Қазақ ұғымында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуына жиналған жақындары




Презентация қосу
Ата-ана ретінде қыз бала
мен ер баланы рухқа
тәрбиелеудегі қазақ
халқының тәлімі

Орындаған: Бұғыбай Айжан
Тексерген: Муликова А.С.
Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына
таратқан жан балқытар жылуына жиналған жақындары.
Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – әрбір
қазақ үшін маңызды. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің
тұтқасы санап аялайды. Отбасы құндылығы – біздің мемлекетіміз
ұстанып отырған басты саясат. Шаңырақтың үйлесімді дамуы
мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – ұлттық мәдениетінің маңызды
белгісі болып табылады. Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор.
Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз
ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Бұл қазаққа тән
жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпаққа қалыптастыру,
ұлтымыздың дүниетанымдық тәжірибесін жалғастыру дегеніміз.
Ата-бабаларымыз бала
тәрбиесіне ерекше назар
аударып, «Беске
келгенше балаңды
хандай ұста, он беске
дейін құлдай жұмса, он
бестен кейін досыңдай
көр» деп, баланың ой-
өрісі даму кезеңін
ерекше бағалаған.
Қазаққа тән игілік пен
ұлттық сана дегеніміз ол
– әдептілік,
бауырмалдық,
қонақжайлылық,
еңбекқұмарлық, ұрлық,
қиянат жасамау, үлкенді
сыйлау, тағы сондай
сияқты.
Қазақ ойшылдарының көзқарасындағы басты идея «атаның баласы болма,
адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін»
деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Қазақ халқы баланы
жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын, ойламды,

шымыр болып өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұсынған .
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие
жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасының ең негізгі қызметі ұрпақ жалғастыру болса,
екінші кезекте сол ұрпағына дұрыс тәрбие беру қызметі тұрады. Ата-ана және отбасы
мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап,
болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.
Бұған баланың қажеттілігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету,
күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу,
жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени
құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Отбасындағы ата-
ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті
отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Тәрбие
берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика
мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ
халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар,
тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір
дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне
сүйеніп отырған. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ
отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген
азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін
дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс
ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл
тәрбие жүйесінің Вставка
күретамыры деп рисунка
қарастырды. Еңбекке асыл
мұрат деңгейінде қарады.
Еңбек тәрбиесі деп
баланы еңбекке
сүйіспеншілікпен, еңбек
адамдарына құрметпен
қарауға, халық
шаруашылығының
салаларындағы еңбек
түрлеріне баулу, еңбек іс
– әрекетінің барысында
олардың дағдысы мен
іскерлігін қалыптастыру,
болашаққа мамандық
таңдауға дайындауды
түсінді.
Қазақ отбасы баланы қоғамның
моральдық нормасын орындауға
қатыстыру, олардың тәртіп және
мінез құлық тәжірибесін
қалыптастыру, Отанға, халқына,
еңбек және қоғамдық іс-әрекетке
жауапкершілік сезімін тәрбиелеу
арқылы адамгершілікке тәрбиелей
білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында
адам зиялылығының негізі – ақыл-
ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-
ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау
іс-әрекетінің шарты болатын білім
қорымен қаруландыру, негізі ойлау
операцияларын меңгерту,
зиялылық біліктері мен
дүниетанымын қалыптастыру
міндеттері шешілді
Қазақ халқы ежелден ұл бала
мен қыз баланың тәрбиесін
бөліп қараған. Ұлды мал
бағуға, отын шабуға, қолөнер
шеберлігіне, мал табуға,
отбасын асырауға, ал қыз
баланы ас пісіруге, кесте
тігуге, өрмек тоқу сияқты үй
ішінің ішкі жұмыстарына
үйрету арқылы экономикалық
тәрбиенің көзі болып
табылатын үнемшілдікке,
тәуекелшілдікке үндеп,
сараңдыққа салынып кетуден
жирендіріп отырған
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік
ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары
қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі
абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын
ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы
ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді
болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді
сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта
шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала
тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей
отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін балдарына үйретіп,
оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес
білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің,
арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен,
жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланың 12-15
жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары
мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты
аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін
жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер
соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік
білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп
сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп
армандайтын еді халқымыз.
Ұлттық тәрбиенің бұрынғы
әдістерін бүгінгі күн
талабымен жаңаша
қарастырған жөн. Ата-
бабамыз жасап, сомдап
кеткен жігіттің моделін
одан әрі, бүгінгі күннің
талабына сай жетілдіріп
өсіп келе жатқан өскелең
ұрпағымыздың бойына
дарыту, тағдырдың қандай
тәлкегін көрсе де,
қайсарлығы мен тектілігін
жоғалтпаған дана
халықтың ұрпағы екендігін
ұғындыру, олардың бойына
мақтаныш сезімін туғызу
ата-ананың бірден бір
міндеті.
Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі.
Мамандар мұны ер-азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт
қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының
тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі тән кейбір
қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Жүрегі жұмсақ аналарымыз
кейде ұлды тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай
қажет. Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Қазақта
«Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп барлық саналы қазақ
азаматтарына айтылған. Жеті атаға дейін өз руының қыздарына
үйленбеуге тырысқан. Қазақтар ұлдарын он үш жасында отау иесі деп
дайындаған. Бала дүниеге келгенде кіндігін кім кеседі, бесікке кім
бөлейді сол адамға тартады деп те ырымдаған
«Қыз өссе-елдің көркі» - дегендей Ел, сәні, елдің көркі
қыздардың шырайланатыны шындық. Халқымыздың
қыз балаға деген құрметі ежелден ерекше болған.
«Қызды төрге отырғыз, төреңдей күт» дейтін халық
қыздарын бақыт құсына балап, әлпештеп, аялаған. Қыз
баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын.
Қыздарымыздың асыл қасиеті-жан дүниесі нәзік, адал
махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа
қызықпағанымен жыр-дастандардан білеміз.
Қыз баланың әдептілігі сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, мінез-
құлқынан, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстай білуінен, жолдас-
жораларымен және жай былайша адамдармен арақатынасынан,
жалпы барлық жүріс-тұрысынан көріп тұрады. Қыз баланы
әдепсіздігі оның бақытты болуына, өсіп өнуіне үлкен нұсқан
келтіреді. Қыз баланың шашын қырқуы, кісінің бетіне тік қарау, ер
адамның алдын бұландап кесіп өтуі, қыдырымпаз, сауықшыл
болуы үлкен мін болып саналады. Сондықтан «қызға қырық үйден
тыйым» деп, қыздарға қырағы қарайды.
Қызды жанының нәзік
сезімталдығы, үй тірлігіне
жақындығы, ертеңгі ана
болу ерекшелігі тәрбиеде ұл
балаға қарағанда біраз өзгеше
қарым-қатынасты қажет
ететіні анық. Сондықтан, қыз
ибасы, қыз әдебі дегенге
жеңіл-желпі қарауға мүлдем
болмайды. Қыз баланың тым
әлем-жәлем киініп, к зге
түсуге тырысуы, орынсыз
боянып-сылануы ерсі.
Сонымен қатар, өзінің сырт
пішініне, киім сәніне
немқұрайлы, салғырт қарауы
да келіспейді. Бұл оның
тәрбиесінің жетімсіздігі,
төмендігі.
Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп –
инабаттылық талаптары жайында жақсы
хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы,
апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік,
ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен
ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен
тазалық, өз бойын күту мен ашық
қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге
ізеттілік, құрбыларымен татулық,
сыйластық, кішілеріне апалық мейір –
ықылас тәрізді қыз бала
инабаттылығының нәзік иірімдері туралы
айтып қана қоймай оларды білдіруге,
меңгертуге күш салулары қажет.
Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық,
ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен
түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз
тәуекелге жол беру өте қауіпті. Қыздар үшін дос ер балалардың
мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен
инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы,
жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала – бөтен
қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды.
Ерке қыз, иманды әйел,
қасиетті ана солардан
шыққан. Қазақтың батыл
қыздары, ақын қыздары,
ақылды қыздары ұлтты
тәрбиеледі. Қазіргі заман
қыз бала тәрбиесіне
ерекше мән беруді қажет
етеді. Себебі, қыз баланы
тәрбиелеу деген сөз –
ұлтты тәрбиелеу деген сөз
Отбасы – қоғамның
бір бөлшегі. Ал
отбасының алтын
қазығы - әйел
адам. Бесігінде
жақсы тәрбие
алған, үлгі-өнеге
көрген қыз бала
бойжеткенде сол
әдетін сақтайды.
Қорыта келе әр азамат ұрпақ тәрбиесін үлкен жауапкершіліке
алуымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол,
иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен
міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-
дәстүрлер. Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін
сөйлейтін жас ұрпақты баулыту, тәрбиелеу.
Назарыңызға рақмет!

Нұр-Сұлтан 2020 ж

Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қолөнері
Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі
Шегенің ізі
Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар
Әке - ер, ана - жігер, бір үйде екі кемеңгер
Жаттығу Тілек шамы
Аутодиструктивтің алдын алу
Тәрбие сағаты
Шәкәрім Құдайбердиев
Антикалық психология
Пәндер