Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы
Презентация қосу
Сыныптағы тәрбие
жұмысын
ұйымдастырушы
Сынып жетекшісі
Қазақстан Республикасында сынып
жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын
ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп,
өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда
жетекшілік қызметті сынып мұғалімі
атқарады.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан
бала үшін:
• жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның
арасындағы рухани жалғастырушы;
• сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында
өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын
ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау
мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті
өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының
қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
• оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби
бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси
ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
• сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру
үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік
ықпалдар жасаушы;
• оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік
күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшісінің негізгі
міндеттері
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс
қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет
тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар
әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі
болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму
барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып жетекшісінің назарындағы екінші
объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру
және дамыту.
Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы
тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның
қабілеттерінің, қызығушылығының,
бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің
ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Сынып жетекшісінің атқаратын
қызметтері
• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
• өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
• оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
• сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
• ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
• өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық):
• тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
• оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;
• ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
• мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
• ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар
арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
• әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
• оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;
• әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
• оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
• оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.
• оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға
кеңес беру, т.б.;
• өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын
ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
• көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
• қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін
тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);
Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың
арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын
зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып
оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады.
Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының
ерекшеліктерін (жас ерекше-ліктері, тәрбиелік дәрежесі,
қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.
Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар:
- өткен жылғы жұмысты талдау;
- сыныпқа сипаттама беру;
- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айңындау;
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz