Ресми білім берудің қызметтері
Презентация қосу
Әлеуметтанулық дискурстағы білім беру;
1. Жаһандық перспиктивадағы білім беру;
2. Білім беру әлеуметтік институтретінде.
3. Ресми білім берудің қызметтері. Білім беру, әлеуметтік тап, жыныс,
этникалық айырмашылықтар.
4. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени каптиал және теңсіздік.
Жумабаев Бекарыс
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру
бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы
мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы,
типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске
асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді
басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк –
экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады,
сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал
бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары
философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға,
сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн
iлiм таным теориясы деп аталады. Таным
теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен
негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк
қатынастарды қалыптастырады.
Көптеген еуропалық елдерде өскелең ұрпаққа кәсіптік білім
беруге айтарлықтай көңіл бөлінеді. Мектеп
бағдарламасында оқушылары түрлі мамандықтармен
танысып, практикалық сабақтар өтізіледі. Осы арқылы
баланың болашақ мамандығын таңдауына көмектеседі.
Білім беру жүйесінде елеулі орынды жекелеген пәндерді
тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептер алады.
Әсіресе физика, математика және шет тілдерін тереңетіп
оқыту кеңінен таралған. Мысалы, Германияда ұстаздар
пратикалық сабақ барысында оқушының қабілетін ескере
отырып, болашақта мамандықты таңдауына жәрдемдеседі.
Білім — ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты
құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды
түрде əрекет етеді. Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да
белгілері бар. «Білім беруге байланысты адамдар əрекеттерін
реттеуші жəне ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің
əлеуметтік институтт болып табылатынына куəлік етеді». Ең
алдымен, білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп,
мемлекет пен қоғаммен мойындалған. Білім əлеуметтік
институт ретінде келесі құрылымнан тұрады:
- білім беруді басқару органдары;
- білім беру мекемелер тобы (мектептер, колледждер, гимназиялар,
лицейлер, кəсіптік мектептер, университеттер мен академиялар
т.б.);
- шығармашылық одақтар, кəсіптік ассоциациялар, қоғамдар,
ғылыми жəне методологиялық кеңестер мен басқа да бірлестіктер;
- оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар
мен əдістемелік оқулықтар;
білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік
стандарттары;
- журналдар мен жылдық басылымдарды енгізетін кезеңдік
басылымдар;
- білім беру мекемелері əлеуметтік жəне заңдық статусқа ие,
өзінің жарғысы жəне басқа да құжаттары болады. Олар
ғимараттарда орналасады, жер көлемі болады, материалдық
құндылықтары мен қаржыларға ие.
Қазіргі білім беру жүйелері ғылымға, ғылыми жетістіктерге
негізделген жəне өзіндік күрделі əлеуметтік құбылыс болып
табылады. Білім беру жүйелері ұлттық, аймақтық,
континенталдық, жаһандық жəне əлемдік болуы мүмкін. Қазіргі
білім беру жүйесі ұлттық-мемлекеттік, аймақтық болып бөлінеді.
Əзірге əлемдік білім беру жүйесі жоқ, бірақ оған көптеген əлем
елдері ұмтылуда. КСРО-дағы білім беру жүйесі аймақтық болып
табылады. Кеңестік білім беру жүйесі немістік білім беру
жүйесімен байланысты. Қазіргі əлемде англосаксондық, американдық
білім беру жүйесі кеңінен таралған. Білім берудің еуропалық жүйесі
де кеңінен таралып, дамыған өзгермелі жүйе болып табылады.
Жапония, Қытай, Корея (оңтүстік) сияқты Азия елдерінде өзіндік
ұлттық білім беру жүйесі бар. Олардың барлығы ұлттық білім
беру жүйесі ретінде сипатталады. Əр елде əлемдік білім
жетістіктеріне, ұлттық-мемлекеттік ерекшелігіне, халықтың
менталитетіне сай білім беру жүйесі бар. Білім берудің ұлттық
стандарттары ғылым жетістіктеріне, жоғарғы əдістемелерге,
ұлттық мəдени ерекшелікке, дəстүрлерге, əлеуметтік-экономикалық
даму деңгейлеріне негізделе оқытылады. Білім берудің ұлттық
стандарттары мемлекеттік органдар арқылы жасақталады жəне
біртұтас құжаттар кешені болып келеді.
Білім беру стандартының негізі жалпы бұқара халық пен
барлық білім беру мекемелерінің қатысуы арқылы
жүргізілетін мемлекетпен қабылданатын білім беру
реформалары табылады. Білім стандарттарының басты
құжаты “Білім туралы Заң”. Көптеген елдер қабылдаған
түрлі өзгеріске ұшырап отыратын, аймақтық білім беру
жүйесі де бар. Мысалы, Еуропалық білім беру жүйесі. Бірақ
Еуропалық білім беру жүйесі толық қалыптаспаған деп
айтуға болады. Еуропарламент жəне біріккен Еуропалық өзге
ұйымдары осындай аймақтық, ұлттық білім беру жүйесін
құруға кірісуде. Бұл туралы (1999 ж.) Лиссабон, (2004 ж.)
Болондық декларациялар дəлел бола алады. Мəні бойынша
ұлттық білім беру жүйелері бір-біріне жақын, əсіресе,
жоғары білім жəне бұл елдерге ортақ білім беру жүйесінде
қиындық тудырмайды. Америкалық білім жүйесі
Еуропалықтан ерекшеленеді. Бірақ бұл жүйе негізінде осы
жүйені қалыптастырушылар европалықтар болғандықтан,
европалық (ағылшындық) құндылықтар жатады.
Америкалық білім беру жүйесі, əсіресе, жоғары білім қазіргі
кезде афро-азиаттық, европалық жүйеге əсер етуде жəне
оның көптеген принциптері əлемнің бірқатар елдерінде
енгізілуде.
Қазіргі уақытта БҰҰ ең төмен дамыған ел- дерді үш индикатор (критерий) негізінде
сәй- кестендіреді: жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың көлемі; адами
капитал; сырт- қы есеңгіруге экономикалық әлсіздік. Олардың көрсеткіштеріне
жататындар:
-табыс критерийі (Income criterion): жан ба- сына шаққандағы жалпы ұлттық табысқа (ЖҰТ,
ағылш. GNI) негізделеді. Оның көлемі ретінде Бүкіләлемдік банктің Атлас әдісімен есептелген
2011-2013 жж. аралығындағы үш жыл бойынша орташа көрсеткіші алынады. Үш жылдық шо-
луда 2015 ж. қолданатын көрсеткіш: ЖҰТ 1035 АҚШ долл. аз болса ел ең төмен дамыған елдер
қатарына кіреді, ал 1242 долл. артық болса бұл тізімнен шығады;
-адами капиталдың индексі (Human Assets Index – HAI). Бұл индекс келесі көрсеткіштерге
негізделеді: а) тамақтану: тамаққа жарымаған азапқа шегуші халықтың пайызы; ә) денсаулық:
жасы 5-те немесе одан төмен балалардың өлім көрсеткіші; б) білім: орта мектептің оқушылары-
ның жалпы коэффициенті; в) ересек тұрғын ха- лықтың сауаттылығының деңгейі;
- экономикалық әлсіздік индексі (Economic Vulnerability Index – EVI). Ол келесі көрсеткіш- терге
негізделеді: а) халықтың саны; ә) қашық- тық; б) тауарлар экспортының шоғырлануы; в) ауыл
шаруашылығының, орман өсірушіліктің және балық аулаудың үлесі; г) төмен жағалық аймақта
орналасқан халықтың үлесі; д) тауарлар мен қызметтердің экспортының тұрақсыздығы; е)
стихиялық апаттардың құрбандары; ж) ауыл- шаруашылық өндірістің тұрақсыздығы
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды
және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік
бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай
балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-
аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды
түзету-педагогикалық және әлеуметтік
қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған
ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және
білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай
туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.
Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын
кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай
қалыптастыру негізі жатыр. Бала – біздің
болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз.
Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-
тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы,
салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар
балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау
қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді,
білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті
баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде
қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала
қоймайды. Олардың көбі психологиялық-
медициналық-педагогикалық көмектің қызметі
тегін екенін логопедтен, дефектологтан,
психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді.
Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар
деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды
психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті
білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Міндеті: әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық
қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым-
қатынасын қалыптастыру;
олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына
жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық
қалыптастыру;
мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз
ету;
балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау
ұйымдастыру;
баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне
үнемі бақылау жүргізіп отыру;
көңіл – күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі
түзетулер жасау.
Қысқаша түйіндеме:
Қазақстанның білім беру көрсеткіштері:
Білім берудің даму индексі (БДИ), адами даму индексі (АДИ), адами капитал
индексі (АКИ), АКТ даму индексі (АКТДИ), жаһандық бәсекеге қабілеттілік
индексі (ЖБИ) және IMD алты жетекші халықаралық рейтингтердегі
ілгерілеушілікті көрсетеді;
Бастауыш біліммен қамту, ересектердің сауаттылығы, 5 сыныпқа дей ін
оқыған білім алушылардың үлесі мен жыныстық теңдіктің жоғары
көрсеткіштерінің арқасында Қазақстан 10 жыл қатарынан ЮНЕСКО-ның
БДИ бой ынша әлемдегі үздік 8 елдің қатарына енеді;
Қазақстан ЖБИ-2016-да, 2006 жылмен салыстырғанда (ҚР-дың ЖБИ-ге
қатыса бастауы), «Ғалымдар мен инженерлердің қолжетімділігі» (+36, 2006
– 100-орын, 2016 - 64), «Мектептердің ғаламторға қолжетімділігі» (+18, 2006
- 47, 2016 - 29) және «Зерттеу білім беру қызметтерінің қолжетімділігі» (+16,
2006 - 67, 2016 - 51) үш негізгі сауалнамалық көрсеткіш бойынша
позицияларын едәуір жақсартқан.
2019 жылғы 1 қаңтарда әлемнің 193 мемлекеті, соның
ішінде Қазақстан, 2030 жылға дейін Орнықты даму
мақсаттарын жүзеге асыра бастады, «Даму адамдарға
тиесілі, адамдармен жүзеге асырылады және адамдарға
арналады» олардың басты тезисі болып табылады.
Осыған байланысты білім мен адами капитал
халықаралық рейтингтердің құндылығы мен маңызы
жалпы арта береді. Қазақстан білім беру жүйесінің
көрсеткіштерін талдау және мониторинг жасау жүйесін
барлық халықаралық рейтингтерде одан әрі дамыту
керек.
Білім берудің даму индексі / Білім, ғылым және мәдениет мәселелері
жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі
60 жылдан астам бұрын Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы
әрбір адамның нәсіліне, тіліне, дініне және жынысына қарамастан, білім алу
құқығын адамзат еркіндігінің негізі ретінде белгіледі. 1990 жылы
Джомтьенде (Таиланд) 150 мемлекет «Баршаға арналған білім/ Education for
all» (EFA) дүниежүзілік қозғалыстың тұжырымдамасын қабылдады.3 Бұл
білімнің нақ өзі елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық әлауқатына жағдай
жасайтынын мойындаудың дәлелі болды. Алайда, жаңа мыңжылдықтың
табалдырығында тұрғанда, 113 млн астам балаға бастауыш білімі әлі
қолжетімді болмады, 880 млн ересек сауатсыз болды. Бұл бүкіл адамзатқа
сын-қатер болып табылған. 2000 жылдың жаһандық бастамасы баршаға және
әркімге арналған білімнің тұжырымдамасына жаңа серпін әкелді.4 2015
жылға қарай адамның білім алу құқығын қамтамасыз етуде үлкен ілгерілеуге
қол жеткізілді. 15 жылдың ішінде мектепке бармайтын балалардың саны
шамамен 2 есе, әлем халқы сауатсыздығының деңгейі 1,2 есе азайды.
Алайда, білімнің басты аспектілері жаһандық әлемнің
күн тәртібінде әлі де тұр. Бұл қаржылық
инвестициялардың жеткіліксіздігімен және барлық
балалардың сапалы білімге шектеулі
қолжетімділігімен түсіндіріледі. ЮНЕСКО жыл сайын
әлемнің 180 астам мемлекеттің қабылдаған
міндеттемелері үшін жауапкершілігінің мониторингін
жүргізеді. Баршаға арналған білім (БАБ)
мониторингінің тұңғыш дүниежүзілік баяндамасы
2002 жылы жарияланды.5 2003 жылы БАБ
баяндамасында әлемнің 94 елі білім берудің алты
мақсаттарына қол жеткізудегі БДИ алғаш рет
ұсынылды
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау
саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы
болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей
адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция,
Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон Конвенциялары
және басқалар. Джомтьен мен Дакардағы «Баршаға арналған білім»
Дүниежүзілік форумының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру
мақсатында Қазақстан «Баршаға арналған білім» атты Ұлттық іс-
қимыл жоспарын қабылдады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz