Ортаңғы құлақ Дабыл жарғағы мен есту түтігі


Slide 1 Slide 2

Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді. Құрылысы: есту мүшесі - құлақ.

Slide 3

Құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы

Дабыл жарғағы мен есту түтігі

Есту және тепе-тендік сақтау рецепторлары

Slide 4

1 - завиток; 2 - балғашық; 3 - төс сүйекшесі; 4 - үзеңгіше; 5 - жарты шеңберлі өзектер; 6 - ұлу; 7 - кіреберіс; 8 - сыртқы есту жолы ; 9 -қалқанның шиыршығы; 10 - ішкі құлақ; 11 - ортаңғы құлақ; 12 - дабыл жарғағы; 13 - сыртқы есту жолы; 14 - қалқан бүртігі; 16 - құлақ шеміршегі; 17 - есту түтігі; 18 - сыртқы құлақ

Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ

Slide 5

Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

Slide 6

Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0, 05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі.

Slide 7

1 - балғашықтың басы; 2 - үзеңгіше сүйекшенің қысқа аяғы; 3 - үзеңгіше сүйекшенің ұзын аяғы; 4 - төсше сүейекше; 5 - есту түтігі; 6 - дабыл жарғағы

Slide 8

Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады) . Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.

Slide 9

Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады.

Slide 10

Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын кабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.

Slide 11 Slide 12

Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус) . Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіңдеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның құлағы мен теңеседі.

Slide 13

2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында-ақ ересек адамның құлағы мен теңеседі.

Slide 14

Құлақ аурулары - құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына отит, перихондрит, отогематома, құлық, т. б. жатады

Slide 15

Құлақтың қабынуы қатты және созылмалы ауру түрінде болады. Құлақ аурулары (отит) ортаңғы және сыртқы деп аталады. Мұның ең жиі кездесетіні - ортаңғысы, ол: ортаңғы құлақ қуысы, дабыл жарғағы, одан шығатын есту түтігі, евстахий түтігі. Ортаңғы отит жедел ортаңғы отит және созылмалы отит деп екіге бөлінеді. Ортаңғы жедел отит іріңді және катарльді болады. Бұл аурумен көбіне 5-12 жас аралығындағы балалар ауырады. Баланың құлағының ортаңғы тұсының анатомиялық құрылымының өзгешелігінен есту түтігі өте кең әрі қысқа болады да бала ойнап отырып құлағына бірдеме тығып алатыны немесе суық тиіп жиі ауыратыны сондықтан. Құлақта болатын құлық (ушные серы) құлақты түрлі шаң-тозаң, микробтардан қорғайды. Сондықтан құлақты тазалаймын деп жиі шұқи беруге болмайды. Басына мақта оралған таяқша құлақ қалқанын тазалауға арналған, бірақ оны көбірек ішке енгізіп жіберсеңіз құлықты ары қарай итеріп жіберуі мүмкін. Іште құлық көп жиналып қалса да есту қабілеті төмендейді. Мұндай кезде есту арнасын тазалауға арналған арнайы тамшыларды пайдаланған абзал. Кейде мұрын мен тамақ жолдары ауырса да евстахий түтігі қабынуы мүмкін. Себебі екеуінің тоғысатын арнасы бір.

Slide 16

Құлақ аурулары

Ішкі

Сыртқы

Ортаңғы

Отит, перихондрит, отогематома, құлық

Есту жүйкесінің невриті мен отосклероз

Slide 17 Slide 18

ІІшкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша, қызамық, т. б. ) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады.

Slide 19

Балаларда жиі кездесетін сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. түрі -

Slide 20

Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып түру керек. Әдетте, құлақтың сырткы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей корғаныштық кызмет атқарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей, керең болып калуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауың-ауың тазалап тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін. Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Мас адам дыбысты естігенімен, қай жақтан шыққанын бағдарлай алмайды. Тәлтіректеп барып колайсыз жағдайға ұрынуы мүмкін.

Slide 21

Олардың деңгейін децибелмен (дБ) өлшейді. Адамның есту қабілеті көтере алатын ең жоғарғы шама (ауру сезімі тудыратын), бұл 120-130 децибел аралығы. Ал 200 децибилден өліп кетеді.

Қарапайым әңгіме - бұл шамамен 45-55 дБ.

Офистегі дыбыс - 55-65 дБ.

Көшедегі шу - 70-80 дБ.

Басқышы бар мотоцикл - 85 дБ-ден жоғары.

Реактивті ұшақ старт кезінде 130 дБ-ге жететін дыбыс шығарады.

Ал ракета - 145 дБ-ден жоғары.

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Есту тепе - теңдік мүшесі
Сыртқы құлақ
Құлақ аурулары
Сыртқы құлақ Ортаңғы құлақ Ішкі құлақ
Анализаторлар физиологиясы
Көздің қосымша мүшелерін ата
Тері қабаттары мен құрылысы
Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары
Дәм сезу мүшесі
Ұлу түйін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz