ЗӘР АЙДАЙТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Презентация қосу
СРО
Жеке жүйелер мен ағзаларға әсер ететін дәрілік
заттар
Жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер ететін
дәрілік заттар
Жүрек гликозиттер
Жүрек гликозиттеріне жүрекке таңдамалы түрде әсер
ететін, өсімдіктерден алынатын, құрамында азат
болмайтын күрделі заттар жатады. Ол заттар суда
иондар түзу арқылы қантты – глюкон және қантсыз –
аглюкон бөліктеріне ыдырайды.
Гликозидтердің жүрек етіне арнайы
кардиотоникалық әсері олардың құрамындағы
аглюкондарға байланысты. Аглюкондар
гликозидтердің фармакокинетикалық қасиеттерін
анықтайды: олардың ерігіштігіне, ас қорыту
жүйесңне сіңуіне, торшалардың мембраналары
арқылы өтулеріне және қандағы белоктармен
байланысуларына әсер етеді. Гликозидтердің бұл
қасиеттер олардың белсенділігінің негізгі
көрсеткіштері.
Гликозидтердің көпшілігі ащы дәмді, су мен спиртте
жақсы еритін кристаллды заттар. Аморфты түрде
сирек кездеседі. Олардың өсімдіктердегі мөлшері көп
факторларға: жинау, кептіру, сақтау және т.б.,
байланысты. Сондықтан да ол препараттарды унемі
қалыптастырып (стандартизация) отыру қажет. Ол
химиялық және биологиялық жолдармен іске
асырылады. Биологиялық әдісте бақаларды,
мысықтарды және кок кептерлерді пайдаланады.
Жүрек гликозидтерін терапевтикалық дозасынан
артық мөлшерде тағайындауға болмайды. Ондай
жағдайда қаннның қысымының жоғарылауы,
экстасистолоның пйда болуы және жүрек
қарыншақтарының қалшылдап дірілдеуі
салдарынан жүрек соғысының тоқтап қалуы мүмкін.
ОЙМАҚГҮЛ
Көп шөп тәрізді өсімдіктердің бірнеше түрлері бар. Олардың ішінде
қызыл, ірі гүлді, тотықты, түкті және кірпікті оймақгүлдердің дәрілік
қасиеттері бар. Емдік дәрі ретінде олардың гүлденген кезде жинап
алынған жапырақтары қолданылады. Уакытында жиналып, жақсы
кептірілген 1 г жапырақта 50-60 БӘБ немесе 10,3-12,6 МӘБ белсенділігі
болуы керек. Жапырақты кептіріп, сақтаған кездерде, ферменттердің
әсеріне олардағы гликозидтер екінші қатардағы гликозидтер –
дигоксин, гитоксин және дигитоксиндерге айналады. Олар оймақгүлдің
биологиялық белсенді заттары болып саналады.
Препараттар кілегей қабықтарға, жарақаттарған теріге тітіркендіргіш
әсер етеді. Иттер мне шошқаларда, әсіресе олардың ас қорыту жүйесіне
қабыну процессі болғанда, препараттары ауыз қуысы арқылы бергенде
құсу байқалады; жиі қолдағанда гастроэнтерит дамиды.
Препарат ішектердің кілегей қабықтары өте баяу сіңеді. Оның ең
жоғары әсері бергеннен кейін 6-10 сағаттн кейін білінеді, ал ұзақтығы 9
күнге дейін созылады. Әсіресе дигитоксин өте тұрақты. Оны жиә
қайталап қолданғанда куммуляциялық әсерінің болуы мүмкін.
Сондықтан оны абайлап, белгілі бір үлгімен пайдаланған дұрыс!
Препараттың жасырын уақыты бар. Ол оның
дозасына байланысты болады.
Бірінші сатысы – терапевтік әсері
Екінші сатысы – улылық әсері
Үшінші сатысы – жүрек блокадасы, өлтіру
дозасы
Барлық сатыларында да жүректе систолалық
және диастолалық өзгерістер тірекледі. Олар
жүрек соғысының ырғақтыының, жүрек
етінің серпімділігінің, жүрек соғысының
минуттық көлемінің өзгерулерімен
сипатталады.
ГЛИКОЗИДТЕРДІҢ ӘСЕРІНІҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ
ДЕҢГЕЙДЕГІ МЕХАНИЗМІНДЕ ТӨМЕНДЕГІ
ФАКТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ БАР:
1. Гликозицтердің аз дозасы натрий-калий сорғыштығына дем береді;
2. Орташа терапевтік дозасы иондьқ насосты қажытады, кальций
ионының босауына қолайлы жағдай туады;
3. Улылық дозасы натрий-калий сорғыштығын одан әрі қажытады,
торша ішіндегі калий азаяды, ал кальций көбейеді.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қан систола кезінде толық түрде
қан тамырларына шығарылмайды, соның салдарынан диастола
кезінде жүрек вена қан тамырларынан келетін қанды толық қабылдай
алмайды. Ол вена қанының тоқырауына, соның салдарынан тіндерде
ісіктің пайда болуына апарып соғады. Газ алмасуы бұзылады; демікпе,
кілегей қабықтардың көгеруі туьндайды. Зәрдің бөлінуі бұзылады. Осы
өзгерістер жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысын одан әрі
асқындырады да, жүрек декомпенсациясын тудырады.
Препараттың әсерінен жүрек ырғақтығы баяулайды, ал диастола
ұзарады да жүрек энергиясыньщ қалыптасуына жақсы жағдай туады.
Оған кезеген нерв әсер етеді. Жүрек соғысының минуттық көлемі
үлғаяды. Міне осындай өзгерістермен препараттың емдік әсерін
түсіндіруге болады.
Жүрек гликозидтері өздері энергия көзі бола алмайды. Олар тек
жүректің энергияны үнемді пайдалануына жағдай туғызады. .
Табиғи жағдайда препаратпен улану сирек кездеседі. Улана қалғанда
малда сілекей ағу, тәбетінің болмауы, тыньмсыздануы, ішінің өтуі
байқалады.
Оймақтүл препаратын клиникалық жағдайда ең бірінші рет С П.
Боткин мен И.П.Павловтар қолданып, оған ғылыми түрғыдан негіздеме
берген.
Қалыпты жағдайда көбінесе препараттың аз және орташа дозаларын
қолданады. Оны ауыз қуысы арқылы тәулігіне 3-4 рет 4-6 күндей
тағайындайды. Одан кейін 4-5 күндей үзіліс жасап барып, керек болған
жағдайда қайталайды. .
Тәжірибеде оймақгүл және оның препараттарын жүрек жүмысының
компенсациясы бүзылғанда, оның созьшмалы түрдегі жеткіліксіздігінде
қолдануға болады.
Компенсациясы жоқ жүрек ақауларында, жүрек-қан тамырларының
жеткіліксіздігінде, эндокардиттің жіті түрінде, жүректің өткізгіштігі
Оймақгүл жапырағы – Pulveris foliorum Digitalis. 1г ұнтағында 50-
60 БӘБ болуы керек. Ұнтақ, болюс, тұнба ретінде қолданады.
Гитален - Gitalenum. Өзіне тән иісті, ащы дәмді сарғыштау түсті
сүйық. 1 мл препаратта 4,4-5,6 БӘБ болуы керек.
Кордигит - Cordigitum. Қызыл оймақгүлдің тазартылған экстрактісі.
Құрамында бірнеше гликозидтер бар. Таблетка түрінде шығарылады.
1 г таблетканың белсенділігі оймақгүл жапырағының 0,1 г
стандартына сай келеді. 1 г препаратта 6000-8000 БӘБ болуы керек.
Дигипурен - Digipurenum. Құрамында бірнеше гликозидтер бар,
қызыл оймақгүлдің тазаланған спирттегі ерітндісі. 1 мл ертіндісінде
9-12 БӘБ болуы керек. Препарат жылдам және күшті әсер етеді.
Коргликон - Corglyconum. Түссіз мөлдір, ащы дәмді, сүйық.
Меруертгүлдің жапырағынан алынған бірнеше гликозидтердің
жиынтығы. Дәрі ретінде судағы ертіндісі қолданылады. 1 мл
ертіндіде 0,6 мг коргликон бар. 1 мл препаратта 11-16 БӘБ болуы
керек. Әсері жағынан строфантқа жуық. 20-40 %-ды глюкозаның
ертіндісінде немесе хлорлы натрийдің изотоникалық төменгі
концентрациядағы ертіндісінде венаның ішіне жіберуге болады.
Адонис (жалын гүл) – Adonis vernalis, жазғытұрымғы жалынгүл.
Препарат биохимиялық белсенді заттарға бай. Олардың ішіндегі ең
бастылары жүрек гликозидтері цирин және адонитоксин. Соңғы
жылдары оның қүрамында К-строфантин, флавонды гликозид,
адониверкит және т.б. заттар анықталған.
Әсері строфанттың әсеріндей. Жүрек препараты, ауырсынғандықты
басатын, тыныштандыратын, зәр айдайтын дәрілік зат ретінде бағалы.
Қан тамырларының өзегін тарылтады, артериялық қысымды
жоғарылатады, қан айналысын жақсартады. Басқа жүрек
гликозидтеріне карағанда зәр шығаратын әсері айқынырақ. Организмде
тез бүлінеді, сондықтан кумуляциясы төмен.
Ауыз қуысы арқылы болюс, тұнба түрінде тағайындайды.
Адонизид - Adonisidum. Жалынгүл шөбінің судағы сығындысы. Керексіз
заттар мен сабындардан жақсы тазартылған. Мөлlір, аздап сарғыштау
түсі бар, өзіне тән иісті, ащы дәмді сүйық. 1 мл препаратта 23-27 БӘБ
болуы керек.
Сүр түсті ақбас шөп. Өсімдіктің барлық бөліктерінде (ұрығы, гүлі,
жапырағы, сабағы, тамыры) жүрек глиқозидтері эризимин және
эризимозид бар. Кардиотониқалық әсері айқын. Терапевтіқ тиімділігі
строфанттікіндкй, бірақ әсері жүмсақ, баяу, улылығы аз. Оймақгүлден
айырмашылығы жүрек қан айналысына жақсы әсер етеді, кумуляциясы
жоқ. Шөбің түнба ретінде ауыз қуысы арқылы қолданады.
Меруертгүл түнбасы – Tinctura Convalllariae. Өсімдіктің
жапырағы гүлімен бірге қолданьлады. Құрамында
конваллотоксин, конваллозид, конваллотоксол, сабын
конваллорин, эфир майы, кант, лимон және алма
қышқылдары, крахмал бар. Негізгі белсенді заттары
конваллотоксин және конваллозид. Ал сабынды
конваллориннің “ іш өткізетін және тітіркендіретін әсерлері
бар
Меруертгүл гликозидтерінің әсерлері оймакгүлдің
гликозицтерінің әсерлеріне ұқсас. Олардың тұрақтылығы
төмен және кумуляциясы жок.
Препарат орталық нерв жүйесіне тыныштандыратын әсер
етеді. Сондықтан оны . жүрек неврозында, кардиосклерозда,
жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолдануға болады. Оны
валериана және долана препараттарымен бірге жиі
колданады.
Строфант препараттары. Строфант жүрек-қан тамырларының
жүйесіне оймақгүл тәрізді әсер етеді. Ерекшелігі оңай сіңеді, тез
әсер етеді. Әсері 10-20 минутта, венаға жібергенде 10 минутта,
біліне бастайды. Препараттың дозасына байланысты әсерінің үш
түрін ажыратуға болады: терапевтік, улылық және талдырмаш.
Организмнен бөлінуі де жылдам. Дәріні жібергеннен кейін 24
сағатта қабылдаған дозаның 76 %-Ы организмнен бөлініп шығады.
Строфантин К – Strophanthinum К. Комбе строфантының
үрығынан бөлініп алынған жүрек гликозидтерінің қоспасы. Суда,
спиртте нашар еритін, сарғыш түсті кристаллды үнтақ. Жүректің
қызметінің жеткіліксіздігінің жіті және созылмалы түрлерінде,
оймақгүл препараттарының әсерлері болмаған жағдайда
қолданады. Препаратты венаға, баяу, 10-20мл 20 “ о-ды немесе 400
о-ДЫ глюкоза ертіндісінде, немесе хлорлы натрийдің
изотониқалық ертіндісінде жібереді.
Строфанттың тұнбасы. Ащы дәмі бар, сарғыш-қошқыл түсті,
мөлдір сүйық. 1 мл ертіндісінде 180-220 БӘБ болуы керек.
ЖҮРЕК ЫРҒАҚТЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ҚАРСЫ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАР.
Жүрек ырғақтығының бүзылуы жүрек ауруларының барысын
қиындатып, оларды асқындыра түседі. Көбінесе жүрек етінің
өткізгіштік, қозғыштық және жирылғыштық қабілеттіліктері
бұзылғанда байқалады. Жүректің синустық ритмін қалпына
келтіретін препараттардьң мал дәрігерлерінің тәжірибесінде зор
маңызы бар. Оларды екі топқа бөледі:
Мембранодепрессанттар - жүрек етінің торшаларының
мембраналарына тікелей блокадалық әсер ететін препараттар.
Оған жататындар: хинидин, новокаин, лидокаин, калий
түздары т.б. Олар Пуркинье талшығы мен миофибриллдердің
қозуын бәсеңдетеді, қозудың берілу жылдамдығын баяулатады;
Синапстарға әсер ететін препараттар. Олар:
1. адренергиялық - норадреналин, изадрин, эфедрин т.б.;
2. қарсы адренергиялық - в-адреноблокаторлары (анаприлин);
3. холинергиялық - карбахолин, атропиндер.
Новокаинамид Novocainamidum. Суда, спиртте жақсы еритін,
ақ түсті кристаллды үнтақ. Химиялық қүрылысы және
фармакологиялық қасиеттері жағынан новокаинге жуық,
бірақ жүрек етінің қозуы мен өткізгіштіктігін әлсірету қабілеті
әлдеқайда жоғары.
Препаратты жүрек ырғақтығы бұзылғанда: экстра систолада,
тахикардияда, жыпылықтағыш аритмияда т.с.с. өзгерістерде
қолданады. Ауыз қуысы арқьлы және венаның ішіне жібереді.
Венаға жібергенде артериялық қысымның төмендеуі мүмкін.
Күкіртті хинидин – Chinidini sulfas. Хин ағашының қабығында
болатын алкалоид. Суда еритін кристаллды үнтақ. Жүрек
етінің қызуын темендетеді. Ауыз қуысы арқьшы күніне
бірнеше рет беруге болады. Новокаинамид тәрізді
қолданылады.
Сондай-ақ оймақгүл мен долана препараттарының да
ырғақтыққа қарсы әсерлері бар.
ТҮЙІЛУГЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІЛІК
ЗАТТАР.
Жадағай еттерді босаңсытатын дәрілік заттар малдәрігерлік
тәжірибеде жиі қолданылады. Оларды жадағай еттердің тонусы
жоғарылайтын әртүрлі ауруларда тағайындайды. Бүл топқа
жататын препараттар: холинолитиктер, адреноблокаторлар,
симпатолитиктер және т.б..
Тікелей қан тамырларының өзегін кеңейтетін препараттарға ет
талшықтарының жирылуына әсер ететін препараттар: нитриттер,
органикалық нитраттар, нитроглицерин және т.б. жатады.
Нитриттер сонымен қатар қан тамырларының қозғалысын
реттеитін орталыққа да әсер етеді, артериялық қан қысымын
төмендетеді. Әсіресе бас, ми, жүрек қан тамырлары сезімтал. Қан
қысымының төмендеуі жүрек соғысының жиелеуіне апарып
соғады. Ал нитриттердің үлкен дозасында қүрсақ қуысының қан
тамырлары кеңеиеді, қан қысымы төмендейді. Қанда
метгемоглобин түзіледі, оньң түсі шоколад түстес болады. Қандағы
метгемоглобиннің мөлшері 20-25 % болғанда тіндерде оттегінің
жеткіліксіздігі байқалады, ал 60-70 % болғанда мал өледі.
Нитриттерді жүрек, ми, бронхылар мен ішектердің қан тамырлары
түйілгенде; кокаин, адреналин, синиль қышқылдарымен
уланғанда қолдануға болады.
Амилнитрит. Суда ерімейтін, сарғыш мөлдір сүйьқ. Өте жыпдам,
бірақ аз уақытқа; әсіресе жүрек, ми қан тамырларын кеңейтеді. Дем
арқылы тағайындайды.
Натрий нитриті. Аздап сарғыштау келген, суда жақсы еритін
кристаллды үнтақ. Әсері ауыз қуысы арқылы бергенде 10-15
минуттан кейін білінеді. Амилнитриттен әлсіздеу, бірақ үзағырақ
әсер етеді.
Ангиотрофин. Инсулиннен тазаланған ұйқы безі тінінің судағы
экстрактісі. Түссіз мөлдір сүйық. Қан тамырларының өзегін
кеңейтетін қасиеті бар.
Сальсолин гидрохлориді. Иіссіз, ащы дәмді, сарғьштау келген
кристаллды үнтақ. Қан тамырларының өзегін кеңейтеді,
артериялық қан қысымы төмендейді. Гипертония ауруларында:
стрихнинмен, строфантпен уланғанда қолдануға болады.
Бүл топтағы дәрілік заттардың қатарына сустак, эринит, нитронг,
папаверин, гидрохлориді, теобромин, теофиллин, эуфиллин,
дибазол, но-шпа, келлин т.б. препараттар да жатады.
ҚАНҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Организмде қанның түзілуіне және оның кейбір
функцияларына әсер ететін препараттарды
төмендегідей топтарға жіктеуге болады:
1. Эритропоэзге әсер ететін дәрілік заттар;
2. Лейкопоэзге әсер ететін дәрілік заттар;
3. Қанның үюына әсер ететін дәрілік заттар:
қанның ұюын нашарлататын дәрілік заттар;
қанның ұюын жақсартатын дәрілік заттар.
4. Қанның сарысуын ауыстыратын дәрілік
заттар.
ЭРИТРОПОЭЗГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР.
Гипохромды анемияда эритропоэзге дем беруші дәрі ретінде темір препараттарының
маңызы өте зор. Организмдегі темірдің 2/3 бөлігі гемоглобиннің құрамында, ал қалған
бөліктері қор ретінде сүйектің қызыл майының, бауырдың, көкбауырдьң тіндерінде
сақталады да, олардағы әртүрлі ферменттердің қүрамына Кіреді.
Мал организмінін темірге мүқтаждығы азық арқылы қамтамасыз етіледі. Ауыз қуысы
арқылы тағайындалған темір препараттары организмге өте нашар сіңеді. Олардың сіңуі
ионды түрінде ғана аздап асқазанда, негізінен он екі түтам ішекте болады. Олардың ішінде,
де екі валентті темір препараттары жақсы, ал үш валентті препараттары нашар сіңеді.
Хлорлы сутекті қышқылы мен аскорбин қышқылдары олардың сіңуін жақсартады.
Асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарындағы темір препараттарымен комплекс түзеді.
Ондай комплекстер организмге жақсы сіңеді. Бүл мәселеде ішектің кілегей қабығында
болатын апоферритин, трансферриндердің ролдері күшті. Олармен қосылған темір
препараттары ферритин, ферротрансферриндер түзеді де, олар қан арқылы барлық
организм тіндеріне тарайды.
Темір организмнен ас қорыту жүйесі арқылы, бүйректермен және тер бездерімен бөлінеді.
Темірге мал организмінің қажеттілігі анемияда; ас қорыту жүйесінің ауруларында; жоғарғы
өнімді, буаз, өсімтал жас малдарда жиі байқалады.
Концентрациясына байланысты темір препараттары жергілікті тұтқырлағыш,
тітіркендіргіш және күйдіргіш әсер етеді. Үлкен дозасында гастроэнтерит, құсу, іш өту
байқалады.
Темір препараттарын анемняның көптеген түрлерінде; ас қорыту, зәр шығару жүйелерінің
ауруларында; лейкозда қолданады. Тетрациклинмен бірге қолдаған жағдайда
антибиотиктің сіңуін нашарлатады.
Қалыптастырылған темір – Ferrum reductum. Сұрғьш-қара түсті ұнтақ.
Қүрамында 99 % темір бар. Тұз қышқылының ерітіндісінде ериді. Ауыз
қуысы арқылы бергенде асқазандағы қышқылдық ортада ериді де, екі
валентті хлорлы темір түзіледі. Ол кілегей қабықтың рецепторларын
тітіркендіру арқылы асқазан мен ішектерде секреттің бөлінуін үдетеді, ас
қорыту процессі жақсарады. Онымен қатар қан элементтерінің түзілуіне
дем береді, зат алмасу процессін жақсартады.
Препаратты маллы азықтандырғаннан кейін асқазанның сөлімен, немесе
аскорбин, хлорлысутекті қышқылдармен қосып гипохромды анемияда
ауыз қуысы арқылы береді.
Сүтті темір – Ferri lactas. Өзіне тән иісі бар, көкшіл-ақ6 кристаллды
9нтақ. Ыстық сeда жақсы ериді, ауыз қуысы арқьkы береді. Қан
элементтерінің түзілуін жақсартады.
Күкірт тотықты темір- Feffossi sulfas. Көкшіл-жасыл түсті кристаллд
ұнтақ. Ертіндінің концентрациясына байланысты түтқырлағыш,
тітіркендіргіш, күйдіргіш қасиеттері байқалады. Ауыз қуысы арқылы
бергенде асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарын тітіркендіру арқьлы
олардың секреттерінің бөлінуін жақсартады. Микроорганизмдерге,
қабыну процесстеріне қарсы әсері бар. Эритропоэзге, зат алмасу процессіне
дем береді.
Препаратты ауыз қуысы арқылы 0,2-1 %-ДЫ ертінлі ретінде гипохромды
анемияда, мал арықтағанда түтқырлағыш, залалсыздандырғыш дәрілік
зат ретінде қолданады.
ядроларының қызметтерінің тежелуіне және
нуклеопротеидтердің синтезіне тікелей
байланысты. Сондықтан бірінші кезекте
нуклеиннің алмасуына әсер ету үшін
организмді жеткілікті мөлшерде нуклеин
қышқылымен қамтамасыз ету керек. Ол үшін
парентеральды жолмен организмге нуклеин
қышқылының натрий түздарын жіберсе
болғаны. Лейкопоэзге фолий қышқылының
да дем берушілік әсері бар. Уланудан,
радиациядан болған лейкопенияда
стимулятор ретінде лейкоген қолданылады.
Бұл топтың препараттарын лейкопения мен алейкияның
барлық түрлерінде; хирургиялық тәжірибеде жаралардың
грануляциясы және жазылуы нашар болған жағдайда,
күйікте, ойық жараларда, бауырдың қабынуында, тыныс алу
жүйесінің ауруларында тағайындайды. Малды
азықтандырғаннан кейін, күніне үш рет, 15-20 күндей
қолданады. Қан элементтерін түзу ағзаларының ауруларының
ауыр түрлерінде қолдануға болмайды.
Натрий нуклеинат – Natrii nucleinas. Суда еритін, ақшыл-
сарғыш түсті үнтақ. Сүйек кемігінің қызметін, лейкоциттердің
түзілуін, әсіресе гранулоциттердің, түзілуін жақсартады. Ауыз
қуысы арқылы, күніне бір рет, 10 күндей тағайындайды.
Пентоксил. Суда аз еритін, ақ түсті кристаллды үнтақ.
Лейкопоэзді қуаттандырады. Ауыз қуысы арқылы малды
азықтандырғаннан кейін, күніне 3 рет, 20 күндей береді.
Лейкоген. Суда ерімейтін, ақшыл-сарғыш түсті үнтақ .
Лейкопоэзді қуаттандыру үшін қолданады.
ЗӘР АЙДАЙТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Бұл топтағы дәрілік заттар бүйректердің несеп беретін
функцияларын жоғарылатады да тіндер мен организмдердің
серозды қуыстарындағы сүйықты азайтады. Диуретиктер
организмде су" мен түздың алмасуын реттейді, ісіктерді
болдырмайды. Организмде натрий мен судың қалыптан тыс
жинақталуын тудыратын ауруларда кеңінен қолданылады.
Препараттардың ерекше қасиеті олардың бүйректердің
өзекшелерінде натрий иондарының қайта сорылу процессін
тежеуі. Соның салдарынан калий және хлор иондарының
тасымалдануы да бүзылады.
Қазіргі кездегі теория бойынша бүйректердің қызметтері нерв
жүйесі және гуморальдық жүйе арқылы реттеліп отырады.
Оның ішінде гормондардың әсерінің маңызы зор. Мысалы,
альдесторон гормоны бірінші зәрдең натрий иондарының қанға
қайта сіңу процессін белсендендіреді.
Малдәрігерлік тәжірибеде салуретиктер, осмостық диуретиктер
және өсімдіктерден алынатын зәр айдайтын дәрілік заттар
қолданылады.
Салуретиктерге тиазидтер және соған үқсас препараттар қышқыл туындылары және
карбоангидраза ингибиторлары жатады.
Олардың ішінде тиазидтерді созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде болатын
қанның тоқырауында, гипертоникалық ауруларда қолданады.
Дихлортиазид - Dichlorthiazidum. Суда, спиртте нашар; сілтілік ертінділерде оңай еритін,
сарғыш түсті кристаллды үнтақ. Өте белсенді диуретик. Препарат натрий мен хлор иондарының
реабсорбциясын темендеnеді, ал калий мен гидрокарбонаттардың реабсорбциясын қажытады.
Сондықтан оны жүрек-қан тамырлары жүиессінің қызметінің жеткіліксіздігінен болатын
қанның тоқырауында, нефрит пен нефрозда, ісіктерде қолданады. Жақсы гипотензивті дәрілік
зат
Диакарб - Diacarbum. Суда, спиртте нашар; сілтіде оңай еритін ақ түсті кристаллды үнтақ.
Карбоангидраза ферментінің әсерін әлсірететін ерекше қасиеті бар. Бүйректердің
өзекшелеріндегі натрий ионының қайта сорылуын әлсіретеді, натрий мен гидрокарбонат
иондары зәр арқылы көптеп бөлінеді. Зәр айдайтын дәрілік зат ретінде және көз глаукомасында
қолданады.
Осмостық диуретиктер. Бүл топтың препараттары натрий ионын тасымаддауға тікелей
қатынаспайды. Олар қан сары суының осмостық қысымын жоғарылатады. Тіндерден су қанға
өтетіндіктен айналымдағы қанның көлемі үлғаяды. Зәрдің бөлінуі көбейеді, онда калий көп
болады.
жеткіліксіздіктерінің жіті түрлерінде венаға баяу жіберу арқьшы көпданады. Маннит -
Mannitum. Ыстық суда өте оңай еритін ақшьш-сарғыш түсті, қанттар тобына жататын алты
атомды спирт. Өкпе ісігінде, көздің ішкі қысымы төмендегенде, бүйректер мен бауырдың
қызметтерінің
Моченина - Urea pura. Суда жақсы еритін, ащылау дәмі бар, иісі жоқ, ақ түсті кристаллцы
үнтақ. Судағы ертіндісі бейтарап реакция береді. Зәр айдайтын әсері қан сары суы мен бүйрек
өзекшелерінде осмостық қысымцы жоғарылатуына байланысты.
Калий ацетаты. Әлсіз сірке қышқылының иісі бар, ақ түсті кристаллды үнтақ. Суда,
спиртте оңай ериді. Малдәрігерлік тәжірибеде судағы ертіндісін қолданады.
Ас қорыту түтікшелерінде жылдам сіңеді және оңай калий карбонатына
айналады. Бүйректер арқьшы бөлінеді, тітіркендіреді. ДиуретикальІҚ әсері осмос
заңына байланысты. Судағы ертіндісін ауыз қуысы арқылы береді.
Дала қырқбуыны. Жасыл жапырақты өсімдікті жазда дайындайды. Қүрамында
алкалоид, флавоноидтар, сабындар, органикалық қышқылдар, эфир майы,
кіріктіргіш және басқа да заттар бар.
Ісікті жүрек ауруларында, қуықтың және зәр шығаратын жолдарының
қабынуларында зәр айдайтын және залалсыздандыратын дәрі ретінде қонданады.
Бүйректерді тітіркендіретіндіктен нефрит, нефроз ауруларында қолданбайды.
Ақ қайың бүршіктері. Оларды жазғытүрым ерте, бүршіктер ісінген кезде жинайды.
Қүрамында эфир майы, сабындар, фитонцидтер, флавоноидтар, С витамині,
кіріккіш және т.б. заттар бар.
Қайын бүршіктерінің зәр, ет және тер айдайтын қасиеттері бар. Оның қайнатпа,
түнбаларын жүрек, бүйрек ісіктерінде, қуық ауруларында, холециститте қолданады.
Арша түқымы - Fructus Yuniperi. Қара-көк түсті, күздің аяғында жинап алатын
түқым. Кептірілген жемісінде 40 0о-дай қантты заттар; 0,5 % эфир майы;
органикалық қышқылдар; қара май және т.б. заттар бар.
Препарат зәр айдайды, ас қорыту процеССіН жақсартады, бронхы бездерінің
секретін үлғайтады. Эфир майы ашу процессіне және микрооргаНИЗМДерге қарсы
әсер етеді. Ол организмнен бүйректер және бронхы бездері арқьшы бөлінеді; оларды
тітіркендіреді; зәрдің, бронхы секретінің бөлінуін үдетеді.
Өсімдік диуретиктері. Көптеген өсімдіктердің
қүрамындағы биологиялық белсенді заттар бүйректер
арқылы бөлініп, олардың функцияларын үдетеді.
Олар белгілі мөлшерде диуретикалық әсер етеді және
оларды созылмалы ауруларда қолданған жөн.
Атқұлақ жапырағы (аю қүлақ) – Folia Uvae ursi. Үнемі
жасыл түсті, жерге жайылып өсетін бүта. Құрамында
гликозид арбутин, кіріқкіш заттар, флавоноидтар,
органикалық қышқылдар және т.б. заттар бар.
Препарат ерте кезден қуық пен зәр шығаратын
жондардың қабынуларында зәр айдайтын және
антисептикалық дәрі ретінде қодданылып келеді.
Әсерінің механизмі гликозид арбутиннің гидролизінде
түзілетін гидрохинонның қасиеттерімен түсіндіріледі.
Сондай-ақ зәр айдайтын дәрі ретінде оксодолин,
этакрин қышқылы, теобромин, эуфиллин және т.б.
дәрілік заттар қолданылады.
ӨТ АЙДАЙТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Бүл топқа өсімдіктерден және синтетикалық жолмен алынатын
өттің түзілуін және оньщ он екі түтам ішекке бөлінуіне себепші
болатын дәрілік заттар жатады. Өттің қүрамында арнайы
пигмент билирубин, өт қышқылдары, холестерин, муцин және
органикалық емес түздар бар. Олардың ішіндегі ас қорыту
процессі үшін ең маңыздысы холий қышқылының глицин және
тауринмен қосылысынан түратын өт қышқылдары. Олар
майларды үсақтайды және олардың ішектердің ішінде қанға
сіңуін қамтамасыз етеді. Түз қышқылы, АКТГ, инсулин және
басқа да гормондар мен ферменттердің қатысуымен өт
қышқылдары еттің түзілуіне әсер етеді. Өт секрециясы
Орталық нерв жүйесі арқылы холинергиялық және
адренергиялық нервтермен реттелш отырады.
Холиномиметиктер көбейтеді, ал адреномиметиктер азайтады.
Хопинолитиктер мен спазмолитиктер еттің түзілуін тежейді,
бірақ бөлінуін жеңілдетеді.
Тәжірибе жүзінде өт айдайтын дәрілік заттардың екі тобының
маңызы бар:
1. Өттің түзілуіне дем беруші холеретиктер;
2. Өттің ішекке бөлінуіне себепші болатын -холекинетиктер.
Бұл препараттардың ішінде холеретикалық, холекинетикалық
және холеспазматикалық әсерлері бірдей білінетіндері де
кездеседі.
Дегидрохол қышқылы – Acidum dehydrochloricum. Суда аздап
еритін, спиртпен араласатын, иіссіз, ащы дәмді, сарғыштау түсі
бар жеңіп кристаллцы үнтақ. Өттің түзілуін демейді және
диурезді үлғайтады.
Холангит, холецистит, гепатит ауруларында ауыз қуысы арқылы
береді. Басқа да холеретикалық дәрілік заттар тәрізді бауыр
дистрофиясының жіті және жітілеу түрлерінде қолдануға
болмайды.
Аллохол - Allocholum . Сыртында өт пен белсендендірілген көмірден түратын
қабығы бар таблетка. Бауырдың секрециясын үдетеді, асқазан мен
ішектердің секрециялық және жирылу функцияларын белсендендіреді, ашу
және шіру процестерін тежейді:
Бауырдың және өт жолдарының жіті және созылмалы ауруларында,
ішектердің бітелуінде бірнеше жұма қолданады.
Холензим. Ақ түсті қабы бар таблетка. Қүрамында кептірілген өт, үйқы безі
және ащы ішектің кілегей қабығы бар. Қүрамындағы трипсин мен
амилазаның әсерінен өт айдайды, ас қорытуды жақсартады.
Көбінесе ас қорыту жүйесінің ауруларында ауыз қуысы арқылы қонданады.
Никодин - Nicodinum. Суда еритін ақ түсті үнтақ. Өт айдайтын,
бактериоцидтік әсерлері бар. РР витаминінің де қасиеттері бар. Бауырдың
функцияларына оң әсер етеді, әсіресе ол қабынғанда. Антибиотиктермен бірге
қондануға болады.
Құм салаубас шөбінің гүлі. Гүл сабағының жоғарғы жағымен қоса жиналып,
кептірілген гүл тостағаншасы. Қүрамында флавондар, кіріккіш заттар, эфир
майлары, қышқылдар, К және Е витаминдері бар. Түнба, экстракт,
қосылыстар ретінде бауырдың, қуықтың, өт жолдарының жіті және
созылмалы ауруларында ауыз қуысы арқылы қолданады.
Препараттың қүрғақ концентраты да қолданылады. Ол ыстық суда жақсы
ериді.
ЖАТЫРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР.
Бұл топқа жатыр еттерінің жирылуына, тонусына
және ритміне әсер ететін дәрілік заттар жатады.
Дәрілік заттар тікелей жатырдың жадағай еттеріне
немесе оның адрено-, холино-, серотонино-, гистамино
рецепторлары арқылы әсер етеді.
Препараттарды малдардың туу процесі нашарлағанда,
қан аққанда, өлі үрықты аластау, жатырдың
инволюциясын жылдамдату үшін қолцанады.
Препараттарды екі топқа бөледі:
1. Жатыр еттеріне дем беруші дәрілік заттар;
2. Жатырдың тонусын, жирылуын әлсірететін дәрілік
заттар.
Окситоцин - Oxytocinum. Гипофиздің артқы бөлігінің гормоны. Қазірде синтезі
жолға қойылған. Қанға бөлінген препарат әсіресе буаз малдың жатыр етінің
жирылуын жақсартады. Препарат в-рецепторларды қоздыру арқьшы әсер етеді.
Терінің астына, еттің ішіне жібереді. Венаға тамшы әдісімен 5% -ДЫ глюкоза
ертіндісімен қосып Жібереді. 20-40 минуттан кейін қайталауға болады.
Питуитрин – Pituitrinum pro injectionibus . Ірі қара мен шошқалардың
гипофиздерінің артқы бөлігінен алынатын гормон. Фенолмен концервацияланған,
қышқыл реакцияны, түссіз, мөлдір судағы экстракты қолданылады. Әсері
окситоциндікіндей. Атеросклерозда, миокардитте, буаз малдарға қолдануға
болмайды.
Гипотоцин препаратының питуитриннен айырмашылығы онда вазопрессин
гормоны аз. Ампулада шығарылады, еттің ішіне жіберіледі.
Қастауыш, күйе. Дәнді дақылцарда кездесетін тоғышар саңырауқүлақ. қүрамында
алкалоидтар эрготамин, эрготоксин, эргометрин; гистамин; холин; ацетилхолин бар.
Аз дозасының өзінде жатырдың жирылу ритмі үдейді, дозасын аздап көбейткенде
жатырдың тонустық жирылуы пайда бола бастайды. Үрықтың түншығуы мүмкін.
Сондықтан препаратты тууға дем беруші ретінде емес, туғаннан кейін қан тоқтату
үшін қолданады. Үлкен дозасы малцы уландырады. Гангреналы түрінде тіндерді
өлі еттендіреді, ал қалшьІЛДап-дірілдеу түрінде тоникалық және клоникалық
тартылу байқалады.
Препаратты жатыр атониясында, одан қан аққан жаҒДайда, үрықты аластау үшін
қолданады. Жатырдың субинволюциясын тездетеді. Буаз малдарға, олардың тууын
жылдамдату үшін қолданбайды.
Препараттың фосфатты қоспасы эрготал да осындай әсер етеді.
ЖАТЫР ЕТТЕРІН БОСАҢСЫТАТЫН
ДӘРІЛІК ЗАТТАР
буаз мандардың уақытынан ерте туу қаупі » байқалғанда,
үрықты сақтап қалу үшін қолданылады. Гормон
жетіспегенде прогестеронды қонданады. Нейротропты
және миоТропты дәрілік заттардан седативті дәрілердің,
холинолитиктердің және спазмолитиктердің маңызы бар.
Қазіргі кезде в-адренорецепторларын қоздыратын дәрілік
заттарды жиі қолдануда.
Ханегиф. Препаратты қолlанғаннан кейін 10-15 минуттан
соң жатыр босаңси бастайды; әсері 1,5-2 сағатқа созылады.
Жатырдың аяқ астынан жирылуының күшеюі
салдарынан уақытсыз ерте туу қаупі төнгенде, жатырға
операция жасаған кезде, кесар әдісінде, қолданады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz