Тіс жақ аномалиалары, даму себептері және профилактикасы




Презентация қосу
Тіс жақ
аномалиалары,даму
себептері және
профилактикасы
Сламбек Елдар
Биологияда ауытқу деп даму бұзылысы нәтижесінде
пайда болатын морфологиялық немесе функциональды
ауытқуларды түсінеді. Ауытқуларға дамудың ақаулары
және көріксіздіктері жатады. Ортодонтияда ауытқулар
деп тіс жақ жүйесі анатомиялық бөліктерінің – тістердің,
жақтардың, тіл бұлшықеттерінің, жұмсақ тіндердің –
ауыздың кілегей қабығының, тіл мен ерін үзбелерінің
және басқалардың қалыпты көрсеткіштерінен ауытқуды
түсінеді. Ауытқулар туа пайда болған және туған кейін
жүре біткен болып ажыратылады.
Егер морфологиялық бұзылыстар бала дүниеге
келгеннен кейін әртүрлі жағымсыз факторлар әсерінен
пайда болса, онда оларды деформация терминімен
белгілейді. Бұл термин (лат. – форманың өзгеру) –
ауытқу терминімен салыстырғанда более узкий тар
және сыртқы күш әсерінен дененің мөлшері мен
формасының өзгеруін білдіреді. Деформация ауытқудың
жеке жағдайы болып табылады.
Тіс жақ ауытқулары балалардың 50%-ында және жасөспірімдер
мен ересектердің 30%-ында кездеседі. Тіс жақ ауытқуларының
пайда болуына әртүрлі себептер мен факторлар септігін
тигізеді. Бір ауытқудың пайда болуы әртүрлі этиологиялық
факторлармен байланысты. Осылайша, мысалы дистальды
окклюзия жоғарғы жақ тістері даму ауытқуларының, жоғарғы
прогнатияның, макрогнатияның, сонымен қатар төменгі жақ
тістері даму ауытқуларының, төменгі ретрогнатияның,
микрогнатияның нәтижесі болуы мүмкін. Сол уақытта тістер
мен жақтардың ауытқулары ағзаның ауруы нәтижесінде дамуы
немесе туа пайда болған патологияның нәтижесі болуы мүмкін.
Ұқсас клиникалық көрінісі бар ауытқулардың көп мөлшері бар.
Осыған байланысты тіс жақ ауытқуларының әртүрлерін
жүйелендіру мен реттеуге мүмкіндік беретін барлық мүмкін
жіктелістер ұсынылған. Ауытқуларды жүйелендіру олардың
түсінуге дұрыс подход келуді тәсілді амалды ыңғайды таңдауға,
олардың пайда болуының этиопатогенетикалық факторларын
зерттеуге мүмкіндік береді.
Құру қағидасына принципіне байланысты
этиопатогенетикалық, функциональды және морфологиялық
Канторовичтің этиопатогенетикалық жіктелісі (1932). Этиологиялық белгілердің негізінде
ауытқудың келесі топтарын ажырату ұсынылды: көбінесе тұқымқуалаушылық себептерден болған
эндогенді ауытқулар (прогения, терең тістесу және диастема); көбінесе сыртқы жағдайлардан
болған экзогенді ауытқулар альвеолярлы өсіндінің қысылуы немесе қисаюы, жақ денесінің қисаюы,
тістерді жоғалтуға байланысты жақтардың өсуінің кідіруі және басқалар); төменгі жақтың
дистальды орналасуы нәтижесінде пайда болатын дистальды тістесу.
В.Ю.Курляндскийдің пікірі бойынша, ауытқуларды этиологиялық белгі бойынша бөлу мойындауды
таппады, өйткені жиі этиология анықтау мүмкін жоқ. Бұдан басқа, қандай да бір ауытқу эндогенді,
сонымен қатар экзогенді немесе эндогенді-экзогенді сипаттағы бірқатар себептердің нәтижесі
болуы мүмкін, ал ауытқу себебін жою (егер ол пайда болса) тісжақ-бет жүйесі дамуын қалпына
келтіруге әкелмейді. Керісінше, емдеу нәтижелі болады егер ауытқудың этиологиясы анықталмаса,
дегенмен бұл көзқарасты толығымен бөлуге болмайды, өйткені ауытқудың этиологиясы туралы
жеткілікті түсінік негізінде оларды алдын-алу мен емдеуін рациональды өңдеуге болады.
А.Я.Катцтың функциональды жіктелісі (1933). Жіктеліс негізінде жақ-бет аймағы
бұлшықеттерінің функциональды жағдайына байланысты тісжақ ауытқуларының қалыптасуы
туралы түсінік қойылған. Жіктеліс 3 класты ұсынады:
· І класс төменгі жақтың вертикальды (ұсақтау) қозғалыстарының басым болуы нәтижесінде
бірінші молярлар алдында тіс қатары құрылысының өзгеруімен сипатталады;
· ІІ класс морфологиялық құрылысы бойынша Энгльдің ІІ класына тән, ал қызметі жағынан төменгі
жақты шығаратын әлсіз қызмет ететін бұлшықеттермен сипатталады;
· ІІІ класс Энгльдің ІІІ класс морфологиялық құрылысына сәйкес келеді, Катцтың пікірі бойынша,
төменгі жақты шығаратын бұлшықеттер қызметінің басым болуымен байланысты.
Морфологиялық жіктелістер тістердің, тіс қатарларының, жақ сүйектерінің құрылысында
өзгерістерді сипаттайды, сонымен қатар тіс қатары қатынасы бұзылыстарының түрлерін, олардың
окклюзиясын (жымдасуын) жүйелендіреді. Бұл Энгльдің, Калвелистің, Симонның, Каламкарованың
жіктелістері және басқалар.
Негізіне тіс қатары жымдасуының принципі қойылған бірінші жіктелістердің бірі Энгльдің жіктелісі
болып табылды (1898). Оның негізінде бірінші молярлардың жымдасу түрі жатады. Бұл жіктелісті
өңдеу кезінде Энгль жоғарғы жақтың бірінші моляры екінші премолярдың артында тұрақты орынды
алады дегенге сүйенді негізделді дегеннен шықты исходил из того что. Бұдан басқа, жоғарғы жақ
бассүйектің басқа сүйектерімен байлынысты, жоғарғы және төменгі жақтың бірінші молярларының
жымдасуын окклюзия кілті деп атады. Энгль бойынша, барлық өзгерістер қозғалмалы төменгі жақ
есебінен болуы мүмкін. Автор молярлар жымдасуының үш класын ажыратты (сур. 4.1).
І класс сагиттальды жазықтықта молярлардың қалыпты жымдасуымен сипатталады.
Жоғарғы жақтың бірінші молярының мезиальды-ұрттық төмпешігі төменгі жақтың бірінші
молярының төмпешікаралық фиссурасында орналасады. Бұл жағдайда барлық өзгерістер молярлар
алдында жүреді. Күрек тістердің тығыз орналасуы, олардың жымдасуының бұзылысы мүмкін.
ІІ класс молярлар жымдасуының бұзылысымен сипатталады, бұл кезде төменгі жақтың бірінші
молярының төмпешікаралық фиссурасы жоғарғы жақтың бірінші молярының мезиальды-ұрттық
төмпешігінің артында орналасады. Бұл класс екі подкласқа бөлінеді: 1-ші подкласс – жоғарғы күрек
тістер еріндік бағытта иілген (протрузия); 2-ші подкласс – жоғарғы күрек тістер таңдайлық иілген
(ретрузия).
ІІІ класқа төменгі жақтың бірінші молярының төмпешікаралық фиссурасы жоғарғы жақтың бірінші
молярының мезиальды-ұрттық төмпешігінің алдында орналасқан кездегі бірінші молярлардың
жымдасу бұзылысы тән.
П.Симонның жіктелісі (1919). П.Симон өз жіктелісін бассүйектің үш өзара перпендикулярлы
сагиттальды, франкфуртты (горизонтальды) және фронтальды (вертикальды) жазықтықтарға қатысты
тісжақ жүйесі дамуында ауытқуларды анықтау принципінде қағидасында құрған (сур. 4.2).
1. Тістер орналасуының ауытқулары: тіс өз орнынан тіс қатарынан тыс вестибулярлы, оральды,
мезиальды немесе дистальды орналасқан, осі айналасында бұрылған.
2. Тіс қатарлары мен жақтар құрылысының ауытқулары:
а) контракция – тіс қатарлары мен жақтардың тарылуы, сагиттальды жазықтыққа қатысты
анықталады;
б) дистракция - тіс қатарлары мен жақтардың кеңеюі, сагиттальды жазықтыққа қатысты анықталады;
в) протрация – тіс қатары және жақ алға ығысқан, вертикальды жазықтыққа қатысты анықталады;
г) ретракция – тіс қатары және жақ артқа ығысқан, вертикальды жазықтыққа қатысты анықталады;
д) аттракция – тіс қатары немесе оның бөлігі окклюзионды жазықтықтан жоғары орналасқан,
франкфуртты горизонтальға қатысты анықталады;
е) абстракция – тіс қатары немесе оның бөлігі окклюзионды жазықтықтан төмен орналасқан,
франкфуртты горизонтальға қатысты анықталады.
Ауытқу бір тіс қатарында немесе екеуінде, толық тіс қатарында немесе оның бөлігінде болуы мүмкін,
тек тістерге немесе тістер мен альвеолярлы өсіндіге немесе тістерге, альвеолярлы өсіндіге және
жақтың денесіне қатысты болуы мүмкін.
Бұл жіктелісті қолдану кезінде қандай да бір жазықтыққа әрбір жаққа бөлек тістердің, альвеолярлы
өсінділердің және жақ денесінің барлық ауытқулары атап өтіледі, мысалы: жоғарғы жақ тіс қатарының
протракциясы (алға ығысу), төменгі тіс қатарының ретракциясы (артқа ығысу) – екі жақтың
фронтальды тістерінің абстракциясы кезінде.

Ұқсас жұмыстар
Пародонт ауруының құрылысы мен қызметі. Пародонт ауруының қабынуының даму механизмі
Тіс щеткасын дұрыс пайдалану
Минералдар алмасуының бұзылыстары
Жүкті әйелдерге арналған стоматологиялық ауруларға профилактикалық бағдарлама
Жақ деформациясы
Пародонтоз емі
ҚАТЕ БІРІКТІРІЛГЕН ЖАҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫН ЕМДЕУ
Қазақстанда стоматология саласындағы зерттеулер 1960 жылдары басталып, республикадағы мед
Ортодонтиядағы балалардың бет жақ аймағының аномалиялары мен деформацияларын емдеудің негізгі принциптері мен әдістері
Тісжақ ауытқуларын анықтау әдістері. Клиникалық тексеру және антропометриялық өлшеулер
Пәндер