Табиғи және ауыспалы жайылымдар: өнімділікті арттыру және шабындық мерзімін ұйымдастыру


Slide 1

1. Табиғи жайылымдар, ауыспалы жайылымдар.

2. Табиғи жайылымның өнімділігін арттыру жолдары.

3. Шабындық мерзімін ұйымдастыру

Орындаған:вс-21 Агишева Э. Р

Тексерген:Батырғалиев Е. А

Slide 2

Жайылым - оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып, бағылатын жер алқабы. Табиғи жайылым және екпе жайылым деп екіге ажыратылады

Slide 3

Табиғи жайылым орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын жайылым болып бөлінеді.

Slide 4

Екпе жайылым бір жылдық, қысқа мерзімді (5 - 6 жыл) және ұзақ (7 - 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи жайылым, негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе жайылмға бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді.

Шөлейт дала Ж-дарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т. б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0, 5 - 7, 0 ц шөп түседі.

Шөлдегі Ж-дардың 1/3-і құмды жерде орналасқан. Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 - 7 ц шөп түседі. Тау Ж-дарының оты да алуан түрлі. Жазық жерде орналасқан Ж-дармен қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жаздық Ждар да көп. Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 ц шөп түседі. Ж-дар жеке телімдерге бөлініп, мезгіл-мезгіл ауыстырылып отырады.

Slide 5

Тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арам шөптен тазарту, т. б. шаралар - Ж. ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. Ж-ды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер Ж-ын 6 - 12, орманды алқап 6 - 8, аңғарлы адыр 10 - 12, далалы Ж-ды 15 - 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 - 3 Бөлінген Ж-ды түгел пайдаланғаннан кейін, малды шөбі өскен бірінші бөлікке қайтадан жаяды.

Slide 6

Ауыспалы жайылым, жайылымды алмастырып пайдалану - жер отының мол болуын қамтамасыз ететін ғылыми шараның бір түрі. Жайылым бірнеше өріске бөлініп, алмастырылып пайдаланылады. Әр жайылымның түріне қарай оның айналымы белгіленіп, жайылымды күту шаралары көрсетіледі. Жайылымды бөліп пайдаланғанда, оның кей бөлігіне малды жыл сайын кешірек жаяды, сонда ғана келесі жылы өсімдік бітік өсіп, жердің оты тез көтеріледі.

Slide 7

Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде.

Slide 8

Шабындық мерзімін ұйымдастыру

Шабындық - жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады және Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындықтың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады.

Slide 9

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Табиғи және ауыспалы жайылымдарды тиімді пайдалану: өнімділігін арттыру және шабындық мерзімдерін ұйымдастыру
Күріш ауыспалы егісінде өсімдік шаруашылығын әртараптандыру: рөлі мен тиімділігі
Ауыспалы егістің түрлері және топырақты қорғау мен құнарлылықты сақтауындағы маңызы
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Бақша шаруашылығында ауыспалы егістерді құрастыру: жүйелері мен агротехникалық негіздері
Ойын ұйымдастыру арқылы мектепке дейінгі балалардың дене қозғалысын, тілін және ойын белсенділігін арттыру
Ауыспалы егіс: ротация, кестелеу және алғы егістердің агроэкологиялық маңызы
Ауыспалы егіс: тарихы, жіктелуі, тиімділік себептері және Қазақстандағы қолданылуы
Мақталы ауыспалы егістерді тыңайту жүйесі және агротехникалық шаралар
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардағы іздестіру-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz