Қызметкерлерге еңбекақы төлеу туралы құжаттар


Slide 1

Мамандар есебі және ұйым жұмысшыларының еңбекақы есебі

Орындаған: Хасенова А. К.

Тексерген: Ахунова Д. З.

Slide 2

Кәсіпорынның заңды және жеке тұлғалар алдындағы кредиторлық қарыздары бухгалтерлік есеп жүйесінде міндеттемелер деп аталады. Кәсіпорынның бұл міндеттемелері қатарына - еңбекақы кіреді. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақты жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

- Мерзімді және кесімді еңбекақы.

- Сыйлықтар мен сыйақылар.

- Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақы - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады.

Slide 3

Жұмыс беруші, еңбек және коллективті келсім шартқа және заңға сәйкес, жұмыстың көлемі мен сапасын, әрі қиындығын ескере отырып, жұмыскерге еңбекақы төлеуге міндетті. Жекелей еңбек пен коллективті жұмыс нәтижесіне қарай ақы төлеу мүмкіндіктері де қарастырылады. Жеке еңбек келісім шартында, міндетті түрде еңбекақы төлеу шарттары қарастырылады. Еңбекақы көлемін жұмыс беруші тағайындайды және оның мөлшері заңмен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс

Slide 4

Еңбекақыны есептеу әр мекеменің өзі қабылдаған штаттық кестесінің негізінде, еңбекақы төлеу жүйесі мен формасына сай, жұмыс уақыты табелін толтыру арқылы жүргізіледі. Кез келген мекемеде қызметкерді жұмысқа алу, босату үшін немесе іс- сапарға жіберу үшін мекеме басшысының бұйрығы керек. Еңбекақы есептеген кезде бекітілген ставка бойынша жеке табыс салығы, сонымен қатар, зейнетақының жинақтау қорына аудару үшін 10% көлемі ұсталып қалынады. Еңбекақы қорына байланысты әлеуметтік салық пен қамсыздандыру жарнасы есептеліп, оны ұйым төлейді. Еңбекақы ұсталуға тиісті міндетті төлемдер ұсталып болғасын, төлем ведомосы бойынша еңбеккерге төленеді.

Slide 5

Төлем ведомосын төлеу уақытын көрсете отырып, мекеме басшысы бекітеді. Ведомосты жабар кезде, кассир немесе бухгалтер, әртүрлі себептермен төленбей қалған соманы тексеріп және оларға « төленді » деген штамп басылады. Ведомость бойынша төленген еңбекақының сомасы, кассалық шығыс ордердегі және кассалық кітаптағы сомаға сәйкес келуі тиіс. Еңбекақы бойынша есептесу 3350 « Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді алашақтар қарызы » деп аталатын счеттар тобында жүргізеді. Еңбекақы жүйесіндегі негізінен екі түрлі формада қолданылатыны белгілі - уақытына қарай және өнім көлеміне қарай төлеу жүйесі.

Slide 6 Slide 7

1С бағдарламасында жалақыны есептеудің «қолмен толтыру тәсілі»

«8 Есепке алу Қазақстан үшін» конфигурациясында қызметкерлерді жалдау кезінде немесе басқа жағдайларда жұмысшылардың есептеу мөлшері мен түрін (жалақы, тариф, сағаттық ставка) белгілейтін құжаттар енгізіледі.

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу туралы құжаттар «Жалақы» бөлімінде орналасқан.

Бөлімде сонымен қатар салықтарды, жарналарды, аударымдарды есептеу және аудару жөніндегі құжаттар, сондай-ақ жалақыны есепке алу үшін қажетті басқа да құжаттар бар.

Slide 8

Конфигурациядағы жалақыны және есептеулердің басқа түрлерін есептеу үшін ұйым қызметкерлеріне жалақы төлеу туралы құжат құрылады (Жалақы бөлімі - Жалақы- Ұйым қызметкерлерінің жалақысы есептеу) .

Slide 9

Құжаттың "бас бетінде" құжаттың күні, есептелген айы және ұйымы көрсетіледі. Ұйымның қандай да бір бөлімшелерінің қызметкерлеріне ғана жалақы есептелген жағдайда тиісті жолда осы бөлімше көрсетіледі. Құжатта жалақыдан басқа да төлемдер есептелуі мүмкін:

Демалыс;

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы (ауру демалысы) ;

Марапат төлемдер

Өтемақы төлемдері (іссапарлардағы төлемдер, жұмыстан босатылғаны үшін өтемақы, демалысқа кеткен өтемақы) ;

Материалдық көмек және т. б.

Slide 10

Басқа төлемдерді есептеу үшін «Есептеу типі» өрісінде ұйымдардың есептеу типтерін және жоспарынан таңдау арқылы қажетті мән таңдалады.

Slide 11

Кестелік бөлімде есептеу жүргізілетін қызметкер (бірнеше қызметкер) көрсетіледі.

Кестелік бөлімді бүкіл ұйымның немесе жеке бөлімшенің жұмысшыларының тізімімен автоматты түрде толтыру үшін Автотолтыру батырмасын пайдалану керек - Барлық қызметкерлер үшін

Мұндай толтыру тәсілі кезінде бағдарлама есептік деректер негізінде есептеу және өлшем бағандарындағы кестелік бөлігін толтырады.

Slide 12

Қызметкерге тағайындалған ағымдағы есептеу туралы мәліметтер кадр құжаттарында көрсетіледі: ұйымдағы жұмысқа орналасу, ұйымның кадрлық ауысуы.

Жұмыс істеген уақыт бойынша жалақы есептеу Есептеу батырмасы арқылы жүзеге асырылады

Түймені басу арқылы есептеудің белгілі бір түріне байланысты бірнеше есептеу нұсқаларын таңдауға болады:

Есептеу - сома көрсетілген есептеу түріне есептеледі (жалақы, ставка, сағаттық ставка және т. б. ) ;

Демалысты есептеу - бұл опция демалысты есептеу формуласына көшумен демалысты есептеу кезінде қолданылады;

Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны есептеу - өтемақыны есептеу формасының терезесінде;

Сырқаттылық демалысын есептеу - өңдеу формасында осы мәнді таңдағанда, ауру демалысын есептеу, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу жүргізіледі;

Қызметкерді есептеу - бұл команда үшін есептеу сомасы құжаттың кестелік бөлігінде көрсетілген қызметкер үшін ғана жасалады.

Slide 13

Есептеу батырмасы бойынша төлемдер мөлшері автоматты түрде айдың жұмыс күндерінің санына қарай есептеледі.

Есептеуді нақты жұмыс істеген күндермен есептеу кезінде тиісті жылға арналған реттелетін өндірістік күнтізбенің дұрыс толтырылғандығын тексеру қажет.

Slide 14

Жұмыс істеген күндер санын реттеп болғаннан кейін Есептеу - Қызметкерді есептеу батырмасын қайта есептеу керек.

Есептеу құжатын жүргізгеннен кейін құжаттармен салықтар, жарналар мен аударымдар есебі жүзеге асырылады, ұйымдар қызметкерлерінің аударымдарын есептеу, жалақы бөлімінде бар ұйымдар қызметкерлерінің салықтарын, жарналары мен ау

Бухгалтерлік есепте және салық есебінде жазбалар жасау үшін бухгалтерлік есеп регл. жалақыны көрсету туралы құжат жасалды (Жалақы - жалақыны есепке алу бөлімі - Бухгалтерлік есеп регл. жалақыны көрсету) .

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Касса операцияларының есебі
Міндеттемелер мен капиталдардың аудиті
Кәсіпорында еңбеақы төлеу
Еңбекақы есептеу
Еңбек келісім шарты
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру
Уақытына қарай еңбекақы төлеу жүйесі
ТАРИФТІК КЕСТЕ, ОҒАН РАЗРЯДТАР
ЖШС Нәтиже сүт фабрикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz