ӘБДІЖАМАЛ НҰРПЕЙІСОВ


Slide 1

ӘБДІЖАМАЛ НҰРПЕЙІСОВ

Орындаған : ҚтӘ-31 тобының студенті Амантай Аяжан

Slide 2

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов - 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының, Арал ауданының, Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосып жүрген суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.

Slide 3

Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады. Тұңғыш шығармасы - Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. «Курляндия» романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады. «Қан мен тер» трилогиясы (1-кітап - «Ымырт», 1961; 2-кітап - «Сергелдең», 1964; 3-кітап - «Күйреу», 1970) және «Сең» (1983), «Соңғы парыз» (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. «Қан мен тер» романы бойынша жасалған инсценировкасы М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранға шығарылды. Таңдамалы әдеби-сын мақалалары «Толғау» (кейіннен «Жүрегі толы жыр еді») деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап боп шықты (1972), 1985 жылы «Ақбидай туралы аңыз» атты очерктер жинағы жарық көрді.

А. П. Чеховтың, А. М. Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А. Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Экранизация

"Қан мен тер" фильміне арналған постер

1978 жылы Әзірбайжан Мамбетов пен Юрий Мастюгин Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романының желісі бойынша екі бөлімнен тұратын кино түсірді.

Сценарий авторы: Андрей Михалков-Кончаловский, Родион Тюрин

Оператор: Асхат Ашрапов

Суретші: Ыдырыс Қарсақбаев, Р. Каримов

Композитор: Ғазиза Жұбанова

Дыбыс операторы: Қадыр Кусаев

Басты рөлдерде: Әнуар Молдабеков, Тұңғышбай Жаманқұлов, Г. Шойбекова, Ыдырыс Ноғайбаев, Н. Рахимов, Ж. Кайрлиев, Е. Евстигнеев, В. Сошальский, Олег Видов, М. Таванов, А. Құланбаева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Ш. Хакимжанов, Қасым Жәкібаев, Ю. Герасимов, Ш. Ахметова, Римма Кабдалиева, Айша Абдуллина, Кененбай Қожабеков, А. Собелев, Г. Юдин, В. Гусев, Лола Абдукаримова.

Фильм 1979 жылы Мәскеуде өткен ВДНХ КСРО-ның Алтын медальын және Ашхабад қаласындағы өткен кинофестивальда "Ең үздік тарихи-революциялық фильм" номинациясы бірінші жүлденің ие атанды.

Slide 7

Марапаттары

Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендері;

«Еңбек Қызыл Ту» ордені;

«Құрмет Белгісі» ордені;

КСРО Мемлекеттік сыйлығы;

Қазақ ССР-і Халық жазушысы. 200 томдық Бүкіләлемдік кітапхананы дайындап басып шығаруды жүзеге асыруға белсене атсалысқаны үшін, оның ішінде осы сериядағы Мұхтар Әуезовтың екі томдығына арналған алғысөзді мұқияттылықпен жазып шыққаны үшін РКФСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы;

Қазақстанның «Отан» ордені;

1985 жылы «Қазақ КСР халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

Slide 8

Ескерткіш

2008 жылдың 14-қараша күні Ақтөбе қаласында "Қан мен тер" трилогиясының кейіпкерлеріне арналған Ерік Жауымбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл Қазақстандағы әдеби туындының кейіпкерлеріне арналып жасалған алғашқы туынды. Ескерткіш Ақтөбе облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы кітапхананың алдында орналастырылған. Мүсіндік копозицияда "Беларан" аралындағы романның негізгі жеті кейіпкері және ит мүсінделген. Ескерткіш құны 324 000 АҚШ долларын құрайды.

Slide 9

"ҚАН МЕН ТЕР"

«Қан мен терде» - ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқы.

«Қан мен тер» трилогиясы - ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды. Соңғы жетпіс жылғы алтын әдебиетімізді мысқа балағысы келетін қайсыбір неонигилист даңғойлар бұл романға тап күресін жазғандықтан ескірді деп мін де тақты.

«Қан мен тер» трилогиясын қазіргі тәуелсіздік мұнарасынан, демократиялық көзқарас тұрғысынан оқығанда, оның қазақ шындығынан бұра тартқан жерін табылмайды. Қайта коммунистік үстем идеологияға қайшы пікірлерді жолықтырып, «бұны қырағы цензура қалай жіберді екен?» деп қалуға негіз бар.

Тарихи-революциялық тақырыпқа жазылған қазақ романдарының ішінде жанрлық-композициялық, стильдік тұрғыдан “Қан мен тер” трилогиясының өзгешеліктері мол. Біріншіден, шығармада дәуір тынысын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен бастап, Колчак, Дулатов армияларының талқандалған шағына дейінгі мерзім кең қамтылып суреттеледі. Екіншіден, “Қан мен терде” басқа туындыларда аталып қана өтетін патшашыл ақ әскерінің тіршілік келбеті мейлінше толыққанды бейнеленеді. Үшіншіден, романдағы авторлық мақсат, сюжеттік арналар, көркемдік зерттеу нысаны жаңа. Төртіншіден, Ә. Нұрпейісов сан алуан қасиеттерімен қалыптасып болған әлеуметтік-психологиялық талдау өнерінің қазақ топырағындағы жетілген өресін танытады.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің сөз байлығы
Әбдіжәміл Нүрпейісов
МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН - ЭПОПЕЯСЫ ҚАЙ ЖЫЛЫ ЖАРЫҚҚА
Кішкентай шығармасының авторы
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау(Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат және т. б. )
Миллион кімге бұйырады
Әдебиет пен өнер
Оқуға құштар колледж жобасы аясында
Қазақстанда 1920-1930 жылдары көшіп келген халықтардың әлеуметтік- демографиялық жағдайы
Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz