Мәдениет туралы түсінік
Презентация қосу
Мәдениет түсінігінің
қалыптасу тарихы: даму
генезисі және ерекшеліктері
Орындаған:Сламбек Елдар
Группа:104А СТОМ
Тексерген:Омарғазы Е. Е.
Жоспары:
1. Мәдениет туралы түсінік
2. Мәдениеттау ғылымы
3. Шығу тарихы
4. Мәдениет және өнер
5. Қоғам және мәдениет
6. Адамды калыптастыру қызметі.
7. Мәдени коммуникация
Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым әрі
философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде
XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты.
Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық
мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың
өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа
түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын
зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас
мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын
анықтайды.
Мәдениеттау ғылымы
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-
жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.
Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы
теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының
мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау
мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына
антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті.
Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде
мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда
мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі
тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды
болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде
оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.
Мәдениет және өнер
Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы
кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап,
Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік
туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық
рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз,
қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның
ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке,
сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейін қарастырылған
анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам
әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік
пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған.
Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі
құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни,
Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи
орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан
табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның
табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ.
И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық
алған пендесі.
Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай
жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған
ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы
белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи
анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Фридрих Ницше).
Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі
руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды.
Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени
антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон.
Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп
жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр
мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін
көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды.
Адамдық шовинизмді тежейтін бұл ілімнің негізі
есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:
1.академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты
орта) туралы ілімі;
2.Рим клубының экологиялық түжырымдары;
3.Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік
эволю-циялық теориясы;
4.Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б.
дамытқан гуманистік этика т.б.
Қоғам және мәдениет
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық.
Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық,
үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық,
айырмашылықты естен шығармаған жөн.
Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру
жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың,
этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам
үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары,
бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды.
Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі,
сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған
ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей
қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:
Адамды калыптастыру қызметі.
Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және
оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде
құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек,
адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді.
«Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» . Маугли
— көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік
қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде
ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік,
бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның
таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады,
ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің
алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен
өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік
ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс
әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан
өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы
мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны
шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени
ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғүрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл,
дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін
меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік
санасының жанды буынына айналады.
Танымдық қызметі
Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің
назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан
қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің
негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі
«маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» үғымдары мәдениет пен білімділіктің
іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция)
мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық
адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің
өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың
түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек» . Яғни білімділік
мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі
айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы,
шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары
деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды
бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке
ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы — жақсылық пен жамандықты айырамыз.
Реттеу қызметі
Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен
басқару» атты сөз тіркесі кең етек алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру
тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде
адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айлашарғы үлгілерін
көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына
театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол
елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны
бәрімізге белгілі. Алайда солай екен-ау деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау
мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет — «жабулы қазан емес».
Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте
күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени
үғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, «мәдениетті
адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ,
тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне, киімі сол
кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына
сай адам.
Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет.
Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы,
мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте —
қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды
нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар,
мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет
игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып
қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды
Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа
негізделген. Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп
мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және
тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл
болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени
айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол
—жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — шаң басып жатқан қағаз. Мәдени
болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да
қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық
тағыда басқа түрлерін атайды.
Мәдени коммуникация
Қазіргі уақытты мәдениеттің аудио-визуалды кеңістік кезеңі деп атайды. Жаңа
қарым-қатынас құралдарын — телеграфты, радионы, те¬лефонды, теледидарды,
компьютерді және тағы басқа жетістіктерін ғылыми- техникалық прогресс ала
келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және соған негізделген басқа да мәдениет
институттары (әдебиет, театр, кітапхана, тағы сол сияқтылар) дағдарысқа ұшырап
отыр. Кітапханадан оқушының, театрдан көрерменнің, әдебиеттен ақын-
жазушылардың, өмірден эпистолярлық жанрдың — күнделік, хат, өмірбаян жазу
ісінің қайтқан кезеңі келді. Көп ойланып, көп толғануды, өзіндік сананың
рефлексиясын қажет ететін процестер бірте-бірте ұмыт қалуға айналды. Адамдар
менталитеті өзгеріске ұшырады. Электрондық коммуникацияның
шапшандылығының арқасында тек көз арқылы дүниені танып-білу мүмкін емес
болып отыр. Бүгінгі күнге ештеңені қалт жібермей еститін «саққұлақ» пен
ештеңені мүлт кетірмей аңғаратын «көреген» қажет. Осы екеуінің симби¬озы
арқылы ғана біз қар көшкінінің қарқынындай ақпараттық экспансияға төтеп бере
аламыз. Біртұтас электрондық байланыс біздің планетаны «үлкен ауылға»
айналдырып отыр. Индивидуалистік жекешілдіктің орнын альтруистік
«елжандылық», ұлтшылдықтың орнын космополитизм, монологтың ор¬нын диалог
алған кезең.
Қолданылған әдебиеттер:
1. https://ppt-online.org/497708
2.И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва,
1977, с. 252
3.Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет
4.(С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы,
1992, 14-бет)
5.Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар»,
1993, № 1, 8-бет
6.Нуржанов Б. Мир как игра. Игра языка в концепции Деррида.
Ex libris, И. — Алматы, 1996. — С. 3
7.Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
ISBN 9965-485-34-8
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz