ЭЙМС ТЕСТІ ЖӘНЕ ЕКІ САТЫЛЫ ТЕСТІЛЕУ ЖҮЙЕСІ




Презентация қосу
ЭЙМС ТЕСТІ ЖӘНЕ ЕКІ
САТЫЛЫ ТЕСТІЛЕУ ЖҮЙЕСІ
Организмдегі генетикалық өзгерістер оларда тұқым қуалайтын өзгерістердің
және ісік ауруларының негізгі себебі болады.
Мутагендік және канцерогендік арасындағы корреляция туралы мәліметтер
негізінде қатерлі ісіктерді зерттеу жөніндегі халықаралық агенттік (IARC)
ықтимал канцерогендерді анықтау үшін мутагендікке арналған тесттерді
қолдануға кеңес береді.
Дегенмен, ешбір генетикалық тест қосылыстардың мутогендік қасиетін
толығымен анықтап бере алмайды. Сондықтанда, тестілеудің қазіргі кезде
көптеген объектілері белгілі.
Олар:
Прокариоттар (бактерия Salmonella thyphimurium, E.coli, B.subtilis)
Ашытқылар (Sachharomyces cerevisiae, Schizosachharomyces pombe)
Саңырауқұлақтар (Aspergillus nidulans, Neurospora crassa)
Өсімдіктер (Crepis capilaris, Vicia faba, Tradescantia)
Насекомдар (Drosophila melanogaster)
ЭЙМС
ТЕСТІ

Тест объекті ретінде
бактериалардың Salmonella
typhimurium түрін қолданып
жасалынатын генетикалық
тест. Химиялық қосылыстардың
мутагендік және канцерогендік
қасиетін бағалауға арналған
тест. Тестілеудегі оң нәтиже
химиялық қосылыстың
канцерогендік қасиеті болуы
мүмкін екендігін растайды. Ең
алғаш рет бұл әдісті
Калифорния университетіндегі
Брюс Эймс 1970 жылы
сипаттаған.
ТЕСТ ӘДІСТЕМЕСІ
Сынақта гистидин синтезіне қатысатын гендерде мутацияны
жүзеге асыратын Salmonella typhimurium бактериясының
кейбір штаммдары қолданылады (яғни олар өсу үшін
гистидинді жасанды енгізуді қажет ететін ауксотрофты
мутанттар). Сынақ штаммда гистидині жоқ ортада өсу
қабілетін алатын геннің кері мутациясын тудыратын
путативті мутагеннің мүмкіндігін зерттейді. Дегенмен,
сүтқоректілер мен бактериалардың метоболизмінде
айырмашылықтар болғадықтан тестілеуде егеуқұйрық
бауырының сығындысы зат алмасудың имитациясы үшін
қолданылады. Өйткені кейбір қосылыстар, мысалға,
бензапиреннің мутогендік активтілігі жоқ. Бірақ, метоболизм
процесі нәтижесінде оның ыдырауынан түзілген заттар
организмде мутогендік қасиет көрсетеді.
Бактерианы аз мөлшердегі
гистидин бар қоректік ортаға
енгізеді. Бұл олардың бірнеше
уақытқа өсуі мен дамуын
қамтамасыз ету үшін
жеткілікті. Ортада гистидин
біткеннен кейін ортада тек
қана ревертантты колониялар,
яғни, өзінің гистидинін
синтездеу қабілетіне ие болған
колониялар ғана тірі қалады.
Тест 48 сағат ішінде
жүргізіледі. Қосылыстың
мутогендік потенциалы
зерттелген колониялар санына
пропорционал есептеледі.
Кестеде берілген барлық штамдар лабораторияда алынған
Salmonella typhimurium LT-2 штамынан түрлі
мутогендермен әсер ету арқыла гистидинге ауксотрофты
путанттар алынған G-46, C-207, C-3076 и D-3052.
Ванадийдің мөлшері өте көп мұнай өндіруші заводтарда
жұмысшылардың ванадийді организмнен несеп арқылы
шығарылуы 3 есеге артқан. Еңбек өтілі өскен сайын,
несептің құрамында ванадий мөлшері де артқан. Эймс
тестінде осы ванадийдің үлкен мутагендік әсері бар
екендігі дәлелденген.
НӘТИЖЕЛЕРДІ ТҮСІНДІРУДЕГІ
ҚИЫНДЫҚТАР
Бұл топтың бактериалары прокариоттар болғандықтан
адамдарға эктраполяция жасауға үлгі бола алмайды. Тесттің
бастапқы үлгісі бауырда түзілетін метоболиттерді ескермеген.
Тесттің өзгертілген түрінде бауырдың S9 фракциасы
қолданылады.
Оған қоса, нитратты топтағы қосылыстардың кейбірі адам
өміріне ешқандай қауіп төндірмейді, бірақ, Эймс тестінде олар
өтірік – оң нәтиже көрсетеді. Сондай қосылыстардың бірі,
Нитроглицерин – тестте оң нәтиже көрсетеді, бірақ, медицинада
әлі уүнге қолданылып келеді.
Эймс тестінің көмегімен 300 нан астам
қосылыстардың канцерогендік әсері бар
екендігі анықталған. Олардың 90 пайыздан
астамы бактериалық тестте мутогенді екені
дәлелденген.
Эймс тесті бойынша 3000 нан астам
химиялық қосылыстар зерттелінген., олардың
ішінде, өндірістік химикаттар, консерванттар,
пестицидтер, дәсдеуіштер, синтетикалық
полимерлер мен мономерлер және
косметикалық заттар.
АҚШ-та сатылатын шаш бояғыштардың 90

пайызы құрамында мутогендік эффекті бар
қосылыстардан тұратыны дәлелденген. Содан
кейін ғана оның құрамындағы мутогендік
заттарды өзгерткен.
МУТОГЕНДІК ӘСЕРДІ ЗЕРТТЕУШІ БАСҚА
ӘДІСТЕР:
МИКРОЯДРОЛЫҚ ТЕСТ

Микроядро — эукариот
клеткаларындағы олардың
тіршілік етуін қамтамасыз ете
алмайтын, геномы толық емес
ядро фрагменті. Бул фрагмент
патологиялық фрагмент болып
табылады және кез келген
ұлпаның клеткасында кездесуі
мүмкін. Әдетте, микроядро
бөліну циклінің қате жүруінде
немесе апоптоз нәтижесіндегі
ядроның фрагментациясының
нәтижесінде пайда болады.
МИКРОЯДРО КЛЕТКА БӨЛІНУІ КЕЗІНДЕ ПАЙДА
БОЛАДЫ. ЯДРО ТҮЗІЛУІ КЕЗІНДЕГІ БҰЗЫЛУДЫҢ
НЕГІЗГІ 3 ТИПІН АЖЫРАТАДЫ:

Негізгі типтегі
Стандартты микроядро – көлемі
типтегі микроядро Метофаза
жағынан негізгі
сатысына
– көлемі үлкен ядродан
ұқсайтын,
емес, негізгі айырмашылығы
хромосомдардың
ядроға жақын жоқ, бір біріне
құрылымсыз түрі
орналасады жақын
орналасады.
МИКРОЯДРОЛЫҚ ТЕСТ
Микроядролық тестті ең алғаш рет 1970
жылы Шмидт деген ғалым ұсынған.
Микроядролық тест жануарлардың сүйек
кемігіндегі клеткалардың хромосомдарының
аберрациясын зерттеу тестінен кем емес
екендігі дәлелденген. Оның
артықшылықтарына:
Жылдамдығы

Сенімділігін жатқызуға болады
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Оқушыны ҰБТ-ға дайындау жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары
Психодиагностиканың революцияға дейінгі дамуы
Қолданылуы Дәрілік шөптер
Музыканың ағзаға әсері
ҰБТ - 2012 ГЕОГРАФИЯ
Білімді бақылауда интерактивті тақтаны пайдалану мүмкіндіктері
Менің ғылыми жұмысым Турбо Паскаль алгоритмдік тілінде программалау пәніне арналған электрондық оқулық
Эксперттік жүйелер
Классикалық егіз әдіс
География пәнінен ҰБТ-ке дайындау жолдары
Пәндер