АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫ
Презентация қосу
АУЫЗ ҚУЫСЫ
ГИГИЕНАСЫ
Сламбек Елдар
Тістердің бұзылуы, қызыл иектің қабынуы негізінен тіс өңезі мен тіске жабысқан
тамақтан қалған бактериялардың әсерінен болып жатады. Тіс қақтары тамақтан кейін
20 минут өткенде түзіле бастайды. Егер бұл өңезді әр күн сайын тазалап отырмаса,
тістің бұзылуына себеп болады. Өңездің сіресіп қатуынан тіс тастары пайда болады.
Тіс, адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Біз тіс арқылы тамақты
шайнап, қажетті азықты бөліп, қажетінше дәмін сезінеміз. Жақсы
гигиена сақтау арқылы ауыз қуысында түрлі бактериялардың
дамуын тежей аламыз және ауыз қауысы мен тістерімізді
зақымданудан қорғаймыз.
Асқынуы
Тіс өңезі мен тіс тастарының түзілуі төмендегідей асқынуларды
туындатуы ықтимал:
• Ауыз қуысында саңлаудың болуы, одан тістердің құрылымы
бұзылады;
• Гингивит – қабыну, қызару, қызыл иектің қанауы;
• Периодонтит – тісті ұстап тұратын жақ сүйектері байламдарының
бұзылуы, бұдан тістердің түсуі жиі орын алады;
• Ауыз қуысындағы жағымсыз иіс (халитоз);
• Абсцесстер, ауырсыну, шайнай алмай қалу;
• Жүктілікті көтере алмаудан жүрек ауруларына дейінгі көптеген
денсаулыққа байланысты мәселелер
Ауыз қуысы гигиенасы жайындағы келелі кеңестер
Ауыз қуысын таза ұстаса ешқандай мәселесіз, тістер тап-таза көрініп тұрады. Сау қызыл иек күлгін түсті
және мықты болады. Тістеріңіз бен қызыл иектеріңізді аман сақтау үшін төмендегідей кеңестерді
оқыңыз:
• Тісті күніне екі рет тазалаңыз, әсіресе тамақтан кейін және ұйқыдан тұрғанда;
• Тіс тазалағыш жіпті кем дегенде күніне бір рет қоланыңыз;
• Тісіңізді жоспарлы түрде тексерткен кезде тіс дәрігерінің зақымдауынан сақтаныңыз. Көптеген тіс
дәрігерлері кәсіби тіс тазалауын 6 айдан кем уақытта өткізбейді.
• Тісс протездерін таза ұстаңыз. Оларды арнайы ертінділермен тұрақты түрде тазалап, өңдеп тұрыңыз.
Тіс дәрігеріңізбен төмендегідей сұрақтар төңірегінде сұхбаттасыңыз:
• Қандай тіс шеткассын пайдалану керек. Және оны қандай жерге қою қажет. Сізге электірлі тіс
щеткасы ыңғайлы бола ма. Ондай тіс щеткалары, қолмен пайдаланатын щеткадан қарағанда
қаншалықты тиімді.
• Тіс жіптерін қалай дұрыс пайдаланады. Қатты немесе ақырын тартқылаудан қызыл иекке зақым келіп
қалмай ма?
• Ауыз қуысын шаю үшін қандайда бір арнайы заттарды немесе қажетті құралдарды пайдалануым керек
пе?
• Есте сақтайтын нәрсе, кейбір тіс пасталары және ауыз қуысын шаятын заттар адамға зиянын тигізіп
жатады, оларды қолданған дұрыс па?
Тісті тұрақты тазалу, тіс дәрігерімен бірге тіс қақтарын жою, тістің ыңғайсыз жерлерін тазалау, тіс
арасына кірген заттарды тіс жіптерімен тазалап тұру гигиенаның тиімді жолдарының бірі болып
табалады. Тісті кәсіби түрде тазалату арқылы тістің жылтырлығын арттыруға болады. Тістегі қатқан,
майласқан заттарды алу үшін тіс дәрігері арнайы құрылғыларды пайдаланады. Кейде дәрігер жақты
рентгенологиялық түсірілімнен өткізуді талап етуі мүмкін.
Жас балалар мен сәбилердің ауыз қуысында туындаған мәселелер (ерлерде/әйелдерде)
Ауыз қуысындағы проблемалар (ерлерде/әйелдерде)
Адамның тісі оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ
адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу,
тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше
күтімге алған жөн.
Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады:
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс
щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған
щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырыңдар;
2. Қызыл иікті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы
керек.
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер
шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже
береді;
5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған жаман
болмайды.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық
– физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар,
микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік
жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз
қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем — домдық – профилактикалық көптеген тіс
пасталары шығарылады.
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шайыңдар. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру
керек.
Ауыз қуысын тазартатын зат ретінде сағыз резеңке кең таралуы
алды. Алғашқы сағыздардың құрамында қанттың көп мөлшерде
болуына байланысты, олар тісті жұмсақ қақтардаң тазарта отырып,
бір уақытта - тіс жегісінің дамуына әкелді. Қазіргі сағыздардың
30% - шайнайтын негізі (шайыр,парафин), 60% тәттілендіргіштер -
қантты алмастырушылар, сол сияқты, тістің жұмсақ қақтарын
тиімді тазартатын, дезодорациялайтын, қабынуға қарсы және т.б.
қасиеттері бар кұрамдас бөліктерден тұрады. Алайда, барлық
сағыз резеңкелердің жағымсыз қасиеттері бар. Аш қарынға сағыз
резеңкені шайнағанда, ас қорыту бездерінің сөлі қарқынды бөлініп,
гастриттер, асқазанда ойық жара және эрозия үрдістердің
дамуына себеп болады. Шайнау үрдісі сілекей бездерінің үздіксіз
жұмыс істеуіне әкеледі де, ауыз қуысының кілегейлі қабығының
паталогиялық құрғақтануына, оның барьерлік және қорғаныш
қызметінің төмендеуіне, ауыз қуысындағы ас қорытудың
бұзылуына, дисбактериоз, езудің тілініп, қабынуы дамуына әкеп
соғады.
Сағыздарды шайнау нәтижесінде аллергиялық реакциялар, сілекей бездерінің
қатерлі ісіктері, балаларда тістердің үйлесуінін бұзылуына, шықшыт буынының
дисфункциясына, парадонт тіндерінде қан іркілу салдарынан пайда болатын
гиперемияға әкеледі. Сондықтан, сағыз резеңкелерді тек ас ішіп болған соң және
қысқа уақыт ғана шайнау қажет. Сағыз резеңкелерінің қаптамаларында сағыздың
қосымша жағымсыз әсерлері туралы мәліметтер көрсетілуі қажет.
Ауыз қуысының ауруларының алдын алуда ауыз қуысы гигиенасының құралдарын
дұрыс таңдау ғана емес, сонымен бірге, тісті дұрыс тазарту да маңызды роль
атқарады. Тісті күніне кем дегенде, 2 рет - таңертең және кешке тазалау қажет.
Таңертең ұйқыдан соң ауызды сумен шайқап, ас қабылдаған соң тісті щеткамен тіс
сықпасымен тазалайды. Осылай кешке де тісті ұйқыға жатар алдында тазалайды.
Тазарту уақыты 3-4 минуттан кем болмау керек, тіс щеткасының қозғалысы
көлденең ғана емес, сонымен бірге сыпырып, дөңгелетіп тазарту қажет. Тістің қызыл
иекке өтетін жерін тазарту үшін, тіс щеткасын тіске 45º бұрышпен ұстау керек.
Гигиеналық мақсатта тісті таңертең және кешке ғана емес, сонымен бірге әрбір ас
қабылдағаннан кейін тазартып отырған дұрыс. Дамыған елдерде тұрғындар екі тіс
щеткасын пайдаланады: бірі үйде, ал екіншісі – жұмыс орнында. Әр тамақтанғаннан
соң тістердің арасын флосстармен (арнайы шығарылған нейлон жібі), тіс
тазартқыштармен немесе аз шоғырлары аз тіс щеткаларымен тазарту керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz