Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері
Презентация қосу
«Ш, Ж дыбыстарының
артикуляциясы»
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : ҚУАН Ы Ш А Й Ы М
Ж А МБЫ Л А ЯУЛЫ М
Д ЕФ 1 7 - 1
ҚА Б Ы Л Д А Ғ А Н : Т УРДА ЛИ ЕВА Ш ОЛП А Н
Ж дыбысы
Ж-дыбысын айтқанда еріндер алға созылып дөңгелектенеді. Тілдің ұшы жұмсақ таңдайдың
алдыңғы жағына көтеріліп тимейді, тілің екі бүйірі үстіңгі азу тістерге жанасады. Тіл ортасы көтеріңкі тілің
формасы кесеге ұқсас келеді жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын ауа жолын жабады.
Ж-дауыссыз, қатаң-ұяң
Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-ажа, -ожо жүгері Жүгері-өсімдік
-ужу, - ижи Қонжық Қонжық-ойыншық
-жа, -жо, -жу Жастық Мынау – жастық.
«Ж» дыбысына арналған артикуляциялық
жаттығулар
Логоритмика
Жасыл жасыл жолақтан
Жолмен жүріп өтеміз
Жолақ жолақ жолақтар
Жолбарысқа жол сілтер
Міне, Әмірілі жарайсын!
Келесі тапсырма
Ш дыбысы
Ш – дыбысын айтқанда еріндер алға созылып дөңгелектенеді, тілдің ұшы жұмсақ таңдайдың алдына көтеріліп бірақ
тимейді, тілдің екі бүйірі үстіңгі азу тістерге жанасады, тілдің ортасы көтеріңкі тілдің формасы кесеге ұқсас
болады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын ауа жолын жабады. Дауыс саңылаулары бірігіп тербелмейді. Дауыс жоқ.
Ш – дауыссыз, қатаң
Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-аш, -ош,-уш, -иш ағаш Мынау-үлкен ағаш
-ша, -шо,-шу, -ши шана Балалар шана тепті
-аша, -ошо, - ушу Ошақ Мынау – ошақ.
«Ш» дыбысына арналған
артикуляциялық жаттығулар
Логоритмика
Күн шықты, жерді жылытты
Ағаш өседі
Жел ағашты тербетеді.
Ағаштың тамыры мықты
Бұтақтары күнге тартылады
Бұтақтарда жапырақ көп
Орманда ағаш көп
Тапсырма сұрақ-жауап
1.Түрлі дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сипаттау. Дыбыстарды машықтандыру кезеңі?
Дыбыс айтуды машықтандыру кезеңінің негізгі мақсаты қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және
кезектілікпен жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машықтандыру
керек.
Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: логопедке ілесе қарапайым буындар мен сөздерді кайталаудан бастап, дауыстап оқуға, заттарды атауға, суреттердегі бейнеленген
қарапайым көріністерді сипаттауға, есептеуге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге,
ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек.
Алайда есте болатын жай - түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және баланың жеке басының ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін
анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктерін түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі.
Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. Біріншіден-мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиімсіз. Бұл
интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара біржақты ықпалының тиуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы - С дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа - у түрінде
айтылатын - Л дыбысын түзету тиімсіз. Бұндай жағдайда бір кемшілікті түзету үшін тілдің бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде тіл үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/ мүлде қарама-
қарсы қалып пайда болады .
Екіншіден әсіресе, айтылуы алғашқы кезде энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін - Ш мен Р дыбыстармен қатар жұмыс
істеу тез шаршатуы, мидың тыныс алуды басқаратын орталығын уақытша талдыруы мүмкін. Бұндай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруын сипаттағанда кейде
арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылыуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын
қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында, ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса /мысалы дизартрияның алуан түрінде/, артикуляциялық гимнастика келтірілген программа бойынша жүргізіліп,
сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс.
2. Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері?
Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген.Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты.Сөйлеу
тілдің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.
Баланын сөйлеу тілі дамуын екі негізгі кезеңге бөледі: сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезең.(бір
жастан кейін).
Сөйлеу тілі шыққанға дейін кезеңді дайындық кезең деп атайды.Өйткені бұл кезде сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді.Баланың туылған кезінен бастап
дауыс реакциялары пайда болады.Олар айқай және жылау.Бірақ бұлар әліде адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек.Сонда да айқай да жылау да сөйлеу
аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару,артикуляция бөлігі) әр түрлі қимылдарының дамуына әсер тигізеді.Екі аптадан кейін бала айналасындағы
сөйлеген адамның дауысына назар аударады,жылауын қояды,өзіне сөйлегенде «тыңдайды».Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады.Сөйлеген адамға
басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады.Интонацияға реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді.Бұл кезде баланың гуілдеі әр түрлі
интонациямен шығады.Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар (а,о,у,э).Содан кейін еріндік дыбыстар (б,п,м) пайда болады.Бұл физиологиялық ему
процесіне байланысты.Ең соңында шығатын артқытілдік дыбыстар(к,г,х).Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты
(баланың шалқасынан жатуы).Гуілдеу баланың еркіне байланысты емес.Ол өз бетімен пайда болады (рефлекторлы).Баланың 5-6 айында былдыр пайда болады.
(ба-ба-ба,ма-ма-ма,па-па-па,т.б)
Былдыр дегеніміз белгілі дыбыстық комплекстердің,дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркестерінің пайда болуы.Гуілдеу мен былдыр қарым-қатынас
қызметін атқармайды.
7-8 айында бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктейді.Бала естіген дыбыс тіркестерін заттармен және олардың іс-қимылдарымен сәйкестендіреді (тик-так,бух,бах).
Бала міндетті түрде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін есту керек.Бірақ бала әлі де ситуацияға,интонацияға,сөзге бірге реакция береді.
Ал 10-11 айында сөздің өзіне реакция беретін болады (ситуацияға және интонацияға сүйенбей ақ).Бірінші жылдың аяғында балада алғашқы сөздер пайда
болады.Осы кезеңде баламен жиі қарым-қатынаста болу керек.Баланың сөйлеу тілінің дамуы оның жеке ерекшеліктеріне байланысты.Бір бала бірнеше сөз айта
алатын болса, екінші бала он шақты сөз қолданады.Бұл баланың сиптоматикалық жағдайына,нерв жүйелерінің түріне, тәрбиесіне, т.б байланысты.Баланың
алғашқы сөздері шыққаннан бастап дайындық кезеңі аяқталады.
Сөйлеу тілі шыққан кезең өзара үш кезеңнен тұрады.
Мектеп жасына дейінгінің алдыңғы кезеңі бір жастан үш жасқа дейін созылады.Сөйлеу тілі оны құрайтын компоненттері бойынша дамиды: дыбыс айтуы,сөздік
қоры,грамматикалық құрылысы.
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының дамуында баланың күнделікті еститін сөйлеу тілінің маңызы зор.Бала осы кезде тек қана дұрыс сөйлеу тілін естуі керек.Бұл кезеңде
бала дыбыстарды алмастырып,шатастырып,бұзып айтады,немесе мүлдем айтпайды.
Баланың бірінші сөздері жалпылама мағынада қолданылады (бір сөзбен немесе дыбыс тіркестерімен бала затты,сезімін,өтінішін білдіреді).Мысалы, «су» деген «мынау су»,
«су бер», «су суық» дегенді білдіруі мүмкін.Баланы тек ситуацияға қарай түсінуге болады.Сондықтан бұны ситуациялық сөйлеу деп атайды.Бұндай сөйлеуде бала жест және
мимика көп қолданады.Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында белсенді болады.Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық
мәліметтер береді.Ең көп таралған мәліметтер мынандай:
1ж. 6 айда – 10-15 сөз;
2ж. соңында – шамамен 300 сөз
3ж.қараған шағында -1000 сөздің көлемінде.
3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды.Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен білдіреді,содан кейін қарапайым
фразалармен.(«Апа Мина шай іш»-Апа,Амина шай ішеді.).
Осы кезеңде балалардың ересектерді түсінуі сөйлеу қабілетіне қарағанда жоғары болады.
Келесі кезең-мектеп жасына дейінгі (3 жастан 7жасқа дейін).
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының қалыптасуының ерекшеліктері:3 жаста «ш», «ж», «ч», «щ» дыбыстары «с», «з» дыбыстарына, «щ» дыбысы «ч», «ть», кейде «т», «д»
дыбыстарына алмастырып айтылады.Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік («т», «д»), еріндік тістік («ф», «в») сигматизм байқалады. «Р», «л»
дыбыстары «й», «ль» дыбыстарына, «қ», «г», «х» дыбыстары «т» немесе «д»дыбыстарына алмастырып айтылады.
Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы балада қалыптасқан болуы керек.Ал артикуляциясы күрделі «р» дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін.
Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы:алғашқыда бала тек қана сөздің номинативтік функциясын меңгереді.Сонымен қатар етістіктерді қолдана бастайды.Кейін басқа да
грамматикалық категорияларды игереді: сын есім,есімдік, үстеу.А.Н.Гвоздевтің айтуы бойынша 3 жастағы балада грамматикалық негізгі категориялары толық
қалыптасады.4 жастағы бала өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады.5 жастағы бала қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып
бере алады.
Осы жаста баланың фонематикалық қабылдау қабілеті де дамиды: алғашқыда бала дауысты және дауыссыз дыбыстарды, кеін жұмсақ қатты дауыссыздарды, сонорлы,
ысқырық, ызың дыбыстардыажырата бастайды.4 жасында қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын ажырата алуы керек, яғни оның фонематикалық
қабылдау қабілеті толығымен дамыған болуы қажет.
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеңнен тұрады: аморфты түбір сөздерден тұратын сөйлемдер (1 кезең), сөйлемнің грамматикалық құрылысын
игеру (2 кезең), ана тілінің морфологиялық жүйесін игеру (3 кезең).
Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас).
Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілінің дамуының ерекшелігі – сөйлеу тілін саналық түрде игеруі.Балалар дыбыстық талдауды,
грамматикалық ережелерді толығынан меңгереді.Сөйлеу тілінің жаңа түріне –жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы роль беріледі.
Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады – тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу
тілінің барлық құралдарын саналы түрде қолдануы.
Әрине, әр кезең келесі кезеңге бір қалыпты ауысады.Баланың сөйлеу тілінің дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды
жағдай болу керек: баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы; ойлау қабілеті қалыпты; қоршаған сөйлеу ортасы
дұрыс болуы керек.
Шетел ғалымы П.Менюк сөйлеу тілінің дамуын өзгеше қарастыра отырып, оны 5 кезеңге бөледі: бірінші кезеңде (сөйлеу тілі шыққанға
дейінненбылдырға дейін) айқай мен алғашқы вокализациясы бастапқы болады.Бұл кезеңде негізгі назар дауыс реакцияларының
интонациялық сипатына аударылады.Баланың айқайына анасының жауабының маңыздылығы зор екенін ескереді.Сөйлеу тілінің
дамуынң бірінші кезеңінде балалардың акустикалық тітіркендіргіштерді ажырату мүмкіндіктері байқалады.
Екінші кезең – «былдыр кезеңі».Бұл кезде балада дыбыстық белсендігі дамиды,өз айқайын бақылай бастайды, әрі қарай есту түйсігінің
(есту анализаторы арқылы әр түрлі дыбыстарды қабылдап, ажыратып, бойға сіңіру процесі ) дифференциациясы байқалады.
Үшінші кезең – бір сөздік деңгейде қарым-қатынасқа түсу.Осы бастан баланың сөйлеу тілінің нақты дамуы басталады.Сөйлеу тілін
қабылдауында да, сөйлеуінде де сапалы өзгерістер байқалады.Балада айтылған сөздің ұзақтылығын байқай алатын мүмкігшілік
туады.Моторлы және сенсорлы сөйлеу тіл арасында алғашқы рет өзара байланысы пайда болады.
Төртінші кезең-екі сөздік деңгейде қарым –қатынасқа түсу.Бұл синтаксистың дамуының бастауыш кезеңі.Сөйлеу тілінің грамматикалық
категорияларын меңгеруі бесінші кезеңде басталады.
Қарастырылған кезеңдерге бөлу сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеу және бұзылуының механизімін түсінуге мүмкіншіліктерін
кеңейтеді.
3. Логопедиялық тексеру принциптері
Логопедияның негізгі принциптеріне: жүйелік, кешендік, жанжақтылық, онтогенетикалық, сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы
мен механизмін ескеру (этиопатогенетикалық принцип), бұзылыстың симтоматикасын, сөйлеу тілі ақаулығының құрылымын ескеру
принципы, дамытушылық, т.б. жатады. Логопедияда жалпы педагогиканың принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Кейбір
принциптерді қарастырайық. Жүйелік принципі. Сөйлеу тілі күрделі функционалды жүйе, оның құрылу компоненттері бір бірімен
тығыз байланысты. Сондықтан, сөйлеу тілін және оның дамуын зерттеу, түзету сөйлеу тілінің барлық компонеттеріне ықпал етуді
болжайды. Жанжақтылық принципі. Логопедиялық жұмыс логопаттың тұтас тұлғасына ықпал ету арқылы жүргізілуі керек. Оның қайта
тәрбиелетін жағымсыз жағы және компенсация процесінде пайдаланатын жағымды жағын ескеру қажет (бұзылған анализатор орнына
сақтаулы анализаторды қолдану). Кешенді принципі. Логопедиялық қорытынды жасау, сөйлеу тілінің бұзылуын ұқсас формаларынан
ажырату үшін сөйлеу және сөзсіз симптомдарына, медициналық, психологиялық және логопедиялық тексеру нәтижелеріне талдау жасау
керек. Сонымен қатар баланың сөйлеу тілінің даму денгейі мен танымдық әрекеттерінің даму денгейін салыстыру керек болады.
Көптеген жағдайда сөйлеу тіл бұзылыстары әр түрлі жүйке және психикалық-жүйке аурулардың сиптомдарына қосылады (дизартрия,
алалия, тұтықпа, т.б.). Бұндай жағдайда сөйлеу тіл бұзылыстарын түзету жұмысы кешенді түрде өтуі керек, яғни медициналық-
психологиялық- педагогикалық көмек көрсетілуі керек. Сонымен, сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеу және түзету барысында кешенді
принцип маңызды орын алады. Дамытушылық принципі. Сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеуде және түзетуде нормадан ауытқыған бала
дамуының ерекшеліктерін және жалпы даму заңдылықтарын ескерген жөн. Дамытушылық принцип логопедиялық жұмыс
барысында баланың «жақын» даму аймағына байланысты міндеттерді, қиыншылықтарды, кезендерін ажыратуды болжайды. Сөйлеу
тілі кемістігі бар балаларды зерттеу, олармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру баланың негізгі іс -әрекетін (заттық-тәжірибелік,
ойын, оқу) ескере отырып жүзеге асырылады. Онтогенетикалық принципі. Логопедиялық түзету жұмысы баланың сөйлеу тілінің
түрлері мен функцияларының шығу реттілігін және баланың онтогенездегі іс-әрекетінің түрлерін ескеруді талап етеді. Динамикалық
принципі. Баланың даму барысында ауытқушылықтың байқалуы. Сөйлеу тілі бұзылуын зерттеу және түзетуде келесі дидактикалық
принциптер маңызды орын алады: көрнекілік, қолжетімділік, саналылық, даралап тіл табу және т.б.
4. Дыбыстарды ажырату кезеңі?
Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру
кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату, сосын дыбысты, буында сөзде, сөйлемде ажырату. Дыбыстың
бұзылуын түзету барысында Г. С. Оразаеваның зерттеу жұмысындағы ғылыми тұрғыдан негізделген ұлттық ойындар түрлерін логопед
өз тәжірибесінде кеңінен қолдануына болады.
Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шарты-оның жабдықталуы. Жабдықтар кем дегенде
мыналарды қамтиды:
а) оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна;
б) шпательдер мен зонддар, тазалық құралдары;
в) сөзді жазып, қайталайтын магнитофон;
г) тыныс алуы мен дамытуына қажетті ойыншықтар мен альбом құралдары;
д) дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом;
е) түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер, суретті лото;
ж) түрлі дыбыстың айтылуын бекітуге қажетті, тілдік материалы бар кітап-құралдар;
з) әр сыныпқа арналған оқулықтар.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz