Неотомизмнің негізгі өкілдері


Slide 1

Студенттік өзіндік жұмысы

Дисциплина:Философия

Мамандығы:Стоматология

Кафедра: Әлеуметтік-саяси пәндер

Тақырыбы: XIX-XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттарының дүниежүзілік қоғамдық-саяси дамуға әсері

Slide 2

Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды.

ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды.

Slide 3

ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;

Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақпен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.

Slide 4

XX ғасыр Батыс философиясындағы негізгі бағыттар

Позивитизм

Неотомизм

Структурализм

Постмодернизм

Экзистинциализм

Персонализм

Slide 5

Қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты.

Оның негізін қалаушы - француз философы Огюст Конт (1798-1857) . Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т. б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия.

Позитивизм

Slide 6

Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:

1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті - объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің өкілдері - О. Конт, Г. Спенсер, Дж. Милль.

О. Конт

Г. Спенсер

Дж. Милль

Slide 7

2) махизм - дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі - австриялық физик Э. Мах.

Э. Мах

Slide 8

3) неопозитивизм -

ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты. Өкілдері: К. Поппер, И. Лакатос, Т. Кун және т. б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

К. Поппер

И. Лакатос

Т. Кун

Slide 9

ХХ-ғасырдағы философиялық ағымдардың тағы бірі - неотомизм, немесе жаңа томизм - католик шіркеуінің философиясы, қазіргі заманғы діни философиялық ағымдардың арасындағы Батыс Европада ғана емес. бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Неотомизм орта ғасырың діни философы Томас Аквинскийдің іліміне негізделген. Сенім мен ақылдың, дін мен ғылымның үндестігін жария еткен бүл ілім шіркеуді қорғау үшін аса қолайлы болғандықтан, папа Лев 13-ші 1879 жылы оны ристиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын философиялық тұрғыдан дұрыс түсіндіруші бірден бір философия деп тұжырымдады. Негізгі өкілдері: Э. Жильсон, Ж. Маритен, П. Тейяр де Шарден.

Неотомизм

Slide 10

Неотомизмнің басты қағидасы - сенім мен ақыл-ойдың, ғылым мен діннің гармониясы. Бұл ағымның өкілдерінің пікірінше, ақиқат философия рационализм мен иррационализмді қарсы қоюдан бас тартып, дүниені түсінудің әр түрлі тәсілдерін біріктіріп, универсалды мүмкіндіктерге шылуы қажет. Бірақ неотомистер құдайдан туындайтын сенімді жоғарырақ қояды.

Slide 11

Қазіргі заманғы неотомизм антропологиялық сипатқа ие, яғни адамға бағытталған. Құдайдың жаратушылық функциясы неотомизмде шектелген, ол адамды жаратушы болғанмен, өзін жүзеге асырушы. проектіден ішкі дүниесі, микрокосмы бай нақты тұлғаға айналдырушы, құдайдың ісін аяқтаушы еркін, өзін-өзі жетілдірген, құдай жаратқан космостың кішкене үлгісі адамның өзі.

Slide 12

Неотомизмнің негізгі өкілдері:

Э. Жильсон

Ж. Маритен

П. Тейяр де Шарден

Slide 13

ХХ-ғасырдың 60-жылдары Францияда қалыптасқан. лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, өзінің негізгі философиялық-методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени қызметінің игілі бір тарихи кезеңдер үшін жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу, баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым.

Басты өкілдері - К. Леви-Строс, М. Фуко.

Структурализм

Slide 14

Структурализмнің негізгі өкілдері:

М. Фуко.

К. Леви-Строс

Slide 15

Структурализм бағытының 91өкілдерінің түсінігінше, құрылым (структура) объектінің бөліктері мен элементтері жай жиынтығы емес, ол абстракция арқылы ашылатын жасырын қатынастардың жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгіле: жүйесін зерттейтін семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назар ды тіл жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын. К. Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды, некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде

тереңдеп зерттеуін атауға болады

Slide 16

"Экзистенция" үғымы (латынша ехкіаіепііа - өмір сүру дегенді білдіреді) экзистенциализмде ерекше рөл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін тұрады. XX ғасырдың орта шенінде Батыста ең кең тараған субъективтік-идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм капитализмнің жалпы дағдарысының идеологиялық бейнеленуінің бір формасы болып табылады.

Оның ірі өкілдері М. Хайдеггер (1889-1976), К. Ясперс (1883-1969), Г. Марсель (1889-1973), ЖЛ. Сартр (1905-1980), А. Камю (1913-1960) және басқалар. Экзистенциализм, немесе „өмір сүру философиясы", буржуазиялық философияның иррационалистік (адамның ақыл-ойының күшін жоққа шығаратын) бағыттарының бірінен саналады.

Экзистенциализм

Slide 17

Экзистенциализмің ірі өкілдері:

К. Ясперс (1883-1969)

М. Хайдеггер (1889-1976)

А. Камю (1913-1960)

Slide 18

Персонализм дін мен ғылымды байланыстырады


Ұқсас жұмыстар
Персонализм бағыты
Неотомизм және персонализм бағыттары
Негізгі өкілі - австриялық физик
Фома Авгинскидің философиясының пайда болуының әлеуметтік және идеологияның алғы шарттары
Ортақ идея
Тітіркендіргіш дәрілік заттар
Сүліктер класы
Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшелігі
Ортағасырлық философияның схоластика кезеңі
Ассамблеяның мақсаты - Республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларды болжау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz