Өсімдіктердің өсуі мен дамуы




Презентация қосу
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
Университеті

Өсімдіктердің өсуі мен
дамуы

Орындаған: Абаева Аяулым
Тобы: Биология-21
Қабылдаған: Нурсафина А. Ж.

Нұр-Сұлтан 2020
ЖОСПАР:
Өсімдіктердің өсуі мен дамуы.

Өсімдіктердің өсуінің спецификалық ерекшеліктері

Фитогармондар

Өсімдіктің өсуі мен дамуына сыртқы факторлардың

әсері
Фитохромдық жүйе

Фотопериодизм

Тропизмдер

Өсу настиялары

Өсімдіктің өсуінің спецификалық ерекшеліктері
Өсімдіктердің жалпы тіршілік дәуірі өсу және даму
деген ұғымдармен сипатталады.
Өсу процесі – өсімдік мүшелерінің ұзарып, жуандап, көлемінің,
салмағының ұлғаюымен және жеке мүшелерінің (жапырақ, бұтақ,
өркен, тамыр т.б.) жаңадан қалыптасып, сандарының көбеюімен
бейнеленеді.

Өсімдіктің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге
бөлінеді.
1-ші кезеңде жапырақтары, сабақтары, тамырлары қарқынды
қалыптасып, көбейіп, бұтақтанады, түптенеді, гүл мүшелері
қалыптасады;
2-ші кезеңде өсімдік гүлденіп, жемістенеді.

Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өсуі клеткалардың өсуіне
байланысты.
Өсімдіктің дамуы деген ұғым сапалы физиологиялық және
морфологиялық, биохимиялық өзгерістерді бейнелейді.
Өсімдіктің дамуы өсімдік процестерінің сандық емес, сапалық өзгерістерін
айтады.Мысалы, көбею мүшелерінің түзілуі т.б.
Бір организмнің өсу және даму құбылыстарының үйлесімділігі түрлеше болу
мүмкін.
Өсімдіктің өсуі қарқынды жүріп, дамуы баяу, немесе керісінше, дамуы қарқынды
болып, өсуі бәсеңдеуі мүмкін.
Өсімдіктің өсуі үш кезеңге бөлінеді:
а) ұрықтық (эмбриондық);
б) созылып өсу;
в) жіктелу (дифференциациялдану);
Эмбриондық кезеңде цитоплазма және ядро ұлғаяды. Көлемі белгілі шамаға
жеткен алғашқы клетканың бөлінуінен екі жас клетка пайда болады.
Клетканың созылып өсу кезеңінде клетка көлемі ұлғайып, вакуольдер толық
қалыптасады.
Жіктелу кезеңде-клетка белгілі даму бағытына түсіп,меристемалық клеткалардан –
палисадтық, паренхима, өткізгіш шоқтар, талшық клеткалар қалыптасады.
ФИТОГАРМОНДАР
Фитогормондар, өсімдіктер
гормондары — өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші
функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар.
Олар 10−11 М – ге дейін жететін төмен концентрацияда болса да,
өсімдікке үлкен физиологиялық және морфологиялық әсер істей
алады.
Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды шығаратын
арнайы органдар болмайды. Соған қоса өсімдіктердің кейбәр
бөліктерінде гормондардың мөлшері айрықша көп болады; мысалы,
ауксиндармен сабақтың жоғары меристемалары бай,
гиббереллиндармен – жапырақтары, цитокининдармен – тамыры
мен дәні.
Жалпы классификацияда гормондарды 5 басты топтарға бөледі.
Әртүрлі өсімдіктердің гормондары әртүрлі болып келеді, сондықтан
оларды өсімдікке тигізетін физиологиялық әсері мен химиялық
құрамы бойынша топталған. Соған қоса кейбір физиологиялық
белсенді гормондар ешбір топқа жатпайды. Әр топ өзіне
гормондармен бірге ингибиторларды жатқызады. Көпшілік
жағдайда фитогормондардың басым бөлігі ингибиторлармен
жұптасып жұмыс жасайды.
Фитогормондардың басты топтары:
Абсциздік қышқыл (ағылш. АВА) абсцизин, дормин – фитогормондарға жатады. Абсциздік
қышқыл ағаш бүршіктерінің қысқы ұйқыға кетуіне жауап береді.
Абсциздік қышқылдың жапырақтардың түсүіне тікелей байланысы бар екені анықталды. Қысқа
дайындық кезінде абсциздік қышқыл өсімдіктердің бүршіктерінің ұшында синтезделіп, өсуді
баяулатады. Абсциздік қышқыл сонымен қоса камбий ұлпасының бөлінуін шектетіп, бастапқы және
екінші өсуді тоқтатады. Сонымен қатар, абсциздік қышқыл тамырларда пайда болып, суды
қолдануды бәсеңдетіп, жапырақтарға барады. Жапырақтарда саңылаулардың жабылуына әсер
етіп, судың жапырақтар арқылы булануынан қадағалайды.
Ауксиндер (грекше αὔξω – көбейемін, өсемін) – өсімдіктің сабағы мен дәнінің өсуін, күн сәулесі мол
жерге бағыттала өсуін, гравитропизм бойынша тамырлардың төменге бағыттала өсуін
қадағалайды.
Цитокининдар (грекше κύτταρο – ұяшық + κίνηση - қозғалыс ), өсімдіктердің жасушаларының
бөлінуі мен басқа физиологиялық процестерге жауап береді.
Цитокининдар көбінесе тамырларда, сабақта және жапырақтарда синтезделеді. Камбий және
басқа да қарқынды бөлініп жатқан өсімдік ұлпалары цитокининнің синтезделетін жері болып
табылады. Солай да цитокининдер трансдукцияға қатысып, пуриндар мен нуклеозидтардың
транспортына қатысады.
Цитокининдар жасушалардың көбеюін, сабақ пен тамырдың морфогенезін, хлоропласттардың
пайда болуын реттейді, жасушалардың ретті өсуін, жанама сабақтар мен тамырлардың дамуына
жауап береді.
Этилен – өсімдіктердің өсу гормонын атқарады. Этилен тек өте кішкентай концентрацияда жұмыс
жасап, жемістердің өсуін, өсімдіктің гүлденуін, жапырақтардың түсуін, тамырлардың өсуіне жауап
береді.
Гиббереллиндер – дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің
ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді.
Гиббереллиндер тез өсетін ұлпаларында, әлі де піспеген тұқымы мен жемістерінде, жас сабақтар
мен жапырақтарда көптеп кездеседі.
Өсімдіктің өсуі мен дамуына
сыртқы факторлардың әсері
Климаттық факторлар:
1. Бастапқы периодты факторлар
(жарық, температура).
2. Туындаушы периодты
факторлар (ылғалдылық).
3. Периодсыз факторлар
(кенеттен соққан дауыл:
атмосфераның едәуір иондануы,
өрттер, су тасқыны).
Климаттық емес физикалық
факторлар:
1. Сулы орта факторлары (оттегі
мөлшері, тұздылығы, РН, қысымы,
тығыздығы, ағыны).
2. Эдафикалық факторлар (РН,
ылғалдылық, механикалық
құрамы, тұздылығы).
ФИТОХРОМДЫҚ ЖҮЙЕ
Фитохромдық жүйе өсімдіктің фотоморфогенез деп
аталатын өсу және морфогенез процестерін өзгерту
арқылы жарықтың сапасына, қарқындылығына және
ұзақтығына жауап беруге мүмкіндік береді.
Фотоморфогенез өсімдіктердің өсуін, гүлденуін,
түйнектенуін, бүршіктердің ұйқысыздыққа ауысуын және
өсімдіктер өміріндегі көптеген басқа процестерді күн
сәулесінің спектріндегі күнделікті және маусымдық
өзгерістермен үйлестіре отырып, үлкен бейімделушілік рөл
атқарады. Фитохром жапырақтардың төбесінде пайда
болатын қызыл (K) және алыс қызыл (DK) жарықтың
өзгеруін түсіреді және фотофильді өсімдікке көлеңкеден
кетуге мүмкіндік береді. Фитохром өсімдіктердің
құрылымын оңтайландыру үшін өте маңызды, фотосинтезде
жарықтың барынша көп қолданылуын қамтамасыз етеді.
ФОТОПЕРИОДИЗМ
Жарықкезеңдік (фотопериодизм).
Ағзалардың көпшілігіне жарықтың тәуліктік
ырғағы, яғни жарық (күн ұзақтығы ) мен
қараңғы (түннің ұзақтығы )
арақатынасындағы тәулік кезеңдері тән
қасиет. Өсу және даму үдерістерінен
керінетін ағза жауабы жарықкезеңдік (грекше
«рһоіоs» - жарық, «регіосіоs» - айналым) деп
аталады.
Өсімдіктер жарық ұзақтығының тәуелділігі
бойынша ұзақ күндік өсімдік және қысқа
күндік өсімдік деп бөлінеді. Ұзақ күндік
есімдік тәуліктің жарық кезі 20 және одан
ұзақ сағатқа жететін үйектік (полярлық)
шеңбері ауданында өседі. Мысалы, сары сояу
(дурнишник) өсімдігі тәуліктің жарық кезі 21
сағатқа жеткенде ғана гүлдейді. Егер жарык
кезінің ұзақтығы 21 сағаттан кем болса, онда
бұл өсімдіктің үсікке тап болуы мүмкін.
Солтүстік үйек шеңберінен аздап оңтүстікке
қарай және оңтүстік үйек шеңберінен аздап
солтүстікке қарай өсетін өсімдіктер қысқа күн
өсімдіктері (мысалы, соя, бамбук, мақта, тары
, жүгері, темекі) жатады. Бұл өсімдіктер ұзақ
күн жағдайында гүлдей алмайды.
ТРОПИЗМДЕР
Геотропизм. Өсімдік тіршілігінің
жердің тарту күшіне байланысты
бағытталып өсуін геотропизм деп атайды.
Олардың негізгі тамыры тік төмен қарай (оң
геотроизм ) өседі де, негізгі сабақ тамыры
тік төмен қарай (теріс геотропизм) өседі.
Бұршақ тамырының геотропикалық иілуі С.И.Лебедев, 1988
1-алғашқы; 2-7сағаттан соң; 3-24 сағаттан соң.

Тигмотропизм. Өсімдік мүшесінің басқа
бір денемен жанасуына байланысты өзгеруі
тигмотропизм деп аталады.

Хемотропизм. Өсімдік мүшелерінің
химиялық қосындылардың әсерінен өсу
бағыттарын өзгертуі хемотропизм деп
аталады. Ол тамырда, тозаң –
түтіктерінде, шықшылдақтың без
түтікшелерінде, т.б. байқалады.
Термотропизм. Жылылықтың бір
жақты әсерінен өсімдіктерде
термотропизм құбылысы байқалады.
Асбұршақ тамырының өсу аймағының
температурасы 26- градустан 41-градусқа
дейін көтерілгенде тамырдың өсуі 5 есе
артатындығы (кері термотропизм)
байқалды.

Травмотропизм. Өз кезінде Ч.Дарвин
тамырдың бір жағында уытты затпен әсер
еткенде (AgNO3) оның қисайып
өсетіндігін байқаған болатын.
Әдетте тамырлар зақымдалған жағынан
қарама- қарсы бағытқа иіліп өседі. Осы
құбылысты зерттеу нәтижелерінде
көптеген әсерлердің травмотропизм
құбылысын туғызатындығы байқалды.
НАСТИЯЛЫҚ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТАР
Өсімдіктерде жан-жақты (диффузиялы) әсерлейтін жағыдайларға байланысты
настиялық деп аталатын қимыл- қозғалыстар да көптен кездеседі. Ондай
жағыдайларға, өсімдікті қоршаған ортада біркелкі таралатын температура,
ылғалдық, жарық деңгейі жатады.
Фотонастия
Термонастия
Пигмонастия

Фотонастия. Қимылдың бұл
түрі жапырақтарға және гүлдерге тән.
Күндізгі гүлдердің көпшілігі жарық
қарқынының төмендеуінен жабылады,
түнгі гүлдер керісінше, бұндай
жағыдайда ашылады.
Термонастия. Қызғалдақ, жылан қияқ
күлте жапырақшаларының температурасы
көтерілгенде ішкі жағының өсуі
жылдамдап, гүлдері ашылады. Температура
төмендегенде сырт жағының өсуі
жылдамдап, гүлдері жабылады. Осы қимыл
жылдамдығы температураның өзгеруімен
анықталады.

Пигмонастия. Өсімдіктегі қимылдың
бұл түрін ең бірінші Ч.Дарвин өрмелеп
өсетін өсімдіктердің мұртшаларын зерттеу
арқылы байқаған болатын. Осындай .
Мұртшалардың екі сезімтал ұштары тегіс,
беті жылтыр нәрселерге жанасқанда өсу
бағыты өзгермейді де, тек беті тегіс емес,
түкті, кедір-бұдырлы, яғни, үйкеліс
туғызатын заттармен жанасқанда ғана
ширатылып орала бастайды.
ӨСІМДІКТІҢ ӨСУІНІҢ
СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өсімдіктердің өсуі біркелкі емес. Алдымен баяу
өсу байқалады, содан кейін ол тездейді және ең
жоғары жылдамдыққа жетеді, содан кейін ол
қайтадан баяулайды.
Өсімдіктің өсуі фитогормондармен басқарылады.
Фитогормондар - өте аз мөлшерде өндірілетін,
бірақ айтарлықтай физиологиялық әсер беруге
қабілетті химиялық факторлар.
Өсудің және дамудың негізі - зат алмасу. Әр
ағзаның өмір сүру процесінде үнемі сапалық
және сандық өзгерістер орын алады, олар тек
салыстырмалы тынығу кезеңдерімен үзіледі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !!!

Ұқсас жұмыстар
Каллус клеткаларын алу және өсіру
Тамырдың өсіп қалыптасуы
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
Өсімдіктің өмір
Майда еритін витаминдер. А, D,E,K витаминдері туралы
Фитогормондар
АЗОТТЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ
Тропизмдер - өркеннің, тамырдың немесе жапырақтың бір жағында жасушаның тез өсуі
Теңқанаттылар отряды Homoptera
Бүлдіргеннің сабақ нематодасы – Ditylenchus dipsaci Kuhn
Пәндер