Табиғи және ауыспалы жайылымдарды тиімді пайдалану: өнімділігін арттыру және шабындық мерзімдерін ұйымдастыру


Slide 1

Тақырыбы:1. Табиғи жайылымдар, ауыспалы жайылымдар. 2. Табиғи жайылымның өнімділігін арттыру жолдары. 3. Шабындық мерзімін ұйымдастыру

Орындаған: ВС - 21 топ студенті Мұратбай С. А

Тексерген: Батыргалиев Е. А

Slide 2

Табиғи жайылым - малдың ежелден келе жаткан өрісі. Қазақстан жерінің жартысына жуығы, дәлірек айтсақ 180 млн. гектары табиғи жайылым үлесіне тиеді. Мәселе сол табиғи жайылым жартысынан басымы шөлді және шөлейт аймақтарына кіріп, ауыз су тапшылығының зардабын шегуінде болып отыр. Дүниежүзілік экологиялық жағдайдың нашарлауының салдарынан бұл зиянды үрдіс жылдан жылға өріс алуда. Оның антропогендік зардабын жергілікті халық шегуде. Осының алдын алу үшін шаруашылық жеріндегі табиғи жайылымды күтіп, жыл маусымымен ғана емес, сол маусымдар ішінде де ғылыми негізделген жайылым айналымын енгізіп, отты жерлерді деградациядан, яғни тықырланып, жоғарға құңды қабатының мал тұяғымен тапталып, бұзылуынан сақтандырып, тиімді пайдалану қажет.

Slide 3

Ауыспалы жайылым, жайылымды алмастырып пайдалану - жер отының мол болуын қамтамасыз ететін ғылыми шараның бір түрі.

Қазақ халқы ертеден-ақ мал жайылымын жиі-жиі ауыстырып отырған. Қазір бұл ғылыми негізде іске асырылады. Жайылым бірнеше өріске бөлініп, алмастырылып пайдаланылады. Әр жайылымның түріне қарай оның айналымы белгіленіп, жайылымды күту шаралары көрсетіледі. Жайылымды бөліп пайдаланғанда, оның кей бөлігіне малды жыл сайын кешірек жаяды, сонда ғана келесі жылы өсімдік бітік өсіп, жердің оты тез көтеріледі.

Мал табынына жайылым белгілеу үшін жердің отын анықтау керек. Жайылымды ауыстырып пайдалану үшін әрбәр шаруашылыққа нормадан тыс артық жер бөлінеді:

далалық аймақта 10-15%,

шөлейтті аймақта 20-25%,

шөлді аймақта 30-35%.

Slide 4

Табиғи жайылымның өнімділігін арттыру жолдары.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның табиғи жайылымдары өнімділігі төмен және дақылдардың өнімді түрлері жойылған. Осыған орай жақсартуды талап етеді. Ол үшін жайылымдарды тиімді сонымен қатар жүйелі түрде пайдалануды ұймдастыру қажет. Осы жайылымдардың тағы бір ерекше түрі ол - қысқы жайылым, тебін - еліміздің табиғи жағдайында шаруашылықтың мал жайылымы жыл кезеңіне сәйкес маусымдық - көктемгі көктеу, жазғы жайлау, күзгі күздеу мен қысқы қыстау - жайлымдарына бөлінеді. Оларды мал жаюға жыл маусымына сәйкес пайдаланады.

Slide 5

Қысқы жайылымға құмшағылдар, қыраттардың күнгей беттеріндегі ашық жерлері мен мал тебіндеп, яғни тұяғымен қарын тарпып, аша алатын жерлерді пайдаланады. Малды тебіндетіп жайғанда қар қабатының мұз болып қатып, мал тұяғын (тілерсегін) қимауын бақылайды. Қысқы тебін - қораға жиып қойған шөппен тең. Сондықтан оны тиімді пайдалануды мейілінше қатты қадағалау қажет. Жақын өрісті үнемі сақтап, тебінді бет алды таптатпай, шетінен тәртіппен жегізіледі. Қыста күндізгі тебіннің бір бөлек, түнгі тебіннің бір бөлек, ықтасыны мол сайлы, бұталы жер болғаны жақсы.

Slide 6

Шабындық мерзімін ұйымдастыру

Шабындық - жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады және Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындықтың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады.

Slide 7

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Табиғи және ауыспалы жайылымдар: өнімділікті арттыру және шабындық мерзімін ұйымдастыру
Жамбыл облысы Меркі ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің сандық-сапалық талдауы және жайылымдарды тиімді пайдалану мәселелері
Табиғи ресурстар: түрлері, қорлары және тиімді пайдалану
Егістік жерлердің өнімділігін арттыру және орналастыру жұмыстық жобасы
Орман және орманды жерлердің өнімділігін арттыру әдістері
Өнімнің өзіндік құнын төмендету және еңбек өнімділігін арттыру арқылы пайданы ұлғайту
Жаздық бидай өнімділігін арттыру: топырақты өңдеу, алғы дақылдар, қалдықтарды қайта пайдалану және аграрлық салық саясаты
Түркістан облысының жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселелері
Аграрлық өндірістің жер ресурстары: құрылымы, экономикалық бағалануы және пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
Мақтарал ауданының суармалы ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану: топырақ, су және агротехникалық шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz