МАЙЛЫ КЛИЗМА




Презентация қосу
МАЙЛЫ КЛИЗМА ҚОЮ

МЕЙІРГЕР ІСІ – 34 ТОП
ОРЫНДАҒАН САФАРОВА АЛИЯ ЕРБОЛОВНА
ТЕКСЕРГЕН КУБАЕВА АЖАРКУЛЬ КУЛЬТАЕВНА
МАЙЛЫ КЛИЗМА
МАЙЛЫ КЛИЗМА ҚОЮ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ
АЛГОРИТМІ
• Мақсаты:

• Тоқ ішектің төменгі жағын газ бен нәжістен маймен
орап, жуып тазарту арқылы босату.

• Көрсеткіші:

• -әлсізденген науқастарда іш қату;

• -операциядан кейінгі кезеңде;

• -босанғаннан кейін
КЕРЕКТІ ҚАРУ ЖАРАҚТАР

• Жабдықтау:

• -халат, алжапқыш, қолғап

• -залалсыздандырылған алмұрт тәрізді баллон немесе
Жане шприці

• -залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет

• -залалсыздандырылған жұмсақ тереңдеткіш ұшына
енгізетін түтік немесе жел шығаратын түтік

• -вазелин майы немесе өсімдік майы
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАР

• -втерильді дәкелер

• -залалсыздандырылған бикс

• -залалсыздандырылған лоток

• -залалсыздандырылған стакан

• -жаялық және клеенка

• - қолданылған заттараға арналған ыдыс

• -зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс.
ІС – ӘРЕКЕТ АЛГАРИТМІ
• 1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

• 2.Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде
астисептик қолдана отырып жуып, қолыңызға қолғапты киіңіз.

• 3.Стақанға 50-100мл. вазелин немесе өсімдік майын құйыңыз.

• 4.Ыстық суы бар ыдысқа май құйылған ыдысты орналастырып, майды 37-38 градусқа дейін
жылытыңыз.

• 5.Жане шприцін жинап, оған жылытылған майды сорып алыңыз. Егер алмұрт пішіндес
баллонды қолдансаңыз. Онда алдымен оны қысып ішіндегі ауасын шығарыңыз, ұшын
стақандағы майға салып, оған май сорып алу үшін баллонды ақырындап босатыңыз.

• 6.Май сорып алынған Жане шприцін залалсыздандырылған лотокқа орналастырыңыз,

• 7.Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне тарта бүгіп жатқызыңыз. Астына клеенка және
жаялық жайыңыз.

• 8.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті немесе тереңдеткіш ұшына
кигізетін түтікті алыңыз, оған вазелин майын жағыңыз.
ІС – ӘРЕКЕТ АЛГАРИТМІ
• 9.Сол қолыңызбен пациенттің құйрығының арасын ашып, оң қолыңызбен ақырындап
тереңдеткіш ұшына кигізетін түтікті немесе түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке
енгізіңіз(алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен).

• 10.Жане шприцінің сыртқы ұшына немесе алмұрт пішіндес баллонға жағыңыз да,
майды ақырындап ішекке жіберіңіз.

• 11.Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып тұрыңыз, сосын шприцті
ажыратыңыз. Оны қолданылған материалдарға арналған ыдысқа салыңыз.

• 12.Оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз, бір мезгілде сол қолыңызбен
түтікті іздеп, сезініңіз, ондағы майды толық шығару үшін.

• 13.Пациентке арқасымен жатуды ұсыныңыз және сол қалыпта 30-40 минут тыныш жата
тұруын түсіндіріңіз.

• 14.Үлкен дәретке отыру 10-12 сағаттан соң болады, сондықтан бұл клизманы ұйықтар
алдында қоюға тырысыңыз.

• 15.Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, ұшына кигізілетін түтікті және баллонды
зарарсыздандырыңыз.

Ұқсас жұмыстар
ТАЗАЛАУ КЛИЗМАСЫ
Тазарту клизмасы
Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлерін дайындау технологиясы, шәю, шомылдыру, дымқылдандыру, ванна, клизма
Клизманың түрлері
Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлерін дайындау технологиясы шәю, шомылдыру, дымқылдандыру, ванна, клизма туралы
Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік формалар
Қажетті заттар
Науқастарды тамақтандыру және оны ұйымдастыру
Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу
Емдік тамақтанудағы стандартты емдәмдер жүйесі
Пәндер