Мүмкіндігі шектеулі балаларды ауызша сөйлеуге оқытудың әдістемесі


Slide 1

Мүмкіндігі шектеулі балаларды ауызша сөйлеуге оқытудың әдістемесі.

Орындаған: Қуаныш айым

Жамбыл аяулым

Деф 17-1

Slide 2

Ақыл-есі кем балаларға өз бетінше сөйлем құру - сөйлеу қызметіндегі ең ауыр түрі. Ауызша өз бетінше сөйлеуге үйрену арқылы бала ақыл-ойының дамуы кезінде көптеген жетістікке жетеді. Ауызша тіл дамытуда мәтінді талдаған кезде әңгімедегі оқиғаларды терең түсіндіру үшін, өзіңді сол оқиға кейіпкерінің орнына қойып түсіндіру керек. Мысалы, бауырсақ ертегісін балаға сурет арқылы көрсетіп, оны талдап, баланың өзін кейіпкер ретінде сезінуін қадағалау керек.

Slide 3

Тіл сабақтарындағы көрнекі құрал ақыл-ойы кем оқушының сөйлем құрауына, дұрыс сөйлеуіне ерекше ықпал етеді. Дәстүрлі көрнекі құралдардан басқа тіл сабағында мимика (бет-әлпет құбылысы), дауыс ырғағы, мәнерлеп оқу сияқты тәсілдердің де рөлі зор. Соңғы тәсілдер ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағына және сөз құрауына көп көмегін тигізеді.

Slide 4

Ақыл - ойы дамымаған балалардың ауызша тілін қалыптастыру сұрақтарын қарастыруда өз үлестерін қосқан В. Г. Петровамен, Л. С. Вавина. Олар ақыл-ойы дамымаған оқушылардың фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ана тілінің тәсілдерін ерекшеліктерін ашқан, олардың диалогтық және монологтық тілінің ерекшеліктерін көрсеткен. Олардың зерттеулерінде ерекше орын алған «ақыл-ойы дамымаған оқушылардың тіл ерекшеліктері» қарастырылған. Зерттеу нәтижелеріне сараптама жүргізіп, Петрова В. Г. арнайы оқыту бұл балалардың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді, жүйелі ауызша тілді үйрену жолында, - деп белгілеген. Луцкинаның Р. К. көп жұмыстары жүйелі, ауызша тілді бағыштап дамуына арналған. «Ең бастысы тіл мәселесін жетілдіруде, балаларға сурет арқылы түсіндіру» - дейді. Л. В. Занков, М. Ф. Феофанов, М. Ф. Гнездилов сурет арқылы тілді дамытуды зерттеген. Бұл авторлар бір шешімге келіп, арнайы түзету мектебіндегі оқушылардың дамуына, жүруіне, қисынды, грамматикалық түзу, ауызша өз ойын айту, сөздерді мағынасына сәйкес қолдану, дұрыс сөйлем құрап шығармашылық елестетуіне мүмкіндік жасайды.

Slide 5

Балаларды ең алдымен жеңіл нұсқауларды түсінуге және орындауға үйрету қажет. Осындай жағдайда ересектің сөзі баланың мінез-құлқына жөн сілтеуші болып шығады, оның әрекеттерін жөнге салып отырады. Мұғалім сөйлеуге талабы бар ақыл-ойы кем оқушының сөйлеу тілі қызметін қалыптастыруға, сөйлеу тілі құрылысының дұрыстығын қамтамасыз етуге тиісті. Ең алдымен жасалған саяхаттың, зерттеп - бақылау барысының, өсімдіктерді баптап - күту жұмысының, үйді жинастырудың, бейнелі суреттердің қарап шығуы, диафильмдерді қараудың, т. б. негізінде әңгіме өткізеді. Сонымен диалогтық немесе сұрақ-жауап сөйлеу тілі, сұрай білу, түсіндіруді тыңдай білу, мұғалімнің нұсқауын, кеңесін орындай білуі қалыптасады. Әңгімені өткізу кезінде мұғалім өзінің сөйлеу тіліне, оқушыларға қойылатын сұрақтарға қатысты бірқатар дәстүрлі талаптардың тәртібін сақтау қажет. Қалай дегенмен мұғалімнің сөйлеу тілі еліктеу үшін үлгі болады, сондықтан мұғалім дұрыс және асықпай сөйлеу керек, дауысы аса қатты немесе тым жай шықпауы керек.

Slide 6

Сөйлеу тілінің көрнекі құралы ретінде балаларға арналған ертегілерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, мұғалімнің ауызша айтқанынан жаттап алу үшін төрт жолды қысқа өлеңдерді әңгіме сабақ өткізу үшін оқу кезеңінде кеңінен пайдаланылады. Балаларға ертегі мазмұны түсінікті болу үшін көркемдеп суреттер салуға немесе сахнаға шығарып ойнау жеңіл болады. Мұғалім көбіне әңгіме-ертегілерді оқымай өз сөзімен қызықты етіп жеткізу керек. Сол кезде балаларға түсіну жеңіл болады.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға дайындаудың пропедевтикалық кезеңі: мақсаттары мен әдістемесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтан оқытуда сандық ресурстарды қолдану
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеуде инклюзивті білім беру
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жіктеу: модельдер мен психолого-педагогикалық тәсілдер
Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыс: мәні, мақсаты және әдістері
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуі және тұлғалық қолдау технологиялары
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім: ұйымдастыру шарттары және арнайы қолдау шаралары
Мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық-психологиялық қызметтің теориясы, тарихы және коррекциялық педагогика негіздері
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білімін бағалау: критериалды жүйе және инклюзивті стратегиялар
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытудың психолого-педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz