Сыбайлас жемқорлық ұғымы




Презентация қосу
Тақырыбы:Жастардың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетін
қалыптастырудың ерекшеліктері

Қабылдаған:Терлікбаева Г.
Орындаған:Аяғанова С.
Тобы:БОПӘ 19-1
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Сыбайлас жемқорлық ұғымы.
2.Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың таралу
себептері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Сыбайлас-жемқорлық деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”,
“пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып,
анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-
ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен
айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау,
жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де,
құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің
түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп
сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси
.
қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Қазіргі уақытта сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік
құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның
ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр.
Сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік экономикалық
даму үрдісіне, рыноктық экономиканың құрылысына,
инвестицияларды тартуға залалын келтіруде.
Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық
институттарына да кері әсерін тигізуде, болашақтағы
еліміздің дамуына үлкен қатер төндіруде.
Бүгінгі заманда жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың
таралуына:
O жастардың жұмыссыздығы,
O баспана мәселесі,
O елдегі әлеуметтік ахуалдың әлі де төмендігі,
O билік құрылымдарының жауапсыз іс-әрекеттері,
O осы саладағы тиісті заңнаманың өз деңгейінде орындалмауы,
O жастардың құқықтық санасы мен білімінің төмен болуы,
O жастардың өз-өзіне сенбеушілігі,
O жастардың санасына сыбайлас жемқорлық ұғымының дендеуі ,
O қоғамда демократиялық дәстүрлердің сақталмауы, сот жүйесіндегі
әділетсіздіктер және т.с.с. көптеген себептер әсер етеді. Әсіресе, жастардың
сыбайлас жемқорлық көріністеріне көз жұмып қарауымен пара берушілікке
бой алдыруы үрдіске айналғаны рас.
O Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларын іске асыру
аясында мына заңдар қабылданды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл туралы, мемлекеттік бақылау және аудит туралы, мемлекеттік
сатып алу туралы, қоғамдық кеңестер туралы, ақпаратқа қол жетімділік
туралы және т.б.
Жас буынға жемқорлықтың орасан зор салдары туралы ақпаратты
дұрыс жеткізу, ағарту шараларын қолға алу жастардың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, олардың өз
құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына
көмектесуіміз керек. Осы тұрғыда ең алдымен «сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет» деген ұғымның мән-мазмұнына
бойлау қажет. Жалпы «сыбайлас жемқорлық» немесе «коррупция»
ұғымы әр елде әртүрлі түсіндіріледі. Батыс құқықтанушылары
саяси элитаның девиантты мінез-құлқының, яғни моральдық және
этикалық нормалардың бұзылуы туралы айтса, ресейлік ғалымдар
сыбайлас жемқорлықты құқықтық нормалардың талаптарына
қайшы, қоғамға зиянды әрекет саналатын құқық бұзушылық деп
сипаттайды.
«Мәдениет» ұғымының мағынасы өте кең
және бұл құбылыс ең маңызды әлеуметтік
үдерістермен тығыз байланысты болады.
«Мәдениет» түсінігі адамның қоғам мүшесі
ретінде меңгерген білімдерін, білік-
дағдыларын, қабілеттерінің жиынтығын
білдіреді.
Сыбайлас-жемқорлықты қалай
жоюға болады?
1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз
мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға
және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.
Қорытынды
O Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің
маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау
қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру
мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары.. Мұнда өскелең
ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру,
отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті
қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі
қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына
бірден-бір ықпал ететін фактор. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір
заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе,мемлекеттік қызметкердің өз
лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен
мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі
дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
O 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы: Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-I Заңы // АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының
Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V // АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
3. Әкімшілік рәсімдер туралы: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
27 қарашадағы N 107 Заңы // АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
4. Нормативтік құқықтық актілер туралы: Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-I Заңы // АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
5. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы:
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы //
АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
ЖАСТАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС
Жемқорлық туралы түсінік
Пәндер