Эмбрионды реципиентке қондыру


Slide 1

Тақырыбы: Эмбриондарды көшіріп-қондыру (трансплантациялау) .

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1. Эмбрионды көшіріп-қондырудың маңызы.

2. 2. Эмбриондарды көшіріп-қондыру жұмысының орындалуы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Эмбрионды көшіп-қондыру жұмысы XIX ғасырдың аяғында үй қояндарына жасаудан басталды (Хипп, 1890) .

Кейінгі жылдары бұл әдісті қойларға (А. И. ЛОПЫРИН), шошқаларға (А. В. Квасницский), ал 1960-1970 жылдары ірі қараға қолдана бастады. Әсіресе, Кембридж университетінің ғалымдары бұл салада көп еңбек сіңірді. Тышқанның эмбрионын морула кезінде екіге бөліп салып, егіз төл алады, ал 1973 жылы алғаш рет мұз етіп қатырылған эмбрионды ерітінді салып, одан кәдімгідей бұзау алады. Канада мен АҚШ-та тек 1979 жылы 30 мың трансплантат-бұзау алынса, ТМД мемлекеттерінде 1983-1992 жылдары 6, 5 мың бұзауды трансплантациялау арқылы алды, 1983 жылы Парижде, Испания, Франция, ФРГ, Швейцария, Дания. Голландия, Великобритания елдерінің өкілдері жиналып эмбрионды көшіп-қондыру жөнінде Еуропалық бірлестік құру жөнінде келісті.

Slide 4

Негізгі бөлім

2. 1. Эмбрионды көшіріп-қондырудың маңызы

Эмбрионды көшіріп-қондыру (трансплантациялау) мал басын өз төлінен өсіруді қарқындатудың бірден-бір тиімді биотехникалық әдісі. Бұл әдістің мәні жаңадан буаз болған малдың (донордың) жатырындағы эмбрионды шығарып алып, басқа бір күйілген малдың (реципиенттің) жатырына апарып салуда.

трансплантациялау

Slide 5

Қолдан ұрықтандыру жұмысы негізінен аталық малды тиімді пайдалануды көздейді. Ал эмбрионды көшіп-қондыру жұмысы аса құнды аналық малдан көбірек төл алуды мақсат етіп қояды.

Ғалымдардың айтуынша, бір сиырдан 500-ге жуық бұзау алуға болады. Ал кәдімгі қолдан ұрықтандыру, немесе табиғи қашыру әдісімен 8-10 бұзаудан артық ала алмас едік.

Эмбрионды көшіп-қондыру буаздықтың физиологиясын және патологиясын терең зерттеуге мүмкіндік береді, сол арқылы аналық малдың жатырында неше төл өсіп-дами алатынын болжауға болады, іштегі төлдің организміндегі физиологиялық процестердің ауытқуларын біліп-оқытуға мүмкіндік береді.

Slide 6

Мұз болып қатырылған эмбрионды алыс елдерден тасымалдау арқылы дүниежүзілік генофонды мейлінше толығынан пайдалануға болады, одан алынған төлді сол жердің жағдайына бейімдеп акклиматизациядан өткізіп әуре болудың қажеті жоқ. Тағы бір айта кететін жай, эмбрионды шығарып алып мұз етіп қатыру арқылы жер бетінен мүлдем құрып бара жатқан жануарлардың тұқымын сақтап қалуға, тіпті көбейтуге болады.

Slide 7

2. 2. Эмбриондарды көшіріп-қондыру жұмысының орындалуы

Эмбриондарды көшіріп-қондыру жұмысының орындалу реті:

Slide 8

Эмбрионды көшіріп-қондыру жұмысы екі жолмен іске асырылады:

Slide 9

Донор мен реципиентті таңдау. Донорды таңдау аса жауапты жұмыс, өйткені кез келген мал сапалы, өміршең эмбрион бере алмайды.

1

Slide 10 Slide 11

Донордың жасы 3-4 бұзауланған (саулық болса, 3-4 қоздаған) сиыр, соңғы төлдеу ешқандай қиындықсыз өтіп, жыныстық циклі өз уақытысында, белгілі ырғықпен өтіп жатқан мал болғаны дұрыс.

Алғашқы кезде донордың саны 2-3 есе көп болады, кейіннен, гормональді препараттарды қолданғанда, суперовуляцияға бейімі бар сиырларды ғана іріктеп қалдырады.

Slide 12

Реципиенттер үшін оның асылтұқымды, құнды мал болуы шарт емес, тек қондырған эмбрионды өсіріп-жетілдіре алса болғаны. Ол үшін:

реципиенттің ешқандай ауруы жоқ;

денсаулығы таза, әсіресе жыныс органдары аман;

жыныстық циклі біркелкі бір ырғақпен өте жоғары деңгейде өтіп жүрген мал болғаны дұрыс.

Реципиент ретінде организмі физиологиялық тұрғыдан жетілген салмағы 320-350 кг. Құнажындардан бастап, 5-6 жастағы сиырға дейінгі малды ала беруге болады.

Бір донорға 6-8 реципиент дайындайды. Донорлардың да, реципиенттің де бағыу-күтімі жақсы болуы керек.

Slide 13

Суперовуляция туғызу және донорды ұрықтандыру. Суперовуляция - деп малдың ұрық безінде бір мезгілде бірнеше ондаған фолликульдердің дамып-жетіліп, жарылып, аналық ұрық клеткаларының бөлініп шығуын айтады.

Бүгінгі таңда суперовуляцияны тек горманальді препараттарды қолдану арқылы ғана іске асырып жүр, әсіресе буаз биенің қанындағы гонадотропиндер (ГСЖК) тиімді. ГСЖК биенің қанында буаздықтың 60-90 күндері өте көп болады. Бұл препаратты Шымкент қаласындағы Республикалық зертханада жасайды. ГСЖК-ні сиырларға бір рет қана 2, 5-3 мың МЕ шамасында тері астына салады, саулыққа 100 МЕ жетеді. Қайталап салған кезде бұл препараттың зиянды әсері болуы мүмкін. Препаратты малға (донорға) жыныс циклінің ортасына 8-15 күндері салған дұрыс, содан кейін 48 сағат өткен соң эстрофанның 2 мл-ін жібереді. Мұндай өңдеуден өткен мал 2 күннен кейін-ақ күйлейді, жыныс циклінің барлық феномені жақсы көрінеді.

2

Slide 14

Бұл препараттардың құрамында фолликул қоздырушы және лютеиндеуші гормондар бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы әсер ету мерзімінің ұзақтығында. Бұл препараттар мал организмінде тез күшін жоятын болғандықтан тәулігіне 2 реттен 3-4 күн бойы қолданылады.

Slide 15

Күйлеген малды ұрықтандыру үшін құнды, асылтұқымды белгілі аталық малдың шәуетін қоланады. Аралығы 10-12 сағаттан келтіріп, күйлеген сиырды күйі қайтқанша 3 рет ұрықтандырады, шәуеттің мөлшерін әрбір ұрықтандырған сайын 2 есеге дейін көбейтеді.

Мұз етіп қатырылған шәуетті қолданғанда, оның еріткеннен кейінгі белсендігі 4 балдан төмен болмауы керек және шәуеттің бір рет жіберілетін мөлшерінде тірі спермиялардың саны 50 млн-нан кем болмағаны дұрыс.

Slide 16

Эмбрионды шайып шығарып алу. Эмбрионды сиырдың жатырынан ұрықтандырғаннан кейін 7-күндері шайып шығарып алады, негізінен операция жасамай хирургиясыз жолмен алады. Бұл әдіс арзанға түседі, оңай алынады және донорды бірнеше рет қайталап пайдалануға мүмкіндік береді, арнайы операция жасайтын бөлмені, құрал саймандарды қажет етпейді, сиырдың тұрған орнында іске асыра береді.

Жұмысқа кіріспей тұрып малдың тік ішегін нәжістен босатады, жатырдың және ұрық безінің жағдайын тексеріп көріп шығады, ұрық безіндегі сары денелерді санайды (суперовуляцияның деңгейін біледі), малдың сарпайын, жамбасын, құйрығын жуып тазалап дезинфекциялайды. Малдың күшенуін тоқтату үшін эпидуральді анестазия жасайды.

3

Slide 17

Эмбрионды шайып шығару үшін негізінен Фолей катетрі қолданылады, оның ішіне жіңішке мандрен салып, ректоцервикальді әдіспен жатыр мойнына, одан әрі тармағына дейін өткізеді. Енді катетер ішіндегі мандренді шығарып тастаймыз да, оның сыртқы арнасы арқылы 10-15 мл ауа үрлейміз. Сонда катетердің ұшындағы баллон ауаға толып, керіліп жатыр тармағын толық бекітеді де, ішіне құйылған сұйықтың және эмбрионның сыртқа төгіліп, ысырап болуына жол бермейді. Катетерді осылай орнатқаннан кейін, сол арқылы жатыр ішіне Дюльбек сұйығын 40-60 мл шамасында бірнеше рет құйып, бірнеше рет қайта сорып шығарады, жалпы мөлшері 500 мл сұйық кетеді. Осылай етіп жатырдың екінші тармағын да жуып-шаяды.

Фолей катетрі

Slide 18

Жиылған сұйықты биік жіңішке целиндрге құйып, бөлме температурасында 20-30 минутқа қойып қояды. Бұл уақыттың ішінде эмбриондар целиндр түбіне шөгеді. Бетіндегі сұйықты сорып алып тастап, түбіндегі тұнбадан эмбрионды іздей бастайды.

Саулық донорлардан эмбрионды 4-5 күндері хирургиялық әдіспен алады. Операция алдында саулықты 24 сағат аш ұстап отырады. Малды арнайы столға шалқасынан жатқызып байлап бекітеді, операция алаңын дайындап болған соң, желіннің алдынан 2-3 см қалдырып, қарынды дәл ортасындағы сызық бойымен 5-6 см етіп тіледі. Саусақтармен жатырды тауып алып, оны терінің сыртына тартып шығарады, содан кейін жатыр тармағына шприцпен Дюльбек сұйығын жібереді, ал ұрық жолына салынған канюля арқылы ағып шыққан эмбрионымен бірге цилиндрге жинай береді (Ж. Өтесінов, Қ. Қасымов әдісі бойынша, 1991 ж. ) .

Slide 19

Эмбриондардың сапасын анықтау. Эмбриондардың сапасын негізінен оның сыртқы және ішкі морфологиялық құрылысына қарап, яғни сыртқы қабатының бүтіндігіне, ішкі бластомелердің толықтығына қарай анықтайды. Бүрісіп, жарылып ыдырай бастаған эмбрион жарамайды. Петри табақшасына целиндрдің түбіндегі тұнбадан бөлшектеп құйып алып МБС-9, МБИ-13 микроскоптарымен 50 рет үлкейтілген жағдайда эмбриондарды іздей бастайды.

МБИ-13, МБС-9 микроскоптары

4

Slide 20

Жарайтын эмбрионды бұзау қанының сары суы қосылған Дюльбек сұйығында + 37° температурада қысқа мерзімге (1-2 тәулікке) сақтауға, қоянның ұрық жолына салып 4-7 күнге дейін сақтап өсіруге болады. Бірақ ең сенімді, болашағы бар әдіс температурасы -196° сұйық азотта мұз етіп қатырып сақтау болып табылады.

Slide 21

Реципиенттің жыныстық циклін донордың жыныстық цикліне сәйкестендіру. Донордың жатырынан эмбрионды шайып шығарған кезде жыныс органдары (жатыр эндометриясы, ұрық безі, гормондардың деңгейі) қандай жағдайда болса, эмбрионды апарып салатын реципиенттің де жыныс органдарында сондай жағдай болуы керек, тіпті, болмаса, мерзім айырмашылығы 24 сағаттан аспағаны дұрыс. Мұндайда реципиенттің жыныстық циклі донордың жыныстық цикліне қарағанда, сәл ғана болса да бұрынырақ жүріп отырғаны жақсы.

5

Slide 22

Эмбрионды ұзақ мерзімге азотқа салып қатырып сақтауға мүмкіндік болса, онда реципиенттің жыныстық циклін арнайы препаратты қолданып, синхрондаудың қажеті жоқ, олардың табиғи күйлеуін күтіп, күйлегендеріне 10-12 күн өткенде эмбрионды мұздан ерітіп апарып салады. Бұл мерзімнен кешіктіретін болса, реципиенттің ұрык безіндегі сары дене өзінің қызметін тоқтатып кері даму үрдісі басталады, эндометрияның эпийтелиі жаңарып жыныстық циклдың кезекті сатысына өтеді де, эмбрионның өсіп-дамуыма қажетті жағдай болмай қалады.

Маман ірі қара малына эмбрионды трансплантациялауға дайындау ұстінде

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды клондау
Тромбоциттерді құю
Ағзалар мен жасушаларды клондау
Домалау мойынтіректерінің шақтамалары мен қондырулар жүйесі
Эмбрионды трансплантация жасаудың маңызы
Эмбрионның ядросын энуклеирленген жұмыртқа жасушасына ауыстыру арқылы эмбриондарды клондау
Донор мен реципиентті анықтау және оны дайындау
Қазақтың ұлттық киімдері
Жануарлар репродукциялық аппаратының мәні
Микроорганизмдер генетикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz