ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Презентация қосу
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ЭТНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үдерісіне,
мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің
нығаюына, мемлекеттің саяси және қоғамдық
институттарына да кері әсерін тигізіп, болашақтағы
еліміздің дамуына үлкен қатер төндіруде. Ол заң
үстемдігіне, демократия мен адам құқықтарына қатер
төндіріп, билікке, мемлекеттік басқару, теңдік пен
әлеуметтік әділдік қағидаттарына нұқсан келтіреді,
бәсекелестікке кедергі келтіреді, экономикалық дамуды
қиындатып, демократиялық институттардың
тұрақтылығы мен қоғамдық моральдық ұстанымға
қауіп төндіреді.
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде
қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы ісқимыл мәселелеріне айрықша назар
аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан
Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне
қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі –
қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің
тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-
этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру
мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сананың феномені болып табылады.
Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың
көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам
мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси,
құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық
сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті
ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан
ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді
және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін
құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана
және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты
қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес
келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және
орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және
пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және
ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами
қатынастар әлеміне көзқарас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және
басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс
мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде
қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс.
Сондай-ақ, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар
шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен
тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін
қалыптастыру мынаны көздейді:
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны,
мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске
асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну
ерекшеліктері туралы түсінік;
– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
– құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;
– қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-
құлық уәжін ынталандыру;
– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне
төзбеушілікті қалыптастыру.
Осыған байланысты мыналар қажет:
– сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық
«иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде
сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді
дамыту;
– Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін
қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық»
сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс,
төзбеушілікті туындатуы тиіс;
– құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен
тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді
жою (латынша nihil – ештеңе);
– құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен
тәрбиені қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын
тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе,
білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Еліміздің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және
білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы
керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал»,
делінген. Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен
мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар
негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз
құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениеттің қалыптасуына бірденбір ықпал ететін фактор. Еліміздің
әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе,
мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол
бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді
қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан
орын алуына үлкен үлес қосылар еді.
Қорытынды
Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастырудың этностық ерекшелігі ретінде ұлттық
мәдениетті мысалға алсақ, отбасында балаларды
еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да
болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі,
адамгершілік пен іс- әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек
басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз.
Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда
мықтылау, тиімдірек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы:
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18
қарашадағы № 410-V Заңы. http://adilet.zan.kz
2. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014
жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы. http://adilet.
zan.kz/rus/docs/U1400000986.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz