Адам қан тамырлары



Тақырыбы: Адам қан тамырлары
Орындаған: Сағатбекова Ақерке
ББ 18-09
Тексерген: Жумагул М. Ж

Жоспар:
1. Қан-тамыр жүйесі.
2. Қан тамырлары: артерия, веналар, капиллярлар.
3. Үлкен қанайналым шеңбері.
4. Кіші қанайналым жүйесі.
5. Қан тамыр аурулары

Тамырлар жүйесі-
сұйықтарды өткізгіш жолдар, туралы ілім ангиология деп аталады. Тамырлар жүйесі жүрек-тамырлық жүйе деп аталады. Сонымен, жүректің тамырлар жүйесіндегі орталық мүше ретінде ерекше маңызы атап көрсетілед. Тамырлар жүйесі қанды тасымалдау өызметін атқарады. Ал қанның құрамында қоректік заттар мен жандырғыш заттар мүшелер мен ұлпаларға жетеді (оттегі, глюкоза, белоктар, гормондар, витаминдер және т. б. ) Олар әртүрлі физиологиялық процестердің іске асуына қатысады. Мүшелер мен ұлпалардан қан тамырлары арқылы зат алмасудың соңғы заттар жетіледі.

Қан тамырлары
Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) - адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.
Қан тамырлары:
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға - артерияларға,
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға - веналарға және
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша - артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша - венула) бөлінеді.

Артериялар. Организмде тамырлардың болатындығы тіптен Аристотель де/ б. д. д. 384-322 жылдар/ болған еді. Айта кету керек, ең үлкен артериялық тамырға қолқа деп ат берген де Аристотель болатын. Жүректен басталып, барлық қан аппаратын тамырлар артериялар деп аталады. Мысалы, Абубали ибн Сина былай деп жазған: «Артериялар жүректі үрлеп, одан түтін буын кетіру үшін және жаратқанның құдыретімен ауаны/пневманы/дененің бөліктеріне тарату үшін жаратқан».

Артериялардың қабырғалары үш қабықтан тұрады. Ішкі қабық, тамырдың қуысы жағыннан эндотелимен астарланған. Оның астында субэндотелі мен ішкі элатикалық жарғақ жатады; ортаңғы қабық, жазық салалы бұлшықет талшықтарының екі қабатынан/сыртқы-ұзын бой, ішкі-айналмалы, циркулярлы/ тұрады. Олардың арасында эластикалық талшықтар болады; сыртқы қабық, дәнекер ұлпалық талшықтардан тұрады. Артерия қабырғасының эластикалық қаңқа құрап, артерия қабырғасына пружина тәрізді жұмыс істейтін серпімділік қасиет береді. /С. И. Шелкунов

Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, ұсақтана береді. Жүрекке жақын артериялар/қолқа мен оның тарамдары/ негізінен қанды өткізу өызметін атқарады. Олар, бәрінен бұрын, жүректің соғуымен итеріліп шығатын қанның көлеміне қарсы тұру қызметін атқарады. Сондықтан олардың қабырғаларында механикалық сипаттағы құрылымдар басым дамыған. Яғни, эластикалық талшықтар мен жарғақтар. Мұндай артериялары артериялардың эластикалық түрі деп атайды. Жүректің соғуының инерциясы әлсіреген орташа және уақ артерияларды қанның әрі қарай жүру үшін қан тамырының қабырғасының өздерінің жиырылуы қажет. Сондықтан оларда жиырылғыштық қасиет басым болады. Бұл жиырылғыштық қасиеті тамырлардың өабырғасында жақсы дамыған жазық салалы бұлшықет ұлпасы қамтамасыз етеді. Орташа артериялардың көпшілігі/ұйқылық, сан, бұғана асты артериялары/ артериялардың аралас бұлшықеттік-элатикалық/түріне жатады. Жекелеген артериялар қанмен тұтас мүшелерді немесе олардың бөліктерін қамтамасыз етеді. Мүшелерге қатысты, олардан тысқары, мүшелердің ішінде тармақтанатын-интраогандық артерияларды ажыратады.

Веналар қанды артерияларға қарағанда қарама-қарсы бағытта-мүшелерден жүрекке қарай тасиды. Веналардың қабырғаларының құрылысы артериялардікі сияқты, бірақ едеуір жұқа. Оларда эластикалық және бұлшықеттік ұлпалар аз, сол себепті бос веналардың қабырғалары қабысады, ал көлденең кесіндісі артериялардың қуысы ашылып үңірейіп тұрады. Әсіріесе веналық саланың алғашқы бөліктері-венулалар өте жұқа. Олар тікелей капиллярлар торынан қалыптасады да веналардың түбірі/басы/ болып табылады. Венулалар, бір-бірімен бірігіп, ірі веналар стволын түзетін, веналарға айналады. Бұл веналық стволдар жүрекке келіп құяды. Веналар өзара кеңінен анастомоз жасайды да веналық өрімдер түзеді.

Капиллярлар алмасу қызметін атқаратын өті жіңішке қыл тамырлар болып табылады. Капиллярлардыңбар екендігі туралы ғалымдар тек 1661 жылы, италия ғалымы Марчелло Мальпиги ашқаннан кейін ғана білді. Капиллярлардың қабырғасы арқылы алмасудың негізгі процесттері жүреді. Осыған байланысты ол жазық эндотелиальдық клеткалардың бір қабатынан тұрады. Капиллярларда жиырылғыш элементтер бар ма, жоқ па деген сұрақ осы күнге шейін біріңғай шешім тапқан жоқ. Өзара кеңінен анастомоз жасап, капилляларлар венаға жалғасатын тор, капиллярлар торын құрады.

Артериялар
Веналар
Қылтамырлар
1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады
Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды
Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады
2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді
Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашар дамыған
Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты
3. Қан қысымы жоғары
Қан қысымы өте төмен
Қан қысымы шамалы
4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады
Теріге жақын да, тереңде де жатады
Дененің барлық мүшелеріне таралады
5. Ең ірі артерия тамырлары - қолқа және өкпе артериясы
Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары - төменгі, жоғары куысты веналар және 4 өкпе веналары
Қылтамырлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ артериялар мен ұсақ веналарды байланыстырады
Қантамырлардың түрлері және олардың құрылыс ерекшеліктері
Артериялар
Веналар
Қылтамырлар
1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады
Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды
Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады
2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді
Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашар дамыған
Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты
3. Қан қысымы жоғары
Қан қысымы өте төмен
Қан қысымы шамалы
4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады
Теріге жақын да, тереңде де жатады
Дененің барлық мүшелеріне таралады
5. Ең ірі артерия тамырлары - қолқа және өкпе артериясы
Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары - төменгі, жоғары куысты веналар және 4 өкпе веналары
Қылтамырлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ артериялар мен ұсақ веналарды байланыстырады

Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия ұантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді.
Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Венақаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.

Қан айналу жүйесі- жүрек- тамыр жүйесінен тұрады және ұлпаларға тұрақты түрде қан жеткізіп тұратындықтан метаболизм үрдісін сақтап отырады. Систола кезінде (жүректің жиырылу) қан сол жақ қарыншадан аортаға түсіп, ары қарай үлкен артерияға таралады. Диастола кезінде (жүректің босаңсуы) аорта қалқаншалары жабылады да қан ағзаны аралай отырып, көк тамыр арқылы оң жақ қарыншаға құйылады.
ҚАН АЙНАЛУ.
Қан адам ағзасында үнемі қозғалыста болады. Олардың ағу жылдамдығы өте жоғары, бүкіл қан бар-жоғы 23 секундта денедегі бар қан тамырларынан ағып өтеді. Қанның ең негізгі атқаратын қызметінің бірі-өкпеден алып шыққан оттекті ағзадағы барлық тіндерге жеткізу. Бұл процесс қан айналу жүйесі арқылы іске асады. Қан айналу жүйесінде -кіші немесе өкпелік қан айналу шеңбері және үлкен немесе жүйелік қан айналу шеңбері ажыратылады. Кіші қан айналу шеңбері оң жақ жүректен басталып, қан өкпе артериясы, ұсақ тамырлар (капиллярлар) және төрт өкпе венасы арқылы сол жақ жүрекке келіп құяды. Кіші қан айналу шеңберімен аққан қан өкпеде көмірқышқыл газынан тазарып, оттекпен қанығады. Үлкен қан айналу шеңбері сол жақ жүректен басталып, қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырлар түзеді. Осы ұсақ тамырларға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттектің біраз бөлігін, оның орнына зат алмасу процесінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газын сіңіріп, вена қанына айналады. Осы қан вена қан тамырлары арқылы оң жақ жүрекке келіп құяды. Міне, осыдан кейін қан айналу қайтадан басталады.

Үлкен қан айналым шеңбері
Үлкен қанайналым шеңбері(денелік) барлық мүшелер мен ұлпаларға қоректік заттар мен оттегіні жеткізу.
Ол жүректін сол карын- шасынан (қолқадан) басталады. Артериялық қанды ағзаға алып барады, түсі ашық ал-қызыл болады.
Қолқа мүшелер мен ұлпаларға баратын ірі артерияларға одан әрі орташа, кіші артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді. Капилляр венулаларға, одан әрі веналарға жиналады. Веналар екі үлкен сабауға бірігеді - жоғарғы және төменгі қуысты веналарға, олар барып оң жақ жүрекшеге құяды. Қан айналымның осы жүрген жолы үлкен канайналым шенбері деп
аталады.
Үлкен қанайналым шеңберіне қосымша жүректі қанмен қамтамасыз ететін ушінші кан айналым шенбері бар. Ол қолқадан жүректің тәждік артерияларымен басталып, жүрек веналарымен аяқталады. Веналар оң жақ жүрекшеге құятын тәждік қойнауға қүйылады, ал ұсақ веналар жүрекшеге тікелей ашылады. Аймактык канайналым. Жалпы қанайналым жүйесі үлкен және кіші қанайналым шеңберімен дененің әр мүшелерімен аймақтарында қызметтеріне байланысты және керек етілуіне байланысгы жүмыс істейді. Осыған байланысты жергілікті немесе аймактық қанайналымды ажыратады. Ол магистральді және мүшенің езіне тән қүрылысы бар мүше тамырларымен жүзеге асады.

Кіші қанайналым шеңберінде (өкпелік) қан өкпеде оттегімен байытылады. Ол оң жақ қарыншадан басталады. Оң қарыншадан өкпе сабауы шығып, өкпеге жақындағанда оң жақ және сол жақ өкпе артерияларына бөлінеді. Олар өкпеде ірі, орташа, кіші көлемдегі артерияларға, артериолаларға, капиллярларға бөлінеді.
Капилляр торындағы қаннан өкпе көпіршіктеріне көмір қышқылын алып келіп, оттегіні алады (өкпелік тынысалу) . Оттегіне қаныққан қан ал қызыл түске боялады да, артериялық қанға айналады. Қан төрт өкпелік венаға бірігетін, капиллярдан венулаға және венаға түееді де(әр бір жағынан екеуден), сол жақ жүрекшеге құйылады. Сол жақ жүрекшеде кіші Қанайналым шенбері аякталады. ал жүрекшеге түскен қан сол жақ атриовентрикулярлық тесік арқылы сол жақ қарыншаға өтеді де үлкен қанайналым шеңберіне жалғасады.
Кіші қан айналым шеңбері

ҚАН ҚЫСЫМЫ
Қан- қан тамырлары арқылы белгі бір қысыммен ағады. Кейде қан тамырыңды жарақаттап алсаң, қанның жарадан қалай аққанын, тіпті фонтанша атқылағанын көресің, яғни бұл қанның қысымының әсерінен ағуы. Жүрек насос сияқты жұмыс жасап, қанды артерияға қарай итереді, соның нәтижесінде қан тамырларында қысым пайда болады. Негізгі артерияда қан қысымы жоғары, жіңішке артерияларда қысым төмен, ал венада өте төмен болады. Қан қысымын арнайы аспап- тонометрмен өлшейді. Адамның қалыпты жағдайдағы қан қысымы, жүрек жирылғанда-120 миллиметр сынап бағанасына жуық, ал жүрек босаңсығанда -70 миллиметр сынап бағанасындай болады. Қарт адамдардың қан тамырларының созылғыштық қасиеті төмен болғандықтан, оларда қан қысымы жоғары болады. Кейде жас адамдардың да қан қысымы қалыпты мөлшерден жоғары болуы мүмкін, ондай жағдайда бұған гипертония ауруының белгісі деп қарау керек.

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz