Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылықтары мен өзіндік белгілері


Slide 1

Жай сөйлемнен құрмаластың айырмашылықтары мен оның өзіндік айырым белгілері

КИЛ-31 тобының студенті Амантай Аяжан

Slide 2

Жай сөйлем-бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі - құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады

Slide 3

Жай сөйлем

түрлері

Жақты сөйлем

Жайылма сөйлем

Жақсыз сөйлем

Жалаң сөйлем

Толымды сөйлем

Атаулы сөйлем

Толымсыз сөйлем

Slide 4

екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Құрмалас сөйлем

Slide 5

Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. СҚС баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. СҚСнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады

Құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі - аралас байланыс арқылы құрмаласқан.

Slide 6

Құрмалас сөйлемнің белгілері:

кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;

жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер - баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;

негізгі компоненттер - жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.

Slide 7

Салалас құрмаластың өзіне тән негізгі белгілері:

1. Салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттерін байланысқа түсіретін баяндауыш сөздері тиянақты тұлғамен аяқталады. Мұндай “байланыстырғыш баяндауыш” салалас құрмаластың алғашқы компоненттерінен орын алады. “Байланыстырғыш баяндауыштың” осылайша аяқталуына байланысты салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері тұлғалық жағынан бір-бірімен теңдестік дәрежеде жұмсалады.

2. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыш пен баяндауыштары әр уақытта да жақ жалғауы арқылы өзара қиыса жұмсалады.

3. Салалас құрмалас сөйлем синтаксистік компоненттерінің аралығында интонациялық кідіріс айқын сезіліп, молынан сақталады. Салалассөйлемнің алғашқы компонентінің, соңғысындай, дауыс кідірісі жағынан созыңқылай айтылуы оның баяндауышының тиянақты тұлғада жұмсалуымен тығыз байланысты келеді.

Slide 8

НАЗАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлем: салалас, сабақтас және аралас түрлері мен байланыс белгілері
Жай және құрмалас сөйлемдердің құрылымы мен түрлері
Қазақ тілінде құрмалас сөйлемнің қалыптасуы мен тарихи-типологиялық дамуы
Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен өзіндік ерекшеліктері: Азиада тақырыбына арналған практикалық сабақ
Сабақтас құрмалас сөйлемнің анықтамасы және алты түрі
Салалас құрмалас сөйлем: түрлері мен практикалық жаттығулары
Жай сөйлем түрлеріне арналған жаттығулар мен талдау
Құрмалас сөйлем: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Салалас құрмалас сөйлем: түсінік, түрлері және жаттығулар
Сабақ жоспары: Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz