РИККЕТСИЯ ХЛАМИДИЯ


Slide 1

РИККЕТСИЯ, ХЛАМИДИЯ, МИКОПЛАЗМАНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ. БАКТЕРИЯ КЛЕТКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ.

Slide 2

Жоспар

РИККЕТСИЯ

ХЛАМИДИЯ

МИКОПЛАЗМА

БАКТЕРИЯ КЛЕТКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

РИККЕТСИЯ

Риккетсиялар - клеткаішілік паразиттер болып табылатын, поиморфты бактериялардың ерекше тобы. Олар Rickettsiaceae тұқымына жатады.

Риккетсиялардың сыртқы түрі, көлемі жағынан бактерияларға шамалас, бірақ клетка ішінде тіршілік ететін паразиттер болғандықтан, вирустар сияқты тірі клеткаларда ғана көбейіп, тіршілік етеді.

Риккетсиялар туғызатын аурулар: КУ безгегі, эпидемиялық бөртпе сүзегі, шың безгегі және т. б

Slide 4

Риккетсиялар- микроорганизмдер көлемі 0, 2-н 30 мкм-ге дейін. Олардың жасуша қабырғасы екі қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады. Риккетсиялар пішіндері бойынша таяқшалы, жіпшелі және конус тәрізді болады. Барлық риккетсиялар жасуша ішілк паразитер, сондықтан олар тек тірі ағзада ғана көбейе алады. Олар бөртпелі сүзек және әртүрлі қызбалық инфекциялық ауруларды тудырады. Тасымалдаушылары болып: кенелер, биттер, бүргелер табылады. Осылардың ағзаларында риккетсиялар көбейеді.

Slide 5

Риккетсиялардың морфологиялық сипаттамасы

Риккетсиялар ұсақ полиморфты грам теріс бактериялар. Олардың жасуша қабырғасы екі қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады. Риккетсиялар пішіндері бойынша таяқшалы, жіпшелі және конус тәрізді болады. Барлық риккетсиялар жасуша ішілік паразит болып табылады, сондықтан олар тек тірі ағзада ғана көбейе алады. Олар бөртпелі сүзек және әртүрлі қызбалық инфекциялық ауруларды тудырады. Тасымалдаушылары болып: кенелер, биттер, бүргелер табылады. Осылардың ағзаларында риккетсиялар көбейеді.

Slide 6

Ауру туғызатын риккетсиялар

Қасиеттері жағынан бактериялар мен вирустарға ұқсас микроорганизмдердің ерекше тобы. Ауру туғызатын риккетсиялардың сыртқы түрі, көлемі жағынан бактерияларға шамалас, бірақ клетка ішінде тіршілік ететін паразиттер болғандықтан, вирустар сияқты тірі клеткаларда ғана көбейіп, тіршілік етеді. Ауру туғызатын риккетсиялар туғызатын аурулар: КУ безгегі, эпидемиялық бөртпе сүзегі, шың безгегі және т. б

Slide 7

Хламидиялар

Хламидия жасушаішілік облигатты паразитті бактериялар. Олар адамдарда, жануарлар мен құстарда әртүрлі аурулар қоздырады. Хламидиялар деп аталуы грек сөзінен chlamyda - мантия, жамылғыш деген сөзден шыққан. Себебі зақымданған жасушалар ішінде жамылғышпен қоршаған қосындылар түзеді.

Slide 8

Морфологиясы

Хламидиялар кокк тәрізді бактериялар, өлшемі 0, 5-1, 5мкм. Грам теріс. Қозғалмайды, капсула түзбейді. Клетка ішілік паразиттер болып табылады, оарды энергетикалық паразит деп атайды. Клетка ішінен енген элементарлық денешіктер ретикулярлы денешікке айналып, көбейіп жаңа бір ұрпақ элементарлық денешікке айналады, осы цикл 40-72 сағатқа созылады да клетка аралық кеңістікке шығады. Хламидияларды өсіру үшін тауық эмбрионын немесе тіндерінің культурасын қолданады.

Slide 9

Хламидиоз

Сұйықтық түсінің өзгеріске ұшырауы, іштің төмен жағының бүріп ауыруы әйелдер организміндегі асқынған хламидияның көрсеткіші болып табылады. Еркектерде де сұйықтық мөлшерден көп бөлінеді. Хамидия әрқашан жаныстық қатынас арқылы жұғады. Берекетсіз жыныстық қатынасқа түсетіндерде бұл қауіпті індетке шалдығу мүмкіншілігі зор. Әсіресе 20 мен 30 жас аралығындағы ер азаматтар көп емделеді. Емделу процесі ұзақ инфекциядан сақтанудың бірден бір жолы-сауатты сақтану, әрі медициналық жолмен тексеріліп тұру. Ауруды жұқтырған адам міндетті түрде екі тарап та емделу керек. Бірі емделіп, екіншісі ем қабылдаудан бас тартса уақыттың зая кеткені. Тағы бір ескеретін жайт инфекцияның қайталануына жол бермеу. Әйтпесе, оның ауыртпалы көп болады.

Хламидиоз - жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Хламидиоздың қоздырғышы - хламидия бактериясы Жұқпалы жыныс ауруларының ішіндегі ең кең таралғаны болып есептеледі.

Slide 10

МИКРОПЛАЗМА

Микоплазмалар- жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазматикалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді болуы мүмкін. Микоплазмаларды Берги жіктелуі бойынша жеке топқа жатқызады. Олардың өлшемдері әртүрлі: бірнеше микрометрден 125-150-ге нм дейін. Ұсақ микоплазмалар бактериальді сүзгі арқылы өткендіктен оларды сүзгілі форма деп атайды Микоплазмалар топырақта, ағынды суларда, әртүрлі субстраттарда табылған. Адам және жануарлар ағзасында патогенді және шартты-патогенді түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолодарын, зәр шығару және ОЖЖ зақымдайды. Адам үшін патогенді Mycoplasma pneumonia, ал шартты-патогенді - Mycoplasma hominy және Т- топтары.

Slide 11

Микоплазмалардың морфологиялық сипаттамасы

Микоплазмалар табиғатта кеңінен таралған ұсақ племорфты грам теріс микроорганизмдер, басқа бактериялардан айырмашылығы жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазматикалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді болады. Микоплазмаларды Берджи жіктелуі бойынша Tenericutes бөліміне жатқызады. Олардың өлшемдері әртүрлі: бірнеше микрометрден 125-150-ге нм дейін. Микоплазмалар топырақта, ағынды суларда, әртүрлі субстраттарда табылған. Адам және жануарлар ағзасында патогенді және шартты-патогенді түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолдарын, зәр шығару және ОЖЖ зақымдайды. Адам үшін патогенді Mycoplasma pneumonia, ал шартты-патогенді - Mycoplasma hominis болып табылады.

Slide 12

Бактериялар

тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар. Табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. бір жасушалы ағза, Көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі.

Slide 13

Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon - таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы - Антон ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді.

Slide 14

Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т. б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады.

Slide 15

Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар Жасушалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесiне жатады.

1991жылы Серавинның жіктелу жұйесі бойынша молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын:

Архебактериялар және

Эубактериялар

1992 жылғы Мамоновтың жіктеуі бойынша үш дүние тармағын:

Архебактериялар,

Эубактериялар және

Оксифотобактериялар қарастырады.

Slide 16

Бактериялардың негізгі пішіндері

1-3. Кокктар (стафилококктар, диплококктар, стрептококктар. 4. Таяқшалар (стрептобациллалар) .

5. Клостридиялар.

6. Вибриондар.

7. Коринебактериялар.

8. Фузобактериялар.

9. Нокардиялар (шынайы тармақтану) .

10. Актиномицеттер (жалған тармақтану) .

11. Спирохеталар.

Slide 17

Бактериялардың жіктелуі

Шар тәрізді

Ирек тәрізді

Микрококкалар

Таяқша тәрізді

Диплококкалар

Стрептококкалар

Тетрококкалар

Сарциналар

Стафилококкалар

Бактериялар

Бациллалар

Вибрион

Спирилла

Спирохета

Клостриядия

Slide 18

Шар тәрізді бактериялар

Микрококкалар - зиянсыз, бөлінген соң дара орналасады

Диплококкалар - бір жазықта бөлініп, екіден қосарланып орналасады.

Стрептококкалар - бір жазықтықта моншақ тәрізді орналасады.

Стафилококкалар - әртүрлі жазықтықта ретсіз жүзім шоғыры тәрізді орналасады.

Тетракоккалар - бір-бірімен перпендикуляр екі жазықтықта бөліну себебінен түзіліп, төрт жасушадан орналасады.

Сарциналар - өзара үш перпендикуляр жазықтықта бөлініп, сыртқы формасы кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп болып орналасады.

Slide 19

Таяқша тәрізді бактериялар

Бактерия

Таяқша тәрізді, спора түзгіштік қасиеттері жоқ микроорганизмдер.

Бацилла

Спора түзеді. Спораларының көлемі жасуша енінен аспайды. Пішіні мен мөлшері әртүрлі.

Клостридия

Спора түзеді. Спораларының диаметрі вегетативті жасушаның енінен үлкен болып пішін береді. Анаэробты, арасында азот сіңіруші, анаэробты инфекциялардың қохдырғышары кездеседі.

Slide 20

Ирек тәрізді бактериялар

Вибрион

Спирилла

Спирохета

Үтір тәріздес иілген, денесінде жалғыз жіпшесі болады.

3-5 ірі ширықтары бармикроорганизм, олар жіпшелерінің көмегімен қозғалады.

Серіппе пішінді прокариотты микробтардың өкілі. Жіпшелердің жиырылуы қозғлысты қамтамасыз етеді.

Slide 21

Бактерия жасушасының құрылысы

Жасуша қабырғасы - жоғарғы дәрежеде созылмалы қабілеттілігі бар биогетерополимер. Химиялық құрамы бойынша прокариоттардың жасуша қабырғасы эукариотордан ерекшелігі бар. Оның негізгі компоненті пептидогликан класына жататын-муреин. Муреин және оған қосылған арнайы қосымша компоненттері бойынша барлық бактериялар грам оң және грам теріс боялатын екі топқа бөлінеді.

Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы мұғал болады, қалыңдығы 20-80 нм жетеді. Ол гомогенді құрылымнан тұрады және цитоплазмалық мембранаға тығыз жабысын тұрады. Жасуша қабырғасындағы муреин оның құрғақ массасының 50 ден 90 ға дейін процентін құрайды және муреинмен тейхой қышқылы байланысқан.

Грам теріс бактерияладың жасуша қабырғасы жұқалау 14-17 нм. Химиялық құрамы бойынша әр түрлі болады. Ішкі қабаты муреиннен тұрады. Сыртқы қабаты фосфолипид, липополисахарид, липопротеид және ақуыздан тұрады, олардың антигендік қасиеті болады.

Жасуша қабырғасы зақымданса қайта орнына келмейді, біраз уакыттан кейін микроб тіршілігін жояды.

Грам оң

Грам теріс

Slide 22

Цитоплазмалық мембрана- липид, ақуыздан тұратын күрделі кешен. Қызметі:

I. Жасушадағы метоболизмді реттеуге қажетті тұрақты осмостық қысымды бақылайды

II. Су және тұз алмасуын реттейді

III. Бактериялардың қоректенуін қамтамасыз етеді: Жасуша ішінде қоректік заттарды шоғырландырады, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды пермеаза ферментінің көмегімен сыртқа шығарады.

IV. Гидролаза ферменттерін синтездейді

V. ДНҚ-ны синтездеуге қажетті ферменттерді топтастырады.

VI. Цитоплазманың ішіне қарай бағытталған, бұралып бірнеше қабаттан тұратын құрылым-мезосома түзеді.

Slide 23

Бактериялардың көбеюi клетканың екiге бөлiнуi арқылы жүредi (жыныссыз көбею) . Бөлiну жылдамдығыжоғары әр 20 мин. бiр бөлiнедi. Мұндай жылдамдықпен 6 сағат iшiнде бiр клеткадан 250 мың клетка түзiледi. Кейбiр кезде бактерияларда жынысты көбеюге ұқсас процесс (генетикалық ақпарат алмасу) байқалады. Қолайсыз жағдайда бактериялар спора түзедi. Спора күйiнде бактериялар жоғарғы және төменгi температураға төзiмдi және ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкiн. Осылай сiбiр жарасының таяқшасы спора түрiнде 30 жыл бойы өз тiршiлiк ету мүмкiндiгiн сақтайды.

Бактерияның вегетативтi формасы 60 градус температурада 30-60 мин. iшiнде, 80-100 градуста 1-2 минуттан кейiн өледi. Споралар төзiмдi болады. Сiбiр жарасының бацилласының спорасы қайнатуға 10-20 мин., ал ботулизм клостридийдiң спорасы 6 сағатқа шыдайды.

Қоректi заттағы бактерияның вегетативтi формасын 60 градус температурамен ұзақ уақыт бойы (30 мин) жоюды француз ғалымы Л. Пастер ойлап тапты. Бұл процестi “пастерлеу “деп атады.

Slide 24

Валютин грануласы


Ұқсас жұмыстар
ІШЕК ПЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР
Эпзоотологиялық анализ негіздері.Жұқпалы ауруларының эволюциясы және жіктелуі
Биологиялық қауіп
Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылығы
Жануарлардың хламидиоз аурулары
Жыныстық жолмен таралатын ауруларға сипаттама
Хламидиялы инфекция
Хламидиоз - жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру
Бактерия клеткасының құрылысы
Байланыс механизмі бар аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz