Құс пен шошқаның азықтандыруы: рацион, энергия-протеин қатынасы және витамин-минералдық қамтамасыз ету


Slide 1

1. Құстарды азықтандыру 2. Шошқаны азықтандыру

Орындаған:вс-21 Агишева Э. Р.

Тексерген: Батырғалиев Е. А

Slide 2

Құс шаруашылығы - бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз ететін шаруашылық саласы. Жоғары сапалы толық рациондармен азықтандырғанда тауық мекиендері жылына 240-280 жұмыртқа береді, әр 1000 жұмыртқаға - 1, 5-1, 7 ц азық өлшемі жұмсалады. Тор ішінде өсірілетін ет бағытындағы балапандар 49-57 күнде 1, 5-1, 7 тірілей салмақ тартып, әр 1 кг қосымша салмаққа 1, 9-2, 4 кг құрама жем жұмсалады. Өзінің тәуліктік салмағын өмірінің алғашқы 50күнінде тауық және үйрек балапандары 40-45 есе, қаз бен күрке тауық балапандары 30-35 есе өсіріп, адам тағамына қажетті бағалы да дәмді ет береді.

Құс шаруашылығы

Slide 3

Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны азықтандыру деңгейіне байланысты. Құстың тез өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың организімінде зат алмасуының жедел өтуіне негізделеді. Басқа малмен салыстырғанда олардың дене жылуы жоғары (40-42) тынысы ме тамыр соғысы жиі, тірілей салмақ өлшеміне оттегін жұмсауы көбірек. Мұның бәрі ас қорыту жедел жүргендн ғана орын алады. Өндірісте құрама жем құрамына кіретін дәнді алдымен ұнтақтап, мұқият аралстырады да бидай дәнінің көлеміндей етіп түйіршіктейді. Балапандарға ірі түйіршіктерді жарып береді.

Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы

Slide 4

Құс азығындағы протеин мен алмасу энергиясының арақатынасын құс түріне, жасына,

жынысына, физиологиялық жағдайына,

өнімділігне, өнім бағытына, өсірілу технологиясына байланысты энергия протеиндік қатынас (ЭПК) арқылы бақылайды. ЭПК -1 кг азықтағы «шикі» протеиннің әр 1 пайызына келетін алмасу энергисының мөлшерін көрсетеді. Оны қажетті деңгейде сақтау арқылы құс өнімділігі мен балапан өсімталдығын қымбат протеинді азықтарды шығындамай -ақ қамтамасыз етуге болады.

Slide 5

Құстарда зат алмасу жедел жүретіндіктен құс витаминдердің жетіспеушілігіне тез шалдыққыш келеді. Сондықтан құрама жемді витамин қосындыларымен байытады.

Құстың негізгі өнімінің бірі - жұмыртқамен денеден күнделікті көп минералды заттар, әсіресе кальций мен фосфор шығарылатындықтан, оларды міндетті түрде минералды қосындылармен қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатпен бор, әк, ұлу қабыршағын, сүйек ұнын, кальций фосфаттарды, фторсызданған фосфаттардф құрама жемге қосып береді.

Slide 6

ШОШҚАНЫ АЗЫҚТАНДЫРУ

Басқа шаруашылық малдрына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10-12 торай тауып, олар 7-8 айлығында 110-120кг-ға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4-6 а. ө. жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында молд да арзан ет өндіріледі және ол азық талғамайды.

Slide 7

Шошқа бір қарынды болғандықтан асқорыту негізінен ішекте өтеді. Көп қарынды күйісті малға қарағанда ас қорыту жолдарында микробиологиялық түзілу онша өріс алмағандықтан, оны азықтандырудың биологиялық сапасына баса көңіл аударады. Осы себептен де олардың рационындағы қиын қорытылатын клетчатка мөлшерінің белгілі бір деңгейде аспауын жіті қадағалайды.

Берілетін астықты алдын ала өңдеуден өткізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақтап, картопты буландырып, пісіреді

Slide 8

Шаруашылықтағы азық қорына байланысты шошқаларды жемді, жемді - картопты, жемді-тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рациондар құрамында қыста 75-80, жазда 80-90 пайыз жем болады. Рационның 20-30 пайызы тамыр түйнекті жемістілер, көк азық, құрама сүрлем, шөп ұны құрғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандықтан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.

Slide 9

Ұрықтанғаннан кейін мегежіндерді жан-жақты толықтырылға рационмен азықтандырады. Азықтандыру деңгейі әсіресе, буаздықтың аяққы үштен біріне сәйкес келетін соңғы айында жоғары боуға тиіс. Буаз кезінде сақа мегежіндер 30-40, жас мегежіндер 50-55 кг салмақ қосуы керек. Буаздықтың екінші жартысында олардың организіміндегі энергетикалық алмасу 25-45 пайызға жоғарылап, туылатын торайлар денесіндегіден 1, 5-2 есе көп белок пен минералды заттар қорын жинайды. Іштегі ұрықтың дұрыс өсіп - жетілуі үшін рациондағы протеиннің биологиялық сапалылығы жоғары болуы қажет.

Slide 10

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ) ) )


Ұқсас жұмыстар
Құс пен шошқаны азықтандыру: рацион, қоректік талаптар және аймақтық ерекшеліктер
Потенциалдық және кинетикалық энергия: анықтамалар, бірліктер және жұмыс-энергия қатынасы
Электрондық үкімет (e.gov.kz): мемлекеттік қызметтерді онлайн ұсыну, қолжетімділік пен тиімділікті қамтамасыз ету
Аппараттық қамтамасыз ету және мобильдік құрылғылардың сипаттамалары
Биологиялық дерекқорлар және ақпараттық іздеу: деректерді өңдеу және NCBI, Protein Data Bank пен PubMed жүйелері
Қазақстандағы азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету: мемлекеттік саясат пен критерийлер
Энергия ұғымы және оның түрлері: потенциалдық пен кинетикалық энергия, жұмыс пен қозғалыс арасындағы байланыс
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлі: әскери ерлік пен экономикалық қамтамасыз ету (1941-1945)
Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы
Сиырлардың остеодистрофиясы: диеталық қамтамасыз ету және клиникалық емдеу тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz