СӨЙЛЕУ ҚЫЗМЕТІ СӨЙЛЕУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ ПРОЦЕССТЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ


Slide 1

Тұтығуы бар балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық реабилитациялаудың негізгі жүйесі. И. Г. Выгодская, Е. Л. Пеллингер, Л. П. Успенскаямен ұсынылған мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінің бірізділігін тәрбиелеу тәсілдері.

Орындаған: Қуаныш Айым

Жамбыл Аяулым

Бақтыбай Гүлдана

ДЕФ 17-1

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

«Педагогика» жоғарғы мектебі

«Арнайы педагогика» кафедрасы

Slide 2

Тұтығу (кекештену) - сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тартылуынан болатын сөйлеу бірқалыптылығының бұзылуы. Әдетте, бұл сырқат балаларда 2-6 жастар шамасында басталады. Тұтығу - сөйлеу қабілеті тез дамыған балаларда сөйлеу функциясына күш түсуден, жарақаттанудан немесе сөздік дамуы тежелген балаларда орталық жүйке жүйесінің белгілі бір құрылымдарының зақымдануынан болады.

Slide 3

И. Г. Выгодская, Е. Л. Пеллингер, Л. П. Успенскаямен ұсынылған мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінің бірізділігін тәрбиелеу тәсілдеріне ойын тәсілдерін жатқызған.

Ойын баланың (негізгі) жетекші қызметі ретінде бірқатар ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Ерте балалық шақта елшіктеу негізінде және заттар мен монипуляциялық іс-әректтер негізінде болып табылады, ол мектеп жасыны дейінгі кезең араларда бала ұшін оның өмірін қоршаған белсенді шығармашылық көрінісінің формасы болып табылады. Ойынның да, адамның да басқа да барлық қызметі сияқты қоғамдық сипаты болады. Ол сөз (қосылатын) кіретін комплексті іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Үлкен адамның іс-әрекеті мен сөзін қайталай отырып, бала эмоционалды түрде оған үн қатады, ол білімдерге сүйенеді, оларды нақтылайды және қорытындылайды, ойын оның танымдық және өнегелі күштің дамуына себепші болуына септігін тигізеді.

Дамыған формаларда ойын - бұл балалар адамдық қарым-қатынастың әлеуметтік тәжірибесін меңгеретін ұжымдық қызмет. Бұл тәжірибені меңгеру оларда дербестікті, белсенділікті, инициативасын, ұймдастырушылық дағдыларын дамыту арқылы болады. Ойындарды педагогикалық мақсатта пайдалану бар болғаны осы қызметтің әлеуметтік аспектісін күшейтеді.

Slide 4

Ойын қызметі процессінде тұтығатын баланың мінез-құлқы жалықтырмайтындай, нәзік (шебер) тәрбиеленеді және оның сөйлеу қызметі түзетіледі. өз бетінше сөйлеудің бұзылуы түзетілмейді, керісінше ойын қызметі құрылымдағы сөйлеу қызметі және олармен байланысты тәрбиеленеді. Сөйлеу қызметі сөйлеу және түсіну процесстерінің жиынтығының негізі ретінде адамның өзара жанама әрекет етуінің барлық формаларын вербальды формасы, дене қимылы, мимикасы, пантомимикалық қозғалыстар, дауыс және т. б формалары кіретін коммуникативтік қоғамдық қызметтің мәні, негізі болып табылады.

Slide 5

Ойын қызметін түзету мақсатында қолдану үшін, тұтығушы баланың ойын кезіндегі мінез-құлқын саралап зерттеу қажет. Осы әдістемеге сәйкес мынадай кезеңдерді шартты түрде бөледі:

баланың сөйлеуін тексеру

шектеу

ілеспелі қайталап айту

сұрақ-жауап сөзі

баланың әртүрлі жағдайдағы (шығармашылық ойындардағы, сабақтағы, жанұядағы, қоғамдық орындағы) өз бетінше қарым-қатынасын зерттеу

түзету

дамытушы

тәрбиелеу

Slide 6

Қарастырылған әдістеменің бағыттылығы 2-4 және 4-7 жастағы тұтығушы балаларға қатысы бойынша әртүрлі. Бірінші жағдайда соншалықты түзету міндеттері емес, қаншалықты балаларды оқыту мен тәрбиелеу міндеттері тұр. Бұл жас кезеңінде логопедиялық жұмыс профилактикалық сипатта болады. 4-тен 7 жасқа дейінгі тұтығатын балалармен жұмыс кезінде, жеке даму процессінде қалыптасқан жеке адамның ерекшелігі қаншалықты тұтығушының сөйлеу қызметіне әсер етіп және кемістіктің құрылымын анықтағанымен, негізгі мәнге логопедиялық әсер етудің түзету бағыттылығы ие болады. Ойын қызметінің әдістемесі жеке тұлғаны осы негізді де тәрбиелеуге-кемістікіті жоюға бағытталған.

Slide 7

Тұтығатын балалармен логопедиялық жұмыс практикаларда (И. Г. Выгодский, Е. Л. Пеллингер, Л. П. Успенскийдің) ойындар және ойын тәсілдері логопедиялық әсер ету кезеңдеріне сәйкес салыстырмалы үндемеу режимін (тәртібін) ; дұрыс сөйлеу тыныс алуын тәрбиелеуді; қысқа сөздермен (сөйлеп) қарым-қатынасу; кең дамыған сөйлемді (жекелеген сөздер, әңгіме, түсінік айту) белсендіру; сахналау; еркін сөйлеу қарым-қатынасы, босаңсыту жаттығуын өткізу үшін қолданады.

Slide 8

Дидактикалық ойындар. Естуді, тыныс алуды, дауысты, дауысқа еліктеуді дамытуға арналған әртүрлі дидактикалық ойындар, ашалы-сашалы ойыншықтармен : матрешкалармен, пирамидалармен, шармен, шығыршықты, домино, лотолармен, қуыршақтармен ойнау және т. б. - көру және естуді қабылдауды, зейінді, ұсақ моториканы, еліктеушілікті, еріктікті дамытады және қарапайым сөйлеу материалында болады. Логопед берген сөйлеудің әртүрлі үлгімен таныстырады. Нақты, қатаң тәртіппен ретке келтірілген дидактикалық ойындар барлық тұтығушы балаларды, оларда тәртіптілікті, жинақтылықты, ұстамдылықты тәрбиелеуді қалыптастыратын тең жағдайға қояды. Жүргізгіштің таңдап алуы, алдымен логопредтің көмегімен, сосын өз бетінше, балаларды ойынның тыныш басталуына, оны дұрыс дамыту мен аяқтауға үйретеді.

Slide 9

Дидактикалық ойында логопедтің сөйлеу үлгісі неғұрлым көбірек мәнге ие болады. Логопед берген сөйлеу стереотиннің өзгермеуі сабақ курсының басында балармен тыныш (байсалды) қарым-қатынасты қалыптастырады. Осының салдарынан сөйлеуде тежеудің болмауы ойын барысын бұзбайды. Белсенді мінез-құлық пен дұрыс сөйлеуді меңгеру жарағы бойынша балалар, ойынды өз бетінше ұйымдастыру олардан қаншалықты өз бетінше қарым-қатынас формаларын талап еткенімен, бәрі дайын сөйлеу стереотиптерін сирек қолданады. жасырын педагогикалық мақсаты бар- балаларда дұрыс сөйлеуді қалыптастыру бір мезетте оларға белгілі бір білімдерді береді, сөздік қорын молайтады, сөздің грамматикалық құрылымын психикалық процесстерін, және ең алдымен, танымдық процесстерді жетілдіреді. Сөйтіп халықтық дидактикалық ойыншықтармен ойнауда заттың түсін, көлемін, формасын қабылдау дамиды. Ойындардың толық қатарды зеректікті (пайымдауды) дамытуға бағытталған. Суреттермен ойнауда балалар заттар мен құбылыстарды, осымен байланысты ақыл-ой, іс-әрекетін, қорыту мен салыстыру және т. б. операцияларды дамытады.

Slide 10 Slide 11

Ән салып жүріп ойналатын ойындар. Тұтығатын балар үшін ән салып ойатылатын ойындар, хор ойнаушылар мен ойындар - сахналау пайдалы. Оларда басы анық (мелодиямен) әуеннен басталатын және жеңіл ырғақты өлең негізіндегі хор әуендері, би әуендері қолданылады. Бұл ойындарда балалар да өз денесін меңгере білуі, қозғалыс қарқыны мен ырғағын музыка қарқыны мен ырғағымен салыстыру, қозғалысының мәнерлілігі - музыкалық сүйемелдеу сипатымен дамиды. Көрсетілген шеберліктерді тәрбиелеу сөзге әсер етеді. Ән салып ойнау балалардағы ерікті мінез-құлықты дамытады, қозу процессінің ауыстырылып қосылуын және әсіресе тежелуді. Қозғалыс қаншалықты уақыт және кеңістікте музыкаға сәйкес ұйымдастырылса да, қалыпты етеді. Рольді ойнау кезінде бала қозғалыстың қажетті «қорын» алуы керек, оларды уақытылы қолдануы қажет емес кезде тежеуі қажет. Бұл тақырыпты, инициативаны, ерікті және бірқатар қозғалыстарды жоспарлай білуді тәрбиелеуге себепші болады.

Slide 12 Slide 13

Қозғалмалы ойындар. Балалардағы тыныс алу мен сөйлеу қарқынын бұзбас үшін тұтығушы балалармен орташа және аз қозғалмалы ойындар өткізіледі. Біз (қарапайым) жеңіл қозғалыстар мен қозғалмалы ойындарды, сюжетпен және спорттық көңіл-күй көтеретін қозғалмалы ойындарды бөгеміз. Доппен, құрсаумен, лентамен, жалаулармен қарапайым қозғалыс ойындарында балалар қозғалыстың жалпы сипатын береді. Сюжетті қозғалмалы ойындар тең құқылы қатысушылар және басқару- бағыну қарым-қатынасымен болуы мүмкін. Бірінші жағдайда әрбір тұтығушы жалпы ойынға үлесті енгізеді, екіншісінде әрбір ойыншының мінез-құлқына қойылатын талаптар өседі, балалардағы ұймдасытрушылық сапасын (қасиетін) анықтай отырып. Спорттық ойын-сауық сипатындағы қозғалмалы ойындар (асықтар, доппен, жармен ойнау) белсенді мінез-құлық пен сөйлеуді нығайту үшін өткізіледі, олар балалардың еркін қарым-қатынасының ойын қызметінен тыс та қалыптасуына себепші болады.

Slide 14 Slide 15

Драмалық ойындар (драмаластыру ойыны) . Драмалық ойындарда (өлең мәтіні, проза, үстел, саусақтары) сөз кейіпкерлер іс-әрекетімен, деклорациялардың суретін алу, құрастырумен, мақсатты сахналық атрибутикамен байланысты. Сол ойындарда дайын мәтіндер ойнап көрсетіледі. Сондықтан логопед балалар әдебиет шығармаларынан тәрбиелік құндылығы бар динамизммен ерекшеленетін, қанықтылығымен, етістікті лексикасымен, оқиғасымен іс-әрекетінің нақты жүйелелегімен, тілінің көркем мәнерлілігімен, сөйлемнің құрылуының қарапайымдылығымен ерекшеленетін мәтінді таңдап алады. Балалар ьасында хорды драмалауға қатысады, сосын логопедтің көмегімен және өз бетінше рольдерде сөйлеуге өтеді. Дарамаластыру-ойындары балалардағы қозғалыс пен сөйлеудің мәнерлілігіне тәрбиелейді, қиялдауға, шығармашылық дербестікке, ұйымдастырушылық, режиссерлік қасиеттеріне тәрбиелейді. Олар тұтығушынынң жеке ерекшеліктерін түзетуді қалыптастырады. Баланың зейіні, «әңгімелесушіге көріп бағдарлау реакциясы, дербестік негізім ретіндегі еліктеушілігі жетілдіріледі. Өлеңдер мен прозаларды драмаластыру ойындары үстел қуыршағы мен саусақ тастары ойыны үшін сюжеттер береді. Олар балаларды кең дамыған, байланысты және оларды жүйелі түрде баяндауға даярлайды, олардың негізінде шығармашылық ойындардың пайда болуын қалыптастырады.


Ұқсас жұмыстар
Шартты рефлекстің шартсыздан айырмашылығы
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Шетел тілдерін оқыту психологиясы туралы
Коммуникацияның жас және гендерлік ерекшеліктері
Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері
Сөйлеу іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы
Шетел тілдерін оқытудың психолингвистикалық мәселелері
Қазіргі тіл біліміндегі дискурс және мәтін мәселелері
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі
Сурдопедагогиканың негізгі оңалту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz