Жасанды тістер
Презентация қосу
Студенттік өзіндік жұмысы
Дисциплина:
Мамандығы:
Топ:
Кафедра:
Тақырыбы: Жасанды тістердің түрлері. Таңдау және
орналастыру ерекшеліктері.
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
1. Ғалымдардың пікірі.
2. Тістерді протездеу
3. Ортопедиялық стоматология протездеудің түрлері.
4. Имплантология.
5. Алдыңғы қатарлы технологиялар
I. Қорытынды
II. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Жасанды тістер . Медицина ғылымының ерте
заманғы жаңалықтарының бірі екендігін
археологиялық қазба жұмыстарынан білеміз.
Алғашқы жасанды тістер ағаштың кейбір қатты
түрлерінен, өгіз, піл сүйектерінен жасалған. Осы
күнгі ең әдемі де берік материал — фарфор.
Оның эстетикалық қасиеті жоғары әрі
гигиеналық талғамға сай. Соңғы жылдары
пластмассадан істелген тістер арзандығымен
және жасалу жолының ыңғайлылығымен көп
қолданылады. Сондай-ақ тот баспайтын болат,
алтын қорытпасынан және металды керамикалық
тістер әдемілігімен және беріктігімен
ерекшеленеді.
Ғалымдардың пікірі:
Ғалымдар жоқтан бар жасауды үйреніп келеді. Жасанды тісті барынша
мінсіз етуде ағылшын ғалымдарының еңбегін атамай өтсек әділдік
болмас еді. Қаралушының тіс үлгісін пайдалана отырып жасалған
гибридтің адамның табиғи тісінен өзгешелігі жоқ. Ғалымдар болашақта
ауру тістер мен түсіп қалған тістердің орнына жаңа әрі тірі тіс қою
мүмкін болады деп болжапты.
Тіс жиегінен алынған жасушалары мен тышқан эмбриондары бойынша
жасалып шыққан «гибридті тіс» зертханалық тышқанның жағында
өсіріліпті.
Зерттеушілер адам жағында дәл осылай тіс өсіру мүмкін болатын болса
– бұл жаңалық ғылымдағы басты жаңалық болады деп сенеді. Соңғы
бірнеше жылда ғалымдар ауру немесе түскен тістің орнына фарфор
қалбырын темір қысқыштар арқылы қондыру мәселесімен
айналысқан екен.
«Басты мақсатымыз – тіс өсіретін жасушаларды табу болып отыр. Бұл
клеткаларды тапқан соң біз оны науқастың жағына қоныдарамыз.
Ал ол өз кезегінде жақпен байланыс жасап, табиғи түрде тіс өсіріп
шығарады» деп түсіндіреді Лондонның Корольдік колледжінің
профессоры Пол Шарп.
Шарптың айтуынша, «био-тіс» адам тіс жиегінің клеткалары мен
тышқанның стволдық жасушаларын араластыру тістің өсуіне
ықпал жасап, оның жақпен қабысып кетуіне әсер етеді екен.
Бұл жаңалық стоматологиялық зерттеулер журналында басылған.
Ең бірінші био-тісті тіс трансплантологиясында қолдануға
болмайды. Себебі оның құрамында жануарлардан алынған заттар
бар. Сөйтіп, бұл тәжірибе тірі тіс жасауға болатынын дәлелдеп
берген.
Пол Шарп
Толықтай алынбалы-салынбалы табақшалы
протездер
Бұрынырақ алынбалы-салынбалы табақшалы протездер каучуктан
жасалатын, ал қазір стоматологиялық акрил пластмассасынан
дайындалады, сондықтан да құрастырма көпке дейін өзінің пішінін,
түсін, тығыздығын, беріктігін сақтап тұрады (каучуктан жасалған
протездің бір кемшілігі - ауаға желінетін).
Алынбалы-салынбалы табақшалы протездің бөліктері:
қызыл етті қайталайтын базис
жасанды тістер
протезді табиғи тістерге ұластыратын механикалық қондырмалар
(кламмер, аттачмен, т.б.).
Алынбалы-салынбалы табақшалы протездің базисі –пластмассадан
жасалған табақша. Базиске жасанды тістер орнатылады. Тамақ
ішкен кезде шайнау жүктемесі базис арқылы протез төсемшесіне
(протез астындағы ұлпалар) өтеді.
Алынбалы-салынбалы табақшалы протездер жоғалған
тістердің орнын толтырудың кейде ең жалғыз, ең арзан
тәсілі болып табылады, алайда олардың өз кемшіліктері
бар:
дәм сезуді және сөйлеу қызметін нашарлатады;
протез астындағы атрофияға ұшырауы мүмкін,
сондықтан оған жол бермес үшін протездіқайта
орнықтыруды уақытында жүргізіп отыру керек;
базистің материалы аллергиялық реакцияларды
туындатуы мүмкін (соның ішінде аллергиялық стоматит);
таяныш тістерге жалғасатын базистер мен кламмерлер
тістің түбінде кариестің пайда болуына және
патологиялық тіс-қызыл ет қалталарын түзіп, пародонтқа
апарып соқтыруы мүмкін.
Алынбайтын протездер бір немесе бірнеше жасанды
тістерден тұратын, тіс қатары кетігін толықтырып, көрші
тұрған абиғи тістерге бекіткіш элеметтермен бекітілетін
құрылым. (имплант, сауыт, салма)
Жартылай алынбалы-
салынбалы табақшалы
протездер
Тістерді протездеу шартты түрде
алынбалы-салынбалы табақшалы
протезмен жүргізілуі мүмкін. Бұл
құрастырма бір немесе бірнеше тіс
түскенде қолданылады, бүтіндікті
қарапайым тәсілмен қамтамасыз
етеді -протез көршілес сау тістерге
арнайы құрылғының көмегімен
бекітіледі. Бұл әдіспен протездеу
әрі сенімді, әрі шыдамды, күн
сайын алып-салудың қажеті
болмайды. Ең бастысы -ауыз
қуысын дұрыс күту қажет.
Металлкүйіктасты жасанды тіс
Металлкүйіктасты жасанды тіс екі мәселені шешуге
мүмкіндік береді: өз тістеріңізге шайнау функциясын
қайтару және әсем күлімсіреуге қол жеткізеді.
Металлкүйіктастан жасалған жасанды тіс — бұл
алынбайтын аралас протез. Оны металлдан және
күйіктасты қаптауынан өндіреді. Тіс функциясы
металлды каркастан жасалады. Фарфор (қаптамасы)
табиғи эмаль еліктеуіші болып табылады. Оның реңі
тістің түсіне қарай таңдалады. Сол себептен, протез
табиғи тістен ерекшеленбейді. Жиі металлкүйітас
көпіршелі протез болып, тістің басқа бөлігі жасанды
тістер үшін тірегі ретінде қызмет етеді.
Металлкүйіктастың ерекшелігі:
- Протездер сыртқы ықпалдарға төзімді
- Кез келген тісті протездеуге болады
- Жасанды тістердің рәсімінен кейін оны табиғи
тістен айыра алмайсыз
Металлкүйіктастың кемшілігі:
- Табиғи тістердің қабығы егеледі
- Күйіктас опырыла алады
- Металлкүйіктастпен жанасу кезінде табиғи тіс
тозады
- Қызыл иекте сұр қабық пайда болады (металлдың
тотығу себебі)
Бюгельдік протездер
•Бюгельдік тіс протездері шағын, ыңғайлы, берік, дәстүрлі табақшалы
протездермен салыстырғанда шайнау жүктемесі табиғи сияқты таралады.
Bugel деген неміс сөзі «доға» дегенді білдіреді, шын мәнінде бұл
ортопедиялық құрастырма тек қызыл етке ғана емес, сақталған тістерге ілігіп
тұратын доға тәрізді.
•Бюгельдік тіс протездері негізгі артықшылықтары –протезге тез үйрену
және протезді түнде шешудің қажет еместігі. Бюгельдік тіс протездері
сөйлеуге әсер етпейді және тамақ ішкенле қолайсыздық тудырмайды.
•Икемді тіс протездерінің үлкен кемшілігі -табақшалы протездермен
салыстырғанда құнының жоғары болуы. Сондай-ақ кемшіліктеріне таяныш
тістерді дәрмектеудің және оларға тіс қаптамаларын орнату қажеттігі, протез
материалының аллергиялық реакция туындату ықтималдығы жатады.
•Бюгельдік протездің құрамы:
•доға, ол жалғау, тұрақтандыру және таяныш қызметтерін атқарады; доға
құйылған темір жолақтан тұрады, оның төменгі жағы тілдің астымен табиғи
тістерден 3–4 мм төменде, жоғарғы жағы –таңдаймен, шырышты қабаттан
0,5 мм бері қарай орналасады;
Бюгельдік протез
Винирлер
тістің үстіңгі қабатына арнайы құраммен
бекітілетін өте жұқа фарфор
пластинкалар. Винирлер тісті аз ғана
өңдеу арқылы орнатылады: егер кәдімгі
коронкаларды орнату үшін тістің біраз
бөлігі егелетін болса, винирлерді салу
үшін эмальдің жұқа қабығы ғана
алынады. Ең бастысы тіс «тірі» күйінде
сақталады. Винирлердің тағы бір
артықшылығы – оны қажет болса
тістерге ешқандай зақым келтірмей алып
тастауға болады және оған үйрену үшін
уақыттың қажеті жоқ. Винирлер өте
берік болғандықтан, қалаған асыңызды
еркін шайнап жеуіңізге болады.
Нейлон протездер
Икемді тіс протездері –алынбалы-салынбалы протездердің жаңа
түрі. Икемді тіс протездері термопласттан –жартылай мөлдір, эластик
материалдардан жасалады, олардың құрылымы ауыздың шырышты
қабатын қайталауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ондай
термопласттардың сан алуан түрлері болғандықтан жеңіл, темір
қосылмаған протездерге жасауға мүмкіндік мол.
Икемді тіс протездерінің қолданылуы аясы өте кең:
протездер жартылай ақауларды сонымен бірге толық ақауларды
алмастыру үшін қолданылады;
Икемді протездерді бруксизмді, төменгі жақ буын ауруларын емдеу
үшін қолдануға болады;
икемді протездер аллергияға бейім науқастар мен тістерін
дәрмектеуге тыйым салынған науқастар (өтпелі жүрек-қан тамыр
аурулары, эпилепсия және т.б.) үшін қолайлы;
Икемді тіс протездерінің
артықшылықтары:
әсемдігі (айналасындағылардың
назарын аудармайды), икемділігі,
жеңілдігі, серпімділігі, аса
беріктігі;
ауыз қуысының ұлпаларымен
сәйкес келуі, аллергиялық және
улану реакцияларының болмауы;
протезге тез және ауырсынбай
үйрену;
табиғи тістерді, шырышты
қабатты алдын-ала дайындаудың
қажет болмауы, т.б
Имплантология
Стоматология аймағындағы оқымыстылар жаңа бағытты
ойлап тапты- имплантологияны.Бұл бөлім тістерді тіс
имплантатарының көмегімен қалпына келтіруге арналған.
Иплантат- жоғары және төменгі жақ сүйектеріне
кіргізілетін, жасанды тіс түбірі. Ең соңында оған тістің
орнын толтыру үшін қаптама кигізіледі.Тіс имплантаты
аллергиялық реакция тудырмайтын титан немесе циркония
металлынан дайындалады.
Имплантация – сау күлімсіреуді ұзақ жылдарға сақтаудың
ыңғайлы жолы.
Имплантация науқас үшін күрделі емес және қатты
ауыртпайтын хирургиялық іс-шара болып табылады.
Имплантациялық жүйесін таңдау және есептеуін тек хирург
– имплантолог жеке консультация жүзінде ғана іске асыра
алады.
Тіс имплантацияысының ерекшелігі:
- Қасындағы тәуір тістер зақымдалмайды
- Протездеудің басқа түрімен салыстыруға келмейтін
ыңғайлылық пен жайлылық
- Имплантаттарды қолдану алынбайтын протезді жасауға
мүмкіндік береді
- Имплантаттардың қолдану мерзімі көпіршелі протезге
қарағанда шамамен 2 есе артық болып табылады
- Жақсы косметикалық әсер
Имплантация – сау күлімсіреуді ұзақ жылдарға сақтаудың
ыңғайлы жолы.
Имплантация науқас үшін күрделі емес және қатты
ауыртпайтын хирургиялық іс-шара болып табылады.
Имплантациялық жүйесін таңдау және есептеуін тек хирург
– имплантолог жеке консультация жүзінде ғана іске асыра
алады.
Алдыңғы қатарлы технологиялар
• Қазіргі таңда CAD/CAM жүйесі ортопедиялық стоматологияға
енгізілді. CAD/CAM үрдісінде (Computer Aided Design --
Computer Aided Manufacture) сандық көлемдегі сканерлеу
арқылы алдыңғы ақпараттарды алып, оны арнайы
компьютерге жіберіп, осы компьютермен басқарылатын
автомат-станокпен өңделеді.
CAD/CAM жүйесінің аппараттары 3элементтен тұрады:
1) 3D (үш өлшемді) сканер;
2) ақпаратты өңдейтін және
болашақ протезді мүсіндейтін
компьютер;
3) реставрация жүргізетін,
компьютермен басқарылатын
автомат– станок.
Пайдаланған әдебиет:
Рузуддинов С.Р., Исендосова Г. Ш., Жаубасова
А.Ж. Материаловедение в ортопедической
стоматологии. Алматы, 2001
Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н., Бычков В.А.,
Аль-Хаким А. Ортопедическая стоматология М,
2007. – 496 с.
Рузуддинов С.Р., Темирбаев М.А., Алтынбеков
К.Д. Ортопедическая стоматология., Алматы, 2011.
– 621 с.
Әлеуметтік желі.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz