Қолдан ұрықтандыру



Тақырыбы: Қолдан ұрықтандыру.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қолдан ұрықтандыру.
Шәуеттің құрылысы.
Спермийдің қасиеті.
Қойды қолдан ұрықтандыру.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің жоғарлауы ауыл шаруашылық малдарының ұдайы өсуін ұйымдастыру деңгейіне тікелей байланысты. Қолдан ұрықтандыру ірі көлемді селекцияның ұйымдастырушылық-техникалық негізі ретінде, өнімділігі жоғары өндіруші аталықтарды кең көлемде пайдалану есебінен, өнімділік көрсеткіштері төмен малдардың сапасын жақсарту қарқынын жеделдетуге мүмкіндік туғызады. Қазіргі таңда етті ірі қара мал шаруашылығының асыл тұқымдық базасын құру мақсатында, шет елдерден етті бағыттағы тұқымдардың өнімділіктері жоғары малдарын біздің елімізге алып келіп, репродукторлық шаруашылықтар құру бойынша инвестициондық жобалар іске қосылуда. Еліміздің мамандарының алдына үлкен талап қойылды - ол, осы шет елдерден алып келінген малдардың генетикалық потенциалын сақтап қалу және оны одан әрі дамытып жақсарту.

Ауыл шаруашылық малдарында табиғи ұрықтандырудың екі типі қолданылады:
Жатырлық ұрықтану
( бие, мегежін)
Қынаптық ұрықтану
(сиыр, саулық, ешкі) .

И. И. Ивановтың (1899) қолдан ұрықтандыруды ауылшаруашылық малдарының жалпы сапасын жақсарту әдісі ретінде ұсынуы - малдарды қолға ұстау мен үйретуден кейінгі малшаруашылық саласында ең үлкен жаңалық.
Қолдан ұрықтандыру

Қолдан ұрықтандыру әдістері мүмкіндік туғызды:
Құс тұқымдарын шығаруға;
Ет, жұмыртқа,
мамық өнімдерін жоғарлатуға.

Ұрық - ұрық сұйығы (плазма) мен сперматозоидтардан тұратын лай түсті, жабысқақ, иісті, ақ сұрғылт зат. Бір шағылыс уақытында аталықтан алынған ұрықты шәует деп атайды.
Ұрық

Аталық малдардың шәуеттерінің көлемдері мен құрамдары олардың жыныс мүшелерінің және шағылыс сатыларының ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады.
Қолдан ұрықтандыру

Шәует аталық малдың жыныстық мүшелері бөліп шығаратын ұрығы. Оның құрамында аталық ұрық торшалар (спермийлер) бар, еннің ирек түтікшелерінде пайда болады, ал сұйық бөлігі (плазма) ен қосалқысы мен ұрық түтікшесінің және қосымша жыныстық бездердің секреттерінен құралады. Химиялық құрамы өте күрделі.
Шәует

Шәует құрамында:
пероксидаза
трипсин
каталаза
Гиалуронидаза
муциназа
амилаза

Муциназа - жыныстық жолдардағы қою шырышты сұйылтып спермийлердің қозғалуына көмектеседі.
Глауронидаза спермийдің аналық ұрық торшасының сыртқы тәж қабатын тесіп өтуіне көмектеседі.

Химиялық құрамы жағынан ұрық организмнің өте күрделі сұйықтығына жатады. Ұрықтың салмағы 90 -98% шамасында судан, 2-10 % құрғақ заттан тұрады. Құрғақ заттың 60 % белок құрайды.

Көмірсулар спермийлердің қозғалуы үшін қажетті күш - қуат көзі болып табылады.
Спермийлер - өте ұсақ, ұзындығы 50-70 микрон, жай көзге көрінбейтін ірі торшалар.



Бұқада 4-5 және 15 мл
Айғырда орта есеппен шәует көлемі 50-100 мл, көп дегенде 600мл
Қабанда 200-400 және 1000мл
Әтеште 0, 3 - 2мл
Аталық малдардың шәуеттерінің көлемдері:
Қошқарда 1-2 және 3-5 мл

1- Бұқа;
2 -Айғыр;
-
3- Қабан;
4-Қошқар.

Малдың түріне байланысты ұрықтың концентрациясы да әртүрлі болады. Қынап тәсілімен ұрықтанылатын малдарда ұрықтың концентрациясы жатыр арқылы ұрықтанылатын малдарға қарағанда 5-10 есе жоғары болып келеді.
Мысалы: 1мл қошқар ұрығында 2, 5-3, 5 млрд, ал қабанның 1 мл ұрығында 0, 15 - 0, 21 млрд ұрық болады.


Шәуетте қозғалмайтын, яғни өлі спермийлер көп болса - не кроспермия
Спермийлердің ағысқа қарсы жылжу қабілеті реотаксис

Шәуетке сыртқы ортаның әсері.
Бұқадан, қошқардан т. б. малдан шәует алғанда, оны тасымалдағанда, сақтағанда сыртқы ортаның әсерін ескеруіміз керек.

Бұқадан алынған спермий

Температура.
Спермийлердің өмір тіршілігіне ең қолайлы температура дене температурасы (38-40t) болып табылады, бұл кезде оның қозғалу белсенділігі өте жоғары. Бірақ мұндай жағдайда спермийлер көпке шыдамайды, қоректік заттар қоры тез таусылып, ортаның қышқылдығы артады, жоғары +40+45 t температурада олардың ұрықтандыру қасиеті төмендей береді де, 50 t күйіп өледі.

Осмостық қысым.
Шәуеттің осмостық қысымы тұрақты бір деңгейде болады, оның плазмасындағы қысым мен спермийлердің ішкі қысымы бірдей, яғни изотониялық қысым болады. Гипертониялық немесе гипотониялық қысым спермийлерді өлтіреді.

ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР 1. Дьюар ыдысы - ауыл шаруашылық малдарының ұрықтарын ұзақ уақыт бойы сұйық азотта сақтауға арналған. 2. Қысқыш (пинцет) - пайеттерді ыдыстан алып шығуға арналған. 3. Пайеттерді еріткіш - пайеттердегі ұрықтарды ерітуге арналған. 4. Салфеткалар - пайеттерді сүртуге арналған. 5. Пайеттерді кескіш немесе қайшылар - пайеттің жабық шетін кесуге арналған. 6. Шприц - катетер - пайеттерді ұрықпен толықтыруға және жатырдың денесіне ұрықты еңгізуге арналған. 7. Чехолдар - сиырдың жыныс жүйесінің кілегей қабығын темір шприц-катетермен зақымдаудан сақтап қалуға арналған. 8. Бір рет пайдаланылатын қолқаптар - малдарды ұрықтандыру кезінде гигиеналық-қорғауыш құрал ретінде пайдаланылады. 9. Майлауыш-гель - бір рет пайдаланылатын қолқаптарды майлауға арналған.

Дьюар ыдысы
Қысқыш (пинцет)
Шприц, қатетер
Бірреттік қолғаптар

Өндіруші бұқаның ұрығымен жұмыс істеу кезінде ұрықтын тіршілікке бейімділігіне төмендегідей факторлар әсер ететіндігін естен шығармау қажет: - жарық - күн сәулелері ұрықтардың өлуіне әкеп соғады, сол себепті ұрықтарды күн сәулесі түспейтін, қаранғы жерде сақтау қажет, ал ұрықтармен күн сәулесі батқан уақытта немесе электр жарығымен жұмыс істеу керек. Ұрықпен жұмыс істеуге қажетті столды жарық тура түспейтін орынға орналастыру қажет;

-температура - ұрықтарды 42°С-ге дейін қыздыру және минус 1°С-ге дейін мұздату қауіпті болып саналады. Сол себепті ұрықтарды температураның күрт төмендеуін немесе күрт жоғарлауына жол бермей, белгіленген бір тұрақты температурада сақтау қажет, ал ұрықтармен жұмысты ұрықтандыру пункттерінде, бөлмелік температурада істеу қажет

- су - ұрықтарды бірден өлімге ұшыратады, сол себепті ішінде ұрықтары бар пайеттерді ішіне су кіріп кетпейтіндей етіп салфеткамен әбден құрғатып сүрту қажет; - спирт - ұрықтын өлуіне әкеп соғады, сол себепті құрал-саймандармен ыдысты спиртпен зарарсыздандырғаннан кейін натрийдің бикарбонатының 1 %-дық стерилді ерітіндісімен немесе натрийдің лимонқышқылды 2, 9%-дық ерітіндісімен қайта жуу қажет.

Қойды қолдан ұрықтандыру
Бұл маусымды, күзді күндері жүргізілетін жұмыс. Оған мұқият дайындалу керек, яғни қой қашыру науқаны басталғанға дейін 1, 5-2 ай бұрын қойды қозыларынан бөліп, жақсы жайылымдарға шығарады, нашарларын бөлектеп үстемелеп жемдейді.

Күйлеген қойды, ешкіні арнайы станокка бекітіп ұстап тұрады да, оның құйрығын жоғары көтеріп сарпайын жуып -сүртеді. Ұрықтандырушы техник станоктың арт жағында қазылған шұңқырға түсіп отырып жұмыс істейді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz