Құрт ұрықтары қоздыратын, ларвалды стронгилятоздар


Slide 1

Ересек құрттар қоздыратын жылқылардың стронгилятоздары

Slide 2

Бұл Strongyiata тек тармағына жататын, жұмыр құрттардың ұрықтары, яғни балаң құрттары және ересек сатылары қоздыратын, ас қорыту жүйесінің, қан тамырларының, ішкі мүшелердің, сірі қабаттарының, ұйқы безінің зақымдануымен, іш өтуімен, түйнеу пайда болуымен сипатталатын бір топ гельминтоз аурулар. Онымен жылқы, қашыр және есектер ауырады. Бұл ауруларды екі топқа бөледі:

Slide 3

Бірінші топқа жататын аурулар

Slide 4

Екінші топқа жататын аурулар

Slide 5

Жіктелуі

Тек тармағы: Strongyiata

Тұқымдасы: 1. Strongylidae 2. Trichonematidae

Туыстар: 1. Delafondia 2. Alfortia 3. Strongylus 1. Trichonema Түрлері: D. vugaris A. edentatus S. eguinbus T. sp

(екі тісті) (тіссіз) (төрт тісті) (тістері жоқ)

Slide 6

Құрылысы

Барлық жылқы стронгиляттардың ұзындығы 0, 5-5 см шамасында

Бас жағы шорт кесілген

Ауыз тесігін бір немесе екі қатар тізілген жапырақшалар қоршап алған

Ересек құрттардың құйрық жағында шағылысу буылтығы бар, ол өте жақсы дамыған және екі жіңішке, қысқа, тең спикуласы бар.

Ұрғашы құрттардың құйрығы үшкір келеді, жыныс тесігі денесінің артқы жағында орналасқан.

Ауыз қуысы жақсы жетілмеген хитинді капсулаға ұласады. Осы аталған құрттарды бір-бірінен ауыз капсуласының құрылысы арқылы ажырату болады. Мысалы:

Delafondia vulgaris құртының ауыз капсуласы шар тәрізді, ішінде жоталы өзек өтеді, түбінде екі құлақ тәрізді, үлкен тісі бар.

Aifortia edentatus құртының ауыз капсуласы тостаған тәрізді, ішінде жоталы өзек өтеді, тістері жоқ.

Strongylus eguinus құртының ауыз капсуласы шар тәрізді, терең, ішінде жоталы өзек өтеді және түбінде 4 тісі бар: екеуі жіңішке де ұзын, екеуі қысқа.

Trichonema құрттардың ауыз капсуласы шағын, цилиндр пішінде келеді, тістері жоқ, олардың орнына хитинді пластиналар болу мүмкін.

Slide 7

Мекен - жайы

Slide 8

Жылқы стронгилидтің ауыз қуысының құрылысы

Slide 9

Жұмыртқасының құрылысы

Slide 10

Даму айналымы

Slide 11

Даму айналымы

Стронгиляттар- геогельменттер, олар аралық иелерінің қатысуысыз, тікелей өсіп дамиды.

Имаго, еркек және ұрғашы сатылары ұрықтанады, ұрықтанған соң, аналық жынысты құрттар тоқ ішекте жұмыртқалайды. Жұмыртқалар сыртқы ортаға бөлінеді, 25-26 градус жылылықта келесі күні-ақ, жұмыртқадан дамуының бірінші сатысындағы майда ұрықтар қалыптасып, жұмыртқаның қабығынан шығады. Олар нәжістің ылғалымен азықтанып, денесіне қоректік заттар жинайды. 2-3 күннен соң балаң құрттардың қозғалысы баяулап, олар екі рет түлеп, екінші, үшінші балаң сатысына айналып, барлығы 6-7 күн ішінде инвазиялық сатыдағы балаң құртқа айналады. Сонымен, сыртқы ортадағы дамуы 7-10 күнде бітеді. Инвазиялық балаң құрттар шөп бойымен жоғары- төмен өрмедей алады, жем-шөппен, сумен малдың асқорыту жүйесіне түседі, ішектің қан тамырларына еніп, денені кезіп жүреді, малдың әр түрлі мүшелерге, стронгиляттардың түріне қарай, орын ауыстырады.

Slide 12

Delafondia vulgaris құрттың ұрықтары (балаңдары) - аортаға, шажырқай артериясына

Strongylus eguinus құрттың ұрықтары (балаңдары) - ұйқы безіне

Alfortia edentatus құрттың ұрықтары (балаңдары) - шажырқай және шарбы май көк етке, құрсақ қуысының сірі қабаттарына және шандыр астына

Trichonema құрттың ұрықтары (балаңдары) - тоқ ішектің қабатына

Құрттардың ұрықтары (балаңдары) барлығы малдың сол аталған әр түрлі мүшелерінде 4- ай өмір сүреді, екі рет түлеп, төртінші, бесінші балаң сатысына айналады. Сосын бәрі тоқ ішекке жиналады, 3-4 аптадан кейін ересек сатысына айналады.

Slide 13

Індеттанулық деректер

Жылқы стронгилятоздары Қазақстанның барлық аймақтарында кең тараған және барлық жастағы малда кездесетін ауру. Инвазияның экстенсивтігі 100% - ға дейін болады. Бірен-саран мал арасынан өлім де байқалады. Жануарлар денесіне тоғышарлар көбінесе өрісте жайылғанда енеді. Ауру күзге қарай және қыстың басында өршиді.

Сыртқы белгілері: Ересек құрттар қоздыратын жылқы стронгилятоздарының айтарлықтай ерекше белгілері болмайды. Малдың жақсы күтіп, баққан жағдайда, тоқ ішек бөлігінде мыңдаған құрттар болса да, олар жылқыларға онша зиянды әсер етпейді. Ал, жемдеп- күтуі нашарласа, жылқылар тез болдырғыш келеді, азыққа тәбеті төмендейді, іші кейде өтеді, жылқы арықтайды. Ал, балаң құрттардың әсерінен ималдың аурудың клиникалық белгілері айқын байқалады және олар балаңдардың мекеніне қарай әр түрлі болады.

Slide 14

Ларвалды деляфондиозда - аурудың екі түрі байқалады: жеңіл және ауыр түрі.

Жеңіл түрінде жануар қатты мазасызданады, жата қалып дамылсыз аунай бастайды, еріксіз нәжіс шығарып тастайды. Түйнеу белгілері біресе бәсеңдеп, біресе қайта басталады.

Ауыр түрінде жылқы жерге құлап түседі, аунақшиды, тыпыршиды, шалқая жатып, төрт аяғын көтереді, алдығгы тұяқтарына сүйеніп, бөксесіне шоңқиып, ит құсап отырып алады, іші шертиіп кетеді. Аталған сырт белгілері айқындалып, дүркін-дүркін қайталанады, мал әлсіреп өледі. Өлімнің себептерінің бірі- аортаның, шажырқай артерияның немесе ішектің үзілуі.

Ларвалды альфортиозда- мал әлсірейді, түйнеу белгілері байқала бастайды, мал артық қозғалуды жақтырмайды, өйткені сірі қабатында орналасқан балаң құрттар оның көптеген нерв талшқтарын қысып, ауыртады. Мал жиі жатады немесе бүкірейіп тұрып қалады, кейде өлуі де мүмкін.

Ларвалды стронгилезда- сырт белгілері онша білінбейді, кейде ас қорыту жүйесінің бұзылуы, іш өтуі байқалады.

Ларвалды трихонематозда- ауру асқынған кезде қан аздық байқалады. Мал тез арықтап, әлсірейді. Азыққа тәбеті шаппайды, оның жүрісінде теңселіс байқалад, іші тыйылмастан өтеді, жеңіл түйнеу белгілері байқалады.

Slide 15

Лабораториялық зерттеулер

Гельминтоовоскопиялық әдістер- малдың нәжісін зерттегенде Фюллеборн немесе Дарлинг әдістерін қолдануға болды. Бірақ, осы аталған әдістер арқылы, тек қана жалпы стронгилятоздар бар деп диагноз қойылады, өйткені барлық стронгиляталардың жұмыртқаларының құрылысы барлық түрлеріне тән, бір- біріне өте ұқсас болады. Олар сопақша келеді, ақсұр немесе бозғылт өңді болып келеді, көлемі 0, 07- 0, 1 * 0, 04- 0, 045 мм, қабықшасы екі қабаттан құралған, ішінде 8-32 ұрық бластомері бар.

Овоскопиялық әдістермен жылқылардың стронгилтятармен залалдану деңгейін, яғни инвазияның интенсивтігін микроскоптың бір көз аумағындағы, яғни микроскоптың бір алаңында жұмыртқа санымен жобалауға болады. Мысалы, бір көз аумағында 10 жұмыртқа көрінсе - ауры жеңіл түрде өтеді, 10-30-ға дейін болса - аурудың жітілеу түрі байқалады, ал саны 30-дан жоғары болса - ауру жіті түрде өтеді деуге болады.

2. Стронгиляттардың балаң құрттарын жасанды түрде өсіру және тәсілдермен зерттеу әдісі. Бұл тәсілдер тиімдірек, олардың көмегімен іш құрттардың туысына, түріне дейін ажыратуға болады, өйткені стронгиляттардың инвазиялық балаң құрттардың құрылысы құрттың түріне қарай әрекелкі болады.

Slide 16

Стронгиляттардың инвазиялық балаң құрттардың өзгешелігі

Slide 17

Өлекседегі өзгерістер

Өлексе өте арық болады. Қарта мен тоқ ішектің ішкі қабығы суланып немесе қанға толып тұрады. Көптеген жарлар байқалады, ішінен жүздеген - мыңдаған нематодалар табылады. Кілегей қабында қанталау ошақтары көрінеді.

Деляфондиоз. Ішектің сірі мен кілегей қабықтары, шажырқай қаптаған қанталау ошақтарынан қызарып тұрады. Қабынған аортадан, шажырқайдан іріңдер, өсінді қалташалар байқалады. Олардың ішінен балаң құрттармен және тромбоциттерден құрылған тромбтар көрінеді. Кейде аортаның, артериялардың үзілгенін, ішкі мүшелерге қан құйылғанын байқауға болады.


Ұқсас жұмыстар
СӨЖ ЕРЕСЕК ҚҰРТТАР
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ СТРОНГИЛЯТОЗДАРЫ
Қой эстерозы
Цистицеркоз ауруына анықтама
Ірі қара мал гипедерматоз
Жылқы стронгилятозы
Трихоцефалез және трихинеллез
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ - САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР
Псевдофиллидің даму сатылары
Түйе цефалопинозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz