Күшті қышқылдар



Формальдегид тобы. Препараттары-әсер ету механизмі, қолдану. Оттегін бөлетін заттар. Препараттары - әсер ету механизмі, қолдану. Хлор препараттары. Препараттарының әсер ету механизмі, қолдану. Қышқылдар, сілтілер және сабындар.
СӨЖ
Орындаған: Тұрсынова Д. С
Тексерген: Тойкина Г. Н.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Семей 2017 жыл

Жоспар:
Формальдегид тобы. Препараттары-әсер ету механизмі, қолдану.
Оттегін бөлетін заттар. Препараттары - әсер ету механизмі, қолдану.
Хлор препараттары. Препараттарының әсер ету механизмі, қолдану.
Қышқылдар, сілтілер және сабындар.

Альдегидтер
Альдегидтер - дегеніміз қүрамында карбониль тобы (С=0) бар, R-СОН радикалымен байланысқан органикалық қосылыстар тобы. Табиғи альдегидтердің көп бөлігі өсімдіктерге, әсіресе эфир майларының құрамында кездеседі. Оның едәуір бөлігін жануарлар организмінен органикалық қосылыстар ыдырауының аралық заты ретінде кездестіруге болады. Альдегидтер едәуір оңай тотығып, тотықсыздандырғыштар тәрізді әсер етеді (R-СОН+О->R-СООН), бірақ олар спиртке айнала отырып тотықсыздана да алады. (R-СОН+Н2->О+R-СН3), ал негізгі ортада тотығу-тотықсыздану қүбылыстары қатар жүреді (2R-СОН+КОН->СН2ОН+К-СООН) .

Әсер ету механизмі
Әсер ету механизміне келетін болсақ олар белок қосындыларынан оттегін тартып алады және митохондриядағы кейбір жүйелерді жойып жібереді. Мүндай өзгерістерге микроб торшалары өте сезімтал келеді, сонымен бірге насекомдар торшалары мен жануарлар торшаларының сезімталдығы да жоғары деңгейде болады. Сол себепті мүндай әсері бар препараттарды дезинфекция мен дезинфекцияда қолдану жақсы нәтиже береді, алайда кейбір жағцайларда антисептикалық мақсаттар үшін де қолдануға болады. Резорбтивті әсер үшін күрделірек қосылыстар (гексаметилентетрамин қолданылады) .

Формальдегид (Formaldehydum)
Құмырсқа қышқылының альдегиді (СН20) . Өзіне тән өткір иісі бар, түссіз газ. 21С-да сүйыққа айналады, ал 92С-да тоназинді су мен спиртте кезкелген арақатынаста ериді. Формальдегид оңай полимерленеді де, полиформальдегидке және басқа полимерлерге айналады. Тотықтырғыштармен фенол, камфора ментол, тимол және резорцинмен кереғарлық қатынаста болады. Ол формалин түрінде кездеседі және қолданылады.
Микробтарға, вирустарға және саңырауқұлақтарға қарсы әсерлері, дезодоранттық қасиеті бар. Мал шаруашылығында қолданылатын жан-жақты әсерлері залалсыздандыратын зат.

Формалин дегеніміз-(Solutio Formaldehydi)
Құрамында метил спирті (4-12 %) және қүмырсқа қышқылы (0, 02-0, О4 %) бар формальдегилтің сулы (36, 5-37, 5 %) ерітіндісі. Метил спирті мен қүмырсқа қышқылы формальдегидті полимеризациядан (лайланып, параформальдегидтің түнбаға түсуінен) қорғайды. Түссіз, формальдегид тәрізді өткір иіс бар, сүйық зат. қараңғыда 90С-тан жоғары температурада сақтайды (полимеризация болмауы үшін) . Формальдегидтің микробқа қарсы әсері газ және сүйық күйінде өте күшті болады. Оның 1:6000-ға қатынасындай концентрациясынан топалаң және шошқалардың тілме ауруларының қоздырғыштары сияқты өте төзімді микробтар өсуін тоқтатады. Формальдегидтің 1:1000-ға қатынасындай концентрациясы топалаң ауруының спорасын 1 сағатта, ал 1:500-дей концентрациясы 15 минутта өлтіреді.

Формальдегид ылғалды ортада ғана белсенді. Бірақ температураның да дезинфекция кезінде ерекше маңызы бар. Ол 10С-тан төмен болмауы керек, температура жоғарьшаған сайын, оның микробқа қарсы әсері де күшейе түседі. Төменгі температураларда формальдегид бактерияларды өлтірмей, олардың өсіпөнуін тоқтатып (бактериостатикалық) қана әсер етеді. Сүйық күйінде де формальдегидтің бактерицидтік белсенділігі өте жоғары болады. Оньщ 1 % концентрациясы 0, 1 % сулеманың ерітіндісіне тең келеді, бірақ сулемаға қарағанда төзімді, әрі әсері де үзақ келеді. Топалаң ауруының спорасы формалиннің 1 % ерітіндісімен 1 сағат әсер еткенде ол өсуін тоқтатады, ал алтын түсті стафилококк үшін 30 минуттың өзі жеткілікті.

Әсер ету механизмі.
Формальдегид әсерінің ең бір маңызды қасиеті, ол органикалық заттармен жылдам әсер ететіндіктен жан-жаққа аз тарайды, сондықтан да оның зарарсыздандыратын әсері дезинфекциялайтын заттың беткейлік бетінде ғана болады. Формальдегид өте Күшті жағымсыз иісті кетіретін зат (дезодарант) болып саналады, өйткені ол тез шіритін заттармен аммиак және күкіртті сутекпен Күрделі қосылыстар түзеді (бүл қосылыс иіссіз жүреді) . Өкінішке орай, оны бұл мақсатпен мал шаруашылығында қолдануға болмайды, өйткені байланысқа енбеген формальдегид көздің және мүрынның кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді. Ең күшті жағымсыз иісті кетіретін затқа параформальдегид жатады.
Формальдегид өте күшті қотырға қарсы қолданылатын зат, 2-3% ерітінді немесе 2 % линимент түрінде қотыр кенелерін өлтіреді. Осы бағытта ол паразиттің ас қорыту жүйесі арқьшы әсер етеді, сол себепті препарат ауру малдың терісінде көп болған сайын әсер етуі де нәтижелірек болады. Ол шыбындар үшін өте уытты болғанымен (0, 1 % ерітіндісі), кенелер үшін уытгьшығы біршама төмен. Формальдегидпен жануарлардың кілегейлі қабықтарына, терісіне және жарақаттарына әсер еткенде, оның түтқыштық және тітіркендіргіштік әсерін байқауға болады. Оның түтқыштық әсерінде үлпалардан суды өзіне тартып алатын қасиеті жатыр. Бүл кезенде тері және кілегейлі қабықтар қүрғақтанып, тығыздалады, бездерінің секрециясы күрт төмендейді. Оньщ концентрациясының аз ғана жоғарьшауының өзі сезімтал жүйкелердің тітіркеніп, басқа да үлпалардағы торшалардың қызметінің бүзылуына әкеліп соқтырады. Мүндай жайсыз әсерден кейін қабыну қүбылысы пайда болады.

Гексаметилентетрамин-
Ақ түсті, кристалды үнтақ, алғашқыда тәтті, соңынан ащылау дәмі бар, иісі жоқ, жанады, қыздырған кезде үшьпт кетеді. Судың 1, 5 спирттің 10 бөлігінде ериді. Сулы ерітінділерінің реакциясы негізді келеді. Гексаметилентетрамин формальдегид пен аммиакқа нашар ыдырайды. Бүл бейтарап ортада баяу жүргенімен, қышқылды ортада және ерітіндінің температурасын жоғарылатқанда күшейеді: (негізгі ортада препарат мүлдем ыдырамайды) . Оның терапевтік әсері формальдегид пен аммиактың пайда болуына негізделген. Препаратты бірден қанға еккендегі емдік нәтиже, оны энтеральды түрде бергенге қарағанда едәуір жоғары болады.
Қандағы ыдырамаған препарат бүйректер арқылы сыртқа шығарылады. Қышқыл несепте ол өзінің қүрамдас бөліктеріне ыдырай отырьш, микробтарға қарсы және диуретикальщ әсерін тигізеді. Ірі қара малдың несебіндегі реакция негізді болғандықтан, ол ыдырамайды, сол себепті микробқа карсы әсері де болмайды. Оның бөлінуі 40-60 минуттан кейін басталып 6-12 сағатқа дейін созылады. Ішке бергендеті және венаға еккендегі. мөлшері: жылқылар мен сиырларға 5, 0-20, 0; қойлар мен шошқаларға 2, 0-5, 0; иттер мен түлкілерге 0, 5-2, 0; бүлғындарға 0, 10, 5; құндыздарға 0, 1-0, 4; тауықтарға 0, 001-0, 5 г.

Оттегін бөлетін заттар
Бұл топқа тотықтырғыш, басқаша айтқанда атомарлы оттегіні бөлетін, оттегін бөлген кезде белсенділігі күшейіп, микробтармен әсер еткенде оларды жойып жіберетін қасиеті бар дәрілік заттар жатады. Оттегін бөлетін препараттардың бактерицидтік әсері өте жылдам, әрі күшті болады. Мүның жарақаттар мен кілігейлі қабықтардағы микробтардың вегетативті түрлерін қырып-жоюдағы маңызы орасан зор. Бүл топтағы препараттардьщ қүндылығы сол, олар іріңнің қабыну экссудатында, тіпті өлі еттенген үлпалардьщ арасында да белсенділігін жоймайды. Атомарлы оттегі қабыну заттарымен әсерлесе отырып жағымсыз иісті жояды, егер оттегінің кептеген үсақ көпіршіктері пайда болған кезде (сутегінің асқын тотығы ыдырағанда), онда олар өлген клеткаларды аластатьш, жараны тез тазалайды.

Әсер ету механизмі
Бұл топ препараттарының төменгі концентрацияларының жергілікті жерге түтқырлық және тітіркендіргіштік әсері болады да, жоғары концентрацияларында торша цитоплазмасын коагуляциялайды. Бүл препартатардың түтқырлық әсерінен үсақ қан кетулерде ғана жақсы нәтиже болады, ол әсіресе калий перманк ганатыңда жақсы дамыған. Жоғары коғщентрацияларында бүл Топтың барльщ препараттары өздерімен жанасқан клеткалардың барлығын жойып жібереді. Бүл әсер әрине қолайсыз, сонымен қатар ол тереңде орналасқан үлпаларды да едәуір тітіркендіреді.

Сутегінің асқын тотығы Hydrogenii peroxydatum (Н202)
Тәжірибе жүзінде сутегінің асқын тотығының әртүрлі конценnрациясындағы ерітіндісі қолданылады: Solutio hydrogenii peroxudi concentrate seu Perhydrolum (30 % Н202) Solutio hydrogenii peroxydi diluta (3 % Н202) . Сутегі асқын тотығының ерітінділерінің мөлдір реакциясы аздап қышқылдау келеді. Қайнатқанда сонымен бірге органикалық және оңай тотығатын заттармен әсер еткенде оттегін бөліп ыдырайды, 1 л 3 % сутегі асқын тотығының ерітіндісі 10 литрге дейін газ тәрізді оттегін бөледі. Сутегі асқын тотығының оттегін бөліп ыдырауы үлпа ферменттерінің әсерімен қатар жүреді (пероксидаза, каталаза) . Егер ыдырау процесі пероксидазды түрмен жүрсе, онда белсенді атомарлы оттегі бөлінеді (Н²О²) ->Н²О²+О), ал қаталазды түрмен жүрсе-молекулярлы оттегі бөлінеді (2Н20² ->2Н²О2+О2) .

Сутегі асқьш тотығынан бөлінген атомарлы оттегі тотықтырғыш ретінде микробқа және жағымсыз иіске қарсы зат ретінде әсер етеді. Әсер ету күшімен алғанда сутегі асқын тотығының 3 % официналдық ерітіндісінің антисептикалық әсері 0, 1 % сулема және 5 % фенол ерітіндісімен тең келеді, ал 4 % бор қышқылының ерітіндісінен едәуір жоғары болады. Сутегі асқын тотығы микробтардың барлық вегетативті формаларын өлтіргенімен, олардың спораларына және туберкулез таяқшасына мүлдем әсері болмайды. Сутегі асқын тотығының әсері қысқа мерзімді және беткейлі деңгейде болады. Температура жоғарылаған сайын оның бактерицидтік әсері күрт жоғарылайды, мысалы оньщ 1 % ерітіндісінен 150С-да стафилакоктар 10 минут ішінде өлетін болса, осы ерітінді 350С-да 1 минутта өлтіреді. Сутегі асқын тотығы жануарлар үлпасына жанасқанда рецепторларды жайлап тітіркендіреді және түтқырлық әсері болады. Оны ішке қабылдағанда иттер қүсады, ірі қара малдардың қарнында газ жиналып іші кебеді (тимпания), ал жылқылардың қарны көп жағдайларда кеңіп кетеді. Стоматиттер кезіңде сутегі асқын тотығының ерітінділері жағымсыз иісті жояды (шіру құбылыстарының дамуын тоқтатады) . 3 % сутегі асқын тотығының ерітіндісін негізінен дезинфекциялық мақсаттар үшін жараны жуьш-тазалауға, сонымен бірге сыртқы қүлақ қабынғанда, фибринозды коньюнктивит пен фарингитте, хирургияда жараға жабысып қалған таңғыштарды ажырату үшін қолданады.

Калий перманганаты-Kalii hypermanganas КМnО4
Қара-көк түсті, ромбы тәрізді кристаллдар немесе кристалды унтақтар. Суда ериді (1:18), ерітіндінің концентрациясына байланысты күлгін түстен көгідщір түске өзгереді және қышқылды орталарда бос күйіндегі оттегін бөліп ыдырайды. Ыдырау кезінде бөлінген оттегі түздары сутегі асқын тотығының оттегісіндей әсер етеді, бірақ әсері баяу жүреді, ал пайда болған марганец түздарында түтқырлық әсері болады. Жаңа дайындалған ерітінділеріне қарағанда ескі ерітінділері әлсіздеу болады, қыздырылған ерітінділерінің салқын ерітінділерге карағанда активтілігі жоғары болады. 0, 5 % калий перманганатының активтілігі 3 % сутегі асқын тотығының ерітіндісіне тең келеді, ал дезодорациялық әсері бірнеше есе жоғары. Топалаң ауруының спорасы 0, 5 % калий перманганатының ерітіндісінде бір сөткеден кейін өледі, ал туберкулез таяқшалары тіптен бес сөткеден кейін де өлмейді.

Калий перманганатының 0, 1-1 % ерітіндісі антисептикалық, дезодорациялық және түтқырлық мақсаттармен катаральді, іріңді және іріңді фарингиттерде, проктиттерде, вагинит пен энцометритгерде оның 4 % ерітіндісі компресс түрінде, ал КМпО4дің 1:1000-ға қатынасындай ерітіндісі көптеген гинекологиялық ауруларда, оның ішінде ірі қара маллың трихомоноз ауруында қолданылады. Оның 1-3 % ерітіндісі фосфор және морфинмен Уланғанда уытқа қарсы және дезинфекциялық зат ретінде; 0, 1 % “ерітіндісі қабынуға карсы зат ретіңде, жіті гастриттерде; 4 % ерітіндісі дезинфекциялық және дезодорациялық мақсаттармен базарлардағы ет сатылатын мекемелерде шүжық, балық және басқа тағамдық заттар сақталатын ыдыстарды жуып-шаюға Қолданылады, Калий перманганатының шөп қоректі жануарлар үшін уыттылығы төмен. 15, 0-20, 0 г препараттан (қүрғақ күйінде) жылқылардың ас қорыту жүйесінде айтарлықтай ауытқулар болмайды. Сойылған малдардьщ ішкі мүшелерінде ешкандай өзгеріс болмайды, тіптен кілегейлі қабықтардың түсін өзгертуі де аз кездеседі.

Хлор препараттары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz