БОТУЛИЗМ ЖӘНЕ ТАҒАМДЫҚ ТОКСИКОИНФЕКЦИЯ
Презентация қосу
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫ
БОТУЛИЗМ ЖӘНЕ ТАҒАМДЫҚ
ТОКСИКОИНФЕКЦИЯ
ОРЫНДАҒАН: САФАРОВА АЛИЯ ЕРБОЛОВНА
ТЕКСЕРГЕН: КОПБЕРГЕНОВА КЛАРА АГЫЛМАНОВНА
ЖОСПАРЫ
• Кіріспе
• Жалпы сипаттама
• Ботулизм
• Тағамдық токсикоинфекция
• Негізгі бөлім
• Клиникасы
• Патогенезі
• Дифференциалды диагностика
• Емі
• Қорытынды
• Алдын алу шаралары
• Қолданылған әдебиеттер
•
• Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің
әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның
зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-
инфекциялық ауру. Ботулизм – барлық жұқпалы
аурулар арасында сирегірек кездесетініне қарамастан
ол өзекті мәселелі ауру. Барлык елдердегідей,
Қазақстанда да ботулизммен аурудың басым көпшілігі
(89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін
(маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері,
үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануымен
байланысгы. Ботулизмнің клиникалық және
эпидемиологиялық мәні аурудың ауырлығымен,
жоғары өлім-жетімділігімен (15-25%) және тағам
өнімдерін үй жағдайында консервілеу масштабының
есуімен анықталады.
• Ботулизм көп жағдайда өз уақытында анықталмайды.
Ботулизммен ауыратын науқастарға диагноз коюда
жіберілген қателіктер мен емді кеш бастау аурудың
қолайсыз нәтижесінің себебі болуы мүмкін.
ЭТИОЛОГИЯСЫ.
• Қоздырғышы – Clostridium botulinum –
Clostridium тегіне, Bacillacea
тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш
анаэробты, спора түзетін таяқша.
Антигендік құрылымы бойынша токсиннің 7
түрін ажыратады А, В, С, Д, Е, Ғ, С. Соның
ішінде адамға зиянды төртеуі ғана - А, В, Е,
Ғ.
• Өсуі мен токсин түзуінің оптимальді
температурасы 28-35°С. Споралар өте
төзімді: 100°С температурада 5сағаттан
кейін, ал 120°С температурада 30 минут
ішінде өледі. Клостридияның вегетативті
түрі ботулотоксин бөледі. Қоздырғыштың
вегетативті түрлері кайнатқаннан кейін
2-5 минутта жойылады.
• Ботулотоксин – нейротоксиннен,
гемагглютининнен және токсикалық емес
белоктан тұратын комплекс. Ол табиғаттағы
өте күшті улардың біріне жатады.
Эпидемиология естественного заражения
Продукция токсина впище
приготовленной или
законсервированной при
температуре окружающей
среды
Колонизация и
продукция
токсина в
открытой ране
Ботулизм: C. botulinum
строе, симметричное,
Острое в паочве, флоре
исходящие пассивные фауне
бульбарные параличи
Колонизация кишечника и
продукция токсина у
воспиимчивых детей и взрослых
ПАТОГЕНЕЗІ.
Тағамдық ботулизмнің даму механизмі:
•Ботулотоксин асқазан-ішек жолына түседі. Протеолитикалық
ферменттердің әсерінен ботулотоксиннің күші жоғарылайды.
•Токсин қанға өтіп, қанқа бұлшықеттерінің парезін, қан тамырларының
парезін шақырады, капиллярлардың сыңғыштығын жоғарылатады;
•Ботулотоксиннің әсеріне жұлынның алдыңғы мүйіздерінің үлкен
мотонейрондары өте сезімтал: бульбарлы және паралитикалық синдромдар
дамиды (әртүрлі бұлшықеттердің, соның ішінде қолайсыз кездейсоқ
жағдайда - тыныс мускулатурасының парездері және параличтері).
•Шеткі моторлы жүйке-бұлшықеттер приборларына әсер етеді
(ацетилхолиннің өндіруін тежейді);
•Токсинмен парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің
төмендеуі, гиперкатехолемияның дамуы (тамырлардың зақымдануы
және олардың тарылуы; бозару, бас айналу, көздердің алдында "тор"
және "шіркей", АҚ жоғарылауы, шырышты қабықтарының құрғауы, іштің
қатуы) .
•Гипоксияның барлық түрлері (гистотоксикалық, циркуляторлы,
гипоксиялық және гемиялық) дамиды. Тыныс алу бұлшықеттерінің
парезінен тыныс алудың жедел жетіспеушілігі дамиды.
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ.
• Клиникалық көріністері. Ботулизмнің жасырын
кезеңі 2-12 сағаттан 7 күнге дейін созылады, жиі 18-
24 сағат. Ботулизм жедел басталады. Алғашқы
кезеңде ауру 3 клиникалық вариантта дамиды:
паралитикалық, гастроинтестинальды және жалпы
интоксикациялық.
• Интоксикация симптомдары: бас ауыруы, бас
айналу, бұлшықеттердің әлсіздігі, тез
шаршағыштық, ұйқысыздық.
• Гастроинтстинальды синдромның көріністері:
жүрек айнуы, қайталама құсу, іш өту, ауамен кекіру,
іштің кебуі, эпигастральды аймақтың ауру сезімі.
Дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді
болады.
• Тыныс алу бұзылыстары байқалған кезде ботулизм ауыр
жағдайда өтеді. Ауа жетіспеушілік, кеуденің қысылуы және
ауру сезімі пайда болады. Тыныс беткейлік болады. Дауыс
мұрындық қалып алады. Сирек бет бұлшықеттерінің парезі
байқалады.
• Жиі миастения кездеседі. Ауыр жағдайларда тыныс
бұлшықеттерінің парезі дамиды. Ботулизм кезінде тыныс
алудың бұзылуы мен тоқтап қалуы өлімнің себебі болып
табылады. Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде тахипное
және басқа да патологиялық тыныстар пайда болады.
Гипостатикалық пневмония қосылады.
• Ботулизм кезінде жүрек қан тамыр - жүйесі жағынан да
функциональды бұзылыстар кездеседі. Жүректің шекарасы
кеңейеді, тондардың тұйықталуы байқалады, өкпе
артериясында II тон акценті пайда болады. Екінші аптада
науқастарда миокардит пайда болуы мүмкін.
• Реконвалесценция кезеңі баяу жүреді: 1-1,5 ай.
Неврологиялық симптомдар кері шегінеді. Бірінші, тыныс
алу және жұтыну қалыпқа келеді. Сосын
офтальмоплегиялық синдромның регрессі басталады.
Астения ұзаққа созылады.
АСҚЫНУЛАРЫ.
Жиі науқаста аспирациялық пневмония, миокардит, инвазивті емдік
шаралардың әсерінен (интубация, катетеризация, өкпенің жасанды
вентиляциясы) екіншілік инфекцияның қосылуы пайда болады.
• Ботулизмнің салыстырмалы диагностикасы басқа уланулармен
(атропин және оның препараттары, белена, метил спирті, улы
саңырауқұлақтар) және аурулармен (тағамдық токсикоинфекциялар,
энцефалит, полиомиелит, кеңірдек дифтериясы, жедел ми қан
айналымының бұзылыстарымен, ОЖЖ-ң әртүрлі ауруларымен)
жүргізіледі.
БОЛЖАМЫ.
Ботулизм кезінде сауығу
ұзаққа созылады, 1-1,5 ай
шамасында болады. Алдымен
тыныс алу жәна жұтыну қабілеті
қалпына келеді. Бас ауыру,
көздің симптомдары, жүрек
қантамыр жетіспеушілігі ұзаққа
дейін сақталады. Әлсіздік
(астения) бірнеше айлар бойы
сақталып қалады. Ботулизммен
ауырғаннан кейін сауығу толық
болады. Ботулизмге қайтымсыз
өзгерістер тән емес. Ботулизмнің
болжамы емдеуіне байланысты.
Адекватты терапия болмаған
жағдайда летальділігі 25-30%
құрайды.
ДИАГНОСТИКАСЫ.
Ботулизмнің диагностикасын
эпидемиологиялық, клиникалық және
лабораториялық көрсеткіштерге сүйенеді.
•Лабораторлық диагностика науқастан
алынған қан, құсық массасы, асқазанның
шайынды суынан ботулотоксин және
ботулизм қоздырғыштарын анықтауға
негізделген. Емдік сарысуды енгізбестен
бұрын көк тамырдан 8-10 мл қан алады.
Ботулотоксинді нейтрализация реакциясы
арқылы анықтайды, ал аурудың
қоздырғышы қоректік орталарға (пепсин-
пептон, Китта-Тароцци ортасы,
Хоттингер сорпасы) себу арқылы
анықтайды. Ботулизм
иммунодиагностикасы науқастың
қанындағы антитоксиндерді анықтауға
негізделген.
ЕМДЕУІ.
• Ботулизммен науқастарды инфекциялық стационарларға
міндетті түрде жатқызу керек. Емдеуінің негізін
спецификалық және спецификалық емес дезинтоксикация
құрайды. Барлық науқастарға асқазанды жуып- шаю және
ішекті тазалау клизмаларын жасайды.
• Дезинтоксикация кезінде энтеросорбенттер (карболен,
энтеродез, энтерол, смекта), вена ішілік кристаллоидты
(трисоль, квартасоль, хлосоль, 5% глюкоза) ертінділерді
қолданылады.
• Ботулизм емінің негізінде тыныс алу
бұзылыстарымен және гипоксиямен
қарсы күрес жатыр. Науқастарды
жасанды өкпе вентиляциясына
қосады.
Оның көрсеткіштері мыналар; тыныс
бұлшықеттерінің парезі нәтижесінде
өкпенің тіршілік сыйымдылығының
30% дейін төмендейді, бульбарлы
бұзылыстардың өршуі, тахипноэ
(минутына 40 реттен жоғары болса)
өкпе
ателектазы және өкпенің қабыну
процестері. Пневмония дамыған
кезде
антибактериальды терапия, ішектің
атониясында прозерин қолданылады.
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ.
• Ботулизмнің дамуының ең негізгі себебі үйде дайындаған
консервілерді пайдалану болып табылады. Консервілерді
үйдің жағдайында дайындаған кезде ұқыпты болу керек.
Тамақтарды ботулизм қоздырғышының спораларынан
сақтау керек. Консервіленген тағамды стерилизациялауда
және сактауда қатаң бақылау жасау керек. Консервілерді
стерилизациялау автоклавта 120°С температурада
жүргізіледі.
• Көтеріңкі келген консервілік банкілерді «бомбаж»
пайдалануға болмайды. Тұрғын халықтарға үй
жағдайында етті, балықты, саңырауқұлақты, жеміс-
жидекті консервілеудің қауіптігін түсіндіру керек. Үйде
дайындалған консервілерді қабылдаудың алдында 10-15
минут қайнату керек, сонда ботулотоксин тіршілігін
жояды.
• Тағамдық токсикоинфекция
• Тағамдық токсикоинфекция(ТТИ)—кысқа
уақыттын ішінде тез дамитын, адам
ағзасынан тыс экзотоксин бөлетін шартты
патогенді бактериялармен шақырылатын;
асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімінің
зақымдануымен(гастрит, гастроэнтерит)
және су-тұз алмасуының бусылысымен
көрінетін инфекциялық ауру.
• 1901 жылы гигиенист Лащенков
стафилакокпен шақырылған тағамдық
улануды сипаттап енгізген.
ЭТИОЛОГИЯСЫ
Ең жиі тағамдық токсикоинфекцияны шақыратын
коздырғыштар: протей тұқымдастығы:p.vulgarius,
p.mirabilis; энтерококктар(Enterococcus faccflis);
Citrobacter, Klebsiella, Hafina, Pseudomonas, спора
түзетін анаэробтар(Bac.perfingens), спора түзетін
аэробтар және т.б. Қоздырғыштар қоршаған ортаның
физикалық және химиялық факторларына тұрақты,
сондықтан тірі организмде және ағзадан тыс жерлерде
көбее алады
ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
• Инфекция көзі: қоздырғыштар барлық жерде
кездескеннен (жерде, ауады, қалдық
заттарды т.б) инфекция көзін табуға
қиындық туғызады, әр түрлі бактериялар мен
шақырылған іріңдік аурулары бар тағамдық
өнеркәсіпте жұмыс атқаратын қызметкерлер
инфекция көзі болу мүмкін. Зоонозды
инфекция көзіне маститы бар үй
жануарларынан алыған сүт өнімдері.
• Алиментарлық жолмен таралады: колбаса,
ет, жұмыртқа, балық, сүт, сыра, шырын, квас,
коктейл және т.б.
• Берілу жолы фекольно-оральды
• ПАТОГЕНЕЗІ
• Бактериялар ағзада ТТТ-ны шақыру үшін ағзаға көп
мөлшерде(10*6), адам ағзасының қорғаныш қасиеті, бактериянық
вируленты болу керек.
КЛИНИКАСЫ
• Инкубациялық уақыты бірнеші минуттан 24 сағатқа
дейін(жиі 2-6 сағат), сондықтан жедел басталады.
• құсу:бір реттік немесе сирек қайталанады, лоқсиды,
кұсқаннан кейін жеңілдік алып келеді; характері
қыйналып және құсуды өзі еркімен шақырады
• Құсу мен іш өту бірІш өту: күніне 10-15 рет, алғашында
нәжіспен бірге сұйық, сосын көп мөлшерде сұйықтық
характерлі ауысады.
• Шырыш пен қан араласпаған болады
• Бас ауру, әлсіздік, эпигастрий және кіндік
аймағындағы ауру сезімі
• Кейбір науқастарда дене температурасы алғашқы
сағаттарда 38-39С дейін көтеріліп, бір күннен кейін
қалпына келеді
ҚАРАП ТЕКСЕРГЕНДЕ
Науқас терісі бозарған, аяқ-қолдарың суық
болуы, сирек цианоз кездеседі. Тіл сұр-ақ түсті
жабындымен жабылған. Заңды түрде жүрек-қан
айналым жүйесі нде
брадикардия(температурада—тахикардия), қан
қысымы аздап төмендейді, жүрек ұшында
систололық шум естіледі, жүрек тондары
әлсіреген. Сирек естен тану мен коллоптоидтық
жағдайлар байқалады. Науқас коп рет
құсқаннан және іш өтуден дегидратация,
деминерализация, ацидоз болады. Аяқ қолдарда
судорог және тері тургорының төмендеуі,
диурез төмендейді. Бауыр және көк бауыр
үлкеймеген. Науқасты дурыс емдесе 1-3 күнде
емделеіп кетеді.
ПРИЗНАКИ ПИЩЕВЫЕ ТОКСИКОИНФЕКЦИИ БОТУЛИЗМ
ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНЫЙ ДИАГНОЗ ПИЩЕВОЙ ТОКСИКОИНФЕКЦИИ И
БОТУЛИЗМА
ЭПИДАНАМНЕЗ Употребление недоброкачественных Употребление вяленой рыбы,
Продуктов (неправильное хранение, соленых, маринованных
изменение органолептических продуктов (огурцы, томаты,
свойств), групповой характер грибы, рыба), сыра, колбасы,
заболевания, выделение одного консервов, которые были
и того же возбудителя из остатков изготовлены в домашних
продукта и рвотных масс, промывных условиях с нарушением
вод, стула. технологии.
Инкубационный От 1 часа до суток (обычно 3 -5 часов) От нескольких часов
период до 3 суток (обычно от
10 часов до 2 суток)
Начало Острое, с дискомфорта в животе, Острое, с появления сухости
тошноты, во рту, в более тяжёлых
рвоты. случаях—
со рвоты и жидкого стула.
ЖАЛОБЫ На тошноту, рвоту,боли в эпигастрии Сухость во рту, туман,
двоение перед глазами,
невозможность чтения
мелкого шрифта
Парезы и параличи Отсутствуют Носят нисходящий характер
«Глазные» Отсутствуют Характерны
симптомы
ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНЫЙ ДИАГНОЗ ПИЩЕВОЙ
ТОКСИКОИНФЕКЦИИ И БОТУЛИЗМА
ПРИЗНАКИ ПИЩЕВЫЕ БОТУЛИЗМ
ТОКСИКОИНФЕКЦИИ
Температура Может кратковременно Повышаться до Обычно нормальная, редко
тела 38-39° С повышается до 37,3° С
Осмотр живота Болезненность в эпигастральной Безболезненный при
области или вокруг пупка пальпации
Перистальтика Активная Парез кишечника, очень
слабая или не
выслушивается
СТУЛ Жидкий, теряет каловый характер, Характерна задержка газов
обильный, и стула
водянистый, без примесей и запаха
Боли в животе На высоте рвотных движений, в Отсутствуют
эпигастральной области
или вокруг пупка
Дисфагия, Отсутствуют Характерны
дисфония,
дизартрия
ЖЕДЕЛ КӨМЕК
• Асқазанды 2-4%-тік калий
перманганаты мен 2-4 сод
ерітіндісімен және жылы сумен
таза көрінгенге дейін жуады.
• Адсорбциялаушы препараттар
(белсендірілген көмір)
• Симптоматикалық терапия
(антипирогенді, физикалық
жылыту)
• Дегидратация,
деминерализазия болғанда
суйықтық құямыз
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz