Жуан кесуші инемен трепан - биопсия


Slide 1

Студенттік өзіндік жұмысы

Дисциплина:Патологиялык анатомия

Мамандығы:Стоматология

Кафедра: Патологиялық анатомия

Тақырыбы: Биопсиялар. Түсінік. Биопсия түрлері. Маңызы.

Slide 2

(био және грек. opsіs - көру) - аурудың сипатын анықтау үшін науқас адамның зақымданған тінін кесіп алып, морфологиялық әдіспен тексеру.

Биопсия әдісі 19 ғасырдың ортасынан медицинаға ене бастады. Биопсия арқылы алынған затты биоптат деп атайды. Оны әр түрлі жолдармен кез келген органнан алуға болады. Биопсия, негізінен, хирургияда, урологияда, онкологияда, гастроэнтерологияда және пульманологияда кеңінен қолданылады.

Биопсия

Slide 3

Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттері:

дигностикалық биопсия жүргізу кезінде алынған биопсиялық материалын зерделеуде (эндоскопиялық биопсия, трепанбиопсия, жатыр қуысынан қырып алу, паренхиматоздық ағзалардан жіңішке инемен биопсия алу және т. б. ) . Бұл зерттеудің мақсаты диагнозды қою және анықтау болып табылады;

диагнозды анықтау мақсатында отадан кейінгі материалды зерделеуде (ағзаларды, тіндерді қырып және кесіп алып тастау) ауру сатысын, жүргізілген химиотерапиялық емдеудің тиімділігін бағалау; жүргізілген отаның түбегейлілігін бағалау;

өлімнің себебтерін белгілеу, сол немесе басқа кезеңде жіберліген қателерді анықтау, жүргізілген емнің дұрыстығын бағалау үшін қайтыс болған науқастың ауруының тарихын талдауға қосатын аутопсиялық зерттеу жүргізуде мәйітті ашу және алынған нәтижелерді салыстыру.

Slide 4

Ішек-қарын және тыныс алу жолдарынан биоптат аспирация жолымен алынады, яғни зақымданған органдарға жарық беретін, ұшында арнайы пышақшалары бар жіңішке түтікше аспаптар (гастрофиброскоп, бронхоскоп) енгізіледі, сол жерден кішігірім тін кесіп алынады. Бауыр, бүйрек, талақтан пункция әдісімен (теріні жуан инемен тесу арқылы) сұйық зат сорылып алынады.

Slide 5

Мидан, жілік майынан биоптат алу үшін трепанация әдісі арқылы алдымен сүйекті тесіп, жуан инемен ауырған жерден сұйық алынады. Биопсияның, әсіресе, қатерлі ісіктерді анықтаудағы маңызы зор, сондай-ақ, қатерсіз ісіктердің немесе созылмалы сырқаттардың қатерлі ісікке айналуының алғашқы белгілерін тек биопсия әдісі арқылы ғана анықтауға болады. Биопсияны науқасқа операция жасап жатқан кезде кездейсоқ байқалған сырқаттарды анықтау үшін де қолданады.

Slide 6

Зерттеудің инвазивті әдістері

Маммография және УДЗ сияқты диагностикалау әдістері, өкінішке орай, сүт безінің тіндерінде өзгерістердің сипатын бағалай алмайды. Ісіктің қатерлі немесе зарарсыз болуын тек биопсия ғана анықтай алады.

Slide 7

-Пункциялық жіңішке инелі аспирациялық биопсия. Оны орындағанда қарапайым ұзын ине және шприц қолданылады.

Жуан кесуші инемен трепан-биопсия. Бұл жағдайда арнайы ойықшасы және стилеті бар айрықша ине қолданылады, ол сүт безі тінінің кішкене бөлігін (1-2 мм) кескендей болады.

Емшекұшынан шығатын сұйықтың жағындысы. Оны алғанда әйел арнайы шыныға емшекұшынан шығатын ірің жағындысын сығады, содан кейін зерттеу жүргізіледі.

Сүт безінде обыр өзгерістері бар болған жағдайда одан да кеңейтілген операция жүргізіледі.

Шұғыл гистологиялық зерттеумен эксцизиялық биопсия. Биопсияның бұл түрінде емделушіге жергілікті ауырсынуды сездірмейтін дәрілер беріліп, дәрігер сүт безінің күдікті бөлігін толық кеседі, содан кейін оны бірден зерттейді.

Мақсаттарына және жүргізілу әдісіне байланысты биопсияның әр түрлі түрлері бар:

Slide 8

Биопсия түрлері

Slide 9

Жіңішке инелі аспирациялық биопсия

Бұл әдіс сүт безінің пальпацияланатын (яғни сипап сезуге болатын) ісіктерге биопсия жүргізу үшін қолданылады. Емшара орындалған кезде емделуші бір орында отырады. Сүт безінің терісінде биопсия жүргізілетін орын белгіленеді және ол антисептикпен өңделеді. Ине сүт безінің қалың тініне енгеннен кейін шприцтің піспегі бірнеше рет тартылады. Бұл тәсілмен шприцке ине арқылы сүт безі тінінің кішкене мөлшері сорып алынады. Егер жылауықтың пункциясы жүргізілсе, онда жылауықтан сұйықтық сорып алынады. Жылауықтан бүкіл сұйықтық алынғаннан кейін жылауықтың жарықшасы азаяды және ол себепші болған ауру сезімі кетеді.

Slide 10

Стереотаксикалық жіңішке инелі биопсия.

Биопсияның бұл әдісінде иненің көмегімен ісіктің әр түрлі жерлерінен тіннің бірнеше үлгісі алынады. Егер ісікті сипап сезу мүмкін болмаған жағдайда, онда маммография немесе УДЗ көмегімен биопсия орындалады. Емделуші арнайы үстелге шалқасынан жатады. Одан кейін инені енгізудің нақты орнын білу үшін әр түрлі бұрыштан маммографияның немесе УДЗ бірнеше суреттері түсіріліп, олардан көлемді бейне құрастырылады.

Slide 11

Биопсияның бұл түрі сүт безі тінінің анағұрлым мөлшері үлкен бөлігін алуға мүмкіндік береді. Оны жүргізу үшін кесетін құрылғымен жарақталған жуан ине қолданылады. Биопсияның осы түрінің артықшылығы гистологиялық зерттеуге алынған мөлшері үлкен тіннің бөлігі диагнозды нақтылау қоюға мүмкіндік береді.

Жуан инелі биопсия

Slide 12

Ісікті сипап сезуге мүмкін болмаған жағдайда және ол тіндерде терең орналасқанда биопсияны жүргізу үшін маммография немесе УДЗ қолданылады. Бұл үшін инені енгізудің нақты орнын анықтау үшін көлемді бейне құрастырылады, бұл үшін әр түрлі бұрыштардан маммографияның немесе УДЗ көмегімен бірнеше сурет түсіріледі.

Стереотак-сикалық жуан инелі биопсия.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Жуан инелі биопсия
Биопсия түрлері
Патологиялык анатомияның заманауи зерттеу әдістері
Қалқанша безінің құрылымын ультрадыбысты зерттеу негізінде созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің жиілігін бағалау
Науқасты аспаптық тексеру әдістері
Акупунктуралық нүктелер
Сүт безінің обыры
Тігін машинасының инесі
Шұжық өңдеудің технологиялық жабдықтары
Ісік гартнерового барысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz