Биомеханика жайлы ақпарраттар алу




Презентация қосу
МЕББМ «ҚАЗАҚСТАН-РЕССЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІ»
Стоматология курсы

Бұлшық ет
биомеханикасы
Орындаған:Сламбек Елдар
Группа:104А Стоматология
Тексерген:Уразакынов Д.К.
Тақырыптың өзектілігі:Бұлшық еттердің биомеханикасы
жайлы ақпараттар арқылы білім деңгейін арттыру.
Мақсаты:Бұлшық еттің құрылысын, қызметін және
бұлшық еттердің жырылғыштығы жайлы, олардың
түрлерін, адамда атқаратын негізгі функциясы жайлы толық
мәліметтермен танысу оқу.
Міндеті:Бұлшық ет биомеханикасымен танысу.
Биомеханика жайлы ақпарраттар алу.Бұлшық ет жайлы
қызықты мағлұматтар алу.

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген
омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның
негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы
75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан
тұрады. Адам денесінде 400-ден астам
бұлшық ет бар, олар дене салмағының
40%-дан астамын құрайды.

Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан
жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ
болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта,
қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ
бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық
ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш
басты және төрт басты болып келеді.

Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі:
а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар
тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әртүрлі
қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте
жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық
еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді,
баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады.

Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай
шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады.
Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші;
орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті,
қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады.
Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады.

Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің
жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу
процесі жүйке талшықтары импульстерінің
әсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық
етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен
талшықтары және лимфалық құрылымдар
орналасады.

Биомеханика (био... және механика) — адам мен
жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, сондай-ақ,
организмге сыртқы ортаның әр түрлі
механикалық факторларының (жыл-
дамдық, үдеу, тартылыс күші, т.б.)
әсерін зерттейтін биологияның бір
саласы.
Биомеханика тірі тіндер, органдар және бүкіл
организмнің механикалық қасиеттерін, оларда
байқалатын механикалық құбылыстарды (адам мен
жануарлардың іс-әрекетін, тыныс алуын, қан
айналысын, қан тамырлары мен бұлшық еттердің
серпімділік қасиеттерін, сүйектердің, буындардың,
байламдардың беріктігін, т.б.) зерттейді.
Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі 2/5 бөлігіне дейін
мөлшерді құрайды. • Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда
дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық
болады. • Ең үлкен бұлшық ет - бөксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру
және секіру кезінде артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру
қызметін атқарады. • Ең кіші бұлшық ет- құлақтың түпкі жағында
орналасқын көлемі "1" санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.

Бұлшық ет жүйесі, адамда, барлық омыртқалы жануарларда
және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін
атқарады. Дене қаңқасын жауып тұратын бұлшық еттер
көлденең салалы талшықтардан тұрады. Бұлшық еттер өзінің
пішіні, көлемі, тұрған орны мен атқаратын қызметіне қарай
бірнеше топқа бөлінеді. Бұлшық ет жүйесіне арқа, кеуде, іш,
мойын, бас, қол, иық, білек, аяқ бұлшық еттері кіреді.

Бұлшық еттер жұмыс істегенде организмдегі зат алмасу
процесі одан сайын үдей түсіп, тамырлар арқылы келетін
қан ағыны көбейеді. Бұлшық ет қызметінің күшеюінен оның
қоректенуі жақсарып, салмағы артады (мұны бұлшық еттің
жұмыстық гипертрофиясы деп атайды). Дене мүшелерінің
барлық қозғалысы өзара байланысты, ол шартты және
шартсыз рефлекстер арқылы реттеліп отырады.

Қорытынды: Бұлшық ет қызметтеріне:1- бүгіп, қозғалысқа келтіру; 2
- мойын мен кеудені қозғалту; 3 - қолды көтеру; 4 - иықты жоғары
қозғау бұлшықеттері; 5 - құрсақ бұлшықеті; 6 - денені тік ұстап
жүруге көмектесу; 7 - мықынды қимылдату; 8 - санды қимылға
келтіру; 9 - балтыр мен аяқ ұшын қимылға келтіру бұлшық еттері.
Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз
ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына
арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х
2.Қазақ энцклопедиясы II том
3.Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім
беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-
басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра,
2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х
4.Сұрақ және жауап. Энциклопедия
5.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар:
ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3


Ұқсас жұмыстар
Адамның қозғалу механикасы заңдылықтарын биомеханика
Пациенттерді қауіпсіз жылжыту кезіндегі мейіргердің рөлі
Сүйектердің және бұлшық еттердің беріктігі
Эргономиканың анықтамасы
Метеорологиялық ескерту
Науқасты төсектің шетіне орналастыру
АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ГИСТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭМБРИОЛОГИЯ
Күш және жылдамдық сапаларының биомеханик асы
АҚПАРАТТЫ ЖИНАУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
Медициналық массаж
Пәндер