Тарихи морфология


Slide 1

Тарихи морфология

Амантай Аяжан КтӘ-31

Slide 2

Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл​

білімінің саласы.

Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны - тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу​

тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері.

Түрлері: тарихи және​ сипаттамалы. ​

Slide 3

ГРАММАТИКА

Морфология

Синтаксис

Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын​

зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді​

және сөйлемді алады.

Slide 4

Морфология

Морфология (гр. morf - түр, тұлға, logos - сөз, ілім) - дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.

Морфология - сөз және олардың формалары туралы

ілім. Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалқ мағынасы. Жалпы және жеке грамматикалық мағыналар.

Slide 5

Морфема

Морфологияның негізгі материалы - морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.

Slide 6

Сөздер морфологиялық тұрғыдан

Жалаң

Күрделі

Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер

Күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған, күрделенген (ақ құба, ақ сары) сөздер

Slide 7

Тілші-ғалымдардың анықтамалары бойынша, тіл

білімінің морфология саласы сөздерді жеке алып

қарастырмай, оларды жалпы алып, сөз топтарына

топтастырып, әр сөз табының өзіне тән грамматикалық

ерекшеліктерін қарастыратын ғылым. Жеке дара

тұрғандағы сөздің лексикалық мағынасы болғанымен, басқа

сөздермен байланысқа түсуі үшін грамматикалық мағынаны

қажет ететіні белгілі. Лексикалық мағына да,

грамматикалық мағына да сөздердің байланысуынан анық

аңғарылады. Екеуінің де обьектісі - сөз. Морфология осы

сөздердің формасын, яғни, сөздің негізгі түбірін, сөздің түрлі

қосымшалар қосылғандағы түрлерін, сөз тіркестерін

тексеретін ғылым. Сонымен қатар, тілдегі сөздердің

атқаратын қызметтеріне қарай топтарға бөлу, әр сөз

табына тән категорияларды анықтау міндетін де қоса

атқарады.

Slide 8

Морфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар

Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі - сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: Ахмет Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов.

40-50- жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми - зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде көптеген көлемді еңбектер жарыққа шығады.

Slide 9

I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған "Қазақ тілі грамматикасы" мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған "Қазақ тілі" (1948) және жоғары оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақ тілі" (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері", А. Ысқақовтың "Қазақ тіліндегі үстеулер", Ғ. Мұсабаевтың "Сын есімнің шырайлары", Ә. Хасеновтың "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер", Р. Әміровтың "Қазақ тіліндегі шылаулар", Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі одағайлар" т. б. зерттеулерін айтуға болады.

60-жылдары мұндай еңбектер саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер" (1960) ; Ж. Шакеновтың "Қазақ тіліндегі сын есім категориясы" (1961) ; Ә. Ибатовтың "Қазақ тіліндегі есімдіктер" (1961) ; Ә. Төлеуовтың "Қазақ тіліндегі есім категориясы" (1963) атты еңбектері жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әр түрлі сөз таптары өзіндік лексико-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі.

Ғалымдар мен еңбектері

Slide 10

Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық, не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады. Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалық та, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді.

Сөз формаларының жасалу тәсілдері

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі және оның салалары
Мәдени морфологияны зерттеудегі әдістер мен тәсілдер
Фразеологиялық тіркестер
Тілдің сөз
КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ ДАМУЫ
Бөлім атауы
Жалпылама тіл білімі
Грамматикалық мағына
ЛЕКСИКОЛОГИЯ
ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz