Жай сөйлем



СИНТАКСИС. Жай сөйлем. Төл сөз бен төлеу сөз. Біріңғай мүше мен Жалпылауыш мүше
Орындаған:Амантай Аяжан ҚтӘ-31 тобы

Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.
СИНТАКСИС

СИНТАКСИС
Сөз тіркесінің синтаксисі
Сөйлемнің синтаксисі
Сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы түр-түрі қарастырылады
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың құрамы түр-түрі қарастырылады .


Сөйлемнің ұйымдастырушы ұйытқысы- предикативтік қатынасқа түскен, предикативтік мағынаны білдіретін мүшелер
Тек осы ұйытқы тұлғалардың қатынасынан құралған тұлға ЖАЛАҢ СӨЙЛЕМ болады.

Ұйытқы құрылымның үстіне тұрлаусыз мүшелерді қатыстырып ұйымдасқан сөйлем ЖАЙЫЛМА СӨЙЛЕМ болып есептеледі.
Сөйлеуде жайылма сөйлем жиі ұшырасып, жұмсалады.
Сөйлемнің жайылу (кеңею) мүмкіншілігі шексіз емес. Оның өлшеуі бар


Жақтық мағынаға, формаға ие конструкция ЖАҚТЫ СӨЙЛЕМ ретінде танылады.
Сөйлемнің грамматикалық бір белгісі құрамында жақтық форманың болуынан көрінеді.
Жақтық мағына, жақтық форма бастауыштың лексикалық болмысынан, баяндауыштың жақтық формасынан көрінеді.

Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялық қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар - ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР. Жақсыз сөйлемдерде жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды
Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялық қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар - ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР. Жақсыз сөйлемдерде жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды
Жақсыз сөйлемдердің құрамында жақтық мағынаға ие мүше - бастауыш болмайды. Баяндауыштың формасы да нақты жаққа (І, ІІ, ІІІ жаққа) қатысты болып көрінбейді.

Атаулы сөйлем
ЕРЕКШЕЛІГІ
Бастауыштан ғана тұрады
Жай сөйлемнің бір түрі
Ойды білдірмейді
Заттың, құбыл-ыстың атын білдіреді

№
Төл сөз
Төлеу сөз
1
біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілген сөз
өйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтқан сөз
2
Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады.
Төлеу сөз тәсілін қолдану әдебиетте төл сөзге қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі. Көркем шығармада кейіпкердің ішкі монологі, яғни іштей айтқан ойы, кейде төл сөз түрінде басталып кейіпкердің аузынан шыққан қалпын сақтағандай көрініп, бара-бара төлеу сөз түріне ауысып, автордың сөзі болып кетеді, ал кейде сол екеуінің жігін, шекарасын айыру қиын болады.
Анықтама және айырмашылықтары

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.
Мысалы
Бірыңғай бастауыш:
Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп (Шәкәрім) .
Бірыңғай баяндауыш:
Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл) .
Бірыңғай анықтауыш:
Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім) .
Бірыңғай толықтауыш:
Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл) .
Бірыңғай пысықтауыш:
Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz