Аурудың белгілері


Slide 1

БӨЖ Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адъюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары

Slide 2

Жоспар

I Кіріспe

II Негізгі бөлім

1 Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу

2 Вакцина дайындау принциптері

3 Адъюванттар, иммуномодуляторлар

4 Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары

III Қорытынды:

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Вирустық аурулар - вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т. б. аурулар вирус арқылы таралады. Вирустық ауруларды 2 топқа бөліп карастырамыз.

Спецификалық әдіске екпе егу жатады, алдын алу әдісінің ең негізгісі болып есептеледі. Малдың ағзасына жұқпа агентінің бөлігін енгізу арқылы ағзаны қорғаныс денелерін (антиденелер) бөліп шығаруға ықпал етеді, соның нәтижесінде вирустардың көбеюі мен жасушалардың зақымдалуы төмендей түседі.

Спецификалық емес әдістерге, иммундық жүйенің қызметін қалыптастыруға арналған дәрі-дәрмектер мен емшаралар жатады.

Slide 4

Арнамалы (спецификалық) дауалау дегеніміз малды жұқпалы аурулардан вакцина немесе гипериммунды қан сарысуы арқылы сақтандыру. Ауырып жазылған малда және вакцина егілген соң вирусқа қарсы пайда болған иммунитет әр түрлі дамиды. Мұнда гуморальдық және клеткалық факторлар әр түрлі роль атқарады.

Slide 5

Ауруға клеткалық және гуиоральдық қарсы түру қасиетіне сәйкес инфекциялар бірнеше топқа бөлінеді:

Slide 6

Вакцина дайындау принциптері

Егілген адамдар мен жануарлар ағзасында белсенді иммунитет тудыруға арналған препараттар, яғни биологиялық препараттар болып табылып, ағзаға енгізгенде белгілі бір ауруға қарсы қорғаныстық иммунитетті индукциялайды. Әрбір вакцинаның негізгі әсерінің бастамасы иммуноген болады, яғни ауру қоздырушысының компоненттеріне ұқсас химиялық құрылымдарға ие болатын және иммунитет пайда болуына жауапты корпускулярлы немесе еріген субстанция

Slide 7

Иммунитеттің гуморальдық және клеткалық факторлары әр түрлі вакциналармен іске асады:

Slide 8

Әлсіретілген тірі вакциналар

Тірі вакцинаны әлсіретілген вирустардан алады.

Әлсірету(аттенуация) вирусты немесе індеттің ауыр түрін қоздыра алмайды, яғни қоздырушының патогендік және уыттылық қасиеттері жойылады, ал иммуногендік қасиеті сақталады.

Вирустық ауруларға қарсы тірі вакцина алу өте қиынға түседі. Ол үшін тірі жүйелер т. б қажет. Олар мынандай түрлерге бөлінеді:

Ависделген вакциналар. Көптеген вирустар тауық эмбриондарында өсіп көбейеді. Тауық эмбриондары вакцина алу үшін әрі арзан, әрі қолайлы.

Клетка өсінділерін қолданып алынатын вакциналар вирустарды әр түрлі клетка өсінділеріне өсіріп көһбейтеді.

Лапинделген вакциналар вирустарды қоян организміне бейімдеу арқылы алынған.

Slide 9

Инактивтелген вакциналар:

Белсенді қасиеті жоқ, өлтірілген немесе инактивтелген вакцина деп тазаланған вирусты химиялық немесе физикалық жолмен өлтірілген вакцинаны атайды.

Slide 10

Суббөлікті вакциналар

Тірі және өлтірлген вакциналар бүтін, толық вироиндардан тұрады. Өздеріңіздерге белгілі күрделі вирустардың құрамында әр түрлі белоктор, көмірсулар, липидтер болады. Ал вирус белоктарының тек 10 пайызы ғана вирусқа қарсы тұру қабілетін туғызады. Ол қарсы тұру қабілеті вирустың сыртында орналасқан антигендерге сай болады, ал қалған белоктар мен дипидтер иммундық жүйеге артық «жүк» болып есептеледі. Сондықтан да вирустың тек суруға қарсы тұру қабілетін туғызатын құрамынан алынған вакцина - тазартылған вакцина болып саналады.

Slide 11

Жасанды вакциналар

Жасанды немесе синтетикалық вакциналар алу инфекциялық аурулардан сақтандырудың яғни сақтандырудың яғни алдын алудың жаңа түрлеріне жатады. Жасанды вакциналардың негізгі ретінде вакциналық жиынтық ұүру болып есептеледі. Вирус белоктарның паптидтеріне синтетикалық полиэлектродиттерді қосып, олардың иммуногендік қасиетін күшейтеді.

Slide 12

Гендік инженерлік вакциналар

Гендік инженерлік әдісті биологиялық өндірісте вакцина алу үшін қолдану да жаңа бастама болып табылады.

Көптген ферменттердің көмегімен ДНҚ молекуласы белгілі бір жерінде кесіліп, одан оларды керісінше лигазалардың көмегімен ДНҚ фрагменттерін құрайды. Осы ферменттердің көмегімен белгілі бір қажетті ген бөлініп алынады, ал ол тген антигендік қасиеті бар белок құрайды

Slide 13

Иммуномодулятор

Иммуномодулятор адам мен жануарлардың иммундық жүйесі организмнің ішкі ортасын тұрақтылығын сақтауда маңызды функция атқарады. Бұл функция антигендік қасиеті бар эндогенді түзілетін және экзогенді түскен бөгде заттарды тану және организмнен шығару жолымен іске асырылады. Иммунды жүйенің бұл қызметі туа және жүре пайда болған иммунитет факторлары арқылы жүзеге асырылады. Біріншісіне, яғни туа пайда болған иммунитетке, нейтрофильдер, моноциттер/макрофагтар, дендриттік клеткалар, NK-және T-N-K- лимфоциттер, екіншісіне, яғни жүре пайда болған, Т және В клеткалар жатады. Иммунды жүйенің клеткасының саны және функциональды активтілігі бұзылған жағдайда иммунитет ауруы дамиды: иммунодефициттер, аллергиялық, аутоиммунды және лимфопролиферативті процестер. Бұл ауруларды комплексті иммунотерапия әдістерінің көмегімен жүргізіледі, ал иммунотропты дәрілік заттарды қолдану -солардың бірі болады.

Slide 14

Иммунотропты дәрілік заттар - бұл емдік әсері көбнесе адамның иммунды жүйесіне әсерімен байланысты препараттар. Иммунотропты дәрілік заттардың үш негізгі тобын ажыратады: иммуномодуляторлар, иммуностимуляторлар және иммунодепресанттар. Иммуномодуляторлар - бұл терапевтикалық дозада иммунды жүйенің функциясын қалпына келтіретін дәрілік заттар. Иммуномодуляторлардың иммунологиялық әсері науқас иммунитетінің бастапқы күйіне тәуелді: бұл дәрілік заттар төмен иммунды көрсеткішті жоғарлатады, керісінше жоғарыны төмендетеді. Иммуностимуляторлар - атына сәйкес иммунитетті күшейтетін дәрілік заттар. Иммунодепресанттар - иммунды жауапты басушы дәрілік заттар.

Slide 15

Адъюванттар

Адъюванттар- шығу тегі және химиялық табиғаты әртүрлі тәнді емес заттар. Адам және жануарлар денесіне антигендермен бірге енгенде, иммуногенезге жағдай жасап оның ұзақ жүруіне әсер етеді. Бұл ұғымды алғаш рет 1925 ж. Рамон енгізген. Адъюванттар ретінде алюминий калилі ашута- сы, кальций хлориді, минералды майлар, бактерия полисахариді, сапонин, латекстің, акрилаттың, бентониттің қатты бөлшектері және әртүрлі поли- электролиттер, оның ішінде ДЕАЕ - декстранқолданылады. Бірақ Адъюванттар адам организміне енгізу олардың неше түрлі жағымсыз қосалқы әсерлері болғандықтан шектелген. Адам үшін Адъюванттар тек алюминий мен кальций тұздарыныц гелі қолданылады. Кейінгі кезде липосомдар мен кейбір уытсыз полиэлектролиттерге көбірек көңіл бөлініп жүр.

Slide 16

Құтырық ауруы -бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлімжітіммен аяқталатын ауру. Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр, түлкі т. б. және адам ауырады. Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып, ауру жұққан соң 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды. Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.

Slide 17

Құтырық ауруының диагностикасы

Қоздырушысы. Pabies lyssavirus рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында, кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады.

Төзімділігі. Құтыру вирусы 60 градус кезінде 10 минут өткенде 100 градустан бірден белсенділігін жоғалтады. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазылтқыш қатырылған мида айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды

Құтырудың белгілері. Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады; Аузы көбіктенеді - ішіп-жей алмайды; Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін. Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.

Өтуі мен симптомдары. Құтырық жіті өтетін ауру. Әр түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. "Өршіген құтырықтың" 3 кезеңі болады:1) біліне бастаған; 2) көтерліген.

Патологиялық өзгерістер. "Патологиялық өзгерістердің" құтырық кезінде айтарлықтай ерекшеліктері болмайды, клиникалық белгілерімен қарастырғанда ғана айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Өлексені сырттай қарағанда арықтағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді

Slide 18

Адамдарды немесе жануарларды тістеген ит, мысық және басқа жануарлар оқшауланып, ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит, мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады. Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырмамен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады. Қазіргі кезде құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларға вакцина егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық ит пен мысық құтырыққа қарсы вакцинамен иммундалуға тиіс. Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады.

Құтырықтың алдын алу үшін

Slide 19

Блютанг ауруының алдын алу шаралары:

Басқа аурудан сау мемлекеттерден алынатын қой, ешкiлердi 30 күндiк карантинге қояды. Осы кезде қандарын комплемент байлау реакциясына (РСК) тексередi. Қой мен ешкiлердi қыс кезiнде алады. Малдарды әкелгеннен кейiн тағы 30 күндiк карантинге қояды шыбын-шiркейлер жоқ жерге. Қойларды тағы РСК-ға тексередi. Тексерген қанмен басқа қойларды егедi, тышқан балаларын және 8 күндiк тауық эмбриондарын. Биопроболарды апта сайын қайталайды 4 апта бойы. Қанмен еккенде 5 қойдыкiн қосып еккен сайын 2 қойдан егедi

Slide 20

Блютанг ауруының диагностикасы

Сезімтал жануарлар. Ірі қара мал блютангауруымен ауырады, бірақ қойлар - ең сезімтал түрлері. Сиыр көбінесе клиникалық өзгерістерге ұшырамай, ауру жеңіл формада өтеді. . Еуропадағы ірі қара мал - инфекцияның табиғи резервуары.

Аурудың белгілері. Жануардың денесіне кіретін вирус қан тамырларының ішкі бетінің жасушалық қабатына енеді. Патогеннің қанға кетуі эндотелийдің жойылуымен бірге жүреді, бұл қан кетуіне және ісінуге әкеледі.

Клиникалық симптомдар ұзақ уақыт бойы пайда болмауы мүмкін - соңғы жылдары инкубация кезеңінің 30-40 күннен асқан ұлғаюы байқалады. Тіндердің тамақтануы үзіледі, некротикалық бұзылу орын алады.

Slide 21

Шмалленберг ауруының диагностикасы:

Шмалленберг ауруы - бұрын белгісіз болып келген вирус жұқтыратын ауру. 2011 жылы Шмалленберг (Германия) қаласында үш сауын сиырдан бұрын зерттелмеген сырқат симптомдары анықталған. Германияның солтүстік батысында және Нидерландияның солтүстік шығысында сауын сиырының 20-70% осы ауру анықталған. Олардың сауылған сүт (50% жоғары) төмендеген, іштері өткен, жем жеуден бас тартты, ыстығы көтерілген (40°С жоғары), түсік тастаған.

Slide 22

Клиникалық белгілері сүттің төмендеуі, диарея пайда болады. Мүйізді ірі қара мал өтетін клиникалық белгілер бірнеше күнде, ал кішкентай малдарда кейде клиникалық белгілер болмауы мүмкін. Бұл ауруға жануарлардың барлық түрі сезімтал.

Буаз малдарда түсік тастау және даму ақауларымен ұрпақ пайда болады. Туа біткен буындардың ақаулары, гидроцефалия, мойынның бұрылуы, тері астындағы тіннің ісінуі, төменгі жақ потологиясы, аяқтың терінің бөлінуі байқалады.

Мұндай ұрпақ, әдетте, туғаннан кейін бірден өледі, өлім-жітім 20-ға дейін өзгереді.

Slide 23

Аусыл ауруларының диагностикасы

Жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі індет түрі. Ол туралы көне жазба деректерде («Қорқыт Ата» кітабында) айтылады. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тутасып, іріңді суға айналады, от пен судан қалады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады. Аусылды емдеудің дәстүрлі шаралары көп: оны асқындырмас үшін тұзды, сорлы көлдерге шомылдырады, күлдіреген бөрткен жараға сортаң балшық тартады, ыстық қарамай құяды немесе қуырған қара тұзға қара күйе, тотияйын, арша көмірінің ұнтағын араласты- рып аузын қан аққанша үйкелеп ысады.

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Қызанақтың бурыл дағы
НОЗОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Жануарлар мпен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық,тұмау,шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
Шошқаның атрофиялық ринитін дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Простата аденомасы
Рефсум синдромы
Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің сипаттамасы
Ірі қара пироплазмозы - Piroplasma bigeminum деп аталатын қарапайымды қоздыратын жіті ауру
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары
Аурудың шығу көзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz