Тіс щеткасын дұрыс пайдалану



Кариестің пайда болу себептері және олардың профилактикасы
Сламбек Елдар

Тіс кариесі - тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы; өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Карие тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен стрептококк бактериясы әсер етеді. Бактериялардың әр түрлі тәтті тағамдарды көп жегеннен қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар тіс кариесінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау (тамақта көмірсудың көп болып, белок, витамин, кальций және фосфор тұздарының жетіспеуі), тісті дұрыс күтпеу өз әсерін тигізеді. Ауру тістің сыртында кішкене ақ дақтың пайда болуынан басталады. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, процесс тіс қуыстарының жұмсақ тіндеріне таралып, тістің эмалі босап, жұмсара бастайды. Тіс, әсіресе, тәтті не қышқыл тағам жегенде ауырады. Ауырған жерде тістің дентині шіріп, ойылады. Осы кезде емдемесе, одан әрі тіс ұлпасы (жүйкесінің ұшы) зақымдалып, ойық тереңдей түседі, соның салдарынан пульпит ауруы (тіс ұлпасының қабынуы) дамиды: Кариестің одан әрі асқынуы салдарынан тіс айналасындағы тіндердің (периодонтит) және сүйек қабығының (периостит) қабынуы мүмкін. Асқынудың аса ауыр түрлері: жақ сүйегінің қабынуы (остеомиелит), сонымен қатар жақты жауып тұратын жұмсақ тіндердің едәуір мөлшерде іріңдеуі (абцесс, флекмона) байқалады. Егер кариес қуысында тамақ қалдығы қалса, ол жерге микроб жиналады. Мұндай тіс - жұқпалы аурулардың көзі: бадамша безіне бактериялар түсіп, жиі-жиі баспаға ұшыратады. Одан басқа жиі кездесетін тіс аурулары: пародонтит, қанжел (пародонтоз), онда тіс түбірлері жалаңаштанып, оларда тіс тасы орнығады, қызылиек қабынады, іріңдеп, ақырында тіс босап, түседі. Аурудың алдын алу шаралары: дұрыс тамақтану, ауыз гигиенасын мұқият сақтау, жылына 2 рет стоматологқа қаралып тұру

Ең кең таралған ауру - кариес. 100 адамның 99-ы ол туралы жақсы біледі. Кариес - бұл тістің бұзылуы, ол тістің құрамындағы минералдық заттардың еруінен басталып, тістің қатты ұлпасының зақымдалуы мен тесіктердің пайда болуымен аяқталады. Кариес -өте көп таралған ауру. Балалар арасында ол созылмалы аурулардың тізімінде бірінші болып тұр. . Кариестің алдын-алу ең алдымен дұрыс тамақтанудан, ауыз қуысының гигиеналық күтімінен, жүйелі түрде стоматологқа көрініп тұрудан басталады. Ауыз қуысын дұрыс күту үшін күніне екі рет 3-5 минут тісті тазалап (таңғы астан соң және кешкі астан соң), ауыз шаятын құралдарды пайдалану керек. Сонымен қатар жылына 1-2 рет стоматологтың кәсіби тазарту қызметін алған жөн. Кариестің алдын алу үшін фтор қосылған тіс пастасын, фторландырылған суды (концентрациясы 1 мг/л) қолданған абзал.

Кариес «бүліну» деген мағынаны білдіреді. Адамдардың біразында кариестің пайда болуы кезінде эмальдің болмашы ғана қараюы кездеседі. Ал кейбіреулерінде жылдар бойы тіс эмалінің қалпын бұзатын тетіктер пайда болып, тістің зақымдалу процесі тез жүзеге асады. Тісті пломбалау әдісімен кариестен құтылу мүмкін емес. Тіске күтім жасау алдымен дұрыс тамақтану мен тіске қажетті дәрумендерді пайдаланудан басталады. Әсіресе, құрамында кальций, Д дәрумені бар тағамдарды жиі қолдану керек. Сондай-ақ асқазан-ішек аурулары мен қант диабетіне қатысты жиі тексеріліп тұру қажет. Бұл аурулар кариестің пайда болуына бірден-бір себепші. Тістің сау әрі әдемі қалпын сақтаудың ең тиімді жолы - дұрыс күтім мен жылына бір рет болсын тіс дәрігеріне қаралу.

Тіс щеткасын дұрыс пайдалану. Әрбір тіс щеткасының жарамдылық мерзімі - 3 ай. Сондықтан, щеткаңызды жиі ауыстырыңыз және оның тазалығын қадағалаңыз. Тіс щеткалары - қол щеткасы және "автомат" (электрлік, ультрадыбыстық) щетка болып бөлінеді. "Автомат" щеткада ауыстырып тұратын микросаптау мен таймер болады. Олар айналмалы қозғалысты қадағалай отырып, алыс аймақтардағы тіс сарысын да кетіреді. Қол щеткасына келетін болсақ, қылшықтары жиі орналасқан, жұмсақ немесе орташа қаттылықтағыны таңдау керек. Мұндай қылшық тістің арасына оңай кіреді, қызыл иекті зақымдамайды.
Тіс пастасын таңдай білу. Тіс пастасына қойылатын басты талап - оның құрамында фтор болуы қажет.

Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаттары: анатомиялық пішінін және тіс функциясын қалпына келтіру; асқынулардың дамуының алдын алу; тіс қатарларының эстетикасын қалпына келтіру. Емдеу тактикасы: Дәрі-дәрмексіз емдеу: Балансталған және ұтымды тамақтану; Гигиеналық тәрбие, ауыз қуысы гигиенасына оқыту.

Дәрі-дәрмекпен емдеу: Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс - антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды - поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді. Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады. Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек. Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін. Орташа жегіні емдеу [1, 2] : инфекцияланған дентинді толық жойғанға дейін жегілі қуысты механикалық тазалау; жегілі қуысты антисептикалық тазалау; жегілі қуысты пломбалау.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz