Өкпе ісігі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР КАФЕДРАСЫ
Мамандық аты, шифры: 7M05101 - «Биология»
Орындаған: Пангереев Б. С.
Пән оқытушысы: б. ғ. к. , Ыргынбаева Ш. М.
Алматы 2020 ж.
Өкпе ісігі

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Өкпе ісігінің пайда болу себептері
Өкпе ісігінің стадиялары
Өкпе ісігінің диагностикасы
Өкпе ісігінің макро-, микрокөрінісі
Өкпе ісігінің емі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Өкпе ісігінің(бронхогенді рак, бронхогенді карцинома) - әр түрлі көлемде бронхтың эпителиальді тінінен дамитын өкпенің қатерлі жаңа түзілісі. Өкпе рагынан өлім 85%-ды құрайды. Бұл аурумен зардап шегу мен өлім әлемде, әсіресе Ресейде бірінші орында келеді.
Пайда болатын орнына байланысты 2-ге бөлінеді:
Орталық
Перифериялық.

ӨКПЕ ІСІГІНІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Экзогенді:
Темекі шегу(90%) . Темекі түтінінде ісік шақыратын канцерогенді заттар бар (бензпирена, бензантрацен), олар бронхиальды ағаштың кілегейлі қабығының кірпікшелі эпителиін зақымдап рак тууына себеп болады.
Ауыр металдармен жанасу (асбест, мышьяк, никель, кадмий, хром, хлорметил эфирі)
Қоршаған ортаның канцерогенді заттармен ластануы.
Радиоактивті элементтер мен радиоактивті сәулелер.

Экзогенді фактор

Эндогенді:
Генетикалық ауытқулар.
50 жастан жоғары болу.
Өкпенің созылмалы аурулары( туберкулез, бронхит, пневмония, локальды пневмофиброз) .
Эндокринді аурулар.

Өкпе ісігінің стадиялары:
I стадия -ісік көлемі 3см дейінгі өкпенің белгілі бір сегментінде немесе бронхтың сегменттік бөлігінде орналасады. Метастаз болмайды.
II стадия - көлемі 3см дейінгі өкпенің белгілі бір сегментінде немесе бронхтың сегменттік бөлігінде ісік. Пульмональдық және бронхопульмональдық лимфалық түйіндерде жекелеген метастаздар болады.
III стадия - көлемі 6 см жоғары өкпенің көрші үлесіне өткен немесе көрші бронхқа немесе негізгі бронхқа дейін өскен ісік. Метастаздар бифуркацияда, трахеобронхиальдық, паратрахеальдық лимфалық түйінде болады.
IV стадия - ісік өкпе жанындағы ағзаларға сонымен қатар алыс аймақтағы ағзаларға метастаз береді.

Өкпе рагында пайда болатын сыртқы көріністерді бағалау.
Рентгенологиялық диагностика - өкпе рагын анықтауда негізгі әдістерінің бірі. Ауруды 80% анықтайды. Профилактикалық мақсатта флюорография жүргізеді. Егер флюорограммада өзгерістер байқалса, екі проекцияда ренгтгенография және компьютерлік томография жүргізеді. Компьютерлік томография өкпедегі метастаздарды анықтауды тиімді әдіс болып табылады.
Өкпе ісігінің диагностикасы:

Қақырықты цитологиялық зерттеу - өкпе рагыны диагностикасында басты әдістердің бірі. 90 % жасушадағы өзгерістерді анықтауға және морфологиялық диагноз қоюға мүмкіндік береді, тек 1-6 % жағдайда ғана жалған оң нәтиже береді.
Ультрадыбысты диагностика - өкпе қабырғасындағы қатерлі ісіктердің өсуін және өкпе тінінің қараюын анықтауда аса тиімді әдіс. Өкпенің ауасыз тіні арқылы ісікті еш кедергісіз көруге болады. Бұл әдіс кауіпсіз, қарапайым және үнемді. УДЗ ісіктің көкірекаралықтың қай ағзасында орналасқанын және сол ісік қаншалықты сол ағзаны бүліндіргенін нақты анықтап бере алады.


Өкпе ісігінің рентгенографиясы
Пішіні : дөңгелек тәрізді
Көлеңкенің шекарасы: тегіс емес, анық
Көлеңке қоюлығы: орташа

Өкпе ісігі кезіндегі УЗИ

Жасушалық және ядролық полиморфизм жақсы көрінеді және өте атипті алып жасушалардың пайда болуымен бірге жүреді.
Өкпе ісігінің микрокөрінісі

ӨКПЕ ІСІГІНІҢ АСҚЫНУЫ

ӨКПЕ ІСІГІНІҢ ЕМІ
Хирургиялық емдеу - ісіктік кешен толығымен алынып тасталынады (біріншілік ошақ, метастаздар және т. б)
Сәулелік терапия - науқас операциядан бас тартқан жағдайда немесе операцияға қарсы көрсеткіштер болғанда жасалады.
Химотерапия - хирургиялық немесе сәулелік терапия жасауға болмайтын кезде қолданылады. Оның тиімділігі төмен. Алыс аймаққа берілген метастаздарды жоя алмайды. Тек ісіктің көлемін кішірейтуге ғана мүмкіндік береді.
Паллиативті терапия - басқа ем қабылдай алмаған кезде ғана қолданылады. Бұл терапия жазылмайтын науқастардың жағдайын жақсартуға негізделген. Оның құрамында жансыздандыру, психологиядық көмек, детоксикация, паллиативті хирургиялық араласу және ісікпен бірге жүретін өкпе ауруларының емі бар.

ӨКПЕ РАГЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ
Бронхтардың өзін - өзі тазартатын қалыпты қызметінің тежелуі өкпеде қатерлі ісіктің дамуына бірден - бір себепкер болады. Бұл бронхтардың ішкі астарындағы шырышты қабықшадағы цилиндр тәрізді кірпікшелі эпителийдің қызметінің бұзылуына байланысты. Қатерлі ісіктің өсуі мен дамуы бұл сандық және сапалық процес. Өкпе рагының жасушаларының екі еселену уақыты ісіктің гистологиялық түріне және оның пісіп жетілуіне байланысты.

Өкпе қатерлі ісігінің клиника - анатомиялық жіктелуі.
Орталық рак
Атипиялық өкпе рагы
Шеткі рак
1
2
3

Орталық рак:
Эндофитті - бронхтың саңылауына қарай өсетін рак.
Экзофитті - бронхтың сыртын қаптай түйін тәрізді өсетін рак.
Экзофитті - бронхтың
сыртын қаптай
тарамданып өсетін рак.

Шеткі рак:
Дөңгелек немесе шар
тәрізді түйіншік рак.
Пневмония тәріздес рак
Өкпенің жоғарғы ұшының рагы (Пенкост рагы) .

Атипиялық өкпе рагы:
Медиастинальдық түрі.
Милық түрі.
Бауырлық
түрі.
Өкпенің миллиарлық
карциноматозы.
Сүйектік түрі.

Өкпе рагының даму сатылары:
- Ісік көлемі 3 см аспайды, ол бөліктік, сегментарлық және өкпенің шеткі бөлшектеріне орналасып, ішкі өкпе қабына жабыспайды. Аймақтық лимфа түйіндерінде метастазы жоқ.
“а” - ісік көлемі 3 - 5 см аумағында, ол бөліктік сегментарлық және өкпенің шеткі бөлшектеріне орналасады, бірақ бөліктік бронхтан бас бронхқа қарай тарамайды, ішкі өкпе қабына жабыспайды, немесе көлемі шағындау ісік, бірақ ішкі өкпе қабына жабысқан. Аймақтық лимфа түйіндерінде метастазы жоқ.
“б” - ісік көлемі дәл екі “а” даму сатысындағыдай, бірақ бронхопульмональдық лимфа түйіндерінде 1 - 2 метастаз ошағы бар.

III. “а” - ісік көлемі 5 см үлкендеу, ол бөліктік және одан шеткі бронхтарда орналасады, бірақ бөліктік бронхтан бас бронхқа қарай тарамайды, ішкі өкпе қабына жабыспайды, немесе ісік көлемі 5 см кішілеу.
III. “б” - ісік көлемі III “а” дәл даму сатысындағыдай, бірақ аймақтық бронхопульмональдық, трахеобронхеальдық айрықтық кеуде аралық лимфа түйіндерінде бір немесе бірнеше метастаздар бар.

IV. “а” - ісік өкпе аумағынан шығып, іргелес ағзаларға (қабырғаға, көк етке, жүрк қабына, т. б. ) толықтай жабысады. Аймақтық лимфа түйіндеріне метастазы жоқ.
IV. “б” - ісік көлемі IV “а” сатысыдағыдай, бірақ аймақтық лимфа түйіндерінде, метастаздары бар немесе ісік көлемі шағық, бірақ вицеральдық, париетальдық плевраларға метастаздар беріп, ісіктік плевриттен плеврақуысына қанды су жиналады. Тіпті алыс ағзаларғада метастаз береді.

Өкпе рагының клиникалық белгілері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz