ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ



Тазарту клизмасын қою мейіргер ісі - 34 топ
Орындаған: сафарова алия ерболоана
Тексерген: кубаева ажаркуль культаевна

Тазарту клизмасы

Тазарту клизмасын қою Іс әрекет алгаритімі
Мақсаты: нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату.
Көрсеткіші:
-іш қату;
-дәрілік (емдік), қоректік және тамшылы клизмалар алдында;
-пациентті асқазан- ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерін және кіші жамбас астауында орналасқан мүшелерді рентгенмен зерттеу алдында дайындау;
-операцияларға дайындау;
-тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерттеулер жүргізу алдында дайындау

Қарсы көрсеткіші
Қарсы көрсеткіші:
-асқазаннан немесе ішектен қан кету;
-тік ішекте немесе тоқ ішекте жедел қабыну немесе ойық жара болу;
-тік ішектің қатерлі ісіктері;
-тік ішек айналасында жара болу немесе тік ішектің түсіп кетуі;
-қанайтын геморрой;
-асқазан- ішек жолдарына операциядан кейінгі алғашқы күндері.

Керекті құрал жабдықтар
Жабдықтау:
-қолғап, халат, алжапқыш
-таза Эсмарх кружкасы
-клеенка, жаялық, тегене, судно
-вазелин немесе глицерин
-штатив
-судно
-су термометрі, 1, 5-2 литр көлемде сумен құмыра.
-залалсыздандырылған ұшына кигізетін түтік және залалсыздандырылған бикстегі салфетка
- корнцанг
-зарарсыздандыратын ерітінді құйылған ыдыс
-қолданылған материалдарға арналған ыдыс.

Іс - әрекет алгаритімі
1. Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, пациенттің келісімін алыңыз. Егер пациенттің жағдайы келсе, процедураны клизма жасайтын арнайы бөлмеде орындаңыз.
2. Халатыңызды ауыстырып, алжапқышты киіп, қолға гигиеналық деңгейде антисептикпен өңдеу жүргізіңіз. Қолыңызға қолғапты киіңіз.
3. Эсмарх кружкасын штативке бекітіңіз, кушеткадан 1 м. деңгейде, резеңке түтікі корцангпен жабыңыз.
4. Судың t өлшеңіз ол 18-20º, Эсмарх кружкасын 1, 5-2 литр сумен толтырыныз.
5. Бикстен заласыздандырылған түтікшені алып және оған вазелин майын жағыңыз, Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғаңыз.
6. Түтікшені төмен қаратып резеңке түтіктігінің корцанты ашыныз, оны суға толтырыңыз.
7. Корцангты қысып, ұшына кигізілген түтікшемен қоса резеңке түтікті штативке бекітіңіз.
8. Кушеткаға клеенка мен жаялықты шеттерін төмен қарай тегенеге түсіре жайыңыз ( егер пациент суды ұстай алмай қалған жағдайға) .
9. Пациентке кушетканың шетіне қарай сол жақ қырымен жатуды ұсыныңыз, аяғын ішіне тарта бүгіп (іштің еттері босап, тоқ ішекке судың өтуі жеңілдейді) . Егер, пациентке қозғалуға болмайтын болса, онда оны арқасына жатқызыңыз.

Іс - әрекет алгаритімі
10. Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап айналмалы қозғалыстар жасай отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, ал содан соң құйымшаққа параллельді 8 10см. тереңдікте.
11. Корцангты ашып, түтікшені ұстай отырып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.
12. Кружканың түбінде су аз ғана қалғанда жауып, түтікшені алып шығыңыз.
13. Жамбасты қысып, пациентке ішектегі суды 5 -10 минутқа ұстап тұруды ұсыныңыз, (мүмкіндігінше), нәжістің жақсы жібіп, сұйылуы үшін.
14. Судно беріңіз немесе пациентті унитазға отырғызыңыз.
15. Клизманың нәтижесін тексеріңіз. Сумен бірге нәжістер шықса, онда клизма сәтті болғаны.
16. Егер клизма сәтті болмаған жағдайда процедураны 1 -2 сағаттан соң қайта қайталаңыз.
17. Түтікшені және Эсмарх кружкасын зарарсыздандырыңыз.
18. Қолғапты шешіп, қолды жуу.

ескерту
Ескерту:
Атониялық іш қату кезінде су температурасы 12- 20 градус болу керек, спастикалық іш қату кезінде -37 -42 градус.
Егер су ішекке кетпей жатса, кружканы жоғары көтеріңіз, немесе ұшындағы түтікті қозғап, жағдайын өзгертіңіз: оны тереңдете енгізіңіз немесе 1-2см. кейін қарай шығарыңыз. Егер бұл көмектеспесе, онда ол нәжіспен бекітіліп қалған. Онда түтікті алып, қатты ағынды сумен жуу керек, немесе басқасына айырбастап, тік ішекке түтікті қайта енгізіңіз.
Газ болған жағдайда және іш кебу сезімі пайда болған жағдайда Эсмарх кружкасын кушеткадан төмен түсіріңіз, газ шыққан соң қайтадан біртіндеп көтеріңіз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz