Вена қан тамырлары


Slide 1

Тақырыбы: Адамның тамырлар жүйесі

Орындаған: ББ 18-09

Рауан Аружан

Қабылдаған: Жумагул М. Ж.

Slide 2

Жоспары

Тамырлар жүйесі

Жүректің орналасуы мен құрылысыы

Артерия. Вена қан тамырлары

Қан айналым шеңберлері

Slide 3

Тамырлар жүйесі

Тамырлар атқаратын қызметіне және морфологиялық құрылысына байланысты қан айналу жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы жүрек.

Қызметі:

- Қан мен лимфаның денеде үздіксіз айналыста болуын қамтамасыз етеді.

- Мүшелердің арасында гуморальдық байланысты реттейді, ішкі секрпеция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп, жалпы дененің қызметіне әсер етеді.

- Оттегін жасушаларға және олардан көмірқышқыл газын өкпеге тасымалдайды.

- Тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды сыртқа шығарады (мочевина, қандық азот, т. б. ) .

- Жылудың, су мен минералды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды.

- Қорғаныс қызметін атқарады.

Slide 4

Жүректің орналасуы

Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүрек көкіректің үштен екі бөлігінде дененің орта сызығынан - солға, ал үштен бірі оңға ауып, II - V қабырғанын араығында орналасқан.

Slide 5

Жүрек (сердце, соr) - ырғақты жиырылып босаңсуы нәтижесінде қанды венадан тартып алып, артерия қан тамырына айдайтын бұлшық етті тақ мүше. Жүректің пішіні конусқа ұқсайды. Конустың ұшы төменге солға-алға, табаны жоғары-артқа оңға қараған.

Жүректің негізі (основание сердце, basis cordis) кеуденің ортлық сызығынан 8-9 см сол жақта, V-ші қабырға аралығына дейін жетеді. Жүрекке орта есеппен 250-300 см3 көлемде қан сыяды. Жүректің салмағы ер адамдарда - 300 г, ал әйелдерде - 250 г, орташа ұзындығы - 13 см, ені 10, 5 см, қалыңдығы - 7 см.

Жүректің 5 бетін ажыратады:

1. Алдыңғы-төстік беті.

2. Артқы-көкірекаралық беті.

3. Төменгі-диафрагмалық беті.

4. Бүйір-өкпелік беті.

5. Жоғарғы-тамырлық беті.

Slide 6

Жүректің камералары:

Оң құлақша (artium dextrum) - артында кеңейген, алдында тарылған құлақша. Оң құлақша мен сол құлақшаның аралығындағы пердеде шұңқыр бар. Ананың құрсағында бұл жерде ашық тесік болады. Бала туғанда тыныс алуымен бұл тесік жабылып, орнында шұңқыр қалады. Оң құлақшаға екі қуыс вена құяды. Оң құлақша мен қарыншаның арсында тесік бар. Тесікті уш жақтаулы қақпаша жауып тұрады. Бұл арқылы қан құлақшадан қарыншаға өтеді.

Оң қарынша (ventriculus dexter) сол қарыншадан ет пердесімен бөлінген. Оның қуысы екі бөліктен тұрады. 1. Артқы -қарынша бостығы 2. Артерия түтігі. Артерия түтігі жоғарысында өкпе сабауымен жалғасады. Оң қарынша қуысының ішкі бетінде үш бұлшықет өсіндісі - емізік бұлшықеттері орналасқан. Олардан жақтаулы қақпашаларға сіңір талшықтары тартылған.

Slide 7

Cол құлақша (artium sinister) оң құлақшаға ұқсап, арты кеңейген, алды тарылған. Кеңейген бөлігіне төрт өкпе венасы құяды. Бұл веналар арқылы жүрекке артери қаны құйылады. Құлақша-қарынша тесігі арқылы қан құлақшадан қарыншаға құяды, оны екі жақтаулы қақпаша жауып тұрады.

Сол қарынша (ventriculus sinister) ішкі қабырғасында екі емізікше бұлшықет сіңір талшықтары бар қуыс. Қуыстың алдыңғы, жоғары бөлігінен қолқа тесігі ашылады. Оны жарты ай тәріздес қақпақтар жауып тұрады.

Slide 8

1 - сол жақтағы бұғана асты артериясы; 2 - оң жақтағыбұғана асты артериясы; 3 - қалқаншамойын бағаны; 4 - сол жақтағы жалпы ұйқы артериясы; 5 - йық - бас сабауы; 6 - қолқа доғасы; 7 - жоғарғы қуыс венасы; 8 - өкпе сабауы; 9 - жүрек аралық қалта; 10 - сол құлақ; 11 - оң құлақ; 12 - артериалды конус; 13 - оң өкпе; 14 - сол өкпе; 15 - оң қарынша; 16 - сол қарынша; 17 - жүрек ұшы; 18 - плевра; 19 - көкет

Slide 9

Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады:

Эндокард қабаты жүрек қуыстарын іштен қаптап тұрады. Эндотелий серпімді талшықтарға бай, бірыңғай салалы бұлшық ет пен дәнекер ұлпалы эндотелий асты қабатынан пайда болған. Эндокард құрылысы жағынан қан тамырлар қабырғасына ұқсас.

Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты миокард көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан және кардиомиоциттерден тұрады. Кардиоциттер мен бұлшық ет талшықтары бір бірімен ілмектеніп торланған. Олрдың құрылысы жүрекшелер мен қарыншалардың толық ырғақты жиырылуын қамтамасыз етеді.

Эпикард - жүректің сыртқы қабаты. Перикард пен эпикард арасындағы саңылауда сұйықтық бар.

Slide 10

Артерия. Вена қан тамырлары

Артерия қан тамыры қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең үлкен артерия қан тамыры- қолқа, екіншісі- өкпе сабауы. Артериялар ірі, огрта, майда және орналасуына байланысты мүшелердің сыртындағы және олардың ішіндегі артериялар болып бөліндеді. Мүшенің артериясы артериолаларға тармақталып, капиллярларға жалғасады. Артерияның қабырғасы ішкі, орталық және сыртқы үш қабаттан тұрады.

Артерия қабырғалары үш қабаттан немесе қабықтан тұрады: ішкі немесе эндотелий (дәнекер қабатта орналасқан эндотелиалды жасушалардың қабатынан тұрады), ортаңғы (серпімді эластикалық ұлпа және тегіс бұлшық ет талшықтары; бұл қабат неғұрлым қалың және артерия диаметрінің өзгерістерін "меңгереді") және сыртқы - адвентициядан (дәнекер тіннен тұрады) тұрады.

Артериялардың қабырғалары қалың және иілгіштігімен ерекшеленеді, өйткені олар қан қысымына төзуге тура келеді. Артерияның серпімді және бұлшықет элементтерінің арқасында қабырғаларды кернеу жағдайында ұстап тұруға қабілетті, қатты қысқарып, одан кейін қан ағымын біркелкі қамтамасыз ете отырып, босаңсуға болады.

Slide 11

Вена

Вена қан тамыры арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді. қан алдымен венуоллаларға одан мүшелердің ішіндегі майда венаға, одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүреке құяды. Вена қан тамырларының қабырғасы үш қабатты. Бірақ олардың қабырғасы жұқа және серпімді талшықтары аз, ал ішкі қабатында қанды кері ағудан сақтайтын қақпақшалары болады.

Вена қан тамырларында артериялар сияқты қабаттар бар, тек орташа қабығы айтарлықтай жұқа, сондықтан вена тамырының қысылуы оңай. Вена тамырлары қабырғаларының құрылысының ерекшеліктері венаның жүректен төмен немесе жоғары жататынына байланысты. Бірінші жағдайда қан қозғалысы ауырлық күшіне қарсы жүреді: қалыпты қан ағыны үшін атмосфералық қысымнан жоғары қысым қажет. Сондықтан осы веналардың қабырғаларында орташа қабат жүректен жоғары жатқан қан тамырларына қарағанда жақсы дамыған, онда қысым атмосфералық қысымнан төмен. Вена тамыры қабырғасының орта қабығының анатомиялық құрылысының ерекшеліктеріне байланысты үш түрлі вена бөлінеді:

- бірінші түрдегі веналар-тегіс бұлшықет элементтерінен айырылған (ішкі, сыртқы қабықтық, ішкі кеуде және бас сүйектің қуысы вена тамырлары) ;

- екінші түрдегі веналар-дөңгелек тегіс бұлшықет қабаты бар;


Ұқсас жұмыстар
Жүректің жұмысы
Адамның тамырлар жүйесі
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі
Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімі - ангиология
Жүрек қан тамыр жүйесін тексеру әдісі
Ұрықтық қан айналу ерекшеліктері
Капилярлар артерия қан тамырлары вена қан тамырларын байланыстыратын шаштың жуандығынан бірнеше есе жіңішке қан тамырлар
Жүрек қан тамырлары жүйесі
Жүрек тамырлар
Адам қан тамырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz