ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Презентация қосу
Жұбан Молдағалиев
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Жұбан Молдағалиев (1920-1989) Ірі эпик
ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (1978 ж.), Қазақстанның Халық
жазушысы (1985 ж.)
Молдағалиев Жұбан 1920 жылдың 5
қазанында Орал облысының (қазіргі Батыс
Қазақстан облысы) Тайпақ ауданы Жыланды
ауылында дүниеге келген.
Оқушы қауымға аты әбден қанық, белгілі
ақын Жұбан Молдағалиев – қазақ
поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі
өкілі. Жұбан Молдағалиевтің поэзия төрінен
өзіне лайық орын алу кезеңі әріден, соғыстан
кейінгі ұлы дүбір дәуірінен, елімізді қайта
қалпына келтіру заманынан басталады.
Жұбан Молдағалиев қазақ өлеңімен бірге,
бүкіл көп ұлтты кеңес поэзиясын ілгері
дамытқан айтулы ақын, көркем сөз шеберіне
айналды.
Ж.Молдағалиев өмірі
• 1940 жылы Орал ауылшаруашылық техникумын бітіріп, 1940-1947
жылдары әскер қатарында болып, әскери-саяси курстарда білім алды,
Ұлы Отан соғысына қатысты.
Соғыстан кейін 1948-52 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті»
газеттерінде жауапты қызметтер атқарды, 1958-63 жылдары
«Жұлдыз» журналының бас редакторы болған.
Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды. КСРО
Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және
арихитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар
жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналының редколлегиясының
және библиотека «Библиотека почта» басылымы редколлегиясының
мүшесі болды.
«Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім.
Ойлағам шалалықты кешер деп кім?
Қағазға қалдыруға асығыппын
Көңілдің қуанышын, кесел дертін».
Ж. Молдағалиев
Шығармашылығы
Алғашқы өлеңдері 1939 жылы газет бетіне басылды. Алғашқы жыр жинағы «Жеңіс
жырлары» деген атпен 1949 жылы шықты. Содан бергі уақытта 60-тан астам кітабы, әр
кезеңде қазақ және орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бірнеше томдары жарық
көрді.
Жұбан Молдағалиев қаламынан туған «Мен – қазақпын», «Кісен ашқан», «Қыран дала»,
«Сел» поэмалары үшін ең жоғарғы Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды.
Қалам үшкірлігі әлі де жастықты аңғартса, айтып отырған пікірі - өлім мен өмір
арпалысындағы жанның ойын, көңілін сездіреді. «Отан», «Бір бассаң да алға бас», «Туған
елге», «Қазақ», «Шығыста туған елім бар», «Жеңімпаздар сәлемі» деген 1942-45
жылдары жазылған өлеңдерден осы жайды аңғарамыз.
лирикалық өлең деп айтатын жас жанның ішкі көңіл-күйін сездіретін шығармаларының өзін
алып қаралық. «Солдат сыры», «Ғафу ет, сұлу бойжеткен», «Баурыңа бас хатымды»,
«Сағындым, Жайық», «Махаббатты таңдасам», «Мәмилаға сәлем хат» және басқа
майдан шебінде туған лирикаларында ақын өлеңге атау болған ұғымдар төңірегінде
қалмайды. Сүйгеніне хат жазған лирикалық қаһарман махаббат жайын, ішкі сезімін,
«сүйемін», «жанамын» деген көңіл толқуларын ашпайды. «Қан майданда жүр солдат, қамы
үшін туған елінің», қалтада жүріп тер сіңген хатымды жиренбей оқы, «қадірі мол қасиет бар
солдаттың ащы терінде» деп, өмірдің ащы шындығын білдіретін қатаң өлең жолдарын
жолдайды. «Ғафу ет, сұлу, бойжеткен» өлеңінде «сендік емес жүрегім, кеңес қызын
сүйемін», әйтпесе, «сүйеді кеңес қызын менің жаным» («Солдат қызға») деген жолдар
ақындық биік тапқырлық болмағанымен, сол сәттің (1945 ж.) жәй-күйін аңғартатын, соғыс
жорығымен көп ел-жұртты, оның адамдарын, ұлы мен қыздарын көрген лирикалық
Жарыққа шыққан жинақтары
МЕН ҚАЗАҚПЫН
Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын
поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған,
отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын.
Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі
талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген
ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат,
халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты.
Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа
толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949
жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады Ж.
Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет
әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы
(1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен
тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана
жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның
ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары
жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.
Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен
жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.
1940 жылы Жұбан міндетті әскери қызметке шақырылады да,
сонда жүріп Ұлы Отан соғысын қарсы алады. Ақынның одан
кейінгі шығармашылық өмірі майдан жағдайында өтеді. Оның
жас қаламы жауға қарсы ұрыстың ауыртпалық сезімін бастан
кеше отырып қаз тұра бастайды. Ақын өзі «Отан үшін»,
«Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы» атты майдан газеттерінде
қызмет істеп, өлеңдерін жариялайды.
Совет Армиясы қатарынан кейін Жұбан «Лениншіл жас», «Қазақ
әдебиеті» газеттері мен «Жұлдыз» журналының редакцияларында,
Қазақстан жазушылар Одағында басшы қызметтер атқарды. 1949
жылы оның «Жеңіс жырлары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы
жарық көрді. Одан бергі дәуірде ақын «Қызыл галстук» (1949),
«Нұрлы жол» (1951), «Бастаушымыз партия» (1954), «Жыр
туралы жыр» (1957), «Заман тынысы» (1960), «Жесір тағдыры»
(1962), «Ғашық көзбен» (1964), «Мен - қазақпын» (1965) тағы
басқа кітаптарын жариялады.
жас
жауынгер
ОТБАСЫ
"Мен ол кісінің маған қойған
талаптарының бәрін орындадым.
Себебі менің жас кезімде жалғыз
ұлдың, жалғыз баланың
анасының сезімін, мінезін
түсінуге сабыр, ақыл берген
Құдайға мың тәубә деймін. Біз
Жұбан екеуіміз көзбен, көңілмен
ұғыстық. Әлдебір жағдайларда
ол менің сөзімді сөйлей қалса,
мамам кәдімгідей ашуланып
қалатын. Сондықтан Жұбан
сыртқы елге шығып, сыйлық
әкелетін болса, екеуімізге бірдей
етіп алатын", - дейді София өз
Ақынның сүйікті жары – София Мәлікқызы. Екеуі төрт баланы тәрбиелеп өсірген.
естелігінде.
София Мәлікқызы өз естелігінде отбасылық өмірі жайлы айтады.
Жұбан Молдағалиев 1988 жылдың 6 қазанында 68 жасында қайтыс болды.
НАЗАРЫҢЫЗҒА
рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz