Еңбек келісім шарты



Еңбекақы. Еңбек
келісім шарты.
Еңбекақы түрлері.
КиЛ-31 тобының студенті Амантай Аяжан

Еңбекақы - жұмыс берушiнің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай берілетін төлем немесе сыйақы. Төлемнің мөлшері күндік, сағаттық ақыға байланысты немесе орындалған әр тапсырманың белгіленген ақысына байланысты есептелінуі мүмкін. Алайда кей жағдайларда қызметкерлер еңбекақыны клиенттерден сыйлық ретінде тікелей алуы мүмкін. Cалыстыратын болсақ, жалақы қызметкерге жұмыс істеген сағатына қарамастан белгілі бір уақыт (мысалы апта немесе ай) сайын берілетін тұрақты төлем.

Еңбекақы мөлшерін анықтайтын факторлар
Әлемдегі экономиканың құрылымына сәйкес, еңбекақы мөлшеріне нарық күштері (сұраныс және ұсыныс), заңнамалар және дәстүрлер әсер етеді. Мысалы, АҚШ-та нарық күштері басым түссе, Жапонияда әлеуметтік құрылымы және жұмыс өтілі маңызды рөл атқарады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылған-
дықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның
қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының орташа айлық жалақысы 2019 ж

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы
Қосымша еңбекақыға - еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарда атқарылып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста қызметте болмаған уақытына төленетін төлемдер жатқызылады. Мұндай төлемдер қатарына:
жұмысшалар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер;
жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер;
кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер;
жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер;
НЕГІЗГІ ЕҢБЕКАҚЫ
ҚОСЫМША ЕҢБЕКАҚЫ
Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді.
Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады:
мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы мен мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және тағы басқа күндерге жұмыс жасағаны үшін төлемдер;
қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалған төлемдер,
сыйлықтар, сыйақылы үстемелер және т. б

Еңбекақы жұмыс уақыт бірлігіне (немесе орындалған әр тапсырмаға) байланысты төленеді. Жұмыс күні - осындай уақыт бірліктерінің ең алғашқы түрі болып табылады. Жұмыс уақытының бірнеше бөлікке бөлінуі бастаған кезі сағаттың ойлап табылуы уақытына дөп келді. Сондықтан, қазіргі таңда сағаттық төлем еңбекақының кең таралған түрі болып табылады. Еңбекақы Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде төленген.
“ПАЙДА БОЛУЫ”

Еңбекақыны жоспарлау және реттеу.
Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көзін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады.
Еңбек қатнастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің және ұжымдық келісім шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім шарттың қағидасы табылуы керек.
Еңбекақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбекақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан.
Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбекақыны реттеудің және жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет:
кәсіпорынның нарықтық қызметінің және оның пайдалылығының нәтижесі;
кәсіпорынның кадрлыық саясатының есебі;
мамандыққа байланысты қызметкерлердің арасындағы, облыстар, аймақтар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі;
кәсіподақтардың бәсекелестердің және мемлекеттердің әсерлері;
байланыс саласындағы кәсіпорындардың саясаттары және т. б.

Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін қолданушы ұйымның тәжербиелік қызметінде жиі жауабы табылмайтын сұрақтар пайда болады. Осыған қарай еңбекақы төлеудің тарифті және тарифсіз жүйесінің элементтерінен құралған аралас жүйелер қолданылады.
Қазақстан Республикасының “ Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы ” заңы.
Қазақстан Республикасының “ Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылғанү. Бұл заңға сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбектік арақатнастары нормативтік құқықтық актілермен және еңбек заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек шартымен, ұжымдық шартпен реттеледі.

Жеке еңбек шарттың мазмұны
Жеке еңбек шартында:
- тараптарлардың реквизиттері:
жұмыс беруші заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу номерімен уақыты;
жұмыс берушінің тегі, есімі, әкесінің аты және қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен жайы, басын куәләндірәтін құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz