Тұтығуды жоюда Н. А. Чевелеваның кешенді психолого-педагогикалық реабилитация жүйесі


Slide 1

Тұтығуы бар балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық реабилитациялаудың негізгі жүйесі. Н. А. Чевелеваның (1965, 2001) тұтықпаны жою жүйесі.

Орындаған: Қуаныш Айым

Жамбыл Аяулым

Бақтыбай Гүлдана

ДЕФ 17-1

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

«Педагогика» жоғарғы мектебі

«Арнайы педагогика» кафедрасы

Slide 2

Тұтығу (кекештену) - сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тартылуынан болатын сөйлеу бірқалыптылығының бұзылуы. Әдетте, бұл сырқат балаларда 2-6 жастар шамасында басталады. Тұтығу - сөйлеу қабілеті тез дамыған балаларда сөйлеу функциясына күш түсуден, жарақаттанудан немесе сөздік дамуы тежелген балаларда орталық жүйке жүйесінің белгілі бір құрылымдарының зақымдануынан болады.

Тұтықпа адамдардың сөйлеуі дыбыстардың, буындардың немесе сөздердің қайталануымен, дыбыстардың ұзаруымен немесе сөздер мен дыбыстардың үзік-үзік болуымен, сондай-ақ, сөз арасында қосымша дыбыстар мен сөздердің қыстырылуымен сипатталады. Тұтықпаның түйілген сөзі, әдетте, соған сәйкес түрлі қимылдарымен қосарласа жүреді.

Slide 3

Тұтығуға кешенді әсер ету бағыттары

Дәрігерлік әсер ету. Ол баланың жүйке жүйесін қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Slide 4

Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру.

Slide 5

Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына (8-9 ай), жүйелі түрде жүргізілетін жүйелі сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез - келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады. Сабақты бірте-бірте күрделендіре отырып, балалардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Сонымен, тұтығуды жою үшін барлық сабақтар негізгі дидактикалық принциптің кезектілігіне және жүйелігіне бағынуға тиіс.

Slide 6

Логопедиялық ритмика (ырғақ) . Ол әр түрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады.

Slide 7

Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Бұл түзету - тәрбие жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

Slide 8

Тұтықпа сөйлеу кемістігінің ішінде ең күрделісі болғандықтан тексеруді жан-жақты, кешенді жүргізу қажет:

Slide 9

Тұтықпа кезіндегі жүргізілетін педагогикалық шаралары:

Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға магнитафондық сабақтардың маңызы зор. Бұл сабақтардың мақсаты баланың зейінін сөйлеу жылдамдығына, мәнерлігіне, ырғақтылығына, сөйлемді дұрыс құрастыруға аудару болып саналады. Магнитафондық сабақтарды жүргізудің әр түрлі варианттары қолданады. Мысалы, көркем сөз шеберлерін еліктеу, қайталау, салыстырмалы сабақтар т. б.

Slide 10

Қазіргі кезде «көрінетін сөйлеу» әсерін тудыратын әр түрлі компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолдануда. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуды ұзарту, сөйлеудің интонациялық саздылық жағын және оның кідіріс процестерін қалыпқа келтіріп, түзету мақсатында көрінетін сөйлеу бағдарламасының бірнеше модульдері қолданады. Мысалы:

Slide 11

1. «Ұзақ демалу модулімен жұмыс». Мақсаты тыныс алудың ұзақтылығы мен күшін ерікті реттеу дағдысын қалыптастыру. Бірнеше ойын жүйесін қолдану арқылы бала жұтқан ауаны үнемі бөліп пайдалану. Тапсырманы көзбен көріп бақылауы, жаңа дағдының қалыптасуына көп көмегін тигізеді.

Slide 12

2. «Дауыстың жоғарлығын өзгерту» модулінің мақсаты даусын ерікті, жоғарылату, бәсеңдету.

3. «Интонация» модулімен жұмыстың мақсаты дұрыс интонацияны қалыптастыру.

4. «Дауыстың қаттылығы мен жоғарлығы» жұмыстың мақсаты сөйлеудің кідірісін, жылдамдығын, бірге айтылуын түзету.

Slide 13

«Көрінетін сөйлеу» компьютерлік бағдарламаны қолдану барысында тұтығушының сөйлеуі туралы нақты деректер алуға болады.

Slide 14

Қорытынды Баланың тілінің дамуындағы анықталған барлық ауытқулардың құрамы, демек қажетті педагогикалық шараларды белгілеуді болжамдауға мүмкіндік беретін тексерудің мәліметтерінің қысқаша талдауы. Тексерулердің мақсаттары мен міндеттері баланың сөйлеу тілінің бұзылуын айқындау, оның сөйлеу тілінің толық дамымауы дәрежесі деңгейін анықтау, қайсысы бірінші реттік болатынын айыру, үнемді жолды таңдау болып табылады.

Slide 15

Назарларыңызға Рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардағы тұтығуды кешенді оңалту: ойын технологияларының рөлі
5 «а» және 5 «б» сыныптарының жалпы сипаттамасы мен оқушылардың психолого-педагогикалық талдауы
Дарынды оқушылармен жұмыс: психолого-педагогикалық әдістемелер мен ұйымдастыру
Мектептегі тәрбие жұмысының психолого-педагогикалық диагностикасы мен әдістемесі
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытудың психолого-педагогикалық негіздері
Биология курсын оқытуда заманауи технологияларды қолданудың психолого-педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғааралық қатынастарын диагностикасы және психолого-педагогикалық түзету
Болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру: психолого-педагогикалық аспектілер мен кәсіби талаптар
Медициналық реабилитация: ұғымы, түрлері, кезеңдері мен қағидалары
Жанжал және оны шешу жолдары: психолого-педагогикалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz