойы мектепке дейінгі балаларға көмек арнайы экспериментті оқу орындарында
жүргізілді.60 жылдың басында бірінші экспериментті топ балабақшада өткізілген.Соңғы оң
жылдықта ол оқу жақсы дамыған.Бұйрық қабылданған соң қалада мектепке дейінгі және
аномалды балалардың оқу орындары көп дамыған.Ол-көзі көрмейтін,құлағы естімейтін,тірек-
қимыл аппараты бұзылған және сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған.Осылардың ішінде
мылқау балаларға арналған оқу орындары көптеу дамыған.
• Мектепке дейінгі сөйлей алмайтын балалардың оқу орындағы жетістіктері мына жағдаймен
анықталады,өйткені балабақшада балалар өздерінің қатарларының қатарында болады.Бұл
арнайы оқуға жақсы жетістік етеді,ол сөйлеу қабілетін жақсарту,адекватты әдістің оқуын
таңдау және балалармен жұмыс істеу және олардың жан-жақпен түзете-тәрбиелеу
жұмыстарының жасына қарай және кемістіктің құрылымының
байқалуы.
• Мектепке дейінгі жас сөйлеу қабілетіне өте сензивті кез болып байқалады,яғни оның дамуына
жас ерекшелігінің оптималды мүмкіндіктері.Сонымен мектепке дейінгі жастағы балалардың
сөйлеу қабілеті бұзылуы үлкен эффектпен жүзеге асады.
• Арнайы мектепке дейінгі оқу орындарында сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен түзету
жұмыстары жүргізіледі,тек қана кемістіктерін дұрыстау емес,сонымен қатар балаларды
мектепке дайындау.Табиғатпен байланысты және сөйлеу кемістігі ауыр балалар аралас
мамандық мектебінде немесе сөйлеу қабілеті өте ауыр балалар мектебінде оқи алады.Арнайы
оқуда белгілі бір жағдайдағы немесе сөйлеу қабілеті жеңіл бұзылған балалардың кемістіктері
мектепке дейінгі жаста толық жойылады. Бірақ ары қарай логопедтің көмегін қажет етеді.
• Мектепке дейінгі оқу орындарында арнайы ең жоғарғы бағытты қажет етеді.Арнайы бағдарламада
тек сөйлеу тілі бұзылған балаларды ғана емес,сонымен қатар оқуға деген алдын ала дайындығы
бар,фонетика-фонематикалық бұзылысы бар балалардың,ауызша,жазбаша бұзылыстары немесе
тұтықпасы бар балаларды оқытып,тәрбиелейді.Балалардың фонематикалық қабылдауының
біртіндеп дамуына бағытталған кішіпейілділік қарым-қатынасында жаттығулар жүйесінен
көрінеді.Фонематикалық қабылдауының дамуы дыбысты,буынды сөзде, сөйлемді
жинақтап,талдауынан көрінеді.
• Тұтықпа балалармен жұмыс істеуде кішіпейілділік қарым-қатынасы жаттығулар жүйесінде
коммуникативтік жауапкершіліктің біртіндеп жоғарлауына бағытталып,олардың қарым-
қатынасында байқалады.Балалар өздерінің әр-түрлі мінез-құлықтарын,кенеттен пайда болатын
өзгермелі жағдайдағы қарым-қатынасын басқаруды үйренді.
• Арнайы мектепке дейінгі сөйлеу тілі бұзылған балаларға көп көңіл бөле отырып,оларды оқыту мен
тәрбиелеудегі ерекшеліктерін ескере отырған жөн.Олар өздерінің белгілерін белгілі бір жағдайда
орындауы мүмкін,егер практика кезінде таңдаулы балалармен және топтарды бөлуде барлық
қағидаларды сақтағанда.Топтарға дұрыс бөлу көбінесе олардың санына байланысты болады.Осы
сөйлеу кемістігі бар балаларды зерттейтін ғылымға тоқталатын болсақ,ол ғылым-
логопедия.
Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі,мектептегі
логопедия және жеткіншектер мен ересектер логопедиясы
деген бөлімдерден тұрады. Логопедияның негізгі мақсаты-тіл
кемістігіне шалдыққан адамдарды оқыту ментәрбиелеу және
қайта тәрбиелеу,сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінен
алдын-ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде жете
зерттеу болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдебиеттерде ойынның түрлерін бөлген:

- Дидактикалық;

- Қимылды;

- Шығармашылық
құрастыру;

- Драматизм-ойындары;

- Рөлдік-мағыналық.
Дидактикалық ойындар.
Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады.Дидактикалық
ойындардың міндеті - балалардың бағытталған және ортақ іс- әрекетін ұйымдастыру. Бұл
ойын барысында бала еш мәжбүрсіз, байқамай қажетті білімдерді алады. Балалар ойын
тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі.Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын сапалы шешуге
көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау.
5жастаға бала дидактикалық ойын барысында заттардың саны мен сапасын оның атауларды,
оларды сыртқы бейнесі бойынша салыстырып, есте сақтауды үйренеді. 6 жастағы бала ойын
тапсырмасын сапалы шешуге қызығушылығы арта түседі. Ал 7 жасқа таман бұрынғысынша
ойын әрекеті қызықтырады, бірақ көбіне ойынның нәтижесі қызықтау болады. Бұл кезде
өзіндік ұйымдастыратын, бағалау, өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал ететін
ойындар қолданылады. Бұл жастағы балалар үшін аспапты таны, дыбыстарды қайтала, өзің
сүйетін әуенді орында деген сияқты музыкалық дидактикалық ойындар
қолданылады.Логопедиялық сабатардағы дидактикалық ойын барысында балаларды асықпай
сөйлеуге тәрбиелейді; дыбыс айтуы шыңдалады, сөздік қоры молаяды. Есту зейіні мен
фонематикалық естуін дамыту үшін музыкалық дидактикалық ойындардың да маңызы зор.
Қимылды ойындар.

Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларда қимыл бұзылысы жиі
кездеседі: қимылдың епсіздігі жинақылық емес ебедейсіз, әр түрлі
қимыл икемсіздігі. Сол үшін қимылды ойындардың алатын орны
ерекше. Балалар қажет қимылды шыңдайды, ұжымдық ойындар
ойнауды үйренді. Олар үшін дыбысталған қимылды ойындардың
маңызы зор, логопедияда бұл ойындар логопедиялық ритмика деген
атаумен таныс. Бұл ойындар алада дұрыс тыныс өлең мен
дыбыстауды, қимылды сөзбен ұштастыруды тәрбиелеуге әсер етеді.
Шығармашылық ойындар.

Бұл ойында балалар өз ойын қиялын, қоршаған
әлемнен алған әсерін өз білімі мен тәжірибесін
көрсете алады. Шығармашылық ойынның бір түрі
құрылыс заттарымен ойнау. Бұл ойынға баланың
кеңістікте бағдарлануына көлем мен сан, сапа туралы
түсінігін дамытуға әсер етеді.
Құрылыс ойындары

Құрылыс ойындарында кубиктер, қораптар, баулар, құм,
сазбалшық, т.б. қолданылуы мүмкін және де құрылыс
ойындарын сондай-ақ түзету мақсатында да қолданады:
баланың байсалды мінезіне, сабаққа өзгерту енгізу үшін.
Құрылыс ойындарын бірінші логопедиялық сабақтарда ғана
қолдануға болады. Бұл баланың сөйлеуімен байланысты.
Жеке заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.
Драммалық ойындар.

Драммалық ойындары өте қызықты өтеді.Бұл кезде балалар сүйікті
ертегілерін айтады, ертегі кейіпкерлерін салады, диалог жүргізеді.
Егер қажетті киімдер мен бетперделер дайындалса ойын одан әрі
қызығырақ болады. Драммалық ойыны бала бақша қуыршақтары
мен де жүргізіледі. Бұл ойын бала дұрыс сөйлеуге үйренгеннен
кейін ғана ойнатылады. Ойынды өткізу үшін жақсы дайындалу
керек. Алдымен балаларға ертегіні оқиды, сұрақтар қояды,
қимылдарды бейнелейді. Осыдан кейін ғана барып ойынға кірісуге
болады.
Мағыналық-рөлдік ойындар

Мағыналық-рөлдік ойындарда баланың өмір туралы
түсінігі кеңейеді. Мағыналық - рөлдік ойындардың
тақырыбы әртүрлі әрі балаға жақын болуы
керек.Логикалық сабақтарда рөлдік ойындар бала
еркін сұрақтарға жауап бере алғанда ғана
ойнатылады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Бағдарламаның өзгеше тарауы - Естіп кабылдауын дамыту мен дыбыс айтуға үйрету
Дизартрия тіл кемістігі
Дислалияның түрлері
Сурдопедагогиканың негізгі оңалту әдістері
Сөйлеу жаттығулары
Сөйлеу тілін тексерудің жалпы нұсқаулары
Сөйлеу қабілетінің дамуы
Фонетико – фонематикалық жетіспеушілік
Логопедиялық тексеру қағидалары
Логопедиялық тексеру
Пәндер