Махамбетке хат


Slide 1

Махамбет Өтемісұлы

( 1803 - 1846 )

Slide 2

•Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.

•Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.

•Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүйуге, патриорт болуға шақыру.

•Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантикалық карта, т. б.

•Сабақтың типі: ақпараттық сабақ

•Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.

•Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, кестемен жұмыс, талдау

Сабақтың мақсаты

Slide 3

Эпитет (айқандау)

Теңеу

Метафора

(ауыстыру)

Метонимия (алмастыру)

заттың немесе құбылыстың айрықша сипатың, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз. Ауыспалы мағынадағы сөздер тобы. ҚАНДАЙ ? деген сұраққа жауап береді.

Алтын күнді, қара жерді сағындым,

Жан-жолдасым-жүйрік желді сағындым.

Заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суретту .

Келеді желдей зуылдап,

Жеткізбейді Шұбар ат.

Атқан оқтай зырылдап,

Жал құйрығы суылдап.

Суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа немесе құбылысқа балау.

Сөз-жаңбыр, даусым-

дауыл, әнім-ескек.

Ойнаған басылайын аз желдетіп.

Өзара байлынысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану .

Үйі мәз боп қой сойды,

Сүіншіге шапқанға.

Талдау

Slide 4

Ассонанс

Аллитерация

Кейіптеу

Синекдоха

Біріңғай дауысты дыбыстарды қайталау.

Ашу деген-ағын су,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген -дария

Алдын тоссаң, тоқырар.

Біріңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.

Түніменен түйіндік,

Таң атқанда тарандық,

Таң ағарып атқан соң,

Төңірек жаққа қарандық.

Табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу .

Мөлдіреген “Жетімкөл” көкке қарап,

Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр.

Бүтіннің орнына бөлшекті жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану .

Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,

Бермек болған айғырдың көзі қайда ?

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Махамбет кім?

Ақын

Жауынгер

Қолбасшы

Күйші

Батыр

Аруақты ер

Slide 8

Өлеңдерінің тақырыбы

Ел

Халық жайы

Ерлік

Заман

Елдік

Кездесетін ұйқас түрлері

Кезекті ұйқас

Аралас ұйқас

Шұбыртпалы ұйқас

Slide 9 Slide 10

Махамбет өмір сүрген кезең Қазіргі кезең

Ресей қол астындағы бодан ел. Күрес пен тартыс, ата қоныстан айырылу, ата қоныстан ұдере көшу.

Егеменді тәуелсіз ел. Халық сенген, сайлап алған Президенті бар . Атамекенге оралудың мүмкінділігі.

Slide 11

«Махамбеттің халыққа, халық мүддесін қорғаушы жас ұрпақтарға сенуі сонша - ол қандай өмірді басынан кешірсе де, болашақтағы игілік - атар таң, шығар күннен үміт үзбейді.

Қ. Жұмалиев

«Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған өзгеше ақын болған емес»

М. Әуезов

Ал, Фариза Оңғарсынова

Махамбет! Махамбет…

Білмеймін, жел ме, сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме…

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме…-деп толғанады.

Slide 12 Slide 13

Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы.

Slide 14 Slide 15

«Арманшылдар, қиялгерлер . . . »

1. Егер мен батыр болсам. . .

2. Егер мен ақын болсам. . .

Slide 16

Ойтолғау жазу

1. Махамбетке арнау

2. “Махамбет десем ойыма. . . ”

3. Махамбетке хат

Slide 17

Махамбет өлеңдерінде «Мен» сөзі жиі қолданылады. Ондағы «Меннің» мәні ерекше. Бұл өлеңдегі «Меннің» астарында мол сыр бар. Мағынасы терең. Мұндағы «Мен»-Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбетттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза-кегі көрінеді.

МЕН - мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс.

МЕН - елін Еділдің бойы ен тоғайға қондырсам деген асыл арман иесі.

МЕН - кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр.

МЕН - ойшыл, дана. Елі мен жері үшін мазаланған тұлға.

МЕН -ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан.

Slide 18

Махамбеттің соңғы сөзі

*

Керуен тірлік бөктерді де бойға азап,

Бұлың-бұлың белдер асып шаршаған

Бұл жалғаннан кетіп жатты қанша

адам.

Қазанына қожа болған жай қазақ,

Екеуміз де “Егіз бе?” деп тамсанған.

*


Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды ерлікке, батырлыққа баулу
Өмірі туралы мәлімет
ҰСЫНЫС ХАТ
БАНКТІК ССУДАЛАРДЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Ресми хаттар
Ұсыныс хаттар
Қызметтік хат
ШҰҒЫЛА ЖЕКЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕСІ АЛҒЫС ХАТ
Луцилийге өнегелі хаттар
ҰЙЫМДЫҚ ҚҰЖАТТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz