Жұғу жолдары




Презентация қосу
ЖИТС-тің
вакцинопрофилактикасы
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. ЖИТС-ТІҢ ЖҰҒУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЖҰҒУ
ЖОЛДАРЫ
2. ВИЧ-ИНФЕКЦИЯЛЫ НАУҚАСТАРДАҒЫ
ВАКЦИНОПРОФИЛАКТИКА
3. ЖИТС ЖҰҒУДЫН ПРОФИЛАКТИКАСЫ
III.Қорытынды
ЖИТС
Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң
синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса қатерлі
вирустық дерт. Қоздырушы - адамның иммундық
дефицит вирусы HIV (ИДВ). Вирус
иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын
бұзып, жойып, нәтижесінде Жүре пайда болған
иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС) пайда
болып, адам организмінің қорғаныс
механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция
мен қатерлі ісіктерлерден кәдімгі иммунды
статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын
оппортунисттік аурулар пайда болады.
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан
кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп
науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция,
Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде
тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб
елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз
жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік,
гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-
тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер
зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС
тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы
жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-
ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп,
олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын
болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны
теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін
күшейтіп отыр.
Инфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус
тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар
инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай
ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус
тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде
қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде
болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде
өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша,
ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары
мынадай:
жыныстық қатынас;
вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар
жасаған кезде т. б. жағдайларда);
—анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Ж ы н ы с т ы қ ж о л негізгі жұғу жолы болып табылады.
ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни
гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық
(еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең
қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені
партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты
қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен
науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан.
Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде
бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де
жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру
мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел
алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста
болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе
бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық
қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу
ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.
ВИЧ-ИНФЕКЦИялы науқастардағы
ВАКЦИНОПРОФИЛАКТИКА
• Вакцинопрофилактика кейбір инфекциялы ауруларда,
екіншілікті ВИЧ-инфекциялы асқынуларда маңызды
компонент болып есептеледі және де науқастың
өмірін ұзартып, жақсартады.

• По мере прогрессирования ВИЧ-инфекции у больных
развивается иммунодефицитное состояние,
способствующее возникновению угрожающих жизни
инфекционных заболеваний у пациента. Поэтому в
комплексе профилактических мероприятий, наряду с
первичной химиопрофилактикой некоторых наиболее
вероятных инфекционных осложнений, чрезвычайно
актуальным является проведение
вакцинопрофилактики
ЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде
көтеріліп отырғанына қарамастан, 6ұл проблемаға зор көңіл бөлу қажет.
АИВ инфекциясымен күресуде ДДҰ «Әдепсіздік нәтижесіңде өзіңді өлімге
апарма!» деген ұранға сүйенеді.
Егерде сілекейден, көз жасы сұйығынан вирус табылса, оның жұғу мүмкіндігі
қандай деген сауалға келсек, мұндай жолмен жұғу бүгінгі күнге дейін еш
жерде кездескен емес.
Вирус қанмен жұғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бұл сұраққа
да теріс жауап беруге болады. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай жолмен
ЖИТС жұғу оқиғасы болған емес.
АИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы)
жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде,
сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы,
ваннаны, душты, бассейнді пайдаланғанда, сондай-ақ тағамдар мен
ыдыстар арқылы ЖИТС вирусы жұқпайды. Сырт киімдерді алмастырып
кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу
қаупі жоқ.
Қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан,
қандала т. б.) арқылы жұғу жолдары да анықталмаған.
Мысық, кой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке ұқсас иммундық
тапшылық болатынына қарамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС
жұғу жайлары кездеспеген.
ЖИТС жұғудан қалай сақтанады?
Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу.
Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер
жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше
қолдан келмей отыр.
ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:
әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;
жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
Профилактиканың басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды
анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта
көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың
(тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде
лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы,
органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды,
нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру;
ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім
телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға
консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру;
диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б.
Этиологиясы
қоздырғышы — 1984-85 жылдары анықталган. Ол
ретровирустар тобына жататын, құрамында РНК-сы
және кері транскриптазасы бар вирус.
Қазіргі кезенде АИВ вирусының 2 типі белгілі, олардың
кейбір антигендерінде ерекшеліктері бар: АИВ-1 және
АИВ-2, соңғысы Батыс Африкада жиі тіркеледі.
Вирустың геномы екі түрде кездеседі: РНК жәәне ДНК.
Вирус сыртқы ортада түрақсыз. Ол 56°С қыздырғанда
30', ал қайнатқанда 1-5' өледі. Дезинфицирлеуші
заттардың әсерінен тез өледі (3% сутегінің аса
тотығы, 5% лизол, 0,6% Nа гидрохлориді)
Ультрофиолет сәулесіне тұрақты
Патогенезі
Табиғи жолменен жұққанда кіру есігі АИВ-ге саналады—
тік ішек пен гениталий шырышты қабаттары, тік
ішектің бір кабатты эпителийінен вирустың енуі өте
жеңіл, қынаптық көп қабатгы эпителиіне қарағанда.
Лимфатикалық жүйе арқылы АИВ
қанға өтеді де көптеген мүшелер мен тіндерге
таралады. Егер жұғу парентеральды болса, онда АИВ
бірден қанға түседі.
АИВ тінге өткеннен соң ревертаза (немесе кері
транскриптаза ферментінің көмегімен өзінің РНК
үлгісіне салып ДНК түзеді, ДНК сау тін ДНК-н
ауыстыруы керек, сау тін ДНК-сының орнына енгеннен
соң сол тінде провирус жағдайында өмір бойына қалады.
АИВ тіндерге тандамалы адсорбцияланады (жабысады),
Кейде ауру жедел энтероколит белгілерімен, серозды
менингит белгілерімен, энцефалопатиялармен,
интерстициальды пневмони-ялармен өтеді (2-3%)
тромбоцитопенияның пурпура белгілері анықталады.
Алғашқы көрністер кезеңі 2Б — (белгілерсіз) аурудың
клиникалық белгілері анықталмайды. Белгілерсіз түрі
өте жиі кездеседі. АИВ жұқтырьлған адамдарда осы
кезенде тек қана қанда АИВ-қа қарсы антиденелер
табылуы арқылы анықталады. Белгілерсіз түрлерінің
ұзақтығы бірнеше жылдар (2-5-10 және оданда көп
жылдар).
Алғашқы көрністер кезеңі 2В — жайылған
прогрессирлеуші лимфоаденопатия жедел АИВ —
инфекциядан кейін дамиды немесе белгілерсіз
тасымалдаушы фонда дамиды. Жайылған
прогрессирлеуші лимфоаденопатия (ПГЛ) белгілерсіз,
кейде аздап дене қызуы көтерілуі мүмкін, қалтырап-
дірілдеу, түнде қатты терлегіштікпен сипатталады.
Бауыр, көк бауыр ұлғаяды.
ПГЛ-да ауру белгілерінің болуы қолайсыз болжам бедгілері, ол
аурудың өте тез өршіп жатқанын көрсетеді.
Бкіншілік аурулар кезеңі. Әртүрлі аурулардың, айтқанда
оппортунистік аурулардың қосылуы ЖПИЖС басталғанын
көрсетеді.Бастапқы кезеңі әлсіздікпен, жұмыс қаблетінің
томендеуімен, терлегіштікпен,тәбеттің томендеуімен,
диареямен, әртүрлі интеркурентті аурулардың қосылуымен
сипатталады.
Екіншілік аурулар кезеңінде А,Б,В формаларын анықтайды.
Балаларда жіктелінуіне байланысты клиникасьна қарай 3
кезеңін ажыратады.
Біріншілік көрністер кезеңінде (А кезеңі) — тұрақгы дене
қызуының жоғарылауы, лимфоаденопатия,
гепатоспленомегалия, диарея, паротит болуы мүмкін.
В — кезеңі — аралық.
С — терминальды кезеңі.
Анасы ауру болса жүктілік кезде зидовудинмен
(ретровир) емделуі керек. Анасы емделмесе, онда нәресте
өмірінің бірінші 8-24 сағатында осы препаратты
қабылдауы керек — 6 апта бойы.
Пневмоцистік пневмония АИВ инфекцияда ең қауіпті
ауру, сол үшін нәрестелерге өмірінің 4-6 аптасынан
бастап алдын алу шараларын қолданады.
Арнайы емі жоқ, сондықган барлық жүргізілетін ем
аурудың ары қарай дамуын тежеуге және адам өмірінің
сапасын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас жұмыстар
Житс ауруының белгілері
ЖИТС туралы
Аса қауіпті ауру қоздырғыштардың таралуы кезіндегі халықтың іс-әрекеті
Аурудың аты Жұғу жолдары
Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы
ЖИТС туралы. Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы
Инфекция көзі
СПИД ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘЛІМЕТ­ТЕРІ БОЙ­
ЖИТС жайлы
Жыныстық жолмен берілетін аурулар эпидемиологиясы
Пәндер